2.2.2.3 Морфологиялық типология
Морфологиялық типология зерттеулерінің шеңбері өте кең. Ол морфологиялық деңгей бірліктерін салыстырады. Зерттеу сипаты бойынша морфологиялық типологияны екі типке бөлуге болады:
1) тілдерді морфологиялық жіктеумен айналысатын морфологиялық типология;
2) грамматиканың жекелеген нақты мәселелерімен айналысатын морфологиялық типология;
Біріншісі тілдік типтерді аңықтаумен айналысатын классикалық типологиялық жіктеудің жалғасы болып табылады. Ол тілдерді белгілі бір типтер бойынша жіктеудің жалпы мәселелерімен айналысады.
Морфологиялық типологияның екінші типі салыстырудың жекелеген мәселелерімен айналысады, онда салыстырудың, пәні ретінде мыналарды алуға болады: түрлі тілдерде грамматикалық категорияларды салыстыруды, грамматикалық категорияларды айту тәсілдерін анықтауды, түрлі жүйелердің тілдеріндегі грамматикалық мәндерді айтуды, морфологиялық маркерлердің сипатын анықтауды, аффикстік морфема мен көмекші сөздердің (предлогтар мен септеуліктің) синонимдік қатынастарын анықтап, бекітуді, сөз таптарын (зат есім, сын есім, есімдік, етістік, үстеу, сан есім және басқаларын) салыстыруды, сөздердің лексикалық-грамматикалық разрядтарының грамматикалық категорияларын (септік, сан, белгілі-белгісіз, жанды-жансыз, ауыспалық-ауыспаушылық, мезгіл, аспект, етіс, рай, модальдік және т.б.) салыстыруды, түрлі тілдердегі парадигманың сипатын анықтауды, грамматикалық категорияларды айтудың морфологиялық және морфосинтаксистік тәсілдерін, сөз түрлену нышандарын, синтетизм мен аналитизмді анықтау және басқаларын іріктеуге болады. Морфологиялық типологияда негізгі өлшем бірліктері болып морфемалар қызмет ете алады.
Категорияльды морфологиялық типология көрсетілген құбылыстарды туыстас, сондай-ақ туыстас емес тілдер жүйесінде, әмбебап тұрғысында, сондай-ақ екі тілде бинарно салыстырады.
Дегенмен деңгейлік жол барлық тілдерде бірдей өзін ақтай бермейді. Деңгейлік морфологиялық типология морфологиясы дамыған тілдер жүйелерін салыстырғанда пайдаланылуы мүмкін. «Очерки по сравнительной морфологии тюркских языков» (А.М. Щербак) және басқалары осы сипатты еңбектерге жатады. Ағылшын тілі жүйесін түркі тілдері жүйелерімен салыстырғанда салыстырудың ішінара ғана пайдаланылуы мүмкін, себебі ағылшын және түркі тілдері морфологиясының даму сипаты түрліше.
Достарыңызбен бөлісу: |