Г. Д. Рыскелдиева Жинақта «Жаратылыстану гуманитарлық ғылымдары жəне олардың Қазақстан Республикасының индустриалды нновациялық даму бағдарламасын жүзеге асырудағы рөлі» атты



Pdf көрінісі
бет26/32
Дата22.12.2016
өлшемі1,87 Mb.
#30
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   32

 
Халықаралық ғылыми тəжірибелік конференция 
 
 
276 
табылатын тіл арқылы бүкіл адамзат атаулының білімі, ой-өрісі 
көрінеді.  
 
Əдебиеттер  
1. Аханов Қ. «Тіл білімінің негіздері»А,1993 
2.  Исабеков  С.Е.  Некоторые  вопросы  фразеологической 
семантики. // Мир  языка.  Матер.  межд.  науч.  прак.  конф.  посв. 
85- летию М.М Копыленко. А,2005  
3.  Вайсгербер  Л.  Родной  язык  и  формирование  духа.                  
М, 1993  
4. Маслова В.А. Когнитивная лингвистика.Минск, 2005 
5. Руднев В.В. Словарь культуры XX века. М,1997  
6.  Гак  В.Г.  Язык  как  форма  народа  //  Язык  как  средство 
трансляции культуры.-М, 2000 
7. Попова З.Д., Стернин И.А. Язык и национальная картина 
мира. Воронеж, 2002 
 8.  Постовалова  В.И.  Язык  как  деятельность:  Опыт 
интерпретации концепции В.Гумбольдт. М, «Наука», 1982 
 9.  Дуйсекова  К.К.  Фразеологическая  картина  мира 
французского и казахского языков. Автореферат дисс.док. фил. 
наук А, 2006.  
  
 
Оспанова Ш.М., Əбдісүлейменова Р.Ш. 
Шүленбаева Ұ.Р., Көшерова М.С. 
Қ.И. Сəтбаев атындағы ҚазҰТУ 
Алматы, Қазақстан 
 
ИСЛАМ ДІНІ – ҒЫЛЫМ МЕН ТƏРБИЕНІҢ НЕГІЗІ 
 
Дүние жүзінде  кең  тараған  діннің  бірі  -  ислам  діні.  Ислам 
дінінің  қасиетті  кітабы-араб  тілінде,  басқа  діни  мүлде 
ұқсамайтын  құран.  Құран  Алланың  ақиқат  сөзі.  Мұхаммет 
жебірейіл  пайғамбарымызға  періште  арқылы  (610-623  ж.ж.) 
жіберілген  уахи.  Жалпы  адамзат  баласына  Алла  тарапынан 
жіберілген кітаптардың саны 104. Оның ішінде Адам (ғ.с) мға -

Қазақ тілі – ұрпақ тəрбиесінің ұйытқысы 
 
                                                                              
277 
10 кітап (сухф), Шис (ғ.с) ға-50, Ыдырыс (ғ.с)-30, ал Ыбыраһым 
(ғ.с)-10  кітап  жіберілген  дейді  104  кітаптың  төртеуі  Ұлық 
кітаптар  -  «Заубур»  Дəуітке  (ғ.с),  «Інжіл»  Ғайсаға  (ғ.с)  ал 
«Құран»  Мұхаммед  ғ.с  пайғамбарымызға.  Жебірейіл  періште 
арқылы жіберілген. 
Қасиетті  кітаптарды  дұрыс  талдау,  түсіндіру  ғылымның 
дамуын  жеделдетеді.  Құранды  бір  жақты  түсіну  немесе  оның 
мəнін  дұрыс  түсінбеу,  оны  тек  тағат  -  ғибадат,  Құдайға 
құлшылық  етуге  ғана  қажетті  талап  деп  білу  ғылымның 
дамуына бөгет жасайды. Астрономия, философия, медицина т.б. 
ғылымдардың  дамуына  тірек  болып,  түрткі  жасайтын 
мəселелердің құранды жиі кездесетіндігі ақиқат. 
Құран аяттарында қазіргі ғылыми деректердің бар екендігі 
күмəн  тудырмайды.  Құраның  ескі  бөлігіне  қатысты  уақыттан 
бері  14  ғасыр  дерлік  уақыт  өтсе  де,  оның  көзқарастары, 
дүниетанымдары  біздің  дəуіріміздің  көптеген  адамдары  үшін 
бəрібір  емес,  оған  барлық  жағынан  бірдей  емес  пікірлер  мен 
принциптер ұстанатын əр түрлі елдер мен халықтардың өкілдері 
жүгініп  отырады.  [6  (146)]  Қасиетті  кітаптардағы  айтылатын 
мəселелер  ақиқат  дəлелденген  іргелі  ғылымдардың  деректеріне 
сүйенуі керек. Ғылыми тұжырымдарға сəйкес болып дəлелденуі 
шарт.  Сонда  ғана  оның  ақиқаттығына  сенуге  болады.  «Араб 
зерттеулерін, араб ойларын, араб шығармаларын толық көлемде 
қарағанда 
ғана, 
арбатарсыз 
Еуропа  қарқынмен 
дами 
алмайтындығы айқын көрінеді.  
Алға 
жылжымас 
бұрын 
еуропалықтарға 
мүмкін 
болғанының  бұның  бəрін  арабтардан  оқып  үйренуге  тура 
келеді» 
(Монтгомери 
Уотт 
У, 
«Влияние 
ислам 
на 
средневековую Европу» М., 1976, (65-бет).  
Құран  аяттарында  кездесетін  кейбір  ғылыми  деректерді 
келтірейік.  Қосымысқа  шығу  туралы:  «...Көктер  мен  жердің 
шектерінен өтуге шамаларың келсе, өтіңдер. Өте алмайсыңдар! 
Бірақ бір қуатпен өте аласыңдар. (33)... Сендерге түтінсіз жалын, 
отсыз түтін жіберіледі. ... (35)» (55-Рахман сүресі). Бұл жердегі 
«түтінсіз  жалын»  қазіргі  зымырандар  (ракета)  қолданылатын 
жанармай – «гептил» деп атауға болады. [ (7-8)]  

 
Халықаралық ғылыми тəжірибелік конференция 
 
 
278 
Қызыл теңізде екі бағытта ағыс бар екендігі ғылыми түрде 
дəлелденген.  Бір  қызығы  екі  ағыстағы  сулар  бір-біріне 
араласпайды. 
«Ағызған  екі  теңіз  қосылады.  Екі  арасында  көзге 
көрінбейтін  бөгет  бар.  Бір-біріне  араласпайды.  Ендеше 
Раббыларыңның қай нығметін өтірік десіңіздер? Екі теңізден де 
інжу-маржан шығады ( 55-с. 19-22 аяттар)» Ол сондай Алла, екі 
теңізді қоя береді;  
Мынау  тəтті  сүйкімді  жəне  анау  тұзды,  ащы  Екі арасында 
(қосылып,  араласпайтын)  бөгет  жасайды»  (25-с.,  53  аят)                 
[7 (8-9)]  
«Адамның  ғылымы,  білімі  хақиқатқа,  растыққа  құмар 
болып,  əр  нəрсенің  түбін,  хикметін  білмекке  ынтық  бірлік 
табылады»  (Абай,  39-сөз)  Шындығында  білмекке  құмарлық 
адам  баласының  ерекше  қасиеті,  Алланың  берген  Нығметі. 
Пайғамбарымыз  Мұхаммед  (ғ.с)  білім  алудың  төрт  жолын 
айтады екен.  
Оқып  үйрен,  2)  жазып  үйрен,  3)  көріп  үйрен,  4)  сұрап  
үйрен – деп. Өйткені Алладан Жəбірейіл періште арқылы келген 
алғашқы  аяттың  бірінші  Сөз  «оқы»  деген  сөз  екен  (96-толық 
сүресі).  Ғылымның өзі  Алланың субутия  (шынайы,  асқақ)  сегіз 
сипатының бірі. Ұлы ғаламның ақиқат бар екендігін, ғылымның 
ақиқат бар екендігін, ғылымның қасиетін білу, бұлардың шетсіз 
де шексіз екендігін түсінудің өзі ғана зор білім, ұлы мəртебе. Ал 
ғылым  үйрену  туралы  Мұхаммед  (ғ.с)  пайғамбарымыз  Бір  күн 
бойы білім үйрену үш ай ораза тұтқаннан абзалырақ–деген екен 
(535-хадис)  Сенім  (иман)  періштенің  ғылымы,  ал  сенбеушілік 
(күпір)  шайтаның  ғылымы  дейді.  Ғылымнан  қашу,  сенбеу 
шайтаның жолы.  
Адам баласы дүниеге келгеннен кейін өз еркімен екі айрық 
жолдың  біріне  түседі.  Бірі  оңай-шайтанның  жолы,  екіншісі  
қиын  –  Алланың  жолы  шайтаның  жолы  жердің  бетін  жапқан 
қарға  ұқсайды  себебі  онда  ешнəрсе  өсіп  өнбейді.Бұл  жолдың 
оңайлығы  мынада:  əркімнің  өз  ойына  некелесе  соны  істеуіне 
хақысы  бар.  Жазатайым  ұсталып  қалмасаң  болды,  асылық  пен 
қылмыс,  атаулының  бəріне  жол  ашық:  ұрлық  істе,  өтірік  айт, 

Қазақ тілі – ұрпақ тəрбиесінің ұйытқысы 
 
                                                                              
279 
өсек  айт,  адам  өмлтір,  пара  ал,  зинақорлық  жаса,  адамдарды 
араздастыр, қалыңнан келсе, бір-бірімен соғыстыр, арамдықпен 
лəззат  рақатқа,  шат-шадыман  думанға  толы  өмір  сүр,  т.  с.с. 
Қысқасы,  таудай  күнəн,  болса  да  о  дүниеде  жазалайтын,  сұрақ 
алатын  құдай  жоқ,  ол  бұл  дүниедегі  адамдарды  алдап,  тақырға 
отырғызып  кету  түкке  де  тұрмайды.  Қылмыстылардың  бір 
тоғызы  ұсталып,  тоқсан  тоғызы  сайраңдап  жүре  береді. 
Құдайсыдың 
ұғымы 
бойынша, 
осының 
бəрі-еркіндік. 
Бастаушысы  шайтан  болғандықтан,  бұл  жолы  «шайтан  жолы» 
атанады.  
Құдайдың  жолы  түгін  тартсаң  майы  шығатын  құнарлы 
топыраққа  ұқсайды.  Адамгершілік,  ізгілік,  имандылық,  жоғары 
мораль-бəрі осы топырақтан өсіп-өнеді. Алла жолының қиындығы 
мынада: əркім өз ойына келгенін істей алмайды, өйткені Алланың 
əмірімен  істей  алмайды,  өйткені  Алланың  əмірімен  пайғамбарлар 
салып берген сара жол бар, нұсқау бар. Өмір бойы адал жүріп, адал 
тұруың керек. Мақсатыңда оң, адал еңбегіңмен жетуің қажет.  
Адамгершіліктің  ала  жібін  аттамауың  қажет.  Мұның  бəрі, 
бір  сөзбен  айтқанда  бейнет.  Кейде  жолдан  таймаймын  деп 
жүрген  азап  -  ахирет  те  көресің.  Құдайдан  қорқып,  адамнан 
ұялуыңа тұра келеді. 
Бастаушысы  Жаратушы  иенің  өзі  болғандықтан,  бұл  жол 
«құдай  жолы»  делінеді.  Осы  екі  жолы  айырып-ажыратып  беретін 
ғылымның,  дінің  аты-ислам.  Ислам  -  əрі  ғылым,  əрі  дін.  Ғылым 
болатын себебі оның негізін қалаған ғұламалардың ғұламасы–Алла 
тағала.  Алла  тағаланың  бір  аты  –  Ғылым.  [5  (10-11)]  Мына  біз 
ғұмыр сүріп жатқан дəуірдегі табиғат-ғылыми, Тарихи-жетістіктер, 
адамзат  өткеретін  оқиғалар,  апаттар-бəрі,  Бəрі  исламның  Бас, 
кітабы-Құран  кəрімде  ескерілген.  Ислам  ілімінде  бұрын  болған 
құбылыстар  да  келешектің  болмыстары  да  айқын  аңғартылған. 
Яғни ислам əрі дін, əрі ғылым. Бұл екеуін бірінен-бірін бөле-жара 
қарауға  да,  ажыратуға  да  болмайды.  Ислам-өзіне  дейінге  барлық 
діндердің  таза  асылдарын  тегіс  ішіне  сыйдырған  қортынды  – 
жиындық – жамиғи дін.  Аллатағала Мұхаммед расулды ақырдың 
пайғамбары деп танытты, оған құран Кəрімді нəсіп етті. Бұдан соң 
пайғамбар  болмақ  емес.  Құранда  солай  деген:  «Алла  дінін  бүкіл 

 
Халықаралық ғылыми тəжірибелік конференция 
 
 
280 
діндерден  үстем  қылу  үшін  тура  хақ  дінмен  жіберді.  Куəлік 
тұрғысында  Алла  жетіп  асады».  [48-сүре  28  аят].  Алла  Адам 
баласын ақыл жəне жан рух иесі етіп жаратқандықтан оған: көру, 
есту,  искеу,  сипау,  тату  (дəмін)-бес  түрлі  сезім  берді.  Осылар 
арқылы  біз  Алланың  жаратқан  табиғи  дүниесін  біле,  ажырата 
аламыз.  Екіншіден  Тəңірінің  жаратқан  ғаламын  тегіс  қамтуға 
аталмыш сезімдер қауқарсыздық танытады. Мұның арғы жағында 
терең де нəзік, жасырын жабық дүние жəне бар. Оны біз ақылымыз 
арқылы тамшылаймыз, рух арқылы сеземіз, сенім арқылы одан тіре 
табамыз жəне хабар аламыз. Хабар адамдарға табиғи сезім арқылы 
келеді.  Осы  екі  жолды  қатар  ұстау  дүниетанымдық  болмысты 
қалыптастыратын негізгі ғылымның исламның қасқа жолы болып 
табылады.  
Пайғамбар  хадисінде:  ғылымды  жасаушылар,  оны 
жақтаушылар, пейіште менің көршім болады делінуі ғылымның 
нағыз  ақиқатына  иланушылардың  мұсылман  екендігінің  куəсі 
деген. Осыдан біз ғылым мен ислам егіз екендігін түсінеміз. Ар, 
Ұят,  Ождан  –  Иманның  кілті.  Арұят  жəне  ождан  бар  жерде 
Иман  бар.  Басқаларды  жақсы  іс  -  əрекет  істеуге  шақыр,  жаман 
істерден қашыр. Өзіңе зияны тисе де шын сөйле. 
Адам  факторымен  айналысуға  ынталандыратын  бірнеше 
аяттар бар. Бұларға терең ой жіберген, Ислам дінің адамға деген 
маңыздылығы  айқын  аңғарылады.  Мысалы  мына  аяттарға 
тоқталып кетейін. «Іштеріңде жақсылыққа шақырып, туралықты 
əмір еткен жəне жамандықтан тыйған бір жамағат болсын. Міне, 
табысқа қол жеткізгендер тек осылар ғана» [ Əли Имран 3 (104) 
]Сендер 
адамдар  арасында  ең  қайырлы  үмбетсіңдер. 
Жақсылықта  əмір  етіп,  жамандықты  тыйып,  толықтай  Аллаһ 
тағалаға сенесіңдер» [Əли Имран 3 110] 
Осы жəне осыған ұқсас аяттар. Исламның адам мен ілімге 
берген маңыздылығын көрсету жағынан өте орынды.  
Ислам жүрек, рух, сана-сезімді ең жақсы түрде жəне тіпті - 
теңдікті  сақтай  отырып,  оларды  жаратылыс  мақсатына 
бағыттаған 1 [459] 
Енді  сабырлылық  туралы  тəрбие  айта  отырып,  құранға 
жүгінсек, одан Құдіретті Аллаһтың мынандай сөздерін оқимыз: 

Қазақ тілі – ұрпақ тəрбиесінің ұйытқысы 
 
                                                                              
281 
«Шынында  да  Алла–Тағала  шыдамдылармен  бірге  болады» 
Адам өміріндегі қиыншылықтарының бəрі шыдаммен сабырмен 
байланысты болып, төзіммен ұштасып отырады. 
Өзінің ашу-ызасын тежей алатын адам - жұртқа ықпал ету 
үшін,  өзіне  жүктелген  ақиқатты  түсіндіру  үшін  өз  сезімін 
ырқында ұстай білетін адам. 2[137] Өмірде адамдарға бақ қонса, 
Аллаға  шүкір  етіп,  егер  жаманшылық,  бақытсыздыққа  тап 
болып, сабыр сақтай білсе Алланың қайыр шапағатына кенеледі. 
Хадистерде  де  былай  делінген:  «Əрбір  адам  өзі  туралы  өсек 
тараған  кезде  бейтарап  бола  білсе,  яки  өсектен  сақтана  білсе, 
өсек тарағанда сабыр сақтаса, ол адам екі дүниеде де жақсылық 
иесі болады».  
«Əр адам терең ойланып, əдепті болуы, жақсы істерді өзіңе 
лайық етуі адамгершілік болады». 
«Дін–апин»  деген  ұранмен  халықты  ислам  ғылымынан 
аластап  келеді,  Ислам  –  ғылым,  Құран  сүрелері  мен  аяттары, 
хадистер  өмір  кодексі.  Біз  ғұмыр  сүріп  жатқан  дəуірдегі 
табиғат–ғылыми, 
тарихи–жетістіктер, 
адамзат 
өткеретін 
оқиғалар,  апаттар-бəрі  Исламның  Бас  кітабы–Құран  кəрімде 
ескерілген. Ислам ілімінде бұрын болған құбылыстар да айқын 
аңғартылған, яғни ислам əр дін, əрі ғылым. Бұл екеуін бірінен - 
бірін  бөле-жара  қарауға  да,  ажыратуға  да  болмайды.  Ислам  - 
өзіне  дейінге  барлық  діндердің  таза  асылдарын  тегіс  ішіне 
сыйдырған қортынды жиынтық–жамиғи дін 4 [264-265]  
Ислам дейтін атаудың мағынасы бейбітшілік деген ұғымды 
береді. «Құран» -ислам дінінің ең негізгі басты кітабы. «Құран» 
мұсылмандарға  құдайдың  құлы,  Мұхаммедтің  үмбетті  болуды 
үйретеді.  Барлық  іс  бір  Алланың  əмірімен  болатынын  айтып, 
адамдарды  сабырлы,  салиқалы,  мейірбан,  қайрымды,  күнəдан 
пəк болуға тəрбелейді.  
 
 
Əдебиеттер 
1.
  Фетхуллаһ  Гүлен  Ғаламның  рақым  нұры  Мұхаммед 
пайғамбар (сау). Алматы , 2007 ж. 
2.  Дін  –  ислам  дəрістері  «Ниет»  [134-138]  «Жұлдыз» 
журналы 2003 1 қаңтар. 

 
Халықаралық ғылыми тəжірибелік конференция 
 
 
282 
3. Имандылы туралы «Мың сұрақ» Алматы, 1991 ж. 
4. Ш.Əбдіраман Ақжан Машани Алматы, 2007 ж. 
5.  Берікбай  Сағындықұлы  «Ғылымның  ғажайып  сырлары» 
Алматы, 1997 ж. 
6. Келимович Л.И. Құран туралы кітап.  (ауд. О.Оралбеков) 
«Қазақстан» 1990 ж. 
7.  Ғ.Ақпанбек  «Құраның  математикалық  құпиясы»  «Өнер» 
Алматы, 2000 ж. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Оспанқұлова Г.Б. 
Алматы энергетикалық институты 
Алматы, Қазақстан 
 
ЭНЕРГЕТИКА ТЕРМИНДЕРІНІҢ МОРФОЛОГИЯЛЫҚ 
ТƏСІЛ АРҚЫЛЫ ЖАСАЛУЫ 
 
Терминді тану жəне термин жасау үшін, терминнің тілдегі 
басқа  сөздерден  айырмасын,  өзіндік  ерекшелігін  жəне  өзіндік 
белгісін  білу  керек.  Бұл  мəселеде  ғалымдар  пікірі  алуан  түрлі. 
Алайда  ғылымдағы  көпшілік  ғалымдарға  тəн  негізгі  белгілерін 
атап, оларға тоқталу қажет, себебі ол қазақ тіліндегі энергетика 
терминдерін танып, зерттеуге мол мүмкіндік береді. 
Əр ғылымның өзіне қатысты тарамдары бар. Осыған сəйкес 
зерттеу  обьектісі,  əрбір  ғылымға  тиісті  өзіндік  ұғымдары 
болады. Осындай ұғымдардың қасиеттері мен сырларын зерттеу 
арқылы  дүниені  танып  білеміз.  Əрбір  ғылыми-техникалық 
ұғымды  білдіретін  сөз  болады.  Сондай  сөздер  жиынтығы  тілде 
терминдер жүйесін құрайды. 

Қазақ тілі – ұрпақ тəрбиесінің ұйытқысы 
 
                                                                              
283 
Көпшілік  ғалымдар  терминнің  жүйелілік  белгісін  таниды. 
Терминнің  жүйелілік  белгісін  алғаш  ғылыми  түрде  дəлелдеген 
Д.С.Лотте болып саналады.  
Терминнің 
жүйелілік 
белгісі 
В.С.Кулебакиннің,                   
А.А.  Реформатскийдің,  Ф.Сороколетовтың,  Ө.Айтбаевтың, 
Ш.Құрманбаевтың  терминге  берген  анықтамаларында  негізгі 
орын алған. 
Азербайжанның  көрнекті  тілшісі  А.А.Оруджев:  «дербес 
мағынасы бар кез келген сөз, мейлі ол зат есім болсын, мейлі ол 
сын есім болсын, тіпті етістік пен үстеу де термин бола алады»,-
дейді. 
Г.О.Винокур терминдер тек зат есім болуға тиіс деген пікір 
айтады.  Яғни  термин  болу  үшін  сол  сөз  заттануы  керек.  Ол 
əсіресе  қимыл  атауларына  назар  аударады.  Техникалық 
терминдердің  көбі  қимыл  мен  процесс  атаулары    болуы  керек 
деген қорытынды жасайды. 
Терминдердің  кейбіреуі  терминдік  қызметінен  айырылып, 
жалпы  халықтық  лексикаға  өтіп  отыруы  мүмкін.  Немесе 
терминдік ұғымдарда да, жалпы лексиканың құрамында да келе 
береді.  Бұл  кезде  ол  сөздердің  əрқайсысы  бір  сөздің  қызметін 
емес,  бірнеше  сөздің  қызметін  атқарады,  яғни  омонимденеді. 
Бұдан терминдік ұғымды білдіретін бір сөзді екі түрлі аспектіде 
қарау  керектігін  айқындайды.  Сондықтан  терминді  тіл 
жүйесінен бөліп қарауға болмайды.  
Жалпы  халықтық    ұғымда  бұрыннан  бар  ұғымның 
атауымен  қоса,  жалпы  лексикалық  өрістен  белгілі  бір 
терминологиялық  өріске  өткен  сөздердің  бірі    күш,  өріс,  көз, 
ылғал, деңгей т.б. 
Мысалы, ылғал, ылғалдылық сөздерінің терминдік мəні тар 
мағынада белгілі бір затқа, құбылысқа қатысты нақты айтылса, 
жалпы қолданыста ылғал сөзінің ауқымы кең. 
Биыл  жерде  ылғал  өте  мол.  Бұл  сөйлемде  ылғал  жауын-
шашын,  қар  көп  болды  деген  мағынада  айтылады.  Көптеген 
сөздердің  жалпы  халықтық  мағынасымен  бірге  терминдік 
мағынасының арасында байланыс сақталып отырады.  

 
Халықаралық ғылыми тəжірибелік конференция 
 
 
284 
Жалпы  əдеби  тілдегі  омонимдер  мен  терминологиялық 
омонимияны  бірдей  деп  қарауға  болмайды.  Белгілі  тіл  маманы 
А.А.Реформатский  термин,  ұғым,  сөз  түсініктерінің  өзара 
байланысы  жөніндегі  пікірлерді  салыстыра  отырып,  екі  түрлі 
бағытқа тоқталған. Яғни терминді белгілі бір затпен байланысты 
қарайтындар, 
екіншісі-терминді 
ұғыммен 
байланысты 
қарайтындар. 
А.А.Реформатскийдің  байқауынша  терминді  ұғыммен 
байланысты  қарайтындардың  бағытының  кең  етек  алып  дамып 
келе 
жатқандығын, 
яғни 
оның 
ғылымда 
анығырақ 
байқалатындығын көруге болады. 
Терминдердің  көп  мағыналығы.  Мысалы,  анықтау,  ашу, 
зерттеу;  қолдану,  пайдалану-бұлар  бір-біріне  жуық  синоним 
болып есептелінеді. Яғни ауыстырылып қолданыла береді. 
Жаңа  термин  белгілі  бір  мұқтаждыққа  орай,  белгілі  бір 
ұғымды  дəл,  анық,  нақты  əйгілеу  үшін  жасалады.  Əр  тілдің 
лексика-семантикалық  жүйесі  сөздер  санының  өсуімен  ғана 
дамымайды,  сонымен  бірге  сөз  тудырушы  əдістер  арқылы 
дамиды.  Жаңа  термин  жасау,  оның  терминологиялық  қорын 
байытып  терминологиялық  жүйесін  реттеудің  негізгі  көзі,  сол 
тілдің сөздік құрамы, ұлттық тіл лексикасыболып саналады. 
Терминолог Б.Қалиев халықаралық терминдерді қабылдау-
дың төрт жолын көрсеткен. 
1) қазақ тілінде баламасын табу 
2) аудару 
3) жаңадан сөз жасау 
4) халықаралық терминдердің өзін алу. 
Терминдер  де  байырғы  сөздер  секілді  тілде  бұрыннан  бар 
сөздер  мен  түбірлер  негізінде  жасалады.  Жаңа  термин  қандай 
материалдардан, қалай, қашан жасалса да ең алдымен мынадай 
негіздерге сүйенеді: 
а) қосымшалар 
ə) сөз біріктіру 
б) сөз қысқарту (аббревациялау) 
яғни  бұлардың  қатарында  əр  тілге    тəн  бірнеше 
құрылымдық  типтер  кездеседі.  Олар  түбір,  туынды  түбір, 
күрделі сөз, сөз тіркесі. 

Қазақ тілі – ұрпақ тəрбиесінің ұйытқысы 
 
                                                                              
285 
Қазақ  тілінде  энергетикалық  терминдер  түбір  сөздер, 
қосарланған  сөздер,  сөз  тіркестері  болып  келеді.  Мұндай 
құрылымдық  типтерді  Қ.М.Атамұратованың  (физика  термин-
дерінің  орысша-қазақша  сөздігі,  Алматы  1981),  Ə.Хасеновтың 
(орысша-қазақша терминология сөздігі, Ғылым 1959, 2-ші том), 
орысша-қазақша  терминологиялық  сөздіктерден  (Рауан  2000,            
5-ші том) байқауға болады. 
Түбір сөздерге екі не одан да көп түбір сөздердің бірігіп бір 
мағына  білдіретін  сөздер,  мысалы  радиожиілік  (радиочастота), 
теледидар (телевидение), шымтезек (торф) т.б. 
Энергетика  терминдерінде  қос  сөздерден  жасалған 
терминдер де жиі қолданылады. Мысалы, альфа-ыдырау (альфа-
распад),  кеңістік-уақыт  (пространство-время),  қарама-қарсылық 
(противоположность). 
 Қос  сөздер  –лық,-лік,-дық,-дік,-тық,-тік  сын  есім  тудырушы 
жұрнақтар  арқылы  да  қолданылады.  Мысалы,  физика-химиялық 
(физико-химический), 
электромагниттік 
(электромагнитный), 
вольт-амперлік  сипаттама  (вольт-амперная  характеристика), 
оптика-электрондық 
өлшеуіштік 
трансформатор 
(оптико-
электронный измерительный трансформатор) т.б. 
Сын  есім  тудыратын  -лы,-лі,-ды,-ді,-ты,-ті  жұрнақтары 
арқылы  жасалынған  терминдер  де  жиі  кездеседі.  Мысалы,  бу-
газды 
қондырғы 
(парогазовая 
установка), 
ауа-қағазды 
оқшаулама  (воздушно-бумажная  изоляция),  ауа-реактивті 
қозғалтқыш  (воздушно-реактивный  двигатель),  шаң-тозаңды 
пана жайлар (пыльные помещения) т.б. 
-ма,-ме,-ба,-бе,-па,-пе; 
-уық,-уік; 
-ым,-ім; 
ғыш,-гіш,-қыш,-кіш; 
жұрнақтары 
арқылы 
жасалған 
терминдер  де жиі  қолданылады.  Мысалы,  тұнба,  тіреуіш,  өнім, 
қозғалтқыш, жарықтандырғыш, тұйықтауыш, қысым т.б. 
 -у  қимыл  есімді  терминдері  энергетика  саласында  өте  көп 
қолданылады.  Техникалық  ғылымдар  терминологиясы  қалай 
болғанда да қимыл есімінсіз қалыптаса алмаса керек. Энергияны 
өндіру, тасымалдау, өңдеу, жөндеу, реттеу, басқару, жеткізу т.б. 
сияқты нақты іс əрекет жүзеге асырылып жатады. Терминдердің 

 
Халықаралық ғылыми тəжірибелік конференция 
 
 
286 
пайда болуына осы іс əрекеттер негіз болады. Екі я одан да көп 
компоненттен тұрып, нақты іс əрекеттерді білдіреді.  
Бұл аталған жұрнақтар энергетика терминдерін жасауда əр 
түрлі  сөз  таптарына  жалғанып,  термин  жасауда  өнімді 
жұрнақтар қатарына жатады,-дейді академик Əбдуали Қайдар.  
-ғыш,-гіш  жұрнақтары  орыс  тіліндегі  мына  жұрнақтарға 
балама бола алады. Мысалы, -ка дробилка (майдалағыш), -тель 
показатель  (көрсеткіш),  теплоноситель  (жылутасығыш),  -мер 
газомер (газ өлшегіш). 
Энергетика  терминдері  екі,  үш  жəне  төрт  сыңарлы  болып 
келеді.  Жəне  де  олардың  əр  компоненті  жеке  тұрғанда 
терминдік  мəнге  ие  болады.  Мысалы,  қайнар  көз,  жанар  май, 
құрғақ газ, механикалық бұрғылау, дизельдік бензин т.б. 
Қазіргі кезде орыс тілінің орфографиялық нормасын сақтап 
қалған  атау  септігінде  қолданылатын  сөздер:  телескоп,  градус, 
атом, грамм, ядро т.б. 
Сонымен  термин  туралы  сөз  еткенде  біз  ең  алдымен  оны 
ғылым  мен  техниканың  немесе  адам  қызметінің  бір  арнаулы 
саласында  ғана  қолданылатын  сөз  деп  түсінеміз.  Шындығында 
да  белгілі  бір  салаға  ғана  қатыстылығы-оны  тіліміздегі  термин 
емес  сөздерден  ажырататын  мəнді  белгілерінің  бірі  болып 
табылады. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет