Г. Д. Рыскелдиева Жинақта «Жаратылыстану гуманитарлық ғылымдары жəне олардың Қазақстан Республикасының индустриалды нновациялық даму бағдарламасын жүзеге асырудағы рөлі» атты



Pdf көрінісі
бет19/32
Дата22.12.2016
өлшемі1,87 Mb.
#30
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   32

 
Халықаралық ғылыми тəжірибелік конференция 
 
 
198 
түрлі мəселелерді қозғайтын Т. Сайрамбаевтың «Сөз тіркесі мен 
жай  сөйлем  синтаксисі»  (А.,1991ж.),  Ə.  Аблақов,  С.  Исаев,        
Е.  Ағмановтардың  «Қазақ  тіліндегі  сөз  тіркесінің  дамуы  мен 
лексикалану  процесі»  (А.,1997)  т.б.с.с.  монографияларды  атап 
өтуімізге болады. 
 
 
Карамендина М.Ө. 
Қ.И. Сəтбаев  атындағы ҚазҰТУ 
Алматы, Қазақстан 
 
АТА ҚОНЫС - ӨР АЛТАЙ 
 
Қазақтарда  Жер-Су  құдайына  деген  наным-сенім  əлі 
сақталған;  Осы  ежелгі  түркілік  Жер-су  құдайына  наным-сенім 
Алтайлық шамандардың ұғымына сəйкес келіп, үйлесім табуына 
орай бұларда неғұрлым дамыған сипат алды да кең таралды(1.8). 
Бұл  Л.П.  Потапов  анықтағанындай,  рулық  сипатқа  ие  болған 
Алтайлықтардағы 
тау 
культі 
наным-сенімімен 
тығыз 
байланысты болды. Осы культтің сарқыншақтары қазақтарда да 
кездеседі(2.148).  Ə.Марғұлан:  Ғұндар  тауларға  табынып, 
құрбандықты  сонда  шалатын.  Алтай  тауын  қытай  тарихы  «Ғұн 
тауы»  деп  атаған,-дейді.  Сондай-ақ  исламнан  бұрын  табынған 
ұлы  күштің  бірі  -  ата-бабаның  қабірі  жатқан  ұйық  жер.  Ұйық 
жерге  түнеп,  түс  көрген(3.57).  Батыс  Қазақстанның  «қойтас» 
тəрізді  ақыртастардың  генезисін  зерттеген  кейбір  ғалымдар 
«қойтастардың» тұғыры баспалдақ тəрізді құрылымдық пішінін 
түзуші фактор ретінде таудың (жер-су) космогониялық бейнесін 
келтіреді(4.154).  Марко  Полоның  ақпараты  бойынша  монғол 
хандарын  Үлкен  Алтай  тауында  жерлеу  міндетті  рəсім 
болған(5.18).  Алтай  тауларының  ақ  қар,  көк  мұз  құрсанған, 
төбесі  көк  тіреген  бес  шоқысын  моңғолдар  Бес  Боғда  атайды. 
Боғда  –  моңғол  ұғымындағы  Тəңір  деген  сөз.  Тəңір  атауының 
мəңгі  мұзға  оранған  тау  шоқыларына  берілуі  түрік  халықтары 
мекендеген  өңірлерде  де  бар(6.79).  Зороастрийлік  мəтіндерде 
жота  күннің  көзінің  жылжу  жолы,  жарық  пен  қараңғының 

Қазақ тілі – ұрпақ тəрбиесінің ұйытқысы 
 
                                                                              
199 
қоспасы  ретінде  көрсетіліп,  патшаның  тəжісімен  теңестіріледі. 
Патша  тəжісінің  мағынасы  -  əлемнің  үш  зонасының  рəмізі 
іспеттес,  сондықтан  патшаның  тəжі  сияқты  жауынгер  (салт 
атты) дулығасы да əлемдік шежіре бейнесінің рəмізі. Жер асты 
əлемін аспанмен жəне жерді қысып тұрған дөңгелек шеңбермен 
байланыстырып  тұрған  -  əлемдік  таулар  мен  жоталар  деген 
ұғым көптеген Үндіеуропа халықтарына да белгілі болған(7.10). 
...Ескі  шумер  жазуында  М  тау  иероглифы  болды,  ол  екі 
сөзден тұрады: «кур»- тау, «кир»- жер, ел. Кейін сына жазуында 
ол үш мүшеліге ---айналады, атауы бұрынғы қалпында қалады. 
Таңба өзгерісіне зер салсақ – үш тау бір нүктеден түйісетін үш 
сынаға  айналған.  Əлемдік  тау  бейнелері  кеңістікті  тік  жəне 
көлденең бағытта суреттеуде бір-біріне қарама-қарсы жатқан екі 
жақ бөлігін салыстыруға мүмкіндік береді. Мысалы: Қытайдың 
иероглифы  «шань»-  тау  –  сакральдық  пиктограммадан  бастау 
алғаны  анық.  Мысыр  иероглифы  шикім  (төбе,  бөтен  ел). 
Шумерлер  өздерінің  кур-кір  (тау-жер)  йероглифін  «ел» 
мағынасында  қолданған  болса,  бағзы  түркілер  бұл  таңбаны 
өзгертіп,  «ел»  мағынасында  «Суб-йер»  (су-жер)  деп  атаған. 
Сөйтіп,  ол  бүкіл  елдің  белгісіне,  жалпыхалықтық  таңбаға 
айналады.  Таңба  мен  атаудың  түркілерден  шыққандығының  ең 
иланымды  дəлелі  –  түркілер  йероглиф  пен  таңбаның  шын 
мағынасын  білді,  сондықтан  олар  Суб-йер  тіркесімен 
байланысты қияли аңыз шығармады. О.Сүлейменов (8.245-246) : 
Қытай  мен  Мысыр  таңбалары  құрылымы  жағынан  ескі  шумер 
жəне  түркі  таңбаларынан  өзгешелеу  келеді.  Бірақ  бəріне  ортақ 
белгі  де  бар  –  бəрінде  де  жалқы  сан  ұғымын  білдіретін  үш 
мүшелдік тəн, - дейді. Ибн Синаның дəлелдеуінше əрбір дененің 
оның  пішініне  қатыссыз  үш  қана  өлшемі  болады(9.8). 
А.С.Аманжоловтың  пікірінше(10.83),  Орталық  Қазақстандағы, 
Сарыарқадағы  Кеңгір  өзен  атының  Кеңгер  (Шумер)  жерінің 
атымен  үндес  келуі  тегін  емес,  тілдік  жақындық  пен 
тайпалардың  араласып  байланысуынан  пайда  болған.  Халық 
жер мен су, тау мен жота, көл мен бұлақтың атын қалай болса 
солай  атай  салмаған.  Ə.Марғұлан:  Баса  көрсете  кететін  жəйт, 
тарихи  кезеңде  осы  ұлан-байтақ  аймақты  мекендеген  көптеген 

 
Халықаралық ғылыми тəжірибелік конференция 
 
 
200 
тайпалардың  атаулары  Орталық  Қазақстанның  топонимика-
сында сақталып қалған. Əсіресе географиялық атауларда ежелгі 
тайпа  аттары:  мəселен,  қазылық,  (қарлұқ),  тоқырауын,  мүйтен, 
жебеней,  баяттар,  қыпшақ  т.б.  сақталған.  Көшпелі  түркі 
тайпаларының  кез  келгені  өзі  мекендеген  ұлыс  шекарасын 
тайпалық  таңбамен  белгілеп  отырды.  Мал  шаруашылығына 
қолайлы  жердің  бəрі  ерте  кезде  қоғамның  ат  төбеліндей 
билеушілердің  жеке  меншігінде  болды.  Тау  атауы  мен  Беказы 
өзен  атауы  күні бүгінге дейін осы  Орталық  Қазақстан аймағын 
мекендеген тайпа атауын сақтап отыр. Мұнда «Азы» тайпасына 
жататын  «бектер»  өмір  сүрген  жəне  жерленген(11.13,14).  Тағы 
бір  болжам  бар  –  «Албания»  сөзі  «Дағыстан»  атауы  сияқты 
«таулы  ел»  мағынасын  білдіреді  деген  жорамал.  «Альпы»  сөзі 
кельттің «Alp, alb» - тау, биік деген сөзінен шыққан. Балқандағы 
албандықтардың  өзінің  атауы  –  таулы  жартастың  тұрғындары 
(12.5). Қазақтың: Балқан, Балқан,Балқан тау. Ол да біздің барған 
тау,  -  деген  өлең  жолына  зейін  аудара  бермейміз.  Сөз  етіп 
отырған  заңғар  тау  Каспи  теңізінің  жанындағы,  Түрікмен 
республикасының  оңтүстік-батысындағы  Балқан  жоталары  деп 
аталады(7.29).  И.И.Мещанинов  Кавказ  сыртындағы  ыдырап 
бара  жатқан  рулық  құрылыстың  скифтердікіне  ұқсас  көрінісі 
туралы  пікір  айтып,  қорытынды  жасап  мол  мəлімет 
келтіреді(13.68).  Мұндағы  жергілікті  топонимдік  атаулар 
«хини»-ұл-деген  жалғаумен  тығыз байланысты.  Олар  неғұрлым 
əйгілі  атауларға  жалғанады,  мысалы  «Етеу-хини---«Етиу-ни», 
«Абилиани-хини»---Абилиани-хи, 
Уелику-хини---Уелику-хи 
немесе  Уелику-ни»  жəне  т.б.  Егер  «хини»  жалғауы  локативтік 
жұрнаққа  айналған  күнде  де,  оны  генезисі  тікелей  тотемдік 
сипаттағы  терминге  əкеліп  тірейді;  мұның  өзі  тұп-тура 
скифтердің ата-бабасын (Липо-скай, Арпо-скай жəне Коло-скай) 
тотемге апарып тірейтін Геродот құрастырған шежіресіндегідей. 
Мұндағы анық байқалатын «тотемнің ұлы» есімнің құрылымына 
ізін  қалдыратындай  тарихи  болашақты  əлі  біржолата  басынан 
өткізіп  болмағанын  көрсетеді.  Біз  сол  рудың  өз  ұғымындағы 
«тотемдік»  топтарға  сілтейтін  скифтер  заманындағы  күйінен 
гөрі тереңірек үңілеміз. Біздің алдымыздан шығу тегі ортақ, бір 

Қазақ тілі – ұрпақ тəрбиесінің ұйытқысы 
 
                                                                              
201 
ата-бабадан тараған рулар шыға келеді. Бұл аңыз, бірақ та өткен 
тарихқа мəн беретін аңыз. Мұндағы эпонимдік қаһарман жалпы 
шаруашылықтың  бастаушысы  болған  тотемнің  өзі  еді;  осы 
шаруашылықтан  ұжым  ұйымдастырылды;  бұл  ұжым  кейіннен 
рулық  құрылыстың  ұғымында  туыс  қандастығы  бойынша 
байланысқандай болды. Өндірістік тотем этнологиялық тотемге 
айналып,  оны  аңыздағы  эпонимдік  ата-баба  бейнесінде 
қабылдады. Өндірістік тотем дегеніміз сол ұжымның өзі, рулық 
құрылыста оны балалары сияқты туғызылған деп түсінеді. 
Ə.Марғұлан  жер  атауларынан  қазақтардың  алтын  өндіру 
ісімен  шұғылданғанын  байқауға  болатынын  атап  көрсетеді. 
Мысалы,  алтын  кеніштерін  –  Алтынсу,  Алтынтас,  Алтынтау, 
Алтыншоқы,  Алтынқазған  деп  атаған(14.19).  Түріктерде  алтын 
ұстауды бас ханның иелігіне бері заңы болған. Хандардың тарақ 
таңбасы қос аттың бейнесі десек, Жетісуда екі аттың бейнесі бар 
алтын  алқа,  т.б.  зергерлік  бұйымдар  табылған.  С.А.Плетнева 
пұтқа табынушы савирлер Тəңірге арналған алтыннан жасалған 
рəміздік  бейнелерді  тағып  жүрген  деген  пікірді  тегін 
айтпаған(15.124).  
Өркениет  тарихында  металды  тұңғыш  пайдаланған 
зергерлер  ретінде  Андроновшылар  аталады.  «Аң»  стилі сияқты 
ортақ  өрнектің  тамаша  үлгілері  нағыз  осы  кезеңде  Ордос 
даласында,  Байкал  мен  Енисей  жағалауында,  Алтай  мен  Орал 
тауында жəне Еділ мен Оканың арналары түйіскен жерде қанат 
жайды.  Кірпіш  күйдіру,  құмыра  жасау,  шыны  қорыту,  шөлмек 
жасау, кен қорыту, металл қорыту, алтын алу – бəрі де алхимия 
ісі  еді  ғой(16.16).  Алхимия  ғылымы  бойынша:  алтыншы 
ғаламшар  Шонайдың(Юпитер)  металы  қалайыға  /50/  үшінші 
ғаламшар  Шолпан  металы  мысты  /29/  қосамыз  (50+29=79), 
екеуінің  қоспасынан  тамаша  зат  –  Күннің  металы/79/  -  алтын 
түстес  қола  шығады.  Малғама  (амальгама)  сырын  білмеген 
адамдар  алтынды  қолдан  жасауға  болады  деп  сенген.  Демек, 
осыған  байланысты  болар,  «отты  өзіне  бағындыруы»,  əсіресе, 
металдар  магиясы  ұстаның  «қауіпті  сиқыршы»  деген  атағын 
шартарапқа  жаяды.  Ұстаның  кəсібі  мəнділігі  жағынан 
шаманның икемділігінен кейінгі бірінші орында тұр. «Ұста мен 

 
Халықаралық ғылыми тəжірибелік конференция 
 
 
202 
шаман  бір  ұядан  шыққан»  делінген  саха  мақалында.  Металды 
өңдеудің  құпия  сыры  шамандарда  ынта  мен  ықылас  арқылы 
берілетін  кəсіптік  құпия  іспеттес:  бұл  екі  жағдайда  да  мəселе 
магиялық техника жайлы(17.178). Сондықтан да ұстаның кəсібі 
де шамандікі сияқты мұрагерлік болып отыр. Осыған орай айта 
кететін  жəйт,  «отты  өзіне  бағындыру»  арқылы  метал  өңдеу 
магиясы шаманизмнің де бір қатар мəртебелі тұстарын иемденіп 
алды.  
А.Машанов:  Қоныстардың  əрқайсысының  аттарында 
тарихи сыр жатыр. Барлығы да ертедегі жұлдыз есебі бойынша 
шығарылып,  өлшеніп,  сол  бойынша  қойылған  аттар,-
дейді(18.145).  Он  екі  жұлдыз  дегеніміз  –  Айдың,  Күннің  жəне 
ғаламшарлардың  көктегі  жолын  көрсетуші  бекеттері  деген  сөз. 
Теңіздегі кемешіге жұлдыздар қалай керек болса, қазақтың кең 
даласында түнгі жолаушыға да олар сондай керек болған. Сонда 
Күннен бергі үш (ғаламшар- Ай, Айқыз,Шолпан) ай мен Күннен 
арғы  үш  ай  (Аңрақай,  Санжар,  Шонай)  қосылып,  Алты  ай  – 
Алтай  атауы  шығады.  Алтай  өңірі  –  ежелгі  түркілердің  ата 
қонысы.  «Алтын  шежіредегі»  найман  тайпаларының  мекені 
Алтынды  тау  немесе  Алтай  жоталары  деп  аталған.  Ол  өлкеде 
қазір баянөлгейлік моңғол қазақтары өмір сүруде. Мұнда Алтай 
аты сол бұрынғы қалпынша сақталған(19.6).  
Тарихта  «Алтын  қорыған  тазқаралар  елі»  Алтай  өңірін 
қоныстанған  делінеді.  Қола  жəне  ертедегі  темір  дəуірінде 
игерілген кен ісінің, соның ішінде алтын өндіру ісінің құлдырау 
себебін  негізгі  екі  жағдаймен  түсіндіруге  болады(20.20).  Оның 
бірі – шаруашылық сипатының өзгеруі, яғни ірі қара мал өсіру, 
мал  басының  көбеюі  бір  жерде  тұрақтап  қалуға  мүмкіндік 
бермей,  мал  шаруашылығының  көшпелі,  жартылай  көшпелі 
түрлеріне  көшу.  Екіншіден,  халықтардың  ұлы  қоныс  аударуы 
бұл істің ұмытылуына əкелді.  
Демек,  тау  иероглифімен  мəндес  «тау  таңба»  үш  өлшемді 
(үшкіл-сына)  жалқы  сан  ұғымын  білдірген.  Ертеде  бейнелеп 
айтқанда  Жерді  де  алып  атоммен  салдыстыруға  болады(21.67). 
Ұлы  қоныс  аудару  салдарынан  біртұтас  елдікті,  бүтін  бірлікті 
білдірген  «тау  таңбаның»  мəні  өзгеріске  ұшыраған.  «Тау 

Қазақ тілі – ұрпақ тəрбиесінің ұйытқысы 
 
                                                                              
203 
таңбаның»  құрылымы  бірте-бірте  руна  жазуындағы  «нч»  əріп-
таңбаның  нұсқалары  сияқты  өзгеріске  ұшырап,  жеке  меншік 
(əлімтаңба, жаппас  таңбасы, алшын,  найманның  ортақ  таңбасы, 
т.б.) таңбаларға айналған.  
 
Əдебиеттер 
1.
  Абрамзон  С.М.  Этногенетические  связи  киргиз                     
с народами Алтая. –М.,1960. 
2.
  Потапов Л.П. Культ гор на Алтае. //СЭ. 1946 №2. 
3.
  Марғұлан Ə.Х. Ежелгі жыр аңыздар. – Алматы, 1985. 
4.
  Əжіғали С.Е. Генезис традицион. Погребально-культовой 
архитектуры Западного Казахстана – Алматы, «Ғылым»,1994. 
5.
   «Книга»  Марко  Поло.  Пер.  Со  старо  франц.  И.П. 
Минаева. –М.1956. 
6.
  Толыбаев Қ. Бабадан қалған бар байлық. – Алматы: ЖШС 
«Қазақстан», 2000. 
7.
  Ақышев  Ə.К.  Исскуство  и  мифология  саков.  –  Алматы, 
1984. 
8.
  Сүлейменов О. АЗиЯ. –Алматы, 1992. 
9.
  Ибн  Сина  Ə.  Математические  главы  «Книги  знания» 
(Дониш нома). –Душанбе: «Ирфон», 1967. -180 с. 
10.
 Аманжолов  А.  Түркі  филологиясы  жəне  жазу  тарихы.  – 
Алматы: «Санат», 1996. -128 б. 
11.
 Марғұлан Ə. Отчет о работах Центрально-Казахстанской 
археологической экспедиции 1947 года. //Вестник АН КазССР. –
Алма-Ата. «АН КазССР», 1949. 
12.
 Тревер  К.В.  Очерки  по  истории  и  культуре  Кавказской 
Албании. 1Үв до н.э. – ҮП в н.э. –М.-Л.: «АН СССР», 1959. 
13.
 Мещанинов И.И. Загадочные знаки  Причерноморья.  
14.
 Марғұлан Ə.Х. Бегазы-Дандебаевская культура. –Алматы, 
1989. 
15.
 Плетнева  С.А.  От  кочевии  к  городам.//МИИА  СССР       
№ 142.-М.: «Наука»,1967. 
16.
 Машани  А.Ж.  «Ай  арысы»  ғылым  жаңалықтары.-
Алматы,1996. 
17.
 Элиаде Мирча. Космос и история. –М.: «Прогресс», 1987.  

 
Халықаралық ғылыми тəжірибелік конференция 
 
 
204 
18.
 Машанов А. əл-Фараби. -Алматы, 1970. 
19.
 Лувсанданзан. Алтын шежіре. –Алматы: «Өнер», 1998. 
20.
 Əубəкірова  Қ.,  Кəрімов  М.  Қазақстан  алтыны  қашан 
алына бастаған? /Қазақ тарихы .2005 №3. 
21.
 Машани А.Ж. əл-Фараби жəне бүгінгі ғылым. – Алматы: 
«Алаш», 2004. 
 
 
Қарамендина М. Ө. 
Қ.И. Сəтбаев  атындағы ҚазҰТУ 
Алматы, Қазақстан 
 
ЖАРЫҚ СƏУЛЕСІ – ТАҢБА БЕЙНЕСІ 
 
əл-Фарабидің  анықтамасы  бойынша  жарық  əмбебапты 
жəне  материалдық  дүниенің  шектік  негізі  саналынады. 
Жұлдызсыз  күмбез  ұғымы  –  негізінде  жарық  аналогы  болып 
табылады.  əл-Фарабидің  пайымдауынша  жарықты  сақтаушы 
жұлдыздар жəне осы жұлдыздар Жер элементтерінің, от, су, ауа 
жəне  топырақ  тəрізді  болмыс  бастауы  болып  табылады.  Бұл 
жерде  жарық  (нұр)  сөзі  өте  кең  мағынада:  бастапқы  мəнінің 
қорытындысын,  атап айтқанда, бесінші  мəн  –  жауһари  ұғымын 
береді.  Ғаламның  жаратылудағы  ту  бастағы  Алмисақтағы 
жауһар  нұрдың  кеңеюінен  барлық  дүние  пайда  болған.  əл-
Фараби:  жаралымның  бірінші  актісінде  нұр  (жарық),  екінші 
актісіндегі  ортаңғы  отты  қоспадан  Күн  жəне  табиғи  жылу 
энергиясы  жасалынды,-дейді(1.12).  Демек,  тарихи  дəуірлерде 
нұрдың  бастапқы  мəні  мүлде  ұмытылған,  Айдың  нұрынан, 
Күннің  нұрынан  жаралған  деген  сияқты  аңыздық  ұғым  пайда 
болған. Мысалға М. Жұмабаевтың (2) мына жолдарын келтіруге 
болады. 
Ерте күнде отты Күннен Гүн туған,  
Отты Гүннен от боп ойнап мен туғам... 
Ертедегі  бабаларымыз  тіршіліктің  төрт  негізінің  бірі  –  отқа 
сиынғаны белгілі. 

Қазақ тілі – ұрпақ тəрбиесінің ұйытқысы 
 
                                                                              
205 
Отты  қасиет  тұту  барлық  елдерде  де,  барлық  діндерде  де 
бар. Қола дəуірінің тайпалары адамға жарық пен жылу жəне т.б. 
игілік  əперетін  Күн  мен  отты  қастерлеген.  Олар  отқа  табиғи 
қалыпта жəне оттың рəмізі ретінде Күнге табынған. От – Күннің 
бір бөлшегі деп таныған (3.291). 
А.Машани:  „Жоғарғы  –  төбедегі  ұлы  от  –  Күн  болса,  оның 
қысқаша  түсінігі,  белгісі  төбе  от  –  төбет  болуы  мүмкін.  Оған 
тотем  мағынасы  жалғасуы  лайық.  Ол  төбе  оты  болғанда,  оның 
жердегі  орны  –  үйі  айтылған  Күн  шаршысы  болмақ,  онан  келіп 
төңіректің  төрт  бұрышы  шығады.  Төрт  –  төр-от  мағынасында 
болмақ,-дейді (4.170). 
Пір  туралы  дастандық  аңыздар  тотемдік  ұғыммен 
байланысты. Төрт түлік малдың қасиеттерін сипаттағанда жылқы – 
желден, қой – оттан, түйе – сордан, сиыр – судан деп айтылуының 
өзі бірталай нəрсені аңғартады. Ерте замандағы түсінік бойынша от 
тектес  заттардың  бейнесі  төрт  жақты,  осыдан  келіп  төрткүл 
дүниені  билеуші  деген  мағынадағы  ақсүйек  төрелердің  тарақ 
таңбасының бірнеше нұсқасы пайда болған.  
Тарихи  дəйектер  бойынша,  өзінің  ата  тегін  Күн  сəулесінен 
шығару ежелгі гүндерде, үйсіндерде, Орхон түріктерінде ерекше 
орын алған(5). Күнге табынудың ең көне сарқыншақтары жөнінде 
қазақтың  этнонимиясынан  дерек  алуға  болады.  Мəселен, 
С.Аманжоловқа  12  руға  бөлінген  қоңыраттың  алтауын  алты  ата 
көктің ұлына, алтауын алты ата көктің құсына бөлуге негіз болды 
(6.62).  Халық  антропонимиясында  да  солярлық  культтің 
сарқыншақтары  сақталған  (Айғаным,  Күнікей,  Күнсұлу, 
Жұлдыз). 
Жарық  табиғат  бірлігінің  негізі  жəне  жарық  табиғаты 
таратылатындығы.  Жарық  сəуле  түзу  геометриялық  заңмен 
тарайды, сол бойынша ол қосылады, сынады, сіңеді, шағылысады, 
шоқталады, оқ береді деген(7). Көне халық түсінігінде түзу сызық - 
əліп көлденеңінен де, тігінен де жазық даланы білдірген. Қазақша 
əліп  деген  сөздің  жұлдыздық  мағынасы  бар.  Оқ  генеалогиялық 
(шежірелік) циклға жиі енеді. Таяқша сызық дара күйінде „көсеу” 
деп аталып, оған түрлі қосымша сызықтар қосу арқылы сан алуан 
туынды  жаңа  таңбалар  жасай  береді.  Осыған  орай  оның  жаңа 

 
Халықаралық ғылыми тəжірибелік конференция 
 
 
206 
түріне  ұқсас  жаңа  атаулары  пайда  болады(8).  Мысалы:  ашамай, 
босаға,  балға,  түйемойын,  тарақ,  бақан,  тұмар  жəне  осы  тəріздес 
болып  кете  береді.  Бұлардың  бəрі  қазақ  халқының  этногенезін 
құрайтын  бір-бір  рудың  немесе  тайпаның  таңбасы.  Сонымен, 
көптеген  ру  таңбаларының  графикалық  бейнеленуі  –  жарық 
сəулесі,  күннің  идеограммасы  немесе  күнге  табыну  деп  те 
қарастыруға болады. Күнге табынудың өзі алғашқы ататек – тотем, 
ол  барлық  тотемдердің  тотемі  дегендей  ғарыш  құдайларының 
синтезііспеттес  (9.80).  Жарық  сəуленің  бұрылу,  қисаю,  шашырау, 
күшею, əлсіреу жолдары – бəрі үшкіл қағидасына келіп соғады.  
 
Əдебиеттер 
1.
 Машани  А.  əл-Фараби  жəне  бүгінгі  ғылым.-Алматы, 
2004. 
2.
 Жұмабаев М. Таңдамалы шығармалары. –Алматы,1989. 
3.
 Марғұлан  Ə.  Беказы-Дандабаевская  культура.  Алматы, 
1989. 
4.
 Машанов А.Ж. əл-Фараби жəне Абай. – Алматы, 1994. 
5.
 Марғұлан Ə. Шоқан жəне «Манас».– Алматы, 1978. 
6.
 Аманжолов С. Вопросы диалектологии . –Алматы,1959. 
7.
 Фараби  ғибратты  ғалым.  Құраст.  Ш.Əбдіраман.  –
Алматы, 2006. 
8.
 Салғарин Қ. Қазақтың қилы тарихы.– Алматы, 1993. 
9.
 Ақатаев  С.  Мировозренческий  синкретизм  казахов.  –
Алматы, 1998. 
 
 
Карамендина М.Ө., Шүленбаева Ұ.Р., 
Итемірова А.С., Рыскелдиева Г.Д. 
Қ.И. Сəтбаев  атындағы ҚазҰТУ 
Алматы, Қазақстан 
 
ЖАСТАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТТЕРІН 
АРТТЫРУ МƏСЕЛЕЛЕРІ 
 

Қазақ тілі – ұрпақ тəрбиесінің ұйытқысы 
 
                                                                              
207 
Қазіргі  қоғам  талабына  жауап  беретін  жеке  тұлғаны 
қалыптастыру, ұлттық кадрларымызды саналы етіп дайындау – 
мемлекет 
алдындағы 
шешімін 
күтіп 
тұрған 
күрделі 
мəселелердің  бірі.  Шығармашылық  тұлға  қалыптастыру  қазіргі 
оқу  үдерісіндегі  ең  тиімді  талаптарының  бірі  болып  саналады. 
Сондықтан  оқытушы  студенттермен  тығыз  қарым-қатынас 
орната  отырып,  шығармашылық  байланыста  болуы  керек, 
болашаққа  көз  жіберуі  керек.  Жастарды  қандай  да  болмасын 
мəселені  қалыптасқан  дəстүрлі  əдісті  қолданбай  əдеттегіден 
өзгеше  шешуге  баулу  қажет.  Даулы  мəселелер  туралы  айта 
отырып,  ынталы  жастардың  өзін  сол  дауды  шешудің  жаңаша 
тетігін табуға дайындау керек.  
Қазір педагогикада да осыған орай өзгеріс байқалады: оқуға 
дұрыс  жол  сілтеу,  білім  мен  ақпараттың  көз  ілестірмейтін 
жылдамдықпен  жылжып  жатқан  ағымында  өздігінен  бағдарлай 
алуды  үйрету.  Осы  үдерісте  «өткенді  жаңғырту»  маңызды  рөл 
атқарады.  Максим  Горький  бір  кезде  мынадай  тамаша  сөз 
айтқан:  «Өткенді  білмей,  бүгінгі  күннің  нағыз  мəнін  дұрыс 
түсіну жəне болашақтың мақсатын болжау мүмкін емес»,- деген. 
Бұл  үдеріс  ғылымға  жəне  ғылыми-техникалық  прогреске 
романтикалық  көзқарасты  қалыптастыруға  септігін  тигізеді. 
Ғылымға  қадам  басқан  жастарға  бұрынғы  өнертабыстарды, 
болжамдарды,  ашылған  жаңалықтарды  ой  елегінен  өткізе 
отырып, жан-жақты зерттей келе өз тарапынан тұжырым жасай 
алатын  дəрежеге  жетуге  ынталандарған  жөн.  Атап  айтқанда, 
жастарда  ойлай  білу  қабілеті  барлық  істерінде  ауадай  қажет. 
Ғылымдағы ізденуші жастар ұлы арман-қиялшы да болуы тиіс. 
Арман-қиял  қанатымен  самғап  ғылымның  тереңіне  сүңгіп, 
білімнің кəусəрінан нəр алып, еліне пайдасын тигізсе ұлтымызға 
нағыз қажетті маман сол болмақ.  
Атақты  емші  Н.И.Пирагов  былай  деген:  «Өмірдегі, 
ғылымдағы  жəне  өнердегі  ең  құндының  бəрі  арман-қиялдың 
көмегімен ойлау арқылы жасалған. Коперник те, Ньютон да, сол 
сияқты  Циолковский,  Лобачевский  т.б.  ғалымдар  да  арман-
қиялдың  көмегінсіз  ғылымда  өздерінің  көтерілген  биігіне  жете 
алмаған болар еді деп айта аламыз.  

 
Халықаралық ғылыми тəжірибелік конференция 
 
 
208 
Сондықтан  ХХІ  ғасыр  жастарының  алдында  тұрған  басты 
мақсат - өзін-өзі тани білу. Адамды зерттеу!  
Кезінде  академик  В.М.  Глушков  адамның  психикасында 
кибернетика  тұрғысынан  алғанда  ашылмай  жатқан  құпия 
тұстары  көп  екенін  атап  кеткен  болатын.  Оған  көптеген 
мысалдар  келтіруге  болады.  Мəселен,  Леонардо  да  Винчи  – 
атақты суретші, атақты өнертапқыш. Болашақты болжаушы. Ол 
ұшқыш аппараттардың жобасын жасаған, мұның өзі сол заманда 
ешкімнің  ойына  кіріп  те  шықпаған.  Анатомия  саласына  ат 
салысып,  өз  үлесін  қосқан.  Сол  сияқты  М.Ломоносов 
астрономиямен  шұғылдана  отырып,  оның  дамуының  жаңа 
заңдарын  ашқан,  ол  өзі  көрнекті  химик  жəне  өлең  де  жазған 
танымал  ақын.  Шоқан  Уəлиханов  суретші  де  болған  əрі 
ғылымның  бірқатар  саласы  бойынша  ғалым  (этнограф,  т.с.с) 
ретінде  танымал  бізге.  Демек,  ғылым-білім  адамды  дамуға 
жетелейді,  ал  даму,  жетілу  қашанда  жақсылықтың  жолы.  Əр 
пенденің  өзінің  шығатын  заңғар  шыңы  бар.  Сондықтан  əрбір 
жас  ғалымның  басты  мұраты  –  жақсылық  жолымен  жүріп 
отырып  асқар  шыңға  жету.  Атақты  Əлкей  Марғұлан  былай 
деген екен: «Дүние тану, білімге талпыну əрбір адамның есейген 
дəуірінен аңсап қараған түбегейлі ісінің бірі болып келеді. Егер 
бұл  талпыну  болмаса,  əрбір  адам  білімге,  еңбекке  үңіле 
қарамаса,  тек  аңша  қарын  тойдырып,  ұйқымен  уақыт  өткізсе, 
ешбір  ілгері  басу  –  прогресс  те  болмас  еді.  (1.192)  Ғылым 
халыққа  пайдасын  тигізсе  ғана  қызықты.  «Болмасаң  да  ұқсап 
бақ  бір  ғалымды  көрсеңіз»  деп  Абай  атамыз  айтпақшы  үлгі 
аларлық  ғалымдарымыздың  бірі  –  алғашқы  академик 
Қ.И.Сəтбаев.  «Сан  ғылымның  басы  қосылған  күрделі  еңбек 
үстінде  өсіп  келе  жатқан  академияның  ісін  ғылымдық 
жолдармен  сан  саламен  өрбітіп,  гүлдендіре  білу  –  кімге  де 
болсын  оңай  жұмыс  емес.  Аса  жауапты  жұмыс  болуының 
үстіне,  сан  сала  білімнен  көп  дерегі,  білімі  бар  адам  болуы 
керек.  Қаныштың  бір  ерекшелігі  –  ол  химикпен  де,  биологпен 
де,  физикпен  де,  медикпен  де  жəне  тарихшымен  де,  тілші-
əдебиетшімен  де  өздерінің  ғылыми  тілінде  сөйлесе  біледі. 
Мамандық  тілдерімен  үндесіп,  ұғыса  біледі.  Жəне  ол  əр 

Қазақ тілі – ұрпақ тəрбиесінің ұйытқысы 
 
                                                                              
209 
ғылымның  саласындағы  əрбір  кезеңде  пісіп  келген  нақтылы, 
жауапты  мəселелеріне  қажет болған  мəслихатын айтып,  мықты 
басшылық  ете  біледі.  Жұмысқа  мойымайтын  үлкен  ісшілдік  те 
бар.  Өз  басының  білімін  өсіруде  жан-жақты,  кең  өрісті  ғалым 
болуда  тынымы  жоқ,  ізденуші  Қаныш,  ҚҒ  академиясының 
ауқымында  қызмет  ететін  ғалымдардың  барлығына  да  анық 
ұстаз, үлгі боларлық білгіш...»(2) Ғалымға азық берер қайнар көз 
кітап бетімен, лаборатория аумағымен ғана шектелмейді, өмірді 
танумен,  еңбек  адамының  жасампаз  ісін  танумен  кең  өрісін 
табады(1.191).  Сондықтан,  барлық  істің  басшысы  –  білім  мен 
ұғым. Дана  Абай  «Қашан  бір  бала ғылым,  білімді  махаббатпен 
көксерлік  болса,  сонда  ғана  аты  адам  болады»  дейді(3.189). 
Абайдың  əйгілі  «толық  адам  болу»  концепциясы  осы  тезистен 
басталады.  Ойшылдың  сан-салалы  күрделі  шығармашылығы-
ның  алтын  арқауы  да  осы  ойдан  түзіледі.  Бұл  жердегі  басты 
мəселе  –  адам  болу  мен  ғылым-білімге  деген  махаббаттың 
теңестірілуі.  Білім-білімге  деген  махаббат  –  адамдықтың  басты 
шарты,  адам  болудың  басты  шарты  болып  шығады.  Неліктен? 
Өйткені:  «Сонда  ғана  дүниені  танымақтық,  өзін  танымақтық, 
жаратылыс  себебін  танымақтық,  ақиқатты  танымақтық  сияқты 
талпыныс  пайда  болады».  Демек,  адам  болуыңның  жолы  бар  – 
ол өзіңнің шыққан тегіңді тану. Өзіңнің «кім» екеніңді, «не үшін 
дүниеге  келгеніңді»,  өміріңнің  мəні  мен  мағынасы  неде  екенін 
тануың керек. Бір сөзбен айтқанда, өзіңнің болмысыңды тануың 
керек.  Абай  ұстанып  отырған  дəстүрлі  дүниетаным  бойынша, 
адамның  болмысы  жаратылған  болып  табылады.  Ал  егер 
жаратылған  болса,  Жаратушы  бар  деген  сөз.  Сонда  адам  өз 
болмысын  тану  үшін  əуелі  өзінің  Жаратушысын  тануы  шарт. 
Ұлы  Абайдың  «...сонда  ғана  Алланы  танымақтық,  өзін 
танымақтық,  дүниені  танымақтық...»  дейтіні  сондықтан.  Яғни, 
ғылым-білім адамды дамуға жетелейді, ал даму, жетілу қашанда 
жақсылықтың  жолы.  Адамның  орнын  əл-Фараби  астрономия-
дан,  космологиядан,  математикадан,  физикадан,  химиядан, 
философиядан, 
шешендіктен 
(риторика), 
геологиядан, 
биологиядан, сəулеттен, музыкадан, лингвистикадан, логикадан, 
поэзиядан, этикадан, эстетикадан, дін ілімінен, т.б. іздеді. Сірə, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет