ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
Құрылысы мен физиологиясы.
Сифонофоралардың
көпшілігінің
колониясы ұзын сабақша тәрізді, особь-
тары оның бүкіл бойында реттескен
(Physophora туысында), қалғандарының
сабақшасы қысқа, особьтары (зооид-
тары) оның астыңғы жағына бекінген
(Physalia туысында).
Энтодермамен астарланған гастраль
қуысы
сабақшаның ішін бойлап, жеке
орналасқан зооидтармен байланысып,
олардың қарым-қатынасын қамтамасыз
етеді. Колонияның алдыңғы тұйық
төбесі ішке қарай ойысып газға толған
кеңістікке айналады. Бұны ауа торсыл-
дағы немесе
пневматофор деп атайды
(41-сурет). Пневматофор түрі өзгерген
медузоидты формасы, гидростатикалық
аппарат қызметін орындайды. Егер
пневматофор газға толған болса, онда
сифонофораның денесі жеңілдеп судың
ең жоғарғы бетінде жүзіп жүреді, ал
қолайсыз жағдайда газды сығып шыға-
рады да, жануар су түбіне шөгеді.
Газды
бөліп шығаратын пневматофораның
түбіндегі безді клеткалар, ал оның бұл-
шықет талшықтарының жиырылып
жазылуынан газдың көлемі көбейіп не
азайып тұрады.
Пневматофораның
астындағы са-
бақшада жүзу коңыраулары немесе
нектофоралары
орналасқан.
Олар
медузоидты формалы, тек ауыз тесігі,
қармалауыштары, сезім мүшелері
редукцияланған. Шатыршасы жиыры-
41-сурет.
Сифонофораның құры-
лысы: 1 - пневматофор, 2 - жүзгіш
қоңырау (нектофор), 3
жыныс
особы (гонофор), 4
қоректен-
діруші полип (гастрозоид), 5 - ат-
қыш клеткалармен жабдықталған
жіпше, 6
- жабын қақпақшасы,
7 - пальпон (цистозоид), 8 - коло-
нияның сабақшасы
лып, сифонофораның қозғалысын рет-
теп, оны алға қарай жылжытады (41-сурет). Колонияның ас қорыту
қызметін қоректендіруші полиптер немесе гастрозоидтар орын
дайды. Олар гидранттарға ұқсас, әрбір гастрозоидта күшті атқыш
111
ОМЫРТҚА СЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
клеткаларымен (атқыш батареяларымен) жабдықталған қозғалмалы
ұзын қармалауышы немесе жіпшесі болады.
Соның көмегімен ұсақ
жәндіктер гастрозоидтың гастраль қуысына түсіп, қорытылып коло-
нияның барлық особьтарына таралады. Жіпшесі қорғаныс қызметін
де атқарады.
Колоннада гастрозоид тәрізді басқа да полиптік особьтары
пальпондар немесе цистозоидтар орналасқан. Олардың ауызы жоқ,
қармалауыштары тарамдалмай нашар жетілген. Нақты қызметі
белгісіз, бірақ зәр шығару қызметін орындайды деп жорамалдайды.
Сифонофоралардың жыныс особьтары
немесе гонозоидтары
медузоид және гонофора құрылысты, жақсы дамыған. Колония
бойында аталық пен аналық гонозоидтары кездессе, бұлар қос жы-
ныстылар немесе тек аталығы, не аналығы
дара жыныстылар болып
келеді.
Жыныссыз және жынысты жолмен көбейеді. Жыныс клеткалары
суга шығарылып, ұрықтанған жұмыртқадан планула личинкасы
дамиды. Ол күрделеніп, бүршіктену нәтижесінде зооидтар пайда
болып колонияға айналады. Сөйтіп сифонофоралар әр түрлі особьта-
рынан (зооидтардан) құралған полиморфты колониальды жануарлар.
Олардың особьтары реттесіп орналасқан:
жоғарыда пневматофора
оның астында нектофоралары, қалғандары топтасып кормидия
түзейді. Әрбір кормидия гастрозоид, цистозоид және гонозоидтардан
түрады.
Достарыңызбен бөлісу: