Пайдаланылған әдебиеттер
1.
Балақаев М. Қазіргі қазақ тілі. - Алматы, 1992. — 294 б.
2.
Болатов Ж. Синтаксические функции причастия в казахском языке. Автореф. канд.филол.
наук. - Алма-Ата, 1955, - 36 б.
3.
Иманалиева Ғ. Қазіргі қазақ тіліндегі шылаулардың синтаксисі. Филология ғылымдарының
кандидаты атағын алу үшін жазылған диссертацияның авторефераты. Алматы, 1994. – 41 б.
4.
Балақаев М., Қордабаев Т. Қазіргі қазақ тілі. Синтаксис. - Алматы. Мектеп, 1971. – 351 б.
76
МЕНЕДЖМЕНТ В ОБРАЗОВАНИИ № 1, 2016 г.
ПРИНЦИПЫ ПРИМЕНЕНИЯ КАТЕГОРИЙ ГЛАГОЛОВ В ПРЕДЛОЖЕНИИ
Р.К.Омирбекова, Ф.С. Нарсеитова
Аннотация.
В данной статье речь пойдет о словосочетаниях , которые по своей природе, в
зависимости от части речи к которой относится главное слово, делятся на именные и глагольные.
Также речь будет идти о морфологической и структурной стороне глагольных словосочетаниях,
об их исполняемой роли. Известно, что о способах применения и особенностях в использовании
глаголов, как главных в словосочетании высказывались ученые М.Балакаев, Р.Амиров,
Т.Сайрамбаев, А.Абилаков и др. Помимо всего этого, следует обратить внимание на процесс
перехода главного глаголав придаточный. Далее речь пойдет о причастном обороте, как об одной
из сложных проблем синтаксисе, и о проблемах многих других оборотов.
Ключевые слова:
глагол, словосочетание, член предложения, сказуемое, залог, виды
наклонений, части речи, причастие, оборот, придаточное, главное.
PRINCIPLES OF APPLICATION THE CATEGORY OF VERBS IN SENTENCES.
R.K. Omirbekova, F.S. Narseitova
Abstract.
This article is about collocations, which are by their nature, depending on the parts of speech
which is related to a key word. A grammatical collocation divide into nouns and verbs. Also author describe
a morphological and structural side of verb phrases. It’s a well-known fact, that scientists like Balakayev
M., Amirov R., Sairambayev T., Abilakov A., expressed their opinion about methods of application and
particular use of the verbs as main in the phrases. In addition to all this, we should pay attention on
the transition process from the main verb to conditionals. Further author will lead us to participial
construction, like one of the difficult problem in syntax.
Keywords:
verb, collocation, part of sentences, predicate, types of mood, parts of speech, participle,
conditionals.
УДК 37.013
БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ МЕНТОРЛЫҚ ҚЫЗМЕТ
Ә. Қ. Уканова
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Алматы
О. К. Джолдасбаев
«Өрлеу»БАҰО» АҚ филиалы ҚР ББЖ ҚБАРИ, Алматы
Түйіндеме.
Бұл мақалада педагогикалық және жаңа пайда болған қызметтің дамуы мен
қалыптасу ұғымының мәні ашылған. Білім беру жүйесіндегі менторлық қызмет жайлы әр түрлі
авторлардың ұстанымдары мен көзқарастарына теориялық және тәжірибелік талдау жасалған.
Мақалада қазіргі заманда менторлық қызметтің маңыздылығы мен даму үрдісі зерттеліп,
тәжірибелерге сүйене отырып өзекті мәселелердің табиғаты ашылған.
Түйінді сөздер:
менторинг, білім беру жүйесі, коучинг.
«Мұғалімдерге
арналған
менторинг
бағдарламалары бүгінгі күні кәсіби жолын
жаңа бастап жатқан мұғалімдер үшін тиімді
тәсіл ретінде қарастырылады. Білім беру
органдары
менторинг
бағдарламаларын
енгізу барысында екі маңызды мақсаттарды
көздейді - біріншіден, жас мұғалімдерді кәсіби
қалыптасу басында күшті бастау береді,
ал екіншіден, ментор қызметін атқаратын
тәжіребиелі мұғалімдер танымал болумен
қатар материалдық көтермелеуге ие болады»
[Little and Nelson, 1990]
Менторинг түсінігінің тарихы.
Владимир Дальдың орыс тіліне арналған
әйгілі сөздігінде «Ментор» сөзі латын тілінен
басшы, мұғалім, тәлімгер, тәрбиеші, дамылсыз
77
БІЛІМ БЕРУДЕГІ МЕНЕДЖМЕНТ № 1, 2016 г.
бақылаушы дегенді білдіреді.
Ментор әдетте тәлемгер, ал менторинг-
тәлімгерлік деп аударылады. Менторинг Аме-
рикада өткен ғасырдың 80 - жылдарында пай-
да болған жаңа сөз.
Қазіргі уақытта ментор тәжіребиелі және
сенімді жол нұсқаушы, немесе адамдарға өз
санасы толық айқындалмаған құзіреттілігін
ашуға көмек беру үшін өз тәжіребиесімен же-
телеп, дара тіл табысуды қамтамассыз ететін
мұғалім ұғындылады. Тұжырымдама дамудың
тиімді құралы ретінде әйгілікке ие және оның
шығу тарихы Ежелгі Грек елімен байланысты.
Менторинг тарихы грек мифологиясынан
бастау алады. «Ментор» Одиссей патшаның
досы, оған патша өзінің сапарға шыққан кезде
ұлы Телемахқа қарап отыруды тапсырылан.
Келесі болжам, бұл термин балаларды «турға»
апаратын «ер адам» деген еркін аудармадан
алынған сөз.
Гомердің
классикалық
«Одиссейін»
қайталауға талпынған француз жазушысы
Франсуа Фенелон 1699 жылы жазған «Les
Aventures де Телмак» кітабы, тұжырымдаманы
біздің кезімізде әйгілі етті. Франсуа Фенелон ко-
роль Людвик ХІV немересіне тәрбиеші болған,
сондай-ақ кітапта мазмұндалған сабақтар
өзінің оқушысының қалай бейбітшіл және
ақылды монарх болуына бағытталған. Әлемдік
тарихы бойында табысты тұлғаларды зерт-
теу әлемдегі ұлы ер адамдардың көпшілігінде
олардың дамуы мен өсуіне қамқоршылық жа-
сайтын тәлімгерлері болғандығын көрсетеді.
Ұлы Александр, Аристотель, Англия королі Ар-
тур да Мерлин, ақын Т. С. Элиотта- Эзра Паунд,
Мартин Лютера Кингта, Доктор Бенджамин
Илия Мэйс, Бетховен мен Моцарт та, Гайди бол-
ды. Тізімді шексіз жалғастыра беруге болады.
Замануи педагогикадағы менторинг.
Менторинг бойынша әлемдік әдебиеттерде
көптеген менторинг үдерісінің түсініктемелері
бар. Менторингтегі байланыстардың дамуының
әр кезеңі, сол байланыстардың динамикасын
және менторинг үдерісіне танымдық даму тео-
риясын қамтиды деген жалпы келісім бар [Bey
and Holmes, 1992].
Білім беруде менторинг- тәлімгер ретінде
бір адам екінші адамға кәсіби даму аясын-
да қолдап, көмек көрсететін үдеріс. Үдеріс
модульдеуді қамтиды, себебі мұғалім еңбегін
жаңа бастап жатқан мұғалім үшін хабарлама-
лар мен ұсыныстарды модульдеуді білуі керек
[Gay, 1995]. Сонымен қатар, тәлімгер білім бе-
руде мұғалім рөлінің моделі қызметін атқару
күйінде бола алуы да көрсетілген.
Спорт немесе жұмыс орнында оқыту сияқты
салаларда пайдаланылатын оқу әдісі ретіндегі
үдеріс те менторингті қамтиды. Сондай-ақ, ол
«танымдық коучинг» терминін қамтиды, білім
саласында ауқымды танымал болуда. Тиімді
болу үшін, тәлімгер түсіну, өз сөзімен айтып
беру, мақұлдау, күту уақытын пайдалану, со-
нымен қатар оқыту мен оқуды жақсарту үшін
мәліметтерді жинақтау мен қолдануды ынта-
ландыру үшін орнықты орналасқан сұрақтар
коучингтің
танымдық
құзіреттілігінің
ауқымын көрсете алатындай жағдайда болуы
керек.
Менторинг, коучинг сияқты коллаборативті
бірлескен үдеріс болып табылады [Gay, 1995].
Сонда да, ментор орындайтын қызмет коучинг
немесе модельдеуден аса маңызды өлшеуге ие.
Осы себепті де бұл өте күрделі және талабы мол
үдеріс [Bey and Holmes, 1992].
Басқа мұғалімдердің кәсіби дамуына көмек
беретін тәжірибелі мұғалім ментор бола ала-
ды. Мұғалім - ментор қызметі қамқорлыққа
алынған мұғалімнің қажеттілігіне, сондай-ақ,
жергілікті масштабтағы білім беру мақсатына
байланысты өзгеріп отырады. Мұғалім - мен-
тор супервайзер немесе бағалаушы емес, ол-
көмекші, ол - кәсіпкерліктің үлгісі болатын
қарапайым адам екендігін ескеру қажет. [Office
of personal Services, 1993].
Әдетте менторинг бойынша бағдарламалар
мектеп ережелерін және нұсқамалар мен
рәсімдерді айқын түсіндіре алатын, әдіс, ма-
териалдар, басқа да ресурстармен бөлісетін,
оқыту мен оқудағы мәселелерді шешуге
көмектесе алатын, рефлексия және ортақ
мәселені шешу барысындаға бірлескен жұмыс
арқылы мұғалімнің кәсіби тұрғыдан өсуін
бақаратын, мұғалімдерге жеке және кәсіптік
қолдау көрсететін, жас мұғалім мен тәжірибелі
мұғалімдердің жұбын қамтиды. [Feiman-
Nemser, Sharon and Parker, 1992].
Зерттеулер мұғалімдер мен оқушылардың
табыстарының бірлескен жұмыс арасында
байланыс бар екендігін, және де қамқорлықта
болған мұғалімдер ондай қолдау алмаған
мұғалімдермен салыстырғанда өз кәсіптерінде
ынталана қалатындығын көрсетеді.
Менторинг АҚШ-та білім берудің рефор-
машылар жас мұғалімдерге жергілікті көмек
көрсету оқытуға жақсы бейімделуге көмек
беретіндігіне сенген кезде, 80 жылдың соңы
мен 90 жылдардың басында аса танымал
бола бастады [Cherian, 2007]. Менторинг қазір
78
МЕНЕДЖМЕНТ В ОБРАЗОВАНИИ № 1, 2016 г.
Еуропа және Солтүстік Америка елдерінде
кең таралған. Германияда бір мұғалімге
көмек
көрсеткені
үшін
мұғалімдердің
еңбекақыларына айына 100 евро мөлшерінде
үстемақы төленді. (Тәлемгерлік сапаның на-
шар болуынан аулақ болу үшін, ментордың
үштен артық төлем алушысы болуы тиіс).
Менторинг және тәлімгерлік.
Кеңес кезеңінің 80 жылдарының соңына
дейін мектептерде тәжірибелі мұғалімдердің
жас педагогтарғе тәлемгерлік жасау ауқымды
таралған. Көптеген мектептерде қазір пост
кеңестікте жанданып жатқан жас педагог-
тар мектептері белсенді жұмыс жасайтын.
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі
білім беруді дамыту Тұжырымдамасында
кадрлардың біліктілігін арттыру мен қайта
даярлаудың міндеттерінің бірі ретінде «білім
беру ұйымдарында тәлімгерлік қағидаттарын
дамыту» мәселесі қарастырылған.
Ментор орыс тілінде – тәлімгер деп ауда-
рылса да, орыс тілінде бұл сөз мағыналарының
реңкі әр түрлі. Ментор сөзі тәкаппарлық,
үзілді-кесілді өнегелік, «менторлік сарын» деп
аталатын реңке ие. Менторинг үдерісін қате
қабылдау осымен түсіндірілуі мүмкін.
Біздегі тәлімгерлік пен батыс менторинг
философиясы арасында айырмашылық бар.
Тәлімгерліктің басты қағидаты негізінде «Мен
сияқты жаса – көрсету әдісі арқылы оқыту,
кәсіби білім мен дағдыларын жеке мысал-
дар арқылы аса тәжірибеліден тәжірибесі
азға қарай практикалық тұрғыдан табыстау.
Тәлімгелер мен тәлім алушы адамдар кейде ди-
ректор бұйрығымен «ерікті-ырықсыз» рет пен
тағайындалатын және тағайындалуда. Мен-
торингте «мен сияқты жаса» деген қағидаты
мүлдем қолданылмайды. Жақсы менторлер
мектепте өз тәжірибесімен бөліседі, өзінің стра-
тегиялар мен құралдар «репертуарын» ешкімге
міндеттемейді. Олар тәлім алушы өзі қалайтын
мұғалімге көмектеседі. Аталған жұмыста бұл
терминдер өзара алмаса алады.
Менторинг үдерісінің мәселесі тәлім алу-
шыны оған жүктелген кәсіби тапсырмаларды
өздік және толық жауапкершілікпен іске асыра
алатындай кәсіптік дамудың кезеңіне жеткізу.
Табысты
тәлімгерлік
рөлге
қатысушылардың
айқындылығын
және
ментордың (тәлімгердің қамқорлықтағының
(тәлім алушының), сонымен қатар әкімшілік
(мектеп директоры) міндеттеріне байланысты.
Ментордің рөлі.
Табысты бағдарламалар көрсеткендей,
тәлімгер ретінде жұмыс жасау барысында
тәлімгерлер өздері үйренулерін жалғастыра
берулері тиіс, жас мұғалімнің әдеттегі
қажеттіліктері мен проблемаларын түсіну:
жұмысын жаңа бастаған мұғалімдерге көмек
көрсету үшін түрлі стратегияларды даярлап,
қолдану, жеке мұғалімдермен тиімді (1-2)
кеңес беруге дайындалу; бастапқыда өз күшін
мұғалімдер үшін күрделі салаларға жұмсау;
басқа тәжірибелі оқытушылардың жинақтаған
даналығын жас мұғалімдерге қолжетімді ету;
мектепте жас мұғалімді қолдау мен мойындау
үшін стратегиялар даярлау.
Ментордың міндеті.
—
Мұғалімнің өзіндік басым жақтарын
табуға және кәсіби өсуді жоспарлауға көмек
көрсетеді;
—
Қажеттіліктер, мотивация, дағды, ойлау
үдерістерін зерттеуге көмектеседі – тыңдайды
және сұрақтар қояды;
—
Мұғалімнің өсуінің бірлескен жоспарын
даярлап, іске асырады;
—
Нақты және тұрақты оң өзгерістерге
әрекеттеседі;
—
Шешімдерді қарастыруда сұрақ-жауап
әдісін қолданады;
—
Мұғалім әрекетіне орай шешімдерді
қабылдауға әрекеттеседі;
—
Оң, қолайлы, алдын ала ойланған
көзқарасты қолдайды;
—
Тәлім алушының тәлімгерге тәуелді
болмау үшін жеке құзіреттілікті дамытады/
жетілдіреді дегенге көзі жетеді;
—
Тікелей және кері байланысты
қамтамасыз етеді;
Тәлім алушының рөлі.
Тәлім алушының рөлі күрделі болып
есептеледі. Жас, қамқорлықтағы мұғалім
болса да ол тәлімгер сияқты білікті маман.
Айырмашылығы
тәжірибелі
педагогтық
оқытушылық дағдылар мен стратигиялар «ре-
пертуарына» ие болу.
Тәлім алушының рөлі кейбір негізгі
қағидаттарға қалыптасқан:
—
Тәлім
алушылардың
теориялық
білімдерін практикалық жұмыстарына қалай
қоса алатындағы жайлы алды әлі де көп білуі
қажет;
—
Біраз уақыт өткеннен кейін өзінің жеке
оқыту стилін даярлау;
—
Белсенді тыңдау мен кеңес беру
дағдыларын дамыту;
—
Алқалық рефлективті тәжірибе рухын
ұстану;
79
БІЛІМ БЕРУДЕГІ МЕНЕДЖМЕНТ № 1, 2016 г.
—
Оқытудың
тиімділігін
арттыру
үшін сабақты бақылау дағдыларын және
аналитикалық стратегияларды дамыту;
—
Оқытудың
тиімділігін
арттыруға
ықпал ететін басшылықты, қолдау және өзінің
оқытуын талдауына көмекті қамтамасыз ету;
—
Сыныпта
күнделікті
түрткілеу
кезеңдерінен өзінің оқыту сапасы; өз кәсібі ту-
ралы сұрақтар бойынша өзінің жауапкершілігі
және мазасыздығын басқаруға қарай әрекет
ету.
Тәлім алуышының міндеттері.
Тәлім алушының міндеттері тәлімгердің
міндеттерімен сәйкестенеді. Олар:
—
Ментор және тәлімгердің бірлескен
жұмыс жоспарын даярлап, іске асыруы тиіс.
Жұмыс аяқасты болмауы керек.
—
Тәлімгермен кәсіптік этика нормалары-
на сай қарым-қатынас орнатуы тиіс.
Мектеп
әкімшілігінің
рөлі
мен
міндеттері.
Мектеп әкімшілігінің рөлі тәлімгерлік
бағдарламасын даярлаудың негізгі рөлін
атқарады. Мектеп директоры менторлікке
кандидаттардың күшті жақтары және мектеп
қызметкерлерінің қажеттіліктеріне негізделген
тәлімгер мен топтың қамқорлықтағысын
тағайындап немесе бекітуге құқылы.
Мектеп әкімшілігінің рөлі мектептегі
тәлімгерлік үдерісін жеңілдетуге бағытталған.
Директор келесі әрекеттерді іске асыруы тиіс:
—
Штат қажеттіліктеріне негізделген
тәлімгерлік бағдарламасын ұсыну;
—
Әлеуетті тәлімгер мен тәлім алушыны
бағдарлама үдерісі жайлы ақпараттандыру;
—
Оқы жылының басында немесе
ағымдағы жылдың соңында келесі жылғы
тәлімгерлікті тағайындау/бекіту;
—
Тәлімгер мен тәлім алушы үшін
бірлескен даму жоспарына ықпалдасу;
Тәлімгерлік
– ол тұрақты диалог, тұлғааралық
қарым-қатынас, демек ментордың ең басты
шыдамды мақсатқа бағытталғаны болуы
тиіс. Жас мұғаліммен жүргізетін жұмысында
ол қарым-қатынастың аса тиімді түрлерін
қолдануы тиіс: іскерлік және рөлдік ойындар,
«шағын топтардағы» жұмыс, жағдаяттарды
талдау, маңыздану, іскерлік қарым-қатынасты,
жеке көшбасшылықты, шешімді қабылдау,
ойларын дәйекті дұрыс қалыптастыру
дағдыларын дамытатын тәсілдер. Мұндай
диалогты іске асыруда ментордың қасиеттері
аса маңызды. Мәселен, гавайлық тәжірибеден
мұғалім-ментор үшін қажетті келесі қасиеттер
анықталды – «Тұлғааралық қарым-қатынас
дағдыларының дамуы; Түрлі әдістер мен
тәсілдердің жақсы игерілуі; Коучинг үдерісін
қолдану дағдысының болуы (тыңдай білу,
тиімді сұрақтар қоя білу және конструктивті
тікелей және кері байланыс жасау); тәлім
алушының эмоционалдық және танымдық
қажеттіліктеріне лайық, оның өсуіне әкелетін
тиімді қарым-қатынас дағдылар; Ересектер
қалай оқиды - мән мәтіндегі мұғалімнің даму
деңгейін түсінуі».
Менторингке оқыту тәжірибесі.
Бүгінгі күні Қазақстанда менторлерді да-
ярлау Педагогикалық шеберлік орталығы
мен Кембридж университетінің сарапшы-
ларымен бірлестікте ұйымдастырылған
мұғалімдердің біліктілігін арттыру курсы
бағдарламасының екі (негізгі) деңгейінде
басты мәселе ретінде қарастырылады.
Тренерлер тыңдаушылармен «менторинг»
тақырыбындағы сессияны өткізу барысын-
да менторинг үдерісін талқылап, ментор-
мен тәлім алушы ретіндегі рөлдік ойындар
түрінде жүргізеді. Тренерлер бейне даз-
балар көрсету арқылы тыңдаушылардың
сабақ өткізген мұғалімге тікелей және
кері байланыс беруге тәжірибе алуға
бағыттайды. Мұғалімдер сабақтарды
бақылау, «тыңдай білу», «тыңдау»
тәсілдеріне, жаңа бағдарламаның барлық
модульдерін қолдана отырып, сабақтарын
бірлестікте жоспарлауға, сонымен қатар
тәлім алушылармен өткізген «сабаққа
дейін» және «сабақтан соң» кезеңінде
кәсіби әңгімен жүргізуге үйренеді.
«Менторинг мектептерге қажет пе?»
деген тренерлердің сұрақтарына 50
тыңдаушының барлығы оң жауап беріп,
«Менторинг жаңа формация мұғалімдерін
даярлауға», «Жалпы мектеп мәдениетін
дамытуға», «Мектепте және өмірде та-
бысты оқушыны тәрбиелеуге» және т.б
көмектеседі, деген түсініктемелер берілді.
Көкшетау қаласындағы Педагогикалық
шеберлік орталығының екі (негізгі) деңгей
тыңдаушылары менторингке қатысты
өздерінің жеке рөлін былай анықтайды
– «Тәлім алушының ықыласы бойынша
тәжірибесін өз еркімен тарату», «Кәсіби
өсуге қолдау мен көмек көрсету», «Әріптесіне
80
МЕНЕДЖМЕНТ В ОБРАЗОВАНИИ № 1, 2016 г.
оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерді үйрету»,
«Тәлім алушының кәсіби осуі мен даму-
ын бақылау», «Тәжірибе алмасу», «Сенімді
қарым-қатынас жасау», «Тәлім алушыны
мадақтау», «Психологиялық жайлылық
орнату»,
«Ұзақтылық,
тұрақтылық,
байланыстың
жүйелілігін
дамыту»,
«Тиімділік мониторингісі мақсатында
кері байланыс жүргізу», «Жаңа менторді
қалыптастыру» және тағысын тағы.
Курс тыңдаушылары тиімді менторге
келісетіндей анықтамалар берді:
—
Теориялық
білім,
практикалық
дағдыларға ие, кәсіби тәжірибесі бар, педагогқа
оның кәсіби өсуіне қолдау көрсетуге дайын;
—
Талдау
жасай
алатын,
әдепті,
әңгімелесушіге ілтипатты бола алатын, диалог
жүргізетін, толерантты, сұрақтарды орнықты
қоюды біледі;
—
Сыпайы бақылаушы, сыни ойлай ала-
тын, ашық, тілектес;
—
Креативті
ойлайтын,
тәжірибелі,
өнегелі, тез тілтабысатын педагог;
—
Тәжірибелі психолог;
—
Тәжірибемен алмасуға дайын;
—
Басқа менторлармен ынтымақтастықта
жұмыс жасай алады;
—
Әріптесін
өзінің
кемшіліктерін
қабылдауға жетелей алады;
Тыңдаушылар
менторингтің
мектеп-
терде дамуындағы келесі кедергілер бо-
луы мүмкін деген мысалдар келтірді –
«Мұғалімдердің психологиялық кедергілері»,
«Бірлесе жоспарлау үшін мұғалімдердің
уақыттарының аздығы», «Әкімшілік тарапы-
нан қолдаудың болмауы», «Кей мұғалімдердің
кер тартпалығы», «Әріптестердің орныққан
білім беру жүйесіне өзгерістер енгізгісі
келмейтіндігі». Мектептерде менторлер тап
болатын тағы бір кедергі бар. Көптеген жас
мұғалімдер жаңа форматтағы біліктілік артты-
ру курстарынан өтіп, әріптестеріне менторинг
жүргізуге құқық беретін сертификат алуда.
Бұл мәртебе айырмашылығы жаңа тәсілдерді
үйренуді қажет ететін мұғалім – стажисттердің
қарсылығын тудыруы мүмкін.
Курс тыңдаушылары мектептегі менторинг
түрлерін сынақтан өткізуде - кәсіптік әңгіме,
сабақтарды бақылау, бірлескен жоспарлау,
сабақтарды талқылау. Сондай - ақ, тиімді ментор
дағдыларын дамытуда. Сауалнама нәтижесіне
сәйкес, оларға ол үшін- «Сабақтарды бақылау,
талдау, талдауды қолдану», «Бірлескен жоспар-
лауды тәжірибелеу», «Өзге ментор тәжірибесін
пайдалану - менторлар қоғамдастығында
тәжірибе алмасу», «Үнемі өзіндік жетілдірумен
айналысу», «Бақылауды жазбаша жүргізу (ке-
сте, сауалнама)», «Кәсіби әңгіме, сабақтардың
бейнежазбаларын пайдалану», «Lesson study
әдісімен пайдалану», «Белсенді тыңдаушы
дағдыларын дамыту» және т.б.
Менторингті пайдалану мәселесі бойын-
ша пайда болған көптеген ашық сұрақтарға
тәжірибе барысында біздің мұғалім - ментор-
лар жақын арада жауап табуы тиіс: Ментор және
мұғалім арасындағы кәсіби талқылауларының
құпиялығымен не істейміз? Егер де оңалдыру
үрдісі созылатын болса бір мұғалімнің мен-
торинг үдерісі қаншалықты ұзартылады?
Мұғалім - ментор өзінің сабағы бар мұғалім
бола отырып, қанша тәлім алушы мұғалім ала
алады?
Қазақстанда
менторинг
қолданысқа
ене ала ма? Уақыт көрсетеді. Жаңа ғасырда
оқушыларды өңір мен жұмысқа даярлау
үшін мұғалімдерге қажет кәсіби білім мен
дағдыларды тұрақты жақсартуда менторингтің
маңызды рөль атқаратындығы анық.
Достарыңызбен бөлісу: |