Г. И. Бейсенова


Информатиканы оқыту түрлері



бет27/111
Дата04.11.2022
өлшемі2,71 Mb.
#47479
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   111
Информатиканы оқыту түрлері

Информатика пәнінің маңызды ерекшелігі – оқушылардың компьютердегі жүйелі жұмыс істеуі болып табылады, сондықтан сабақтарды көлемі мен компьютерді пайдалану сипаты бойынша: демонстрация, зертханалық жұмыс, практика деп жіктеуге болады.
Демонстрация. Мұғалiм демонстрациялық экранды, интерактивті тақтаны қолдана отырып курс мазмұнының әртүрлi оқу элементтерiн (графикалық, фото-, бейнематериалдар) презентация түрінде көрсетедi. Компьютердiң көмегiмен демонстрация жасаудың дидактикалық мүмкiндiктерi мен рөлiнің өсуiн визуализациялаудың техникалық құралдары мен оқу мақсатындағы компьютерлік программалардың (мультимедиялық дәріс-сабақтары, демонстрациялық және ақпараттық-анықтама программалары) әр талдауларымен түсіндіріледі. Демонстрацияның негiзгi дидактикалық қызметi – жаңа ұғымдар мен іс-әрекет тәсілдерін қалыптастыру.
Зертханалық жұмыс. Барлық оқушылар өз жұмыс орындарында программалық құралдармен жұмыс жасайды, дидактикалық қызметi әртүрлi болуы мүмкiн: жаңа материалды меңгеру (компьютерлік оқыту ортасы, модельдеу программалары, оқу мақсатындағы сараптама жүйелері, ақпараттық-здеу жүйелері), жаңа материалды бекiту (жаттырушы-программалар, үйретуші-программалар), алынған бiлiмдi меңгеруін немесе операциялық дағдыны тексеру (бақылау және тестілеу программалары, компьютерлік оқу ойындары). Зертханалық жұмыс уақытында мұғалiмнiң ролi – оқушылардың жұмысын бақылау (жергiлiктi желi арқылы), сонымен қатар оларға жедел көмек көрсету (кеңес беру) болып табылады. Осындай сабақтар білім, біліктілік пен дағдыны жетілдіру мақсатында, оларды қалыптастыру, жалпылау, жүйелеу және мақсатқа сай қолдануда, сонымен қатар, оқушылардың оқу үлгерімдерін ағымдық бақылауда қолданады.
Практикум (немесе оқу-зерттеу практикасы). Оқушылар мұғалiмнен өздiк жұмысы (бiр-екi немесе одан да көп сабақ көлемiне тапсырмалардың жартысын сабақтан тыс уақытта, үйде орындауға) үшiн жеке тапсырмалар алады. Ереже бойынша, практикумдар практикалық және оқу дағдылары мен біліктіліктерін түпкілікті бекіту үшін, сонымен қатар курстың толық тарауының (тақырыбының) теориялық материалдарын меңгеру дәрежесін тексеру үшiн қолданылады . Осы мақсатта әр түрлі модельдеуші программалар, соның ішінде нысанның қасиеттерін зерттеудің креативті жағдайын құрушы интерактивті конструкторлар, генерациялаушы және есептеуіш программалар, оқу мақсатындағы сараптама жүйелері қолданылады.
Соңғы жылдары жоғарғы сыныптарда дәрістік-семинарлық жүйе элементтерін енгізу басталды. Өткізу түрлеріне қарай ақпараттық дәрістер – материалды мультимедиалық презентациялардың, анимацияланған графикалық нысандардың, суреттердің, кестелердің, сызбалардың және т.б. көмегімен баяндау; визуальді дәрістер – материалды көбінесе техникалық құралдардың: бейне- және дыбыстық бейнебаяндар, қысқа түсініктеме беру арқылы сараптаманы мультимедиялық демонстрациялау; дәріс-кеңес беру – тақырыпты оқытуда айқын сөйлеу практикалық бағыттылығының тиімділігі. Техникалық қолдау ретінде мультимедиалық презентациялардан басқа электрондық оқулықтардың, мультимедиалық энциклопедиялардың үзінділерін, білім беру мақсатындағы интернет-ресурстарын қолдануға болады.
Семинар-сабақ сыныптың барлық ұжымын оқу материалының мазмұнын өңдеудің белсенді дербес іс-әрекетіне қосуға мүмкіндік береді, оқу материалымен алғашқы танысу дәрісте өткізіледі . Жұмыс мұғалімнің жетекшілік етуімен іске асырылады, оқушыларға жауаптары оқулықта жоқ, олардан білім, біліктілік пен дағдыны меңгерудің репродуктивтіктен шығармашылыққа дейінгі белгілі бір деңгейін талап ететін, әртүрлі деңгейдегі тапсырмалар (сұрақтар) топтамасы ұсынылады. Оқушылар топтарға бөлінеді, әр топқа кеңесші-үйлестіруші бөлінеді және жеребе тарту нәтижесі бойынша тапсырмалар жиынтығын алады, оны орындауға белгілі бір уақыт (15-25 мин) бөлінеді. Материалды беру түрі алдын ала анықталуы тиіс. Семинардың сұрақтарына жауап беру үшін оқушылар дәрістердің конспектісін, әртүрлі ақпараттық-іздеу жүйелерін, электрондық энциклопедиялар мен анықтамаларды қолдануларына, мұғалімнен кеңес алуларына болады. Сосын әр топ өздерінің хабарламаларын айтып шығады, артынан семинардың барлық қатысушылары талқылауға қатысады.
Өзіндік мақсаты материалды жалпылау және курстың қандай да бір тарауының (бірнеше туыстас тақырыптардың) ең маңызды проблемасы бойынша білімді тереңдетіп оқытуды ұйымдастырудың ұтымды түрі оқу конференциясы болып табылады. Бұл семинар сабақтың бір түрі. Ол ақпараттың әртүрлі көздерімен жұмыс істеу біліктіліктерімен байланысты, қойылған сұраққа жауап іздеу, өзіндік көзқарас туғызу, ойын ықшамды және ашық баяндау үшін өзінің баяндамасын мультимедиалық сүйемелдеуде мәтінді, графиканы, дыбысты өңдеу технологияларын меңгеруі сияқты үлкен дайындық жұмыстарын талап етеді. Оқу конференцияларының тақырыбы оқу бағдарламасының шеңберінен шығып кетуі мүмкін. Конференцияның білім беру мәні оларға дайындық кезінде оқушылар электрондық білім ресурстарымен өз бетімен жұмыс істеуге дағдыланады, нақты есепті шешу үшін алған теориялық және технологиялық білімдерін қолдана алады.
4. Сабақ және оның құрылымы. Сабаққа қойылатын талаптар. Мұғалімнің сабаққа дайындалуы және оны жүргізуі. Сабақты талдау оқу үдерісінің әдістемелік құрамдас бөлігі ретінде. Оқушылардың жетістіктерін бақылау және бағалау жүйесі.

Сабаққа және жалпы оқытуға дайындық кез келген саналы әрекет сияқты жоспарлаудан басталады. В.И.Загвязинский атап өткендей, мұғалімнің бұл жұмысын шартты түрде жанама және тікелей деп бөлуге болады .




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   111




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет