Оқыту мен тəрбиелеу қаусырылатын - шығармашылық
ойдың екі беті. Бүгінде кітап көпшілікті əдебиетке шақырады
жəне өмірге көбірек жетелейді. Өйткені кітап оқу – ең алдымен
өмірге араласу. Елеулі іс - бар қырымен көрінген өмір, мұғалім,
оқушы əдеби қаһарман тұрпатындағы адамның өзі. Қандай
кейіпте көрінсе де «ысырманың» мүлтіксіз жұмысын
адамгершілік, өмір тұрғысынан қамтамасыз етеді.
Мұғалім негізінен сабаққа кітап əкелсе, балалар тіршілік
əкеледі! Оқушыларға жақынырақ болып, олардың қажеттерін
түсіну жəне білдіру - өмірге етене араласуды кітаптың көмегі
арқылы оқушылармен былайша айтқанда өмірмен сенімді, терең
байланысты нығайтуды білдіреді.
Тіл
табыса
білу
өнері
біздің
оқушылармен
байланыстарымыздағы оқу ісі мен өмірдің икемді үйлесімінде
жатыр. Сезімі, рухани жағынан сауатты адамда бəрі де, ең
алдымен кемеліне келген жан дүниесінің бірінші кезектегі,
толғаулы талабы ретінде шығармашылық қалыптасады.
Қандай да бір шығармашылық өнегені беймділікті
уағыздаса да, қаншалықты дана бола тұрса да жəне қандай
пəннен сабақ берсе де, мұғалім шын мəнісінде жəне негізінен
алғанда – Тəрбиеші.
Адамның этикалық қазыналарын қалыптастыруға, оның
жан дүниесі мен рухани дамытуы əдеби адамгершілік
тұрғысынан ынталы болып отырған тіл маманы туралы не
айтуға болады? Шын мəнісінде оқушылардың кітапқа деген
Қазақ тілі – ұрпақ тəрбиесінің ұйытқысы
187
ықыласын түсіндіру жəне осы арқылы ондағы жанды, өнегелі,
эстетикалық қазыналарды еселей түсу керек.
Оқыту тəрбиемен тек бір ғана грамматикалық сызықша
арқылы емес, сонымен бірге келеңсіз жарқын көңілмен нақты
қатынастар мен сұранымдардың көптеген тармақтарымен
жалғасқан кезде, атап айтқанда, анасы да, мынасы да түсінікті
болады. Практикалық тəрбиенің толғақты сəттері сабақтың
стандарттық үлгісінде қарастырылмаған.
Кез келген қаһарманның қалай сомдалғанын ұғындыру
үшін осының өзінен де ой тауып аламын, өйткені мұның өзі
тəрбие - əнгімесінің ең оңтайлы нұсқасы. Егер балалар санасына
əлдеқандай маңызды нəрсені көшіру қажет болса артық емес.
Бұл үшін Сабақ керек. Бұл жерде адамды қалыптастыру қызметі
өткірлеу, нəтижелірек көрінеді. Этикалық биіктікке көтеріле
отырып, сабақ «оқу ісін» де осындай деңгейге көтереді.
Тіл маманының міндеті - мəтінді кəсіби тұрғыдан көру
элементтерін айла – шарғысыз – ақиқат түрде, тікелей жеткізу.
Алмастыру бірді екіншісімен өшіру емес, жеткізу. Дағдылы
салыстыру мен метафораның, қарапайым поэма мен қара сөзбен
жазылған поэманың аралықтарындағы айырмашылықтарды
білдіру. Егер балалардың оқуына шамадан тыс, кəсіби тұрғыдан
көмектесе берсек көбісі қолынан келетін жəне сүйетін ісін -
кітап оқуды қойып кетеді.
Мұғалім өмірінің мəні – оқушы! Ол біздің шығармашылық
принциптерімізді айқындайды. Солардың бірі мынандай: əдеби
шығарманы талдау кітапқа дейінгі жəне кейінгі нəрсенің бəріне
шолу жасауға емес, этикалық проблемаға ұласуы тиіс.
Мектеп оқулығы əдебиет теориясы мен тарихының бір
бөлігі емес, қайта ең алдымен жəне елеулі дəрежеде
адамгершілік тақырыбы. Кейде композицияны, егер ол жанды,
асыл
қазынаға
жетелесе,
шығармашылық
тəсілді,
ырғақтылықты, лексиканы шындап талқалау қажет...
Ауқымды филологиялық мəдениеті, сөз жоқ, тіл маманына
керек. Ал балаларға негізінен оның нəтижесі, «типтік құбылыс»
емес, жанды кейіпкерлердің кіруі үшін үлкендердің балалармен
Халықаралық ғылыми тəжірибелік конференция
188
байланыста кітаптың рухани тəжірибесімен сусындай білгені
дұрыс.
Əлбетте, тəжірибелі шебер үшін «типтік құбылыс» та
жанды, елеулі іске айналады. Оқушылар біздің сабаққа ғылыми-
теориялық база немесе əдеби процесс үшін емес, онсыз өмір
сүруге болмайтындықтан келеді. Қазір, бүгінде солай. Талай-
талай жылдар өткен соң не нəрсеге қайта оралуға керектісін білу
үшін келеді.
Адам жанын тəрбиелеп, өмірге, «адам істеріне» еліктіріп
əкете алады. Демек, көркем шығармаға талдау жасағанда да
жазушы пайдаланған құралдарды ұтымдырақ қолдану керек.
Сонда сабақ жарқын, тиімді, қиын адамгершілік мəселе,
шығармашылық тəсіл негізінде құралады. Адам бойындағы
жақсы нəрсені көре біліп, нұрын тасытуға ұмтылыс арқылы
балалармен араласып, кітап оқу методикасы мен стилін
айқындау.
Мұғалім – сабақтың жасампазы, ендеше, өзіне-өзі жол
ашады. Оқу ошақтары тəжірибесінде жеке адамның ісі – ортақ
істің тірегі, сондықтан қарапайым істен күрделі іске қарай
ұмтылу тиімдірек. Бəрін көріп тұрғанда – ештеңені көрмейсің.
Оның үстіне даналар да ескерткен-ді. Ұсақ – түйекті елемейтін
адам бірте–бірте өзі де ойсырайды. Мұндай «ойсырауды»,
өкінішке орай, бастан кешкендер аз емес.
«Бұлдыр ұшкыннан – жарқын білім...» Егер ошақ қазып,
күйіп қалам деп қорықпай үрлесең, жалынға айналуы мүмкін өз
отыңның ұшқыны бір жерде бықси береді. Кезінде ұлылар:
«Өмір өрнегі өзгеріп сала бергенде, үлкен істі болмашы
нəрседен ұғынасың». Барлық ұлы адамдар осындай «өзгеріске»
ұмтылады.
Суреткерлер бізбен тілдескендей, олардың өмірге енгізген
«өзгерістеріндей»
кітаптарға: өлеңдерге, кинофильмдерге
сондай сипат берсек ше? Ірі, ұлы атаулының қайнарлары кіші
нəрселерден басталатындығына өнер талай рет дəлел болды.
Ескі проблемадан жаңа астарларды іздесек, тəсіл өзгеше
жолға; мəтіннің титтей торынан тұтас қалпына дейін талдау
жасаудың өзіндік əдісіне итермелейді. Мəтіннің үлкенді-кішілі
Қазақ тілі – ұрпақ тəрбиесінің ұйытқысы
189
құрылымдарын талдаудың конструкциялық элементіне, кітапқа
қарай аттаған тартымды бір қадамға айналады.
Байланыс бастапқы позициялардың орталығымен де,
мұғалімнің жетегіне ерген оқушылардың мүмкіндігімен де
қамтамасыз етілген, əдіс таңдауда олардың эмпиризмдік
тəжірибесін: сəл нəрсені байқап, бүкіл кітапты көруін қалай
басып озса, мұны да солай басып озады.
Ширатыла келе, сабаққа сюжет береді, астарды аңғаруға
үйретеді. Проблемалылық, образдылық, талдамалылық бəрі де
көптеген жіптерге шырмалған мəтіннің өзіндік түйінінде жатыр.
Шынында, бұл жіптер мұғалімді, оқушыларды кітаппен
жалғастырады.
Ұлы ақындардың сөз өнерін ойлау өнері ретінде үйренеміз:
өлең, қарасөз жазамыз, қолжазбаны қазбалап, творчествоның
үлкенді–кішілі құпия сырларына қанығамыз. Оқуда қандай
түрді қабылдаса да, ол мəн-мағына шеберлігіне, жинақтау мен
іріктеуге, нақтылыққа жəне шоғырландыруға үйретеді,
оңтайлылыққа жəне осының негізінде эстетикалық іске
үйретеді.
Əркімді неғұрлым жақсырақ жəне дəлірек сөйлеуге
үйретіп, мектепшілділік деп аталатын ұзақ, үстірт сөйлеу
əдетінен арылтады. Барлық жастағыларға, мəнермен бейімге
оңтайлы іскерлік даналығын шын мəнісінде нақ осы тұста
түсінуі ықтимал.
Сөздер, репликалар жəне мəтіннің басқа да компоненттері
қанша болса, оқу, талдау, айтыс тұжырымдары да, яғни кітапқа
деген көзқарас та сонша болады, сабақтың тілдік формалары,
стильдік қалтарыстары да жəне тағы басқалары да сонша
болады.
Өнер биік эстетикалық мəдениетпен: сөзді, емеурінді, ішкі
жүрісті, түйісуді сезінумен əбзелденген. Көркем талғам, кəсіптік
сезім–түйсік оның оқу-информациялық жəне эстетикалық
мүмкіндіктерін, ғылыми дəлдігін бақылап, жетімсіздікке, асыра
сілтеуге жол бермейді.
Сөйтіп, сабақты – оқушыларға, олардың өзін кітапқа, кітап
арқылы өмірге жəне өмірден – қайтадан кітапқа дереу бұра
Халықаралық ғылыми тəжірибелік конференция
190
алатын жағыдайға шығару технологиясы қандай? Сірə, Гераклит
айтқан болу керек: «Егер сіз тосыннан бірдене табуға
үміттенбесеңіз, онда оны таппайсыз да».
Мəтінге ерекше үңіле отырып, мұғалім мен оның
шəкірттері жаналық табуды мақсат етеді, оны жоспарлайды.
Тақырып мейлі қандай болсын – ұтымды ма, ұтымсыз ба, онда
тұрған ештеңе жоқ. Жаңалық тақырыпта емес, мəнінде жатыр.
Эстетикалық сабақтың кейде бұрқаған, кейде бəсең, бірақ
қашанда
арнасы
толық
өзіне
жекелеген
сөздердің,
репликалардың, эпизодтардың бұлақтарынан бастау алады. Өз
жолында ол орағытып өтпейді, кеңейе түскен арнасына сарқырай
құйылғанның бəрін ала кетеді.
Сұраққа деген ықылас сайып келгенде оған жауап беру
мүмкіндігінде жатыр. Оқушының дербестігін оның тек өз күш–
жігерімен ғана дамытуға болмайды.
Сұрау дегеніміз – күткен нəрсе мен мүмкін нəрсенің
өлшемін, яғни оқушыларға берген өз көмегіңнің мөлшерін білу
деген сөз. Оқушыларды сөйлеуге мəжбүр ету киын.
Əрбір сөздің ақыл–ой мен көніл-күй тебіренісінен тууы
одан да қиын. Бұл жерде үрейді аластай, жүйкені жұмсартуды
атап көрсету аздық етеді. Қандай болса да басқадай шаралар да
керек.
Керемет адам, əрі өз ісінің үлкен шебері менің бір əріптесім
бірде одан балалардың «Сұрамаңыз, тақтаға шақырмаңыз,
бізбен əңгімелесіңіз» деп өтінгенін айтып еді. Иə, сұрақтарды
қоймау керек, бермеу керек.
Оқушы өз жауабынан əлдеқандай жеңілдік іздеп табуы
үшін келеді, өзекті мəселенің мəнімен өзінің ойы мен жүрегін
баурай олармен əнгімелесу керек. Бірақ сұрақтарды жеделдете
қою ең алдымен белсенді назарды, былайша айтқанда терең
талдауды талап етеді. Сұрақтың етенелігіне оның кітаппен,
мұғалімнің жəне оқушының жеке тұлғасымен байланысына
ықпал ету сұрақтың өзінен əлдеқайда маңыздырақ. Əлбетте, кез
келген сұрақ–баршаға бірдей, бірақ бəрінен бұрын – біреу үшін
ерекше.
Қазақ тілі – ұрпақ тəрбиесінің ұйытқысы
191
Оқушыны
тек
өз
«жоспарымыз»
бойынша
ғана
тəрбиелейміз. Мұғалімге қойылған сұрақтар арқылы да оның
рухани өсуіне мүмкіндік туғызамыз. Оқушының жаудыраған
жай көздері – сабақтың ең қиналдыратын сəті. Əрбір сабақта
сілтідей тыныштық, тəртіп, құштарлана тыңдау жолында емес –
хабардың көбейткіші ретіндегі зейін жолында күрес жүргізу.
Оқушылардың зейінін үйіру – бұл олардың өзін баурау деген
сөз.
Ең қиыны – балаларды, нақ мəніндегі олардың өзін сүю.
«Ғаламат ерекшелік» мұғалімнің мінез–құлқындағы əсте
оғаштық емес, қайта оқушылармен сөйлесу əдісі, дəлірек
айтқанда, оларға яғни өз ісіне қарым–қатынас. Бұл қарым-
қатынас бірден оқушыларға беріледі де, ендігі жерде
оқушылардың сабаққа, мұғалімге, қызықты атаулының қайнар
көзі – кітапқа қарым–қатынасына айналады.
Сөз бен ымның, ырғақ пен мимиканың, дене қимылы мен
дыбыс үзілісінің біршама ұзақтығына мазмұндылығына қарау
керек. Шығармашылық тəсіл, əдетте, осындайда «нəтиже»
береді – сабақта аса жоғары белсенділік туғызады. Ол –
сабақтың өзегі де, ең басты құралы.
Егер тіл маманы «сөзден» бастаса, онда тəрбиеші
«парақтарды» таңдаудан бастайды. Сөз бен парақ біріккен кезде,
сабақ – ой-өрісіңді ашады, кітап - өмір оқулығына, өзінің
соңынан ілесіп отыратын, өзінен «қашқақтамайтын» ұстазға
айналады.
Оқыту мен тəрбиелеу арасындағы байланыс бұрынғыдан да
ширақ болуы үшін оны кейде үзіп тастап, сабақта тəрбиені ғана
қалдыру керек. Оқушының моральдық сана-сезімі, оның көңіл
күйі, психологтар айтатындай анық сергектігі, мұғалімнің басты
қамқорлығына айналған кезде, тіл маманы керісінше жасамай
тəрбиелеп, осыған үйреткен кезде, танымдықтың адамгершілікпен
«байланыстарынан», «синтездерінен» сабақтың шынайы да ашық
əдебіне, оқушымен тікелей, айла-шарғысыз байланысқа, онымен
тек кəсіптік қана емес, сонымен бірге кісілік қарым-қатынасқа
ойысқан кезде сабақ ең шырқау шегіне жетеді.
Халықаралық ғылыми тəжірибелік конференция
192
Шынайы адамгершілік ұсақ-түйектен-ақ көрініп, тіршілік
ете береді. Оларды көре білу керек. Бұл орайда əдебиет емес,
жеке бір кітап, кітаптағы тарау, тараудағы бір көрініс,
көріністегі жай-əдепке ден қоюды шоғырландырудың ең жақсы
тəсілі. «Шынайы əдеп» жалаң дидактизмнен емес, көркем
текстегі жаңалықтардан туындап, адамгершілік жаңалықтардың
ашу өнеріне айналады. Ұжымда əсіресе тəртіптің адамның
адамға қарым-қатынасының моральдық негіздеріне жақсы қол
жеткізіледі.
Сабақ – бұл жəрдем. Əлдекімге жедел, əлдекімге шұғыл
жəрдем, ал əлдекім əзірше күте тұрады... Егер сабақта үш
тағылым: өмірлік, эстетикалық, адамгершілік тағылым
ажырамастай ұштасқанда ғана ол тəрбие сабағына айналады.
Дəптер - оқушының айнасы, оның интеллектілігінің
экраны, ізденістердің, байқаулардың, қателіктердің бейнесі,
алдамшы талғамдардың, сұраныстардың көрсеткіші.
Қарым-қатынас жасау – бəрінен бұрын байланыс жасау,
былайша айтқанда рухани үлкен жұмыс. Мынаны да атқару,
ананы да ұмытпау керектігін кім түсінбейді? Бірақ екеуін бірден
атқаруға мүмкіндік болмаған кезде, ең бастысынан - ғасырмен
деңгейлес өмір сүру, үйрету жəне үйрену қажеттігін түсінуден
бастау керек.
Тəрбиелеу өнері - ең көне жəне күрделі өнерлердің бірі.
Бірақ ол бүкпесі жоқ, қарапайым елең еткізетін нəрседен:
оқушыны қаз қалпында қабылдап, сүйе білуден басталады.
Оқушылардың
мейлінше
басым
көпшілігі
шын
ықыласымен оқығысы, бірақ сапалық жағынан өзгеше,
демократиялық негізде оқығысы келеді. Олардың өздері біздің
қолымызға олармен жұмыс істеу əдісін ұстап, уақыттың терең
процестерін, өзіндік талаптарын – қарым-қатынастарын
бейнелейді.
Қарым–қатынас
жасау
мұның
өзі
бірлескен
шығармашылықтың, бірлесе ойлаудың, əріптестіктің сабағы,
əлде кімнің ырқына берілмей («өзіндік» жəне «еркіндік»,
айтпақшы, түбірлес сөздер), ойын еркін айта алатын жəне айтуға
тиіс еркіндік сабағы. Бұл, сайып келгенде, өзінің рухани «өзіңе»
Қазақ тілі – ұрпақ тəрбиесінің ұйытқысы
193
өзгенің қарым-қатынасының жəне өзгенің рухани «меніне»
өзіңнің қарым-қатынасының сабағы; қарсы алысу қадамдары,
бірдейлер мен əр түрлілердің одағы. Мұндай сабақтың басты
міндеті мен талабы адамды өзінің де, шəкірттердің де
құрметтеуі ғана емес, оны еселей түсуі.
Əр сабақтың өз оқушысы бар! Бірақ «біреуін», оның үстіне
«жарқынын» жəне əр жолы «əр түрлісін» табу үшін көріксіз
көптің ішінен екі-үшеуін ғана емес, əрқайсысын көре білу керек.
Қарым-қатынас сабақтарында тікелей жəне кері байланыс
проблема емес. Бұл жерде оқушы оқитын кітап емес, оның өзі –
ең бірінші байлық.
«Дəптерлеріңді алыңдар!» - балалардың сезімін туғызбай-
тын біздің үйреншікті талабымыз. Нəтиже баршаға жəне əркімге
байланысты болатын қарым-қатынас сабағында мұғалім де
«Дəптерлерімізді алайық!» деп оқушылармен бірге өз дəптерін
алып, стол үстіне қояды. Сабақ барысында жəне баршасының
көзінше ол оқушылардың бір-біріне, өзіне, ал өзінің оларға
айтқан, ақылды, қызықты сөздерін ауық-ауық жазып отырады.
Ұжымдық шығарманың өзгеше бір интеллектік биігінде қызу
əңгіме жүреді. Мұғалім мен оқушылар əрбір сабақта ойша араласа
отырып, рухани байи түсіп бір-бірінен жəне барлығынан үйренеді.
Ұжымдық еңбекті жинақтай отырып, ол оқуды қуанышқа
айналдырады, білім алу мен өз бетінше білім жетілдіруді,
тəрбиелеу мен өзін-өзі тəрбиелеуді өзара ұштастырады. Дүниенің
ыңғайлылығына ондағы өз мəніне кез келген адамның аһ ұруы
үшін, өмір өткелінен өткен əркімнің көңілі құлазымай құлпыруы
үшін кітапты тек жай оқу құралына ғана емес, өмірді жəне ондағы
өз орныңды тану құралына айналдыру қажет. Өмір жəне Кітап –
осы заманғы жəне дер кезіндегі іс деңгейіндегі сабақтың толық
өрісі.
Əдебиеттер
1.
Асылов Ұ., Нұсқабайұлы Ж. Əдеп: инабаттылық дəрістері.
Оқу құралы.
Алматы: Рауан, 1998.
2.
Дəулетбекова Ж., т.б. Қазақ тілі.
Халықаралық ғылыми тəжірибелік конференция
194
Алматы: «Мектеп» баспасы, 2002.
3.
Ильин Е.Н. Тіл табыса білу өнері. Алматы: «Рауан»
баспасы, 1990.
4.
Қалиев С., т.б. Оқушылардың тұлғалық қасиеттерін
дамытудың педагогикалық негіздері. Алматы: «Білім» баспасы,
2001.
5.
Күзекова З. Қазақ тілі. Практикалық курсы. Алматы:
Раритет, 2003.
6.
Методика воспитательной работы.
Сост. В.М. Коротов, Л.Ю. Гордин и др./ М.: Просвещение,
1990.
7.
Өмірбаева К.О. Қазақ тілін көпдеңгейлік оқыту.
Алматы: «Сөздік-Словарь», 2002.
8.
Резник А.Б. Оқушылардың азаматтық қалыптасуы.
Алматы: «Педагогика» баспасы, 1987.
9.
Антология педагогической мысли Казахстана. Сост. К.Б.
Жарикбаев, С.К. Калиев./Алматы: Рауан, 1995.
10.Қазақ тілінен жаттығу, тексеру тапсырмалары. Құраст.
Қ.Р. Кабилянова, Н.Б. Турлина./Алматы: «Білім», 2001.
Итемирова А.С., Карамендина М.Ө.
Қ. И.Сəтбаев атындағы ҚазҰТУ
Алматы, Қазақстан
СӨЗ ТІРКЕСТЕРІНІҢ ҚАЗАҚ ТІЛ БІЛІМІНДЕ
ЗЕРТТЕЛУ ЖАЙЫ
Қазақ тілі ғылымының зерттеле бастағанына (түркология
құрамында) бір жарым ғасыр болса да, синтаксис саласында
1950 ж. дейін тек сөйлем синтаксисі туралы айтылып келген.
Сөз тіркесі деген терминнің өзі тіркес сөздер тіркесі,
сөйлем мүшелерінің байланысы сияқты бірнеше атауларға ие
болып, құрамындағы тілдік единицаларды анықтауға біраз
уақыт жұмсалды. Мəселен, дүние жүзілік ғылымды, оның
ішінде орыс тіл білімінде, синтаксистің бұл түрі біразға дейін
сөйлемнің аясында, оның бір бөлігі ретінде сөз болып келді.
Орыс тілінің синтаксисінде академик В. В. Виноградов
Қазақ тілі – ұрпақ тəрбиесінің ұйытқысы
195
еңбегінде сөз тіркесі сөз табы мен сөз табының байланысынан
тұрады деген көзқарас айтылып, жаңа ғылыми бағыттың негізі
қаланды.
Орыс тіл білімінде сөз тіркесінің ерекшеліктері, тілдік
табиғаты айқындалып, оның синтаксистің жеке саласы ретінде
танылуы, зерттеу объектілерінің белгіленуі тюркологияда бұл
мəселенің оң бағытта қарқынды зерттелуі игі өз əсерін тигізді.
Түркі тілдерінің грамматикалары қайта жазылып, «Сөз тіркесі»
деген параграфтар мен тараулар пайда болды. Сөз тіркесінің
жалпы жəне жеке мəселелеріне байланысты жалпы түркілік
жəне жеке тілдер бойынша да зерттеулер жүргізіліп,
кандидаттық, докторлық диссертациялар қорғала бастады.
50 жылдардан бастап əрбір түркі тілдес халықтардың өз
өкілдерінен сөз тіркесін зерттеушілер де сөз тіркесі туралы
ілімнің қалыптасуына жол ашты.
Қазақ тіліндегі сөз тіркесі
туралы ілімнің жалпы теориялық мəселелерінін негіздеушісі М.
Балақаев болды. /Основные типы словосочетаний в казахском
языке. Алматы, 1959/. 1957 жылы орыс тілінде жарияланған
монографиясында ғалым сөз тіркесін синтаксистің жеке саласы
ретінде көрсетіп, оның морфология мен синтаксистің жігіндегі
категория екендігін, яғни сөздердің грамматикалық байланысын
сөз таптары негізінде сипаттауды негіздеді, сөз тіркесі
синтаксисінің зерттеу нысанасын белгіледі, сөз тіркесінің
сөзден, сөйлемнен, өзге тілдік бірлестіктерден айырмашылығы
мен орнын айқындады. Сөздердің байланысу тəсілдері мен
байланысу формаларын көрсетіп, сөз тіркесіне ұйтқы болатын
сөздің сөз табы ретіндегі грамматикалық мағынасына орай бүкіл
сөз тіркестерін есімді жəне етістікті сөз тіркестері деген екі
топқа жіктейді.
Қазақ тіл білімінде сөз тіркесі синтаксисінің жалпы
теориялық мəселелері тиянақталғаннан кейін жекелеген
мəселелерін зерттеу ісі қолға алынды. Бұл тұрғыдан соңғы 40
жыл ішінде докторлық, кандидаттық диссертациялар қорғалып,
20-дан аса монография жарық көрді. Бұл ғылыми жұмыстарды
сөз тіркесінің əр түрлі мəселелері сөз болады. Аталған
Халықаралық ғылыми тəжірибелік конференция
196
еңбектерге қысқаша шолу жасар болсақ, төмендегідей
бағыттарда зерттеулер жүргізілген.
1.
Сөз
тіркестерін
байланысу
формасына
қарай
топтастырып сипаттауға негізделген еңбектер;
2.
Сөз тіркесінің синонимикасына қатысты еңбектер;
3.
Күрделі сөз тіркестері туралы;
4.
Сөз тіркестерін сөздердің мағыналық қатынасына қарай
топтастырып зерттеу;
5.
Сөз тіркесінің даму тарихына қатысты зерттеулер.
Сөз тіркестерін сөздердің мағыналық қатынасына қарай
топтастырып зерттеу, бағытында қорғалған диссертация –
М. Томановтікі («Қазақ тіліндегі мезгілдік қатынастағы сөз
тіркестері» 1959). Ғалым өзара мезгілдік қатынастағы сөздердің
байланысынан тұратын сөз тіркестерін қабыса жəне меңгеріле
байланысқан етістікті, есімді сөз тіркестері деп бөліп, сөздер
арасындағы мезгілдік қатынас бағыныңқыда мезгіл үстеулеріне
мезгіл мəнді зат есімдер келгенде, кейде есімше тұлғалы
сөздерге септік жалғаулары жалғанып келгенде, сондай-ақ
бағыныңқы компонент құрамында көмекші есім мен септеулік
шылаулар келгенде орнайтынын көрсетеді.
Сөз тіркесінің синонимикасына қатысты зерттеулердің
авторы-М.Серғалиев («Қазіргі қазақ тіліндегі етістікті сөз
тіркесінің синонимикасы» 1967). Сөз тіркесінің синонимділігі-
бір парадигмалық қатардағы кемінде екі сөз тіркесінің
құрамындағы лексикалық единицалардың сəйкестігі мен
олардың өзара мағыналық қарым-қатынасына негізделетін
теория. Синтаксистік байланысу тəсілдері мен формалары əр
басқа, бірақ құрамындағы лексикалық единицалары ортақ
тіркестердегі сөздер арасындағы мағыналық байланыстың
сақталуының немесе өзгертуінің өзіндік себептері бар. Ал сөз
тіркесінің синонимикасы бұл себептерді ашу міндетін
қоймайды, тек синонимдік қатарлардың стилистикалық
қызметін айқындайды. Бұл міндет М. Серғалиев еңбектерінде
жақсы көрініс тапқан.
Қазақ
тіліндегі
күрделі
сөз
тіркестерінің
тілдік
ерекшеліктері Т.Сайрамбаевтың докторлық диссертациясының
Қазақ тілі – ұрпақ тəрбиесінің ұйытқысы
197
өзегі болды. (Қазіргі қазақ тіліндегі күрделі сөз тіркестерінің
құрылымдылық-мағыналық типтері. Докт. дисс. А.,1982; Қазақ
тіліндегі күрделі сөз тіркестері А.,1981).
Сөз тіркестерінің байланысу тəсілі мен формасына қарай
топтастырып зерттеу бағытындағы еңбектердің көпшілігі
меңгеру байланысына арналған зерттеулерден тұрады. Меңгеру
байланысындағы сөз тіркестеріне қатысты алғашқы зерттеу көне
жазба
ескерткіштер
тілінің
материалдары
бойынша
А. Аманжолов тарапынан жүргізілді. (Глагольное управление в
языке древнетюркских памятников М., 1969).
Қазіргі қазақ тілінің материалдары бойынша меңгеріле
байланысқан сөз тіркестеріне зерттеу жүргізген Ə. Аблақовтың
(«Қазақ тіліндегі меңгеріле байланысқан есімді сөз тіркестері»
А.,1971; «Меңгеріле байланысқан етістіктері сөз тіркестері»
А.,1986) меңгерудің табиғатына қатысты көзқарасы мынадай
тұжырымдарға келеді. 1) Сөздердің бағыныңқысының септік
жалғауында тұруы арқылы жүзеге асқан байланыстың бəрі-
меңгеру. М. Балақаевтың ізімен сөз тіркестерін есімді меңгеру
жəне етістікті меңгеру деп жіктеп, олардың əрқайсысын жеке-
жеке зерттеу жұмыстарына арқау еткен. 2) Меңгерудің күшті
меңгеру жəне əлсіз меңгеру түрлері болады. Күшті меңгеруге
басыңқы сөздің лексика-семантикалық ерекшелігінің қатысы
бар, əлсіз меңгеруде басыңқының аталған ерекшелігі қатыссыз,
байланыс тек септік жалғауының мағынасы арқылы жүзеге
асады.
Қазақ тіліндегі сөз тіркестерінің даму заңдылықтары мен
тенденцияларын көне түркі жазба ескерткіштері тіліндегі
модельдерімен салыстыра отырып айқындауға арналған күрделі
тарихи-салыстырмалы зерттеу жұмысының авторы - Е. Ағманов
(«Қазақ тілінің тарихи синтаксисі» А.,1986). Ғалым қазіргі қазақ
жəне түркі тіліндеріндегі негізгі құрылымдық модельдерді
Орхон-Енисей жазба ескерткіштеріндегі модельдермен қатар
қойып, көне модельдердің бүгінгі кезге дейінгі даму
бағыттарына сипаттама береді.
Соңғы уақытта қазақ тіліндегі сөз тіркесі туралы ілімнің
дамуында өзіндік орны бар жоғарыдағы еңбектерден басқа, əр
|