Г. И. Бейсенова


Лекция №5. Мектепте информатиканы оқытуды жоспарлау және ұйымдастыру



бет23/111
Дата04.11.2022
өлшемі2,71 Mb.
#47479
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   111
Лекция №5. Мектепте информатиканы оқытуды жоспарлау және ұйымдастыру.



  1. Информатиканы оқытуды жобалау

2. Тақырыптық жоспарлау
3. Сабақты жоспарлау



    1. Информатиканы оқытуды жобалау

Сабаққа және жалпы оқытуға дайындық кез келген саналы әрекет сияқты жоспарлаудан басталады. В.И.Загвязинский атап өткендей, мұғалімнің бұл жұмысын шартты түрде жанама және тікелей деп бөлуге болады [13].
Жанама дайындық мұғалімнің білім, әсер, тәжірибе жинақтауымен, мәдениетпен шұғылдануымен, бүтіндей қабілеттері мен жеке бас ерекшеліктерінің дамуымен байланысты. Бұл үрдістер әдебиеттерді оқу кезінде, телебағдарламалар, кинофильмдер қарау, театрлар мен мұражайларға бару, әңгімелесу кезінде өлшеусіз және еріксіз жүреді. Жанама дайындыққа іргелі ғылыми негіздерді және пән мұғалім-ұстаз үшін базалық ғылымның жаңа жетістіктерін және де онымен шектес басқа да ғылым салаларын оқуды жатқызуға болады.Курсты немесе курс бөлімін оқытуға тікелей дайындық бағдарламаларды, кітаптарды, оқу құралдарын, ғылыми және әдістемелік әдебиететтерді оқудан тұрады. Тікелей дайындықтың міндетті элементі – оқытуды жоспарлау, ол білім беру үрдісін ұйымдастырудың ең маңызды кезеңі болып саналады.Жоспарлаудың төрт түрі бар, нәтижесінде олардың әрқайсысына сәйкес жоспар болады. Олар: білім беру мекемесінің жұмыс жоспары және оқу бағдарламасы, тақырыптық (күнтізбелік-тақырыптық) және сабақ жоспарлары. Соңғы екеуі мұғалімнің негізгі жоспарлары.
2. Тақырыптық жоспарлау
Тақырыптық жоспар бүтіндей оқу жылына әзірленіп, оқу курсының барлық ірі тақырыптары мен бөлімдерінің қысқаша мазмұнынан тұрады. Жалпы айтқанда, жылдық тақырыптық жоспар – бұл барлық сабақтар тақырыптарының тізімі, басты мақсаты сабақтың оңтайлы мазмұнын анықтау және оларға қажет уақытты есептеу болып табылады.
Тақырыптық жоспар мына бөлімдерден тұрады:
1) тақырыптар атаулары мен барлық сабақтардың мақсаттары;
2) сабақтардың формалары;
3) оларды оқытуға жұмсалатын сағат саны;
4) тірек білім мен ептілік;
5) алдын ала және қорыта қайталау тақырыптары;
6) көрнекі құралдар мен оқу жабдықтарының тізімдемесі;
7) оқу-әдістемелік құралдар;
8) пәнаралық байланыстар;
9) сабақ формалары (жалпылаушы және сынақ тапсырмалар бекітіледі, өздік жұмыстардың тақырыптары мен формалары белгіленеді).
Әрбір тақырып бойынша негізгі ұғымдар, әрекет тәсілдері, ақпарат көзі бөлініп алынады. Тақырыптық жоспарлау – белгілі бір тақырып немесе оқу бағдарламасының бөлімі бойынша, сабақтар мен сабақтан тыс жұмыстар жүйесіндегі оқу-тәрбиелік үрдістің білім беру, дамытушылық және тәрбиелік қызметтерін жүзеге асырудың оңтайлы жолдарын анықтауға арналған. Олар сабақты белгілі бір жүйеге салуға, жұмыстың келешегін көруге мүмкіндік береді, жабдықтарды сабаққа алдын ала даярлауға, жаңа материалды меңгеруге, қажетті білім мен ептілікті өзекті етуге бағытталған оқушыларға алдын ала тапсырмалар ойлап табуға көмектеседі. Ең бастысы, барлық тақырып арқылы жетекші ережелерді өткізу, оқушылардың бүтіндей түсінігін және әрекеттің аяқталған тәсілін қалыптастыру мүмкіндігі пайда болады. Тақырыптық жоспар – мұғалімнің күрделі ойлауының жемісі, оқытылатын тақырып мақсаттарын, сабақты, оларға жетудің жетекші құралдарын ұғыну.Заманауи дидактика мен әдістемеде оқу үрдісін жоспарлау технология деңгейіне жетті [45 және т.б.]:
2.-кесте. Күнтізбелік-тақырыптық- жобалау үлгісі.






Информатика пәні бойынша 200_/200_ а.ж. І (ІІ) жарты-жылдығына күнтізбелік-тақырыптық жоспарлау


Сыныптар: _______
Мұғалім: _________
Сағат саны:
Барлығы __ сағ.; аптасына __ сағ. .
Жоспарлы бақылау сабақтары __, сынақтар __, тестілер __7
Жоспар ________________________ негізінде құрастырылды.
(құжат көрсетілуі тиіс)
Оқулық ___________________________________
(атауы, авторы, баспасы, баспадан шыққан жылы)
Қосымша әдебиеттер_________________________________
(атауы, авторы, баспасы, баспадан шыққан жылы)
Түсіндірме қағаз (таңдаудың,өзгерістердің, қосымшалардың және т.б. дәлелдемелер
Тақырыптық жоспарды компьютерде немесе үлкен парақтарда кесте түрінде рәсімдеген ыңғайлы. Курстың әрбір бөліміне жеке парақты бөлуге болады. Әрбір кестенің бағанасына әр сабақтың мәліметтері жазылады. Мұндай жағдайда сабақтың әр бөлігі тігінен қаралады.

2.5-кесте. Информатика пәнінің 200_/200_ оқу жылының __ жартыжылдық оқыту-тәрбиелік жұмыстың күнтізбелік-тақырыптық жоспары



М.И. Махмутов мұғалімдерді біліктілігі жоғары мамандармен құрастырылған тақырыптық жоспармен қамтамасыз ету керектігін айтады. Ол бағдарламаны оңтайлы меңгеруді, оқушылардың интеллектуалдық дамуын және жан-жақты тәрбие алуын қамтамасыз ететін тақырыптық жоспардың бірыңғай дидактикалық сызбасын ұсынды. Бұл сызба үлгі ретінде қолданылады, мұғалімдер оны оқу-тәрбиелік үрдіс кезінде нақты шарттарға сәйкес қана өзгерте алады (2.2-кесте). Күнтізбелік-тақырыптық жоспар алуан түрлі тәсілмен әзірлене алады. Мұндай жоспар құрылымдарының мысалдары 2.2-2.5- кестелерде көрсетілген


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   111




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет