Əдебиеттер
1.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың
Қазақстан халқына Жолдауы. – 2008 жыл, 1 наурыз. – Сайт:
www.akorda.kz/
2.
Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. – Алматы, «Ана тілі»,
1991.
3.
Мемлекеттік тілді мемлекеттік қызметшілерге жеделдете
деңгейлік оқытудың типтік бағдарламасы, – Астана, 2008.
4.
Хасанов Б. Қазақ тілін оқыту стратегиясы – тіл
үйретудің биік тұғыры. Жинақта: Мемлекеттік тілді үйрету
Қазақ тілі – ұрпақ тəрбиесінің ұйытқысы
221
жолдары: теориясы мен тəжірибесі (Ғылыми-əдістемелік
семинар материалдары). – Астана, 2004.
5.
Құрманова Н.Ж. Жоғары мектепте қазақ тілін оқыту
технологиясы. – С. Бəйішев атындағы Ақтөбе университеті,
2002.
6.
Құрманова Н.Ж. Қазақ тілін дамыта оқыту
технологиясы. – Монография. – Астана: Мемлекеттік тілді
жеделдете оқыту республикалық орталығы, 2007.
7.
Қазақша-орысша жəне орысша-қазақша педагогикалық
сөздік. – Астана: “Зерде”, 2007. құрастырған: Қ.Е. Тілешова
8.
Журнал “Творческая педагогика” № 2-3,2000 г.
9.
Рогова Г.В. Цели и задачи обучения иностранным
языкам//Иностранные языки в школе. 1974.№3
10.
Комаров А.С. Творческий подход к планированию
английского языка //Иностранные языки в школе. 2003. №4
11.
Пассов Е.И. Урок иностранного языка в школе. 2-е изд.,
М., 1988
12.
Қадашева Қ. Қазақ тілін оқыту əдістемесі. – Астана, 2005
13.
Щукин А.Н. Обучение иностранным языкам: Теория и
практика: Учебное пособие для преподователей и студентов. 2-е
изд., испр. и доп.- М.:Филоматис, 2006
14.
ҮЛКЕН ҚАЗАҚША-ОРЫСША ОРЫСША-ҚАЗАҚША
СӨЗДІК. Қалдыбай Бекетов. Алматы: “Алтын қазына”, 2001.
Көшерова М.С., Оспанова Ш.М., Айтжанова С.С.
Қ.И. Сəтбаев атындағы ҚазҰТУ
Алматы, Қазақстан
ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚУ ƏДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ АРҚЫЛЫ
ОҚЫТУДЫҢ ЖЕТІСТІКТЕРІ.
Қазіргі заман талабы жалпыға бірдей əлеуметтік сұраныс
(заказ) болып саналатын бүгінгі маманның нақты моделін
жасау. Ал болашақ маманның моделін жасау еліміздің білім
беру жүйесінің алдына нақты мақсаттарды белгілеп, оларды
жүзеге асырудың тиімді жолдары мен құралдарын жасауға
міндеттейді.
Халықаралық ғылыми тəжірибелік конференция
222
Өзге ұлтқа қазақ тілін модуль жүйесімен оқыту мақсаты
мемлекеттік тілді жақсы меңгеріп, қазақ тілінде еркін сұхбаттаса
білетін, кəсіби құжаттарды оқып, жаза алатын дəрежеге жеткен
жан-жақты зиялы маман моделін жасау болмақ. Сондай-ақ,
аталған əдістемелік жүйе орыс бөлімдері студенттеріне өз ұлты
мен қазақ халқының мəдени, тарихи құндылықтарын, əлемдік
өркениет жетістіктерін, жалпы адамзаттық мəдениеттің баға
жетпес
байлықтарын,
інжу-маржандарын
қазақ
тілінің
құралдары арқылы оқытып үйретуді көздейді.
Қазақ тілі пəнінің қоғамдағы қызметі осы пəн бойынша
игерілетін білім, білік қызметімен өзара тығыз байланысты.
Қазақ тілін оқытудың қатысымдық қыры (аспектісі) оны оқып
үйретуді жандандыру мазмұнының құрамына еніп отыр. Бұдан
басқа қазақ тілін өзге ұлтқа оқытып үйрету мақсаты
елтанымдық, педагогикалық, психологиялық мазмұнға ие.
«Қазақ тілі» феноменінің өзіндік ерекшелігі (субстанционалдық
та, функционалдық та) де оны көпжақтылығы-мен сипатталады.
Маманды дайындау моделінен қазақ тілін оқытудың орнын
белгілеу өте маңызды болып саналады. Осыған байланысты,
жалпы жоғары оқу орындарынан бастап кафедралық деңгейге
дейінгі мақсаттарды нақтылау, мамандарды дайындау моделі
мен маман əрекеті моделін нақтылауды қалай бейнелейтініне
талдау жасау керек.
Əлеуметтік сұраныс маман əрекетінің жалпы моделін
тұжырымдау үшін жағдай жасайды, оның негізінде маман
тұлғасының жалпы моделі қалыптасады, ал олардың
үйлесімділігі дегеніміз-маманның жалпы моделінің өзі. Ол
мақсаттарды тұжырымдаудың негізгі позициясы болып
саналады. Ал методология тұрғысынан бұл мақсаттарға жалпы
жоғары оқу орындарының маман дайындау моделі сүйенеді.
Жоғары оқу орындары мақсаттары негізінде болашақ
кəсіпкер маман моделі жасалады. Ол факультеттік мақсаттар
арқылы маман дайындаудың факультеттік моделін анықтайды.
Сөйтіп, факультеттік мақсаттар кəсіпкер-маманның нақты
моделін белгілейді. Оны жүзеге асыру үшін нақты деңгейдегі
моделін жасау алғышарты болып саналатын кафедралық
Қазақ тілі – ұрпақ тəрбиесінің ұйытқысы
223
мақсаттар қойылады. Маман дайындау мақсаттарын нақтылау
схемасын осылайша қисынды құру, біздіңше нақты кафедралық
мақсаттарды анықтау жəне оқыту талаптарын тұжырымдау үшін
тиімді болып саналады.
Мақсаттардың нақтылануы, ең алдымен маман əрекетіне
қойылатын арнайы талаптарға белгіленеді, бірақ жалпы
талаптарды арнайылардан бөлуге болмайды, себебі олар өзара
тығыз байланысқан. Бұл байланысты біз жалпы мақсаттардың
арнайылармен корреляциясы ретінде түсінеміз жəне жалпы
мақсаттар арнайылармен нақтыланады деп санаймыз. Сонымен
қазақ тілін оқыту, мамандарды дайындауда қойылатын жалпы
талаптардың бірі болf тұра, кейінгідей нақтыланады:
-
жалпы жоғары оқу орындары деңгейі: республиканың
барлық оқу орындарына қойылатын орыс бөлімдерінде
мемлекеттік тілді оқыту жалпы талабы;
-
жоғары оқу орындары деңгейі: нақтылы жоғары оқу
орындарында мамандарды дайындаудың арнайы мақсаттарымен
айқындалатын əрекеттің белгілі саласына сəйкес мемлекеттік
тілді оқытуға қойылатын талап;
-
институттық немесе факультеттік деңгей: факультет
деңгейінде маман дайындаудың арнайы мақсаттарында көрініс
табатын кəсіп əрекетіне сəйкес қазақ тілін оқытуға қойылатын
талап;
-
кафедралық деңгей: берілген мамандық иесін
дайындаудың арнайы мақсаттарына сəйкес қазақ тілін оқытуға
қойылатын талап.
Сондықтан қазақ тілін оқытуды бүгінгі студенттердің
болашақ нақты мамандығынан бөлуге болмайды. Себебі жоғары
оқу орындарында қазақ тілін оқыту нақтылы оқу орнының
барлық жетекші кафедраларының қызметімен тығыз байланыста
жүргізіледі. Сонымен қазақ тілін оқытып үйрету мақсаты
мамандардың кəсіби əрекетіне қойылатын талаптар негізінде
арнайы кафедраның маман дайындау мақсаттарымен сəйкес
келуі тиіс.
Халықаралық ғылыми тəжірибелік конференция
224
Қазақ тілі өзінің мемелекеттік тіл қызметін толық, өз
дəрежесінде атқаруы үшін, оның өмірдің барлық саласында
кеңінен қолданылуына жағдай жасау қажет.
Қазақ тілі өзінің мемлекеттік қызметін толық, өз
дəрежесінде атқаруы үшін, оның өмірдің барлық саласында
кеңінен қолданылуына жағдай жасау қажет.
Қазіргі уақытта əлеуметтік сұраныс орыс тілді бөлім
студенттеріне мемлекеттік тілді оқытып үйретудің қатысымдық
жағын күшейту, сөйтіп оны ұлтаралық қатысым құралына
айналдыру талабын қойып отыр. Мемлекеттік тілдің қоғамдағы
қатысымдық қызметінің деңгейін көтеру үшін оны орыс тілді
бөлім студенттеріне оқытып үйретуді жаңа үрдісте жандандыру
қажет. Бұл жағдай аталған іске жаңаша қырынан келу керектігін
айқындайды. Басқаша айтқанда, мемлекеттік тілді орыс тілді
бөлім студенттеріне оқытып үйретуді білім берудің кредиттік
жүйесіне негіздеп, өмірмен, осы өмір шындығын танытатын
басқа пəндермен жəне маманның болашақ кəсібімен тығыз
байланыстыра жүзеге асыру. Атап айтқанда, болашақ маман
мемлекеттік тілді еркін меңгеріп, өмірдің кез-келген саласында,
кəсіби бағытта өз ой-пікірлерін дұрыс, түсінікті жеткізіп қана
қоймай, сауатты жаза білуі қажет.
Орыс тілді бөлімде мемлекеттік тілді кредиттік жүйеге
негіздей
оқыту
мақсаты–тілдерді
оқытып
үйретудің
дүниежүзілік стандарттық үлгілеріне жақындастыру. Атап
айтқанда, орыс бөлімдері студенттеріне өз ұлты мен қазақ
халқының мəдени, тарихи құндылықтарын, əлемдік өркениет
жетістіктерін, жалпы адамзаттық мəдениеттің баға жетпес
байлықтарын, інжу-маржандарын қазақ тілі арқылы оқытып
үйретуді көздейді. Терең білімді, сөзіне ісі сай, парасатты
тұлғаны оқытып тəрбиелеу үшін алдымен білім мен тəрбиенің
бастау көзі – тілді жаңа бағытта оқыту мазмұнын айқындап,
оның оқу-əдістемелік кешенінің моделін жасау қажет.
Оқу-əдістемелік кешен дегеніміз–оқытушы мен студенттің
өзара бірлесіп əрекет жасау құралы. Оның құрамына:
1) студенттерге жəне оқытушыларға арналған оқу бағдарламасы
(Syllabus); 2) студенттерге арналған негізгі оқу құралы;
Қазақ тілі – ұрпақ тəрбиесінің ұйытқысы
225
3) оқытушыға арналған негізгі оқу құралы мен оның əдістемелік
нұсқауы; 4) қосымша дидактикалық материал жинағы; 5) үш
тілді
(қазақ-орыс-ағылшын)
сөздік;
6)
грамматикалық
анықтағыш; 7) студенттердің өзіндік жұмыс жасауына арналған
тапсырмалар жинағы; 8) оқытушы мен студенттің бірлескен
шығармашылық жұмысын ұйымдастыруға арналған оқу құралы;
9) ағымдық, аралық, қорытынды бақылау жəне бағалау тестілері
жиынтығы.
Тілді меңгерту ісінің соңғы нəтижесі оқу-əдістемелік
кешеннің жасалу сапасына тікелей байланысты. Қазақ тілі пəні
бойынша студенттерге берілетін білім мазұны оқу-əдістемелік
кешенінде көрініс бермек.
Оқу-əдістемелік
кешеннің
(ОƏК)
сапасы
оны
құрастырушылардың əдістемелік шеберлігіне байланысты.
Бірақ, соған қарамастан, тəжірибелі əдіскерлердің өзі ОƏК
құрастыру барысында əлемдік əдістеме ілімінде қабылданған,
ғылыми заңдылық, өлшем, ережелерді шарттарды басшылыққа
алуы қажет. Жəне ОƏК тілді оқытып үйретудің қай деңгейіне,
қандай мақсатта, қалай қолданылатынын ескеруі керек.
Оқытушы мен студент еңбегінің негізгі құралы жəне оқу
ақпаратының негізгі көзі ретінде оқу-əдістемелік кешеннің
мазмұны мен құрылымы мынадай шарттарға сай болғаны жөн.
Біріншіден, ол студенттің мемлекеттік тілде белсенді қатынасқа
түсуіне ықпал етсе, екіншіден, оның рухани, танымдық өресі
кеңеюіне мүмкіндік жасауы тиіс. Кредиттік жүйеге негізделе
жасалған оқу-əдістемелік кешеннің оқу үрдісіндегі рөлі мен
орны оның келесі белгілерімен толығырақ ашылмақ:
1.
Икемділігі, ол оқу-əдістемелік кешеннің мазмұны қайта
өңдеуге, өзгертуге ыңғайлы болғаны жөн. Əр оқу жылында
студенттердің жеке ерекшеліктерін, кəсіби бағытын, оқыту
жағдайын ескеру негізінде оқу мазмұнын қайта өңдеп, өзгертіп
отыру қажет. Бұл студенттің материалды есте сақтауын, оны
түсінуін жəне нақтылы жағдайларда тəжірибеде қолдануын
жеңілдетеді.
2.
Жүйелілігі, ол ОƏК барлық элементтерінің мазмұны
логикалық байланыста болып, олар бірін-бірі толықтырып
Халықаралық ғылыми тəжірибелік конференция
226
отырады. Бұл студенттерді белгілі сабақтастықта оқытуға,
олардың оқу жəне өзіндік жұмыс жасау дағдысын жүйелі түрде
қалыптастыруға бейімдейді.
3.
Сабақтастығы, ол ОƏК құрамына енетін барлық
элементтері, олардың мазмұны тілді оқытудың əр деңгейінде
студенттердің игерген білімі мен іскерліктерінің өзара
байланысуына, бірін-бірі толықтыруына бағытталады. Бұл, бір
жағынан, осы пəн бойынша ертеректе игерген білім мен
іскерлікке екінші жағынан, арнайы кəсіби пəндер бойынша
игерген білім мен іскерлікке сүйену арқылы жүзеге асады. Яғни
білімнің
түрлі
көздерінен
алынған
деректерді
өзара
сабақтастықта бір жалпы тұтас жүйеге келтіруден тұрады.
4.
Түсініктілігі, ол ОƏК мазмұны студенттер пайдалануға
түсінікті, қолдану мүмкіндігі кең , ықшам, білім деңгейіне сай
болуында.
5.
Тиімділігі, ол ОƏК мазмұны студенттің өз бетімен жұмыс
жасауына, шығармашылық тапсырмаларды орындау арқылы
жан-жақты дамуына, ізденушілік іске төселуіне игі əсер етуінде.
6.
Өзектілігі,
ол ОƏК құрамына енетін барлық
элементтердің құрылымы мен мазмұнының ортақ өзегі, басты
сүйенетін кілті болуында. Яғни ОƏК құрамына енетін барлық
элементтердің, олардың құрылымы мен мазмұнының қай-қайсы
да мазмұнды да мəнді бола келіп, солардың ішінен біреуі
жетекші рөл атқарады.
7.
Танымдылығы, ол ОƏК барлық элементтерінің мазмұны
жан-жақты дамыған, ұлттық намыс жəне достық қарым-қатынас
рухында тəрбиеленген, көп тілді толық тұлғаның қалыптасуына
көмек беруге бағытталады. Бұл тілді оқытудың негізгі жетекші
мақсаты болып саналады. Атап айтқанда, мемлекеттік тілді
оқыту арқылы студенттің білімін тереңдету, іскерлік, ойлау
қабілетін дамыту жəне осы қасиеттердің қалыптасуына пəрменді
тəрбиелік ықпал жасау.
Жалпы
алғанда,
ОƏК
құрамына
енетін
барлық
элементтеріне тəн осы белгілері оның мəртебесі мен дəрежесін
анықтайтын өз ара байланысқан жəне өзара сабақтасқан
біртұтас жүйені құрауға мүмкіндік береді. Осы біртұтас жүйе
Қазақ тілі – ұрпақ тəрбиесінің ұйытқысы
227
арқылы оқытудың білімдік, тəрбиелік жəне дамытушылық
мақсаттары жүзеге асады.
Қазақ тілі пəні бойынша жасалатын оқу əдістемелік
кешенінің (ОƏК) келесі қызметтерін бөліп көрсетуге болады:
ақпаратық, қатысымдық, танымдық, уəждік, бақылаушылық .
ОƏК ақпараттық қызметі ғылыми тұрғыда сұрыпталып,
оның мазмұнын жүйелі берілген оқу материалының, яғни
лингвограмматикалық лингвоелтанымдық білімді қазақ тілі
арқылы меңгертуден тұрады. Студенттер өздерінің болашақ
кəсіби қарым-қатынасына сəйкес əр алуан ақпараттарды қазақ
тілі арқылы меңгере отырып, дүниетанымын кеңейтуге
мүмкіндік алады.
ОƏК уəждік қызметі оның құрамына енетін барлық
элементтердің қызықты мазмұнында, тартымды тапсырмалар
мен əр түрлі жаттығулардың құрылымы іскериойын, тренингтер
арқылы жүзеге асады. ОƏК мазмұнында танымдық жаттығулар,
проблемалық тапсырмалар мен интеллектуалдық материалдың
үйлесімді берілуі студенттердің қазақ тілінде қатынас жасау
ынтасын оятатын құрал болып табылмақ.
ОƏК қатысымдық қызметі студенттің айтар ойын жүйелі
жеткізуге дағдыландыратын, кəсіби сөйлеу мəдениетін
қалыптастыратын, кез келген жағдайда сөз тауып, оны орынды
қолдануға жетелейтін қатысымдық құзыретті дамытудан
тұрады.
ОƏК өздік бақылаушылық қызметі өздік бақылау жəне
бағалау жаттығулары арқылы кері байланыс механизмдерінің
дұрыс жұмыс жасауын қамтамасыз етуден тұрады. Яғни,
студентке өзінің білім деңгейін өзі бақылап, бағалап, түзетіп,
толықтырып отыруына мүмкіндік беріледі. Мұндағы мақсат
студенттің қабілетін ашу, белсенділігін арттыру, өзіне деген
сенімін күшейту, іздендіру, пəнге қызығушылығын арттыру.
ОƏК тəрбиелік қызметі оның барлық элементтерінің
мазмұны жахандастыру үрдісінде студенттерге тіл арқылы
халықтың мəдени мұрасы мен бастауларын, сонымен бірге басқа
ұлт пен ұлыс өкілдерінің рухани асыл қазыналарын, батыс
Халықаралық ғылыми тəжірибелік конференция
228
өркениеті мен жалпы адамзаттық əлемдік өркениеттің баға жетпес
байлықтарын тереңдете кіріктіре игертуге бағытталуында.
ОƏК қазақ тілін кредиттік жүйеге негіздей оқыту
талаптарына сай мемлекеттік тілді оқытуды жандандыруға
мүмкіндік беретін ең негізгі жаңа үлгідегі тіл құралы болуы тиіс.
Бірақ оны тұлғаның белсенді оқу еңбегі, яғни студенттердің
ізденушілік, шығармашылық оқу əрекеті арқылы жандандырмаса,
бұл оқу-əдістемелік кешен «өлі зат» күйінде қала берері де сөзсіз.
Əдебиеттер
1. К.Б.Жаксылықова «Қазақ тілін модуль арқылы оқыту
теориясы мен əдістемесі». А., 2004 ж.
2. З.Ш.Ерназарова «Қазақ тілін оқытудың əдістемесі».
2006ж.
3. К. Сариева «Модульмен жұмыс жасау». А., 1997 ж.
Құсайынова Ж.А.
С.Сейфуллин атындағы ҚазАУ
Астана, Қазақстан
МОНОМОДАЛЬДІ ҚОЛДАНЫСТАРДЫҢ
ҚҰРЫЛЫМДЫҚ – СЕМАНТИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІГІ
Модальділік категориясын контекст аясында саралау - бұл
заңдылықтың бұрын айтылмаған, талданбаған ерекшеліктерін
сипаттауға жол ашады. Мəселен, бір күрделі синтаксистік
тұтастық аясында модальді реңктің құбылуын, субьектіге
Қазақ тілі – ұрпақ тəрбиесінің ұйытқысы
229
қатысы тұрғысынан күрделі сипат алатындығын тек салыстыру
негізінде айқындаймыз.
Күрделі синтаксистік тұтастықтың модальділігін талдауда
көзге түсетін ерекшелік – бір құрылым аясында бірнеше
модальді реңктердің жарыса көрініс беруі немесе бір реңктің
контекстік сипат алуы. Ғылыми еңбектерге сүйеніп, бір
модальді реңктің контекстік сипат алуын «мономодальді»
терминімен дараласақ, бірнеше реңктің жарыса көрініс беруін
«полимодальді» деп жіктеуге болады. Тіл білімінде бұл
терминдерді модальділікке қатысты еңбегінде З.Я.Тураева
енгізген. Бірақ автор «мономодальді», «полимодальді»
терминдерін бір субьектінің көзқарасымен шектеп қарайды.
Бұған автордың төмендегі анықтамасы негіз болады:
«Противопоставление модальности высказывания текстовой
включает и антиномию «мономодальность/полимодальность».
Модальность высказывания характеризуется мономодальностью -
субект оценки не изменяется. Для текстовой модальности
возможно полимодальность-субьект оценки может неоднократно
менять» (1,20).
Тілдік материалдарға сүйеніп, мономодальді қолданыстар-
дың құрылымдық-семантикалық ерекшелігін кеңітуге болады.
Мономодальді құрылымдарға тəн басты белгі ретінде тұтас
құрылымға тəн бір ғана модальді реңктің көрініс беруін негізге
аламыз.
Мономодальді мəтіндер бірнеше субьекті көзқарасымен
ұштасып, құрылымдық жақтан күрделене алады. Яғни, тұтас
құрылымға тəн бір модальді реңк бірнеше субьектінің
көзқарасымен
бекітіледі.
Мысалы,
төмендегі
күрделі
синтаксистік тұтастықтан белгілі болған «құптау» реңкі үш
субьекті аралық көзқарастан қалыптасқан. Яғни, Базарлыға
Абай баға берсе, Ербол Абайға баға берген. Контексте жалпы
мазмұндас, ыңғайлас айтылған ойдың нəтижесінде үш субьекті
аралық қатынастағы мономодальді реңк көрініс тапқан.
«Абай үй ішін осы əзілмен жадыратып, Ақылбайды өз
жайына тастады. Енді ол Ақылбай əкелген хабарды естіген
жерде, алғаш ойына алған бір жайға шұғыл ауысты. Жылқыны
Халықаралық ғылыми тəжірибелік конференция
230
əкеткен жау кім?-деп еді. Ол Базаралы екенін білгенде, Абайдың
көңіл-күйі шұғыл өзгерді. Өз ойларын іштей түгел қорытып
болмай-ақ жарыққа салып, сөйлеп кетті:
-Ə, Тəкежан зорлығы осыған əкеп соқты ма? Ал,
Базарлының осы қимылын не дейсіңдер?-деп, аз үндемей
ойланып, жиынға жағалай қарап өтті.
Жастар үндемей тыңдағаннан басқа ой қорытпаған екен.
Ешкім үндемеді. Абайдың шешуін күткендей.
-Мен білсем,-деп, Абай осыдан ары жазыла сөйледі. Бұл іс -
исі Тобықты істеп көрмеген, тегі үлкен бөлек іс. Ашудың ісі
жəне əділет керек, əділ ашудың орны бар. Арты да алысқа,
қиынға кетер. Оны көре жатармыз. Бірақ адамның адамшылығы
істі қалай аяқтағанынан ғана көрінбейді. Жігітек ауылдарын
зарлатып Тəкежан басқа қонғанда, Базаралы айтты деген кекті
сертті естіп ем. Мынау соның алғашқы серпіні ғой. Ердің кегі
болғанда, езілген елдің де кегі екен... –деп бір тоқтады.
Ербол Абай сөздеріне сүйсініп отыр екен.
-Япыр-ау, мынауың бір соны сөз болды-ау, Абай!- деді
(М.Əуезов).
Контекст деңгейінде Абайдың Базаралыға берген бағасы
жанама сипат алса, Ерболдың Абайға берген бағасы ашық сипат
алады. Салыстыра қарасақ, баға берудің астарында бірін-бірі
құптау, құрметтеу, оң баға беру реңктері көзге түседі.
Дəл осындай мономодальді реңктің субект аралық күрделі
құрылымын төмендегі үзінділерден де ажыратамыз. Мысалы:
Осы кезде іш жақтан дабырласа сөйлесіп, Нұрбек пен
Шаштығали шықты. Екеуі үйде басталған əңгіменің аяғын
сыртта жалғастырып келеді.
-Сенің бұл табысыңа жігіттер де қарсы бола қоймас,-
деді Нұрбек бұлардың қасына жақындағанда.
-О не? Жай ма, Нүке?-деді Жолбарыс елеңдеп.
-Мына Шəкең бір тамаша ой қозғап отыр. Қарабурадағы
Жағыпарға барып қайтсам дейді. Жөн-ақ емес пе айтып
тұрғаны? Бүгін басына іс түсіп жатқаны болмаса, кеше ол
бəрімізге қорған болған Жағыпар емес пе еді?.. Осы қалада
Қазақ тілі – ұрпақ тəрбиесінің ұйытқысы
231
топталып жүріп, тым құрыса біреуміздің соңынан барып, хал
сұрап қайтпағанымыз құдайдан да, адамнан да ұят тіпті...
- Бұл дұрыс екен,
Достарыңызбен бөлісу: |