Г. Х. Демесінова, Х. Б. Мағзұмов тілдер типологиясының негізгі ұҒымдары



бет17/32
Дата06.01.2022
өлшемі318,5 Kb.
#12230
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   32
2.2.2. 4 Синтаксистік типология

Синтаксистік типология синтаксистік деңгей бірліктерін салыстырумен айналысады. Салыстыру үшін сөз, сөз тіркесі мен сөйлем негізгі бірліктер болып қызмет етеді. Зерттеу сипатына қарай синтаксистік типология бірнеше бөлімнен - сөз тіркесі деңгейі бірліктерін салыстырудан, сөйлем деңгейінен, сол сияқты синтаксистік функцияларын ескере отырып, түрлі деңгейлер бірліктерін салыстырудан құралуы мүмкін. Синтаксистік типология әдетте тілдерді трансформациялық синтаксис негізінде салыстырады.

Синтаксистік типология мәселелерін алғашқы болып, И. И. Мещанинов, Т. Милевский, Ч. Е. Базелл, А. Мартине, В. Брендаль, Ю. В. Рождественский, Г. П. Мельников, Н. Хомский және басқалары қолға алған. Типология жөніндегі қазіргі еңбектерде синтаксистік типологияның әр қырлары қарастырылады. Мысалы, И. И. Мещаниновте сөйлем мүшелері әмбебап категориялар ретінде көрінсе, Ч. Е. Базелл тілдердің жүйелерін салыстырғанда морфологиялық және синтаксистік деңгейлерді біріктіреді, Т. Милевский концентриялы сөйлемді тілдер мен эксцентриялы сөйлемді тілдерді ажыратады, әмбебап синтаксис құру және басқалары ұсынылады. Е. Куриловичтің, И. И. Мещаниновтың және басқаларының еңбектерінде эргативті құрылым мәселелері қарастырылады. Н. З. Гаджиева түркі тілдерінің жалғамасы мен синтаксистік құрылысының өзара қатынасы проблемаларын қарастырады. А.А. Юлдашев пен басқалары аналитикалық тұлғаларды бөлу критерийлерін анықтау мәселелерімен айналысады.

В.С. Храковский мен басқалары нақты лингвистикалық категорияларды синтаксистік сипаттаудың нақты ұстанымдарын, сол сияқты «негізінде сөйлемдер мен құрылымдарының жүйесі ұйымдасатын қатынастар типін сипаттау» тәсілдерін жасауда.

Тіл жүйесін синтаксистік сипаттаудың, соның ішінде типологиялық сипаттаудың жалпы мәселелері В. Г. Адмони, Н. Д. Артюнова, И. Ф. Вардуль, А. М. Мухин, В. Д. Аракин және басқаларының зерттеулерінде қарастырылған.

Ю. В. Рождественскийдің зерттеулерінде синтаксистің негізгі типологиялық сипаттары, әмбебаптардың мазмұнындағы синтаксис категориялары туралы мәліметтер мен синтаксистік әмбебаптарды бөлудің көптеген нақты мәселелері жан жақты сипатталады.

Проблемалардың басым көпшілігі синтаксистік типологияның нақты мәселелеріне қатысты. Алайда синтаксистік типологияның барлық мәселелерін толық қамтитын тізбе әзірше жоқ. Бұл мәселелердің қатарына төмендегі тақырыптардың кіруі мүмкін: синтаксистік типологияның пәні мен көлемін анықтау, синтаксистік типологияның негізгі критерийлері мен метатілін құру, синтаксистік типологияны лингвистикалық типологияның басқа бөлімдерінен шектеу және олардың өзара байланысын белгілеу, синтаксистік универсалийлер жасау, әлем тілдерінің (жекелеген генетикалық, генетикалық-типологиялық және типологиялық-туыстас тілдердің) синтаксисінің жүйесін анықтау, синтаксистік байланыстардың (атрибутивті, комплетивті, предикативті, т.б.) типтерін анықтау, негізгі синтаксистік категорияларды бөлу, синтаксистік құрылымының негізінде тілдердің типтерін жіктеу және басқалары.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет