Г. Ахметжанова, С. Мəлікова, К. Оспанов, З. Тайшыбай атамекен атаулары солтүстік Қазақстан облысының топонимикалық атаулары



Pdf көрінісі
бет5/19
Дата07.02.2017
өлшемі8,24 Mb.
#3608
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19

АҚМОЛА ГУБЕРНИЯСЫНЫҢ ҚҰРЫЛУЫ
1921 жылғы 21 сəуір күні Петропавл қаласындағы Луна-
чарский  атындағы  театрдың  үйінде  Петропавл  қала-уездік 
ІІ партия конференциясы болды. Конференция төралқасына 
сайланған  жеті  адамның  ішінде  жергілікті  коммунистерден 
Айсарин  мен  Бейсенев  бар.Сонымен,  Қазақ  автономиялы 
республикасының  құрамында  Ақмола  губерниясын  құрған 
жəне  губерниялық  партия  ұйымы  мен  губревкомның  ұй-
ымдасқанын жариялаған осы конференция болып табылады. 
Солтүстік  Қазақстан  облысының,  оның  ішінде  Петропавл 
уезінің  Ресей  мемлекетінен  бөлініп,  Қазақ  республикасы-
ның құрамына енген күнін ол дəл осы 1921 жылғы 21 сəуір 
деп салтанатты түрде атап өтуге болады. Тіпті, тəуелсіз Қа-
зақстанның  құрамына  Петропавл  қаласының,  облыс 
аймағының,  қазіргі  Ақмола  жəне  Қарағанды  облыста-
рының  кірген  күні  осы.  Оған  2016  жылы  95  жыл  тола-
ды.
Партия  конференциясын  Орынбордағы  Қазақ  облыстық 
партия  комитеті  атынан  Қазақстан  Орталық  Атқару  Коми-
теті  төрағасының  орынбасары,  қазіргіше  Республиканың 
вице-президенті Смағұл Сəдуақасов құттықтады. Сол мінбе-
ден «Қазақ республикасы жəне қазақтар арасындағы жұмыс 
туралы» баяндама жасады.
Жаңа  құрылған  губерниядағы  бүкіл  əкімшілік  билік 
Əбдірахман  Əйтиев  басқарған  губерниялық  төңкеріс  коми-
тетіне  (губревком)  берілді.  Оның  құрамына  Барлебен,  Ко-
ротков, Шарипов, Иванов жəне Асылбеков сайланды.
1921  жылы  26  сəуірде  Петропавлда  шығатын  «Мир  тру-
да»  газетінде  ҚазЦИК  төтенше  өкілетті  комиссиясы  мен 

60
Бүкілқазақтық кеңестердің бірінші съезінің қаулылары жəне 
Сібір  ревкомымен  келісім-шарт  жарық  көрді.  Бұл  құжат 
бойынша:
1.  Петропавл,  Көкшетау,  Ақмола  жəне  Атбасар  уездері 
Омбы  губерниясының  құрамынан  шығып,  Россия  Советтік 
федерациясының  Қазақ  Социалистік  Советтік  Республика-
сына кіретін Ақмола губерниясын құрайды.
2.  Жаңа  құрылған  Ақмола  губерниясының  орталығы 
Пет-ропавл қаласы болып табылады».
Ақмола  губерниясының  аумағы  37  мың  шаршы  ша-
қы рым еді. Оған 15 уезд, екі жүзден аса болыс жəне мың-
нан артық елді мекендер қамтылды.
1921  жылғы  23-маусымда  болған  КирЦИК-тің  (Қазақ 
ССР Орталық атқару комитеті) екінші сессиясында Төралқа 
атынан  жасалған  Бөкейхановтың  баяндамасында:  «Ақмола 
облысында бұрынғы биліктің негізінде мемлекеттік басқару 
аппараты құрылды… Осылайша, бұл облыс Қырғыз (Қазақ) 
Республикасының құрамына енді», деп хабарлады.
Ал,  Мəскеуден  шығатын  «Известия»  газеті  бұрынғы 
уездік  деңгейдегі  ғана  шағын  қала  Петропавл  ұлан-байтақ 
губернияның орталығы болды деп жазды.
Алайда,  солтүстік  өңірде  бүлікшілік  асқынып,  Кеңес 
өкіметіне қарсы қарулы бас көтерулер өршіп тұрған жағдай-
да бейбіт өкімет билігін құру мүмкін болмады. Сондықтан, 
жергілікті  атқарушы  орган  ретінде  губревком,  яғни  губер-
ниялық төңкеріс комитеті тұрғысында «майдан шебіне ірге-
лес» əскери билік құру жөн деп табылды.
Губревкомға,  қысқа  қайырып  айтқанда,  əскери  билікке 
мынадай міндеттер жүктелді:
–  жергілікті жерде ескі билікті жойып, жаңа мемлекеттік 
аппарат құру;
–  Кеңес  өкіметіне  қарсы  көтерілісшілерді  ибасып,  жан-
шып, түбірімен құрту;
–  қоғамдық  тəртіпті  сақтап,  ел  ішінде  тыныштық,  қа-
уіпсіздік орнату;
–  орталық  үкімет  орындарының  бұйрық-жарлықтарын 
орындату,  оларға  губерниядағы  саяси-шаруашылық  ахуал 
туралы хабарлап отыру.

61
Əрине,  жаңа  жүйені  түсіндіріп,  оның  əділдігіне,  өмір-
шеңдігіне қалың бұқараның көзін жеткізу үшін, ревкомның 
күнделікті  жұмысы  үгіт-насихаттық  бағытта  құрылды.  Ха-
лықты  азық-түлікпен  қамтамасыз  ету,  əкімшілік-ұйымда-
стыру шараларын жүзеге асыру қажет еді.
1921  жылғы  28  сəуір  күні  ҚОАК  төрағасы  С.  Меңде-
шевтің  «Петропавл  қаласының  еңбекші  жұртшылығына» 
деген Үндеу-хаты «Мир труда» газетіне басылып шықты.
Қаланың Қазақстан құрамында қалуына байланысты ме-
рекелік  мəдени  шаралар  өткізілді.  Мысалы,  «Мир  труда» 
газетінің  13  мамыр  күнгі  санында  Петропавл  қаласындағы 
Қазақ  клубының  музыкалы-драма  тобының  күшімен  қазақ 
авторларының  «Жебір  бай»,  «Əйел  бостандығы»,  «Алтын 
сақа» деген пъесалардың қойылғаны хабарланды.
1921 жылғы 2 маусымда губерниялық партия комитетінің 
қаулысымен  Петропавл  уезінде  5  əкімшілік  ауданы  құрыл-
ды.  Олар:  Булаев,  Явленный,  Жаңа  Павлов,  Новорыбин-
ский  жəне  Пресногорькое  аудандары  еді.  Қаулыда  олардың 
барлығы да бұрынғы орыс болыстары екені атап көрсетілді. 
Осылайша  қазіргі  Солтүстік  Қазақстан  облысы  орналасқан 
аймақта  кеңестік  тəртіпке  негізделген  əкімшілік-аумақтық 
бөлініс қалыптаса бастады.
Осыдан кейін Ақмола губерниялық І халық ағарту конфе-
ренциясы өтті. Конференцияда Байділдин Əбдірахман, Бей-
сенов  Мұхаметжан,  Қазыбеков  Смағұл  сөз  сөйледі.  Жиын-
да уезд бойынша бірінші басқыш мектептер саны 106 жəне 
екінші басқыш бір мектеп бар екендігі көрсетілді. Əбдірах-
ман  Байділдиннің  баяндама  сында  қазақтарды  оқыту,  олар-
дың  мəдени  дəрежесін  көтеру  жөнінде  айтылды.  «Ұлттар-
дың теңдігі қамтамасыз етілсін, отаршылдық пиғылдар мен 
көріністерге жол берілмесін» деген айқын мəлімдеме жасал-
ды.
Қазақстан  Халық  комиссарлары  кеңесінің  1921  жылғы 
6-шілдедегі  2554-қаулысында:  «Орыс  жəне  қазақ  тілдері 
ресми тіл деп танылсын, мүмкіндігінше қазақ тіліне басым-
дық берілсін», деп көрсетілді.
Əуелгі  кезде  түрлі  қолайсыз  жағдайлар  да  болып  қалға-
нын  баспасөз  бетінен  байқаймыз.  Мысалы,  «Мир  труда» 

62
газеті 8 мамыр күні: «6 мамырдан бастап ораза басталады, 
сондықтан  қаладағы  əскери  жағдай  тоқтатылсын  жəне  бұл 
жөнінде  əскери  гарнизон  командирі  мен  милиция  бастығы 
тиісті  бұйрық  берді»,  деген  хабар  басылды.  Шынында, 
мұндай  қаулы  қабылданбаған  екен.  Біреулер:  «Губревком 
төрағасы  Ə.  Əйтиев  ауызша  нұсқау  берді»,  деген  қауесет 
таратып  жіберген  болып  шықты.  Бұл  жөнінде  губревком 
атынан Коротков түсінік беріп, газеттің 11 мамыр күнгі са-
нында жаңсақ хабарды теріске шығарды.
1921  жылғы  11  қыркүйек.  Сол  күні  кешкі  сағат  бесте 
Петропавлда  губерния  кеңестерінің  тұңғыш  құрылтай 
съезі  болды.  Қазақ  республикасы  халық  комиссарлары 
Кеңесі  мен  губревком  атынан  съезді  Əбдірахман  Əйтиев 
ашты.  Съезге  қатысушыларды  Қазақ  Орталық  атқару  ко-
митеті  атынан  Смағұл  Сəдуақасов  құттықтады.  Мұрағат-
та  сақталған  хаттамада  Смағұлдың  сөздерінің  қысқаша 
мазмұны  тезис  түрінде  беріліпті,  сірə,  алдын-ала  дайын-
далған  жазбаша  мəтіні  болмағанға  ұқсайды:  «Қыр  баласы 
өзін ғана, малын ғана ойлап еркімен жүрген шақта, Ресей-
дің отаршыл билігінің шеңгеліне тап болып еді… Енді бас 
еркі  өзінде,  өз  елін  өзі  билейтін  болады…»  деп  бастаған 
екен.
Алға  қойылған  осындай  міндеттер  біршама  орындал-
ды-ау дегенде, бүкіл аймақты 4 ай 11 күн билеген губревко-
мы жəне Петропавл қала-уездік ревкомы жұмысын тоқтат-
ты.  1921  жылы  17  қыркүйекте  доғарылып,  советтердің 
губерниялық  бірінші  сьезінде  сайланған  Ақмола  губер-
ниялық  атқару  комитеті  билікке  кірісті.  Жаңа  сайланатын 
атқару  комитетінің  міндетін  С.  Сəдуақасов  былай  белгілеп 
берді:  «Төңкеріс  комитетінен  атқару  комитетіне  ауысу  – 
заңды  уақыт  талабы.  Əскери-төңкеріс  тəртібінен  бас  тарту 
керек. Жеке-дара билеп-төстеуге жол берілмесін».
Дəл сол күннен бастап, осы аймаққа билік жүргізіп кел-
ген  Омбыдағы  Сібір  ревкомы  жанында  1920  жылдың  14 
қазанында  құрылған  Қазақстан  өкілдігі  таратылған  болып 
есептеледі.
Ақмола  губерниялық  атқару  комитетінің  басшылығы 
мынадай болып бекітілді:

63
Əйтиев – төраға, Шумский – оның орынбасары жəне эко-
номика  комиссиясының  төрағасы,  Патрикеев  –  азық-түлік 
ко-миссары, Бейсенев – əкімшілік кеңестің төрағасы, Қазы-
беков – іс басқарушы. Атқару комитетінің құрамына:
Сабыр  Шəріпов,  Ғаббас  Тоқжанов,  Жұмағали  Тілеулин, 
кандидаттығына Жанұзақ Жəнібеков сайланды.
«Мир  труда»  газетінің  сол  күнгі  саны:  «Жеке  бақырды 
ортақ қазанға айырбастайық!» – деген социалистік ұранмен 
шықты.
1921 жылғы 18-24 қазанда мəжіліс өткізген губерниялық 
кəсіподақтар  советі  «Аз  ұлттар  (олардың  ішінде  қазақ  та 
бар. – авт.) мен орыстардың діни мейрамдары туралы» қау-
лы қабылдап: Мұсылман мейрамдары мыналар:
«Пітір  айты  –  2  күн  демалыс,  Құрбан  айты  –  2  күн  де-
малыс,  Жаңа  жыл  –  1  күн  демалыс,  Ашура  –  1  күн  жəне 
Мəуліт күні – 1 күн демалыс болып белгіленсін. Бұл даталар 
жұмыс  күніне  келіп  қалса,  кейін  өтелуге  тиіс»,  –  деп  бел-
гіледі.
Қазақ  автономиялы  республикасына  қосылған  Ақмола 
облысында ұйымдастыру шаралары, жалпы алғанда, Семей-
ге  қарағанда  біршама  ыңғайланып  қалғанымен,  əлі  де  көп 
қиындықтар тұр еді.
Бұрынғы Сібір ревкомы негізінде құрылған губерниялық 
жəне  уездік  мекемелерде  қазақ  қызметкерлері  аз  болды. 
Соның  салдарынан,  деп  атап  көрсетілді  сессияда,  мынадай 
күрделі мəселелер бар:
«1)  Қазақ  республикасының  заң  жүзінде  құрылғандығы 
орыс тілді ортада мойындала қоймады.
2)  Қазақ  республикасының  мүддесі  деген  түсінік  тез 
қа-лыптаспады.
3)  Қазақ  республикасының  территориясын  түгендеп,  ай-
қындау мəселесі елеулі кедергілерге кездесіп отырды.
4)  Ұлыдержавалық,  ұлыорыстық  шовинизм  тиісінше 
көптеген  жерде  қазақтар  тарапынан  керітартпа  ұлтшылдық 
көріністерін туғызды.
5)  Қазақтардың  бұрынғы  патшалық  Ресейдің  отарлық 
бұ-ғауынан босадық, өз алдына ел боламыз деген талпыны-
сы тұсала берді, ертеңге деген сенімі күмəн туғызды.

64
6)  Білімі  төмен,  отаршыл  кеудемсоқтықтан  арылмаған 
шолақ  белсенді  орыстілді  коммунистердің  озбырлығына 
жол ашылды».
Осындай жағдайлардың кеселді қырсығы кеңес заманын-
да  да  ұзақ  жылдар  бойы  қазақ  халқын  кемсітуге  себепкер 
болғанын тарих көрсетіп берді.
Заң жүзінде Қазақ автономиялы республикасы 1920 жыл-
ғы 26 тамызда құрылып, орталық заң шығарушы жəне атқа-
рушы билік органдары сайланса да, Петропавл, Семей уез-
дерінің  ұлты  қазақ  емес  басшылары  Мəскеумен,  Омбымен 
тікелей байланысты аңсай берген. Сол кезде Қазақстан аста-
насы  Орынбордан  Қызылжарға  мынадай  жеделхат  келуі  де 
тегін емес: «ҚССР құрамына кіретін барлық атқару комитет-
тері осы жедел хатты алған сəттен бастап, ҚССР үкіметімен 
тікелей  байланыс  жасай-тын  болсын.  ҚОАК  1921  жылғы  5 
сəуірдегі  қаулысы  бойынша  РСФСР  Ішкі  істер  Халық  ко-
миссариатымен тікелей байланыс жасау тоқтатылсын».
Ақмола кеңестерінің бірінші съезі 1921 жылы қыркүйек-
тің 13-дегі таңертеңгі мəжілісте мынадай қаулы қабыл-дауға 
мəжбүр болды:
«Биліктің  ревком  сияқты  түрінен  атқару  комитеті  түрі-
не  ауыса  отырып,  губерниялық  атқару  комитетінің  жаңа 
құрамы  жергілікті  мəселелерді  шешуде  жұмыстың  əске-
ри  принциптері-нен  бас  тартуы  тиіс,  губерниялық,  уездік 
орталықтарда  жеке-дара  басып-жаншуға  жол  берілмесін, 
мəселелер  халыққа  ауырт-палық  салмайтындай  дəрежеде 
шешілетін болсын…»
Совет  Одағында  1924,  1936,  1977  жылдары  үш  Кон-
ституция  қабылданған  сайын  облыстардың,  аудандардың 
əкімшілік-аумақтық  бөлінісіне  айтарлықтай  өзгерістер  ен-
гізіліп отыратын.
1988-1991  жылдары,  тарихта  «қайта  құру»  деген  атпен 
қалған  өтпелі  кезеңде  Совет  Одағында  қабылданған  жаңа 
заңдардың  негізінде  мемлекеттік  билік:  СССР  халық  депу-
таттарының сьезі, СССР Жоғарғы Советі, СССР Президенті 
түрінде,  тиісінше  Қазақстанда  да:  Қазақ  ССР  халық  депу-
таттарының  сьезі,  Қазақ  ССР  Жоғарғы  Советі,  Қазақ  ССР 
Президенті түрінде қалыптасты.

65
Совет  Одағының  тарихында  коммунистік  жеке  идеоло-
гияға  негізелген  тоталитарлық  жүйенің  əсерінен  қоғам  да-
муын  тежеген,  халық  басына  неқилы  ауыртпалықтар  əкел-
ген оқиғалар мен құбылыстар орын алды.
Елді  коллективтендіру  (1928  ж.)  жəне  индустриаланды-
ру  (1934  ж.)  науқандары  тап  күресі  деген  желеумен  жап-
пай  қуғын-сүргін,  ойдан  шығарылған  «халық  жауларымен» 
күрес  мыңдаған  адамдарды  орны  толмас  қайғы-қасіретке 
салды,  жазықсыз  жандардың  өмірін  қиды.  Екінші  дүни-
ежүзілік  соғыста  орны  толмас  көп  шығынмен  елді  басқын-
шылардан  сақтап  қалған  халық  ерлігі  тарихта  қалды. 
Таптық  идеология,  бір  ғана  коммунистік  дүниетанымға  не-
гізделген ойлау машығына күшпен таңылған Совет қоғамы 
басқа мемлекеттермен «қырғиқабақ» соғысқа душар болып, 
оқшаулана берді. Соның салдарынан жылдар бойы əлеумет-
тік-экономикалық дағдарысқа ұшырады.
Қазақстан  үшін,  əсіресе  оның  ауылшаруашылықты  ай-
мағы  Солтүстік  Қазақстан  облысы  үшін  мемлекеттің  сол 
кездегі бірінші басшысы Никита Хрущевтің кеудемсоқ сая-
саты  көп  қиындық  əкелді.  Жеделдетіп,  Тың  жəне  тыңайған 
жерлерді игеру деген желеумен аумақтың құнарлы қыртысы 
аз жылда жаппай жыртылып, жел эрозиясына ұшырау қаупі-
не  таяды.  Мал  шаруашылығын  дамыту  деңгейі  күткендегі-
дей  нəтиже  бермеді.  Солтүстік  аймақтың  демографиялық 
жағдайы мүлде ушығып, қазақ халқы өзінің туған Отанында 
азшылыққа  айналды.  Қазақ  тілінің  құрып  кету  қаупі  төнді. 
Мектептер мен арнаулы оқу орындары жергілікті ұлт тлінде 
маман даярлай алмайтын дəрежеге жетті.
Адамзат  қоғамының  даму  заңдылықтарын  аяққа  басып, 
кеуде  соққан  менмендіктің  салдарынан  Советтік  қоғамның 
өзінде жылдар бойы қалыптасқан жүйе мен үдеріске соққы 
берілді.  Əкімшілік,  саяси  басқару  тетіктері  мүлде  шата-
сты.  Жылда  бір  «жаңалық  енгізудің»  салдары  мемлекет-
тік  құрылымның  тиімділігін  ақсатты.  Мұны  Солтүстік  Қа-
зақстан  облысының  əкімшілік-аумақтық  бөлінісінің  өзгеру 
тарихынан айқын көруге болады.
Мысалы:  1928  жылғы  3  қыркүйекте  Бүкілодақтық  Орта-
лық атқару комитетінің «Болыстық бөліністерді жойып, ау-

66
дандар жүйесін енгізу туралы» қаулысына сəйкес, Қазақ ав-
тономиялы советтік социалистік республикасының Орталық 
атқару  комитетінің  1928  жылғы  17  қаңтарда  болған  екінші 
сессиясында  Петропавл  (Қызылжар)  округі  құрылды.  Бұл 
туралы  қаулыда  жаңа  округке  Ақмола  губерниясының  Пе-
тропавл уезінің аумағы толық қамтылып, оған Атбасар мен 
Көкшетау  уездерінің  кейбір  болыстары  қосылғаны,  сөйтіп, 
округ аумағында барлығы 21 аудан болғаны айтылған.
Олардың  ішінде  Арықбалық  ауданы  (орталығы  Арықба-
лық  селосы),  Бейнетқор  ауданы  (орталығы  Шолақ  Досжан 
ауылы), Булаев ауданы (орталығы Булаев селосы), Көкшетау 
ауданы  (орталығы  Көкшетау  қаласы),  Красноармейск  ауда-
ны  (орталығы  Ново-Сухотино  селосы),  Ленин  ауданы  (ор-
талығы Явленка селосы), Преснов ауданы (орталығы Прес-
новка  селосы),  Рузаев  ауданы  (орталығы  Рузаев  селосы), 
Төңкеріс  ауданы  (орталығы  Майбалық  селосы),  Щучинск 
ауданы (орталығы Щучье селосы), Еңбекшілдер ауданы (ор-
талығы Казгородок селосы) болды.
Ескерте  кететін  жағдай  сол,  бұрын  Қызылжар  аталып 
келген əкімшілік-аумақтық бірлік дəл сол 1928 жылдың ма-
мыр  айының  10-жұлдызында  Петропавл  уезі  деп  өзгертіл-
ген.  Бұл  шешімді  қабылдаған  да  Республиканың  Орталық 
атқару комитеті. Осыдан кейін екі жылға толмай, Мəскеудегі 
орталық билік, дəлірек айтқанда, Бүкілодақтық атқару коми-
теті  Қазақстанның  əкімшілік-аумақтық  жаңа  бөлінісін  1930 
жылғы 23 шілдеде қайта бекітті. Бұл қаулы бойынша округ-
тер, əлбетте, олардың ішінде Петропавл округі де бар, тара-
тылып, ірілендіріліп, жаңадан құрылған аудандар Республи-
ка орталығына тікелей бағынатын болды.
СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ 
ТАРАТЫЛҒАН, НЕМЕСЕ БАСҚА ОБЛЫСТАРҒА 
БЕРІЛГЕН АУДАНДАР ТУРАЛЫ АҚПАР
1.  Арықбалық  ауданы  (орталығы  –Арықбалық  селосы). 
Алғаш  рет  бул  аудан  ССРО  Бүкілодақтық  атқару  коми-
тетінің (ВЦИК) Қаулысымен Қызылжар (Петропавл) окру-

67
гінің құрамында 1928 жылғы 3 қыркүйекте құрылған. 1936 
жылы  29  шілдеде  Солтүстік  Қазақстан  облысы  құрылған-
да,  осы  облыс  құрамында  болды.  1939  жылы  14  қазанда 
жаңадан құрылған Ақмола облысының құрамына қосылды 
да, 1944 жылы 15 наурызда Көкшетау облысының құрамы-
на  берілді.  Қазақстан  Президентінің  1997  жылғы  2  мамы-
рдағы  №  3482  жарлығына  сəйкес,  Арықбалық  ауданы  та-
ратылып,  оның  аумағы  Көкшетау  облысындағы  Айыртау 
ауданына  қосылды.  Қазір  Айыртау  ауданы  Солтүстік  Қа-
зақстан облысының құрамында.
2.  Атбасар  ауданы  (орталығы  Атбасар  қаласы),  1936 
жылы  29  шілдеде  Солтүстік  Қазақстан  облысы  құрылған-
да,  осы  облыс  құрамында  болды.  1939  жылы  14  қазанда 
жаңадан құрылған Ақмола облысына берілді.
3.  Бейнетқор  ауданы  (орталығы  –Шолақ  Досжан  село-
сы).  Алғаш  рет  бул  аудан  ССРО  Бүкілодақтық  атқару  ко-
митетітінің  (ВЦИК)  Қаулысымен  Қызылжар  (Петропавл) 
округінің құрамында 1928 жылғы 3 қыркүйекте құрылған. 
1936  жылы  29  шілдеде  Солтүстік  Қазақстан  облысы 
құрылғанда,  осы  облыс  құрамында  болды.  Қазақ  ССР 
Жоғарғы  Советі  Президиумының  1940  жылғы  31  шілде-
дегі жарлығымен Бейнетқор ауданының аты Совет ауданы 
болып  өзгертілді.  Ал,  1941  жылғы  23  мамырдағы  Жарлық 
бойынша, Шолақ Досжан селосы Смирнов елді мекені бо-
лып  өзгертілді.  Қазақ  ССР  жоғарғы  Советі  Президиумы-
ның  1999  жылғы  11  наурыздағы  шілдедегі  жарлығымен 
Совет ауданының атау Аққайың ауданы болып қайта атал-
ды.
4.  Бескөл  ауданы  Қазақ  ССР  Жоғарғы  Советінің  1967 
жылғы наурыздағы қаңтардағы жарлығымен құрылған.
Қазақ  ССР  Жоғарғы  Советі  Президиумының  1999 
жылғы 11 наурыздағы шілдедегі жарлығымен Бескөл ауда-
ны Қызылжар ауданы болып қайта аталды.
5.  Булаев  ауданы  (орталығы  –  Булаев  селосы)  ССРО 
Бүкілодақтық  атқару  комитетітінің  (ВЦИК)  Қаулысымен 
Қызылжар  (Петропавл)  округінің  құрамында  1928  жылғы 
3 қыркүйекте құрылған. 1936 жылы 29 шілдеде Солтүстік 
Қазақстан облысы құрылғанда, осы облыс құрамында бол-

68
ды.  Қазақстан  Президентінің  2000  жылғы  23  қарашадағы 
жарлығымен Мағжан Жұмабаев ауданы болып қайта атал-
ды.
6.  Уəлиханов  ауданы  орталығы  Авангард  селосы  болып 
Қазақ ССР Жоғарғы Советі Президиумының 1970 жылғы 4 
желтоқсандағы жарлығымен құрылды. Қазақ ССР Жоғарғы 
Советі Президиумының 1970 жылғы 4 желтоқсандағы жар-
лығымен Авангард деп аталған аудан орталығы 1971 жылы 
29 наурызда Уəлиханов селосы деп өзгертілді.
7. Возвышен ауданы (орталығы Возвышенка селосы) Қа-
зақ  ССР  Жоғарғы  Советі  Президиумының  1970  жылғы  2 
қаңтардағы жарлығымен құрылып, Қазақстан Президентінің 
1997 жылғы 23 мамырдағы 3528-жарлығымен таратылды.
8.  Жамбыл  ауданы  (орталығы  Благовещенка  селосы)  Қа-
зақ  ССР  Жоғарғы  Советі  Президиумының  1970  жылғы  4 
желтоқсандағы  жарлығымен  Солтүстік  Қазақстан  облысы-
ның  құрамында  құрылды.  Қазақстан  Президентінің  1997 
жылғы 23 мамырдағы жарлығымен таратылған көрші Прес-
нов  ауданының  есебінен  іріленіп,  орталығы  Преснов  село-
сына көшірілді.
9.  Есіл  ауданы  орталығы  Қима  селосы  болып  ССРО 
Бүкілодақтық атқару комитетінің (ВЦИК) Қаулысымен 1936 
жылы 29 шілдеде Солтүстік Қазақстан облысы құрылғанда, 
осы облыс құрамында болды. 1939 жылы 14 қазанда жаңа-
дан құрылған Ақмола облысының құрамына қосылды.
10.  Петропавл  қаласының  Теміржол  ауданы  Қазақ  ССР 
Жоғарғы Советі Президиумының 1943 жылғы 21 қазандағы 
жарлығымен  құрылып,  Қазақ  ССР  Жоғарғы  Советі  Пре-
зидиумының  1948  жылғы  7  шілдедегі  жарлығымен  тара-
тылған.
11.  Зеренді  ауданы  (орталығы  Зеренді  селосы)  ССРО 
Бүкілодақтық  атқару  комитетінің  (ВЦИК)  Қаулысымен 
1935  жылы  31  қаңтарда  Қарағанды  облысының  құрамында 
құрылды.  ССРО  Бүкілодақтық  атқару  комитетінің  (ВЦИК) 
Қаулысымен  1936  жылы  29  шілдеде  Солтүстік  Қазақстан 
облысы құрылғанда, осы облыс құрамында болды.
1939  жылы  14  қазанда  Қазақ  ССР  Жоғарғы  Советі  Пре-
зидиумының жарлығымен жаңадан құрылған Ақмола облы-

69
сына  беріліп,  Қазақ  ССР  Жоғарғы  Советі  Президиумының 
1944 жылғы 15 наурыздағы жарлығымен жаңадан құрылған 
Көкшетау  облысына  қосылды.  Зеренді  ауданы  Қазақстан 
Президентінің  1997  жылғы  23  мамырдағы  жарлығымен 
Солтүстік Қазақстан облысының құрамынан алынып, Ақмо-
ла облысының құрамына берілді.
12.  Қазан  ауданы,  орталығы  Казанка  селосы  болып  Көк-
шетау  облысының  құрамында  Қазақ  ССР  Жоғарғы  Со-
веті  Президиумының  19  жылғы  22  қазандағы  жарлығымен 
құрылып, сегіз жылдан кейін таратылған.
13. Калинин ауданы орталығы Журавлевка селосы, ССРО 
Бүкілодақтық атқару комитетінің (ВЦИК) Қаулысымен 1936 
жылы 29 шілдеде Солтүстік Қазақстан облысы құрылғанда, 
осы облыс құрамында болды. 1939 жылы 14 қазанда жаңа-
дан құрылған Ақмола облысының құрамына қосылды.
14.  Келлер  ауданы  (орталығы  Келлеровка  селосы)  ССРО 
Бүкілодақтық атқару комитетінің (ВЦИК) Қаулысымен 1936 
жылы  29  шілдеде  Солтүстік  Қазақстан  облысы  құрылған-
да,  осы  облыс  құрамында  болды.  1944  жылы  15  наурызда-
да  жаңадан  құрылған  Көкшетау  облысының  құрамына  қо-
сылды. Қазақстан Президентінің 1997 жылғы 2 мамырдағы 
жарлығымен таратылды да, оның аумағы Көкшетау облысы 
Тайынша  ауданының  (03.05.  1997  ж.  бастап-  Солтүстік  Қа-
зақстан облысы) құрамына берілді.
15.  Қызылту  ауданы,  орталығына  Қызылту  ауылу  бел-
гіленіп,  ССРО  Бүкілодақтық  атқару  комитетітінің  (ВЦИК) 
Қаулысымен  Қызылжар  (Петропавл)  округінің  құрамында 
1928 жылғы 3 қыркүйекте құрылған. 1936 жылы 29 шілде-
де Солтүстік Қазақстан облысы құрылғанда, осы облыстың 
құрамында болды. Қазақ ССР Жоғарғы Советі Президиумы-
ның  1944  жылғы  15  наурыздағы  жарлығымен  Қызылту  ау-
даны  жаңа  құрылған  Көкшетау  облысының  құрамына  өтті. 
Қазақстан  Президентінің  1997  жылғы  2  мамырдағы  жар-
лығымен Уəлиханов ауданы деп қайта аталды. Көкшетау об-
лыстық мəслихаты мен облыс əкімінің шешімімен Қызылту 
ауданының орталығы Кішкенекөл кенті деп өзгертілді.
16.  Көкшетау  қаласы  орталығы  болып,  1928  жылы  Қы-
зылжар (Петропавл) округінің құрамында құрылған Көкше-

70
тау ауданы 1936 жылы 29 шілдеде Солтүстік Қазақстан об-
лысы  құрылғанда,  осы  облыстың  құрамында  болды.  Қазақ 
ССР  Жоғарғы  Советі  Президиумының  1944  жылғы  15  нау-
рыздағы жарлығымен Көкшетау ауданы жаңа құрылған Көк-
шетау облысының құрамына өтті. Қазақстан Президентінің 
1997  жылғы  2  мамырдағы  жарлығымен  таратылды.  Оның 
аумағы қазіргі Ақмола облысы Зеренді ауданында.
17.  Красноармейск  ауданы  (орталығы  Ново-Сухотино 
селосы)  1928  жылы  3  қарашада  Қызылжар  (Петропавл) 
округінің  құрамында  құрылған.  жылы  29  шілдеде  Сол-
түстік Қазақстан облысы құрылғанда, осы облыстың құра-
мында  болды.  Қазақ  ССР  Жоғарғы  Советі  Президиумы-
ның  1944  жылғы  15  наурыздағы  жарлығымен  Көкшетау 
ауданы  жаңа  құрылған  Көкшетау  облысының  құрамына 
өтті.  Қазақстан  Президентінің  1997  жылғы  2  мамырдағы 
3482-жарлығымен  Тайынша  ауданы  деп  аталатын  болды. 
Аудан  орталығы  Красноармейск  Тайынша  қаласы  болып 
өзгертілді. 1997 жылғы 3 мамырдан бастап, Тайынша ауда-
ны Солтүстік Қазақстан облысына қарайды.
18.  Киров  ауданы  Солтүстік  Қазақстан  облысының  ор-
талығы  Петропавл  қаласында  Қазақ  ССР  Жоғарғы  Со-
веті  Президиумының  1970  жылғы  25  желтоқсандағы  жар-
лығымен құрылған, 1988 жылы 9 маусымда таратылған.
19.  Конюхов  ауданы  (орталығы  Конюхов  селосы)  Қа-
зақ  ССР  Жоғарғы  Советі  Президиумының  1944  жылғы  8 
мамырдағы  жарлығымен  құрылған,  Қазақ  ССР  Жоғарғы 
Советінің  1952  жылғы  3  сəуірдегі  жарлығымен  аудан  ор-
талығының  атауы  Қарақоға  болып  өзгертілді.  Аудан  1963 
жылғы 2 қаңтарда таратылған.
20.  Куйбышев  ауданы  (орталығы  Куйбышев  кенті)  Қа-
зақ  ССР  Жоғарғы  Советі  Президиумының  1969  жылғы  28 
мамырдағы жарлығымен құрылған, 1997 жылы 2 мамырда 
аудан  атауы  Целинный  болып  өзгерді.  Қазақстан  Прези-
дентінің 2002 жылғы 11 маусымдағы 890-жарлығымен Ға-
бит Мүсрепов ауданы деп қайта аталды.
21.  Петропавл  қаласының  Куйбышев  ауданы  Солтүстік 
Қазақстан  облысының  орталығы  Петропавл  қаласында 
Қазақ ССР Жоғарғы Советінің 1970 жылғы 25 желтоқсан-

71
дағы жарлығымен құрылған, 1988 жылы 9 маусымда тара-
тылған.
22.  Ленинград  ауданы  (орталығы  «Ленинград»  совхозы-
ның  орталық  мекені)  Қазақ  ССР  Жоғарғы  Советі  Президи-
умының  1955  жылғы  22  қазандағы  жарлығымен  құрылған. 
1988  жылы  9  маусымда  таратылған.  Қазақстан  Прези-
дентінің  1997 2  мамырдағы  таратылып,  жер  аумағы  Ақжар 
ауданының құрамына берілді.
23.  Ленин  ауданы,  орталығына  Явленка  селосы  бел-
гіленіп,  ССРО  Бүкілодақтық  атқару  комитетітінің  (ВЦИК) 
Қаулысымен  Қызылжар  (Петропавл)  округінің  құрамында 
1928 жылғы 3 қыркүйекте құрылған. 1936 жылы 29 шілде-
де Солтүстік Қазақстан облысы құрылғанда, осы облыстың 
құрамында болды. Қазақстан Президентінің 1997 жылғы 18 
сəуірдегі  жарлығымен  Солтүстік  Қазақстан  облысы  Ленин 
ауданының атауы Есіл ауданы болып өзгертілді.
24.  Ленин  ауданы  (орталығы  Талшық  кенті)  Қазақ  ССР 
Жоғарғы  Советі  Президиумының  1973  жылғы  25  желтоқ-
сандағы  жарлығымен  Көкшетау  облысының  құрамында 
құрылды.  Қазақстан  Президентінің  1997  жылғы  2  мамыр-
дағы  жарлығымен  Көкшетау  облысы  Ақжар  ауданы  болып 
өзгертілді.
25.  Макин  ауданы  (орталығы  Вознесенка  селосы)  ССРО 
Бүкілодақтық атқару комитетінің (ВЦИК) Қаулысымен 1936 
жылы  29  шілдеде  Солтүстік  Қазақстан  облысы  құрылған-
да,  осы  облыстың  құрамында  болды.  Қазақ  ССР  Жоғарғы 
Советі  Президиумының  1939  жылғы  14  желтоқсандағы 
жарлығымен  жаңа  құрылған  Ақмола  облысының  құрамына 
берілді.
26.  Молотов  ауданы  (орталығы  Балкашино  селосы) 
ССРО  Бүкілодақтық  атқару  комитетітінің  (ВЦИК)  Қаулы-
сымен 1936 жылы 29 шілдеде Солтүстік Қазақстан облысы 
құрылғанда,  осы  облыстың  құрамында  болды.  Қазақ  ССР 
Жоғарғы  Советі  Президиумының  1939  жылғы  14  желтоқ-
сандағы  жарлығымен  жаңа  құрылған  Ақмола  облысының 
құрамына берілді.
27.  Мəскеу  ауданы  (орталығы  Корнеевка  селосы)  Қазақ 
ССР  Жоғарғы  Советі  Президиумының  1942  жылғы  19  нау-

72
рыздағы  жарлығымен  құрылған.  Қазақстан  Президентінің 
1997  жылғы  18  сəуірдегі  жарлығымен  таратылып,  жер  ау-
мағы Солтүстік Қазақстан облысы Ленин ауданының (қазір-
гі Есіл ауданы) құрамына берілді.
28.  Петропавл  ауданы  ірілендірілген  аудан  ретінде 
ССРО  Бүкілодақтық  атқару  комитетінің  (ВЦИК)  Қаулы-
сымен  жəне  ҚазАССР  Халық  комиссарлары  советінің  қа-
улысымен  1930  жылғы  17  желтоқсанда  құрылып,  Қазақ 
АССР  Орталық  атқару  комитетінің  1-2  ақпандағы  қаулы-
сымен  таратылған  болатын.  Осы  аудан  Петропавл  қала-
сының  құрамында  1942  жылғы  19  наурызда  Қазақ  ССР 
Жоғарғы Советі Президиумының наурыздағы жарлығымен 
қайта құрылды да, 1957 жылғы 14 қыркүйекте таратылды.
29.  Орталығы  Полудин  селосы  болған  Полудин  ауданы 
ССРО  Бүкілодақтық  атқару  комитетінің  (ВЦИК)  Қаулы-
сымен  1936  жылы  29  шілдеде  Солтүстік  Қазақстан  облы-
сы  құрылғанда,  осы  облыстың  құрамында  саналды.  Қазақ 
ССР  Жоғарғы  Советінің  1963  жылғы  2  қаңтардағы  жар-
лығымен таратылды. 
30.  Преснов  ауданы  (орталығы  –  Пресновка  селосы) 
ССРО  Бүкілодақтық  атқару  комитетітінің  (ВЦИК)  Қау-
лысымен  Қызылжар  (Петропавл)  округінің  құрамында 
1928  жылғы  3  қыркүйекте  құрылған.  1936  жылы  29  шіл-
деде  Солтүстік  Қазақстан  облысы  құрылғанда,  осы  облы-
стың құрамында. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 
жылғы 23 мамырдағы 865-қаулысымен таратылып, аумағы 
Жамбыл  ауданының  (орталығы  Преснов  селосы)  қара-
мағына қосылды.
31. Пресногорьков ауданы Солтүстік Қазақстан (ол кезде 
Қарағанды) облысының құрамында 1936 жылғы 29 шілде-
де Қостанай облысының құрамына берілді.
32.  Приишим  ауданы  (орталығы  Боголюбово  село-
сы)  Қарағанды  облысы  болып  тұрған  кезде  1935  жылғы 
31  қаңтарда  құрылған.ССРО  Бүкілодақтық  атқару  коми-
тетітінің (ВЦИК) Қаулысымен 1936 жылы 29 шілдеде Сол-
түстік Қазақстан облысы құрылғанда, осы облыстың құра-
мында болды. Қазақ ССР Жоғарғы Советі Президиумының 
1963 жылғы 2 қаңтардағы жарлығымен таратылды. Аудан-

73
ның  аумағы  Солтүстік  Қазақстан  облысының  Совет  жəне 
Мамлют аудандарының құрамына қосылды.
33.  Петропавл  қаласының  Өнеркəсіп  ауданы  Солтүстік 
Қазақстан  облысы  Петропавл  қаласының  құрамында  Қазақ 
ССР  Жоғарғы  Советі  Президиумының  1943  жылғы  21  қа-
зандағы жарлығымен құрылып, Қазақ ССР Жоғарғы Советі 
Президиумының  1948  жылғы  7  шілдедегі  жарлығымен  та-
раған.
34.  Рузаев  ауданы  (орталығы  –  Рузаев  селосы)  ССРО 
Бүкілодақтық  атқару  комитетітінің  (ВЦИК)  Қаулысымен 
Қызылжар  (Петропавл)  округінің  құрамында  1928  жылғы 
3  қыркүйекте  құрылған.  1936  жылы  29  шілдеде  Солтүстік 
Қазақстан  облысы  құрылғанда,  осы  облыстың  құрамында. 
Қазақ ССР Жоғарғы Советі Президиумының 1944 жылғы 16 
наурыздағы  жарлығымен  жаңадан  құрылған  Көкшетау  об-
лысының  құрамына  берілді.  Қазақстан  Президентінің  1997 
жылғы 2 мамырдағы 3482-жарлығымен таратылды. Аумағы 
Солтүстік Қазақстан облысының Ғабит Мүсрепов атындағы 
ауданның құрамына қосылды.
35.  Соколов  ауданы  (орталығы  Соколовка  селосы)  1936 
жылы  29  шілдеде  Солтүстік  Қазақстан  облысы  құрылған-
да, осы облыстың құрамында ұйымдастырылған. Қазақ ССР 
Жоғарғы Советі Президиумының 1963 жылғы 2 қаңтардағы 
жарлығы  бойынша  таратылды.  Қазақ  ССР  Жоғарғы  Со-
веті  Президиумының  1964  жылғы  31  желтоқсандағы  жар-
лығымен  қайта  құрылды.  Қазақстан  Президентінің  1997 
жылғы 18 сəуірдегі 3461-жарлығымен таратылды. бойынша 
таратылды.  Ауданның  аумағы  Қызылжар  ауданының  құра-
мына берілді.
36.  Сталин  ауданы  (орталығы  Алексеев  селосы)  ССРО 
Бүкілодақтық  атқару  комитетітінің  (ВЦИК)  Қаулысымен 
1936  жылы  29  шілдеде  Солтүстік  Қазақстан  облысы 
құрылғанда,  осы  облыстың  құрамында  болды.  Қазақ  ССР 
Жоғарғы  Советі  Президиумының  1939  жылғы  14  желтоқ-
сандағы  жарлығымен  жаңа  құрылған  Ақмола  облысының 
құрамына берілді.
37.  Төңкеріс  ауданы  (орталығы  Майбалық  елді  мекені) 
ССРО  Бүкілодақтық  атқару  комитетітінің  (ВЦИК)  Қаулы-

74
сымен  Қызылжар  (Петропавл)  округінің  құрамында  1928 
жылғы 3 қыркүйекте құрылған. 1936 жылы 29 шілдеде Сол-
түстік  Қазақстан  облысы  құрылғанда,  осы  облыстың  құра-
мында болды. Қазақ ССР Жоғарғы Советі Президиумының 
1940  жылғы  21  мамырдағы  жарлығымен  Солтүстік  Қа-
зақстан облысы Төңкеріс ауданының атауы Октябрь ауданы 
болып өзгертілді. Қазақ ССР Жоғарғы Советі Президиумы-
ның  1963  жылғы  2  қаңтардағы  жарлығымен  Солтүстік  Қа-
зақстан  облысы  Октябрь  ауданының  атауы  Сергеев  ауданы 
болып  қайта  аталды.  Қазақстан  Президентінің  1999  жылғы 
14 желтоқсандағы 294-жарлығымен Солтүстік Қазақстан об-
лысы Сергеев ауданының атауы Шал ақын ауданы болып өз-
гертілді.
38. Целинный ауданы (орталығы – Ақсуат стансасы) Қа-
зақ  ССР  Жоғарғы  Советі  Президиумының  1980  жылғы  17 
қазандағы  жарлығымен  Солтүстік  Қазақстан  облысының 
құрамында  құрылды.  Қазақ  ССР  Жоғарғы  Советі  Президи-
умының  1988  жылғы  9  шілдедегі  жарлығымен  таратылды. 
Аумағы  Сергеев  жəне  Тимирязев  аудандарының  құрамына 
қосылды.
39.  Петропавл  қаласының  Орталық  ауданы  Қазақ  ССР 
Жоғарғы Советі Президиумының 1943 жылғы 21 қазандағы 
жарлығымен  құрылды.  Қазақ  ССР  Жоғарғы  Советі  Прези-
диумының 1948 жылғы 7 шілдедегі жарлығы бойынша тара-
тылды.
40.  Чистопольский  ауданы  (орталығы  –Чистополье  се-
лосы)  Қазақ  ССР  Жоғарғы  Советі  Президиумының  1955 
жылғы  22  қазандағы  жарлығымен  Көкшетау  облысының 
құрамында құрылды. Қазақстан Президентінің 1997 жылғы 
2  мамырдағы  3482-жарлығымен  таратылды.  Аумағы  Көк-
шетау  облысы  Целинный  ауданының  (03.05.1997  ж.  бастап 
Солтүстік Қазақстан облысы) құрамына қосылды.
41. Чкалов ауданы (орталығы Чкалово селосы) Қазақ ССР 
Жоғарғы Советі Президиумының 1939 жылғы 16 қазандағы 
жарлығымен  Солтүстік  Қазақстан  облысының  құрамын-
да  құрылды.  Қазақ  ССР  Жоғарғы  Советі  Президиумының 
1944  жылғы  15  наурыздағы  жарлығымен  жаңа  құрылған 
Көкшетау  облысының  құрамына  берілді.  таратылды.  Ау-

75
мағы Сергеев жəне Тимирязев аудандарының құрамына қо-
сылды. Қазақстан Президентінің 1997 жылғы 2 мамырдағы 
3482-жарлығымен  таратылды.  Аумағы  Көкшетау  облысы 
Красноармейский  ауданының  (03.05.1997  ж.  бастап  Сол-
түстік Қазақстан облысы) құрамына қосылды.
42. Щучье ауданы (орталығы Щучье селосы)) 1928 жылы 
3 қарашада ССРО Бүкілодақтық атқару комитетінің (ВЦИК) 
Қаулысымен  Қызылжар  (Петропавл)  округінің  құрамында 
құрылған.  1936  жылы  29  шілдеде  Солтүстік  Қазақстан  об-
лысы  құрылғанда,  осы  облыстың  құрамында  болды.  Қазақ 
ССР  Жоғарғы  Советі  Президиумының  1939  жылғы  14  қа-
зандағы  жарлығымен  Щучье  ауданы  Солтүстік  Қазақстан 
облысының құрамынан алынып, жаңа құрылған Ақмола об-
лысының құрамына өтті. Қазақ ССР Жоғарғы Советі Прези-
диумының  1944  жылғы  15  наурыздағы  жарлығымен  аудан 
Ақмола  облысының  құрамынан  жаңа  құрылған  Көкшетау 
облысына  берілді.  Көкшетау  облысының  таратылуына  бай-
ланысты  Қазақстан  Президентінің  1997  жылғы  3  мамыр-
дағы  3483-жарлығымен  Солтүстік  Қазақстан  облысының 
құрамына  кірді.  Қазақстан  Президентінің  1999  жылғы  8 
сəуірдегі  жарлығымен  аудан  Ақмола  облысының  құрамына 
енгізілді.
43.  Еңбекшілдер  ауданы  (орталығы  –  Казгородок  село-
сы)  1928  жылы  3  қарашада  ССРО  Бүкілодақтық  атқару  ко-
митетінің  (ВЦИК)  Қаулысымен  Қызылжар  (Петропавл) 
округінің құрамында құрылған. 1936 жылы 29 шілдеде Сол-
түстік  Қазақстан  облысы  құрылғанда,  осы  облыстың  құра-
мында болды. Қазақ ССР Жоғарғы Советі Президиумының 
1939  жылғы  14  қазандағы  жарлығымен  Еңбекшілдер  ауда-
ны  Солтүстік  Қазақстан  облысының  құрамынан  алынып, 
жаңа  құрылған  Ақмола  облысының  құрамына  өтті.  Қазақ 
ССР  Жоғарғы  Советі  Президиумының  1944  жылғы  15  на-
урыздағы  жарлығымен  аудан  Ақмола  облысының  құра-
мынан  жаңа  құрылған  Көкшетау  облысына  берілді.  Қазақ 
ССР  Жоғарғы  Советі  Президиумының  1955  жылғы  3  ма-
усымдағы  жарлығымен  аудан  орталығы  Казгородок  село-
сынан Степняк қаласына көшірілді. Облыстық мəслихат пен 
облыс  əкімінің  1997  жылғы  30  сəуірдегі  шешімі  бойынша 

76
ауданның  орыс  тілінде  «Энбекшильдерский»  деп  жазылуы 
«Еңбекшильдерский» болып түзетілді.
Көкшетау  облысының  таратылуына  байланысты  Қа-
зақстан Президентінің 1997 жылғы 3 мамырдағы 3483-жар-
лығымен  Солтүстік  Қазақстан  облысының  құрамына  кірді. 
Қазақстан  Президентінің  1999  жылғы  8  сəуірдегі  жар-
лығымен аудан Ақмола облысының құрамына енгізілді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет