Г. И. Бейсенова



бет24/111
Дата04.11.2022
өлшемі2,71 Mb.
#47479
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   111
3. Сабақты жоспарлау
Мұғалімнің сабаққа дайындығының соңғы кезеңі – сабақты жоспарлау, нәтижесі сабақ жоспары (немесе конспект) болып табылады.Мұғалімдік қызметін жаңа бастаған ұстаз толық конспекті немесе жан-жақты ашылған сабақ жоспарын құрастырғаны дұрыс, ал тәжірибелі мұғалім қысқаша жоспар құрастыруына болады. Дегенмен, жоспар жұмыс құжаты ретінде кез келген мұғалімге қажет: ол ойдағыны рет-ретімен, толықтай іске асырып, уақытты ұтымды пайдалануына септігін тигізеді, мұндай жоспар бұдан кейінгі жұмыстардың тірегі бола алады [13].
Сабақ жоспары — оқушылардың сабақ материалымен жұмыс істеуін ұйымдастырудың әдістемелік нұсқасы. Мұнда сабақ тақырыбы мен мақсаты (білім алушылық, дамытушылық, тәрбиелік), уақытты кезеңмен үйлестіру (орындалған тапсырманы тексеру, жаңасын түсінідіру, жаттығулар және т.б.), сабақтың қысқаша мазмұны баяндалады. Соңғы бөлімде тексерілетін немесе жаңа материалдың негізгі элементтері, соған сәйкес әдістемелік тәсілдер, оқу әдістері – әңгімелесу (онда сұрақтар әзірленеді), жаттығулар (есептер алдын ала шығарылуы керек), баяндау әдістері, көрсету, иллюстрациялау, өздік жұмыстарының мазмұны мен формалары, үй тапсырмасы жазылады. Жоспарланған сабақтың іс жүзіндегі сабақпен үйлеспеуіне байланысты сабақ жоспарларының қосалқы нұсқасының болғаны пайдалы. Тапсырмаларды өзгелерден бұрын орындаған оқушыларға немесе көзделген уақыттан бұрын орындалған жағдайларға қосымша материалдың дайын болуы абзал. Информатика сабағында кейде компьютермен жұмыс жасауға мүмкіндік болмай қалуы ықтимал (бірқатар компьютерлердің істен шығуы, жергілікті желі немесе модемнің жұмыс істемеуі, электр қуатының өшіп қалуы және т.б.), осындай жағдайлар үшін басқа жұмыс формаларын, соның ішінде машинасыз нұсқалы тапсырмалар алдын ала дайын болғаны жөн.Мұғалім күтілетін нәтижелерді болжауы керек: ұғымдар мен іс-әрекеттерді меңгеру, түсініктерді қалыптастыру, тәжірибе алу және т.б. Нәтижеге жетуді қамтамасыз ететін құралдар мен оқушылардың материалды нақты игеру деңгейін анықтайтын критерийлер, тұлғаның жалпы даму деңгейі, тәрбиеленушілердің азаматтық және адами қасиеттерінің қалыптасуы жоспарда орын алуға тиіс.Дегенмен, жоспар догмаға айналмауы керек, мұғалім мен оқушының ара-қатынасы қатаң сызбалармен шектеліп, барлығын «жоспар бойынша» орындауға ұмтылмауы тиіс. «Мұғалімнің шабыты, оның үйдегі дайындығынан оқушылардың әсер алуы сабаққа жан бітіреді. Сабақ жанданып, кейде басқа бағытқа ауысады. Осы іспетті ойдағыдай шыққан сабақтардан кейін ойдағы ұтымды сәттер ұмытылып кетпегенше қолға қалам алып, конспектілей бастайсың».




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   111




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет