ОЖжүктеуүрдісі.ОЖ файлдары әдетте қатты – жүйелікдискідетұрады. Жедел жадыға әуелі ОЖорындалатынбағдарламасыжүктеледі. ОЖ барлық файлдары қатарынан жедел жадыда түруы мүмкін емес, себебі олар ондаған мегабайт орын алады.
Компьютерді қосқан соң жедел жадыға ОЖ жүктелуі басталады, яғни жүктеушіпрограмма(загрузчик) орындалады. Жүктелу кезеңмен өтеді. Тұрақты сақтау құрылғысында (ТСҚ) тұрған, бірінші кезеңдегі жүктеушіжәне компьютерді тестілеубағдарламалары,компьютерді қосқан кезде жұмыс жасай бастайды.
Бұл үрдістің барысы туралы ақпарат экранда шығып отырады. Процессор жүктеуші дискінің басынанкішкентай жүктеушібағдарламаныіздейді де, ол бағдарламаны жедел жадыға көшіріп жазып, басқаруды соған береді.
Одан әрі, дискіден ОЖ негіздікмодулініздейді және жедел жадыға жүктейді де, басқаруды соған береді.
Негіздік модульдің құрамына кіретін бастыжүктеуші, ОЖ басқа модульдерін іздейді де, оларды жедел жадыға жүктейді.
Бұл тәртіп, әрдайым компьютердің қоректену блогын қосқан сайын орындалады (орысша “холодный"старт).
Көбінесе қайтадан жүктелу тәртібі (Resetпернесібасылғанда)жиі қолданылады, бірақ бұл жағдайда компьютердің құрылғыларының тестіленуі орындалмайды (орысша“горячий” старт).
ОЖ жүктелуі аяқталған соң, басқару командалықпроцессорғберіледі де, экранға жұмыс істеуге шақыру хабарламасы шығады.
Файлдардыұйымдастыру.Оқушыларға баяндалатын негізгі түсініктер: файлдыңатауы,файлдыңтипі,файлдыққұрылымы,логикалықдиск,каталог, файлғабаратынжол,каталогтарағашы. Файлатауы– файл атынан және нүктемен бөлініп жазылған файл кеңейтімінен тұрады. Мысалы: sys.com, io.sys, norton.exe.
Файлдыңкеңейтімі(типі, заты) – сақталған ақпараттың затын, яғни қай программада құрылғанын және қандай файл (орындалушы, архивтік, т.б.) екенін көрсетеді.
Дискініңфайлдыққұрылымы— ол дискідегі файлдар жиынтығы және олардың өзара байланыстары.
Логикалықдиск— ол меншік атауыберілген нақтылы диск немесе нақтылы дискінің бөлігі. Логикалық дискілердің атаулары қос нүкте жалғасқан латын алфавитінің бірінші әріптерімен беріледі. Әдетте қатты диск бірнеше логикалық (С:, D: т.с.с.) дискілерге бөлінеді.
Каталог(директорий) – белгілі бір ортақ қасиеттеріне қарай магниттік дискіде бір-бірімен қатар орналастырылған файлдар, ішкі каталогтар жиынына қойылған атау. Түбірлікаталогдеп – C:\, D:\ т.с.с. дискілерінде орналасқан, немесе басқа каталогтардың ішіне жатпайтын, ең жоғарғы деңгейдегі негізгі каталогты айтады.
Файлғажол— түбірлі каталогтан бастап тікелей файл сақталған каталогқа дейінгі «\» символымен бөлініп жазылған каталогтар атауларынан тұратын тізбек.
Мысалы, C:\SIMP\SET\REM.EXE жазуында REM.EXE файлы C: дискіде SIMP каталогындағы ішкі SET каталогында тұрғанын көрсетеді.
Файлдыңтолықаты– файл адресінің толық маршруты, яғни
«\» символымен бөлініп жазылған дискініңаты,түпкікаталогтыңаты,ішкікаталогтардыңаты, ең соңында файлдыңөзіатауытұрады. Мысалы: D:\STUDENT\IF-11\Docum.doc.
Бір каталогқа аттарыбірдейбірнеше файлдарды орналастыруға болмайды. Әртүрлі каталогта ондай болуы мүмкін.
Файлдар және каталогтармен жасалатын әрекеттер: жаңаданқұру; көшірмежасау;орнынауыстыру;атынөзгерту;өшіру,жою. Каталогтар«ағашы»– бір каталогтың ішінде екінші, оның ішінде үшінші каталогтың сатылы,ағаш(ағашжәнеоныңбұтақтары)түріндеорналасуы. Төменгі деңгейдегі каталог жоғарғысына бағынышты болады. Ағаш: дискідегі иерархиялық файлдық құрылымның графикалық бейнесі.
Пайдаланушыныңоперациялықжүйеменжұмысжасауымынанегізгідағдылардыигеругетіреледі:
қажет бағдарламаны табу және оны орындауға жіберу;
файлдармен негізгі амалдарды орындай білу, олар: көшірмежасау,орынынауыстыру,жою,атауынөзгерту,мазмұнынқарау,сақтау, іздеу;
компьютердің жағдайы, дискілердің толуы, файлдардың типтері және өлшемі туралы анықтамалық ақпаратты ала білу.
Windows ОЖ ортасында жұмыс жасағанда оқушылардың Drag&Drop әдісін және мәнмәтіндік(орысш. – контекстное) мәзірін қолдану дағдысын қалыптастыру қажет.