Базалық курстың алғашқы минималдыдеңгейінде тақырыптың негізгі ұғымдарының жүйесіқарастырылады. Бұл тақырыпты оқушылармен әңгіме түрінде өткізуге болады. «Модель» термині көбіне таныс. Олар өз беттерімен әртүрлі модельдердің мысалдарын келтіре алады. Сондай мысалдарды келтірулерін сұрап, мұғалім «автомобиль моделі», «ұшақ моделі», т.б. деген жауаптарды естуі мұмкін.
Информатика ақпараттық модельдерді қарастырады. Әйтсе де, материалдық және ақпараттық модельдері ұғымдарының арасында ұқсастықтар баршылық. Материалдық модельдердің мысалдары оқушыларға таныс және көрнекі. Осындай мысалдар арқылы модельдердің кейбір қасиеттерін талқылаған соң, ақпараттық модельдердің қасиеттерінекөшуге болады.
Материалдық (заттық) модельдердің тізімін кеңейтіп (глобус, манекен, қаланың құрылысын салу, т.б.), оқушылармен олардың бәріне ортақ қасиеттерді талқылаған жөн. Осы модельдердің бәрі түпнұсқа-объектініқарапайым түрде көрсетеді. Объектінің кейбір қызметін жаңғыртатын модельдер болады. Мысалы, кеменің моделі жүзеді, бұрамалы кішкентай автокөлік жүреді. Айтылғандарды қорытындылай келе, оқушыларды мынадай анықтамаға әкелу қажет:
Модель–нақтыобъектініңнемесепроцестіңқарапайымұқсастүрі.«Модель»термині латынның «modelium»–шара,кейіп,сипат,әдіс,т.с.с сөзінен шыққан. Оның алғашқы мәні құрылыс өнерімен байланысты болды, ол еуропа тілдерінің баршасында дерлік кейіпті, образдынемесе елесті, немесе басқа зат іспеттес затты белгілеу үшін қолданылды.
Модель– нақты объектіні зерттеу үшін натуралды экспериментті жасау мүмкіндігі болмай, әрі қымбат, ұзақ, қауіпті болған жағдайда, сол объектіні ауыстыру тәсілі. Көбінесе зерттеу үрдісінде объект–түпнұсқаныауыстыратын модель ретінде басқаматериалдықнемесе ойшаелестетілетінобъект ұсынылады.
Модельжәнемодельдеу– бұл бесаспап (орысш. – универсальный) ұғымдар, кез келген кәсіби аймақта, объектіні1, үрдісті құбылыстарды танудың ең бір қуатты әдістерінің анықтауышысы (атрибуты).