§68. «Қазақстан тарихынан
әңгімелер» курсын қайталау
мен білемін...
Тарих – түрлі халықтар мен адамдардың
тіршілігін, өткені мен бүгінгі өмірін және ке-
лешегі қандай болатынын зерттейтін ғылым.
Біздің еліміздің тарихы «Қазақстан тари-
хы» деп аталады. «Қазақстан тарихынан әң-
гімелер» еліміздің тарихындағы сонау ерте за-
маннан бүгінгі күнге дейінгі болған аса маңыз-
ды оқиғаларды баяндайды. Ол дүниежүзі ха-
лықтары тарихының бір бөлігі.
Қазақстан әлемдегі 189 елдің ішінде жер
көлемі жағынан тоғызыншы орын алады.
Отан – әр адамның туып-өскен жері. Адам
Отанында туған-туысқандарымен, жол дас та-
рымен, жақындарымен тұрады. Біз дің Отаны-
мыз – Қазақстан Республикасы.
Қазақстанда 16 миллионнан астам адам тұ-
рады.
Қазақстан Республикасы 14 облысқа, 159 ау-
данға бөлінеді. Елімізде республикалық бағы-
ныстағы 2 қала (Астана, Алматы), облыстық
дәрежедегі 84 қала, 200-ден аса қала типті кент
бар.
Б.з.б. 1-мыңжылдықта Орталық Азия мен
Қазақстан, Шығыс Түркістан жерін сақ тайпа-
лары мекендеген.
Б.з.б. 1-мыңжылдықта ғұн тайпалары қа-
лып
тасып, б.з. 3-ғасырдың аяғына қарай
қуатты мемлекетін құрды. Ғұндар – түркі тай-
па ларының арғы атасы.
552-жылы түрік тайпалары бірігіп, Түрік
қа ғанатын құрды. Бумын қаған түрік мемлекеті-
нің негізін қалады.
Моңғолдар 1218–1224 жылдары Қазақстан
мен Орта Азияны түгел бағындырды.
Бозоқ қалашығы. Бо-
зоқ – ежелгі қала, ша-
мамен 8-ғасырдан бастау
алады. Бозоқ қалашығы 10–
11 ға
сырлар ескерткіші.
Қала қыпшақтар дәуір-
леген 10–11 ғасырларда аса
күш
ті өркендеген. Бозоқ
өңірдің әкімшілік және
сауда орталығы, сондай-ақ
қыпшақ билеушілерінің
Ұлы Жібек жолы бойын-
дағы әскери тұрағы бол-
ған. Қала шығыстан
ба тысқа Моңғолия-Алтай-
Хазария-Бұлғария-Русия
арқылы өтетін керуен
жол дарының тоғысында
тұрған. Бозоқ қаласының
орны 30 гектар аумақты
алып жатыр. Қала үш
бөліктен тұрады. Оның
орталық бөлігі төрт бұ-
рышты махаллалар (тұр-
ғын үй орамдары) болып
келеді. Махаллалардың
ор та лық бөлігінде 3–4 ке-
сененің қалдығы сақ тал-
ған. Олардың бәрі күй-
дірілген кірпіштен қа-
ланған. Қаланың шет
жағы
нан суландыру жү-
йесі табылды. Бұл қала
халқының егіншілікпен
ай налысқанын
дәлел-
дейді. Елбасшы Н.Ә. На-
зарбаев: «Ортағасырлық
Бозоқ қаласы Ақмоланың
тікелей атасы, ал оның
соңғы ұрпағы Астана осы
заманғы Қазақстанның
астанасы болып табыла-
ды», – деп атап көрсетті.
212
Қазақ халқының қалыптасуы XIV—XV ға-
сыр ларда аяқталған. 1466 жылы Қазақ хан дығы
құрылды.
Қазақ халқы шетелдік басқыншыларға қар-
сы өзінің азаттығы мен еркіндігі үшін әді-
летті күрес жүргізді 1723—1727 жылдардағы
жоңғар шапқыншылығы ел аузында «Ақта-
бан шұбырынды, Алқакөл сұлама» деген атпен
қалды.
1731 жылы кіші жүз Ресей им периясының
бодандығын қабылдады. 1734 жы лы орта жүз
Ресейдің қоластына өтті.
Патша үкіметі отаршылдық шараларын жү-
зеге асырып, Қазақстанды өзіне толық бағын-
дырып алды.
Патшалық Ресейдің Қазақстанды толық
жау лап алу саясаты шамамен екі ғасырға со-
зылды. Отаршылдар қазақтарды шұрайлы жа-
йылымдық жерлерінен құмды, шөлейт ау дан-
дарға ығыстырды.
Ашу-ызасы шегіне жеткен қазақтардың отар-
лық саясатқа қарсы ұлт-азаттық қозғалыстары
басталды. Бұл қозғалыстарды Сырым Датұлы,
Махамбет Өтемісұлы мен Исатай Тайманұлы,
Кенесары Қасымұлы және басқа қайраткерлер
басқарды.
XIX ғасырдың екінші жартысында қазақ
халқының асыл ұлдары Ыбырай Алтынсарин,
Абай Құнанбайұлы, Шоқан Уәлихановтардың
ағар ту шылық қызметтері басталды.
X–XII ғасырлардан Қазақстан аумағында ірі
архитектуралық ғимараттар тұрғызыла баста-
ды. Ислам дінінің нығаюына байланысты діни
кешендер: мешіт, кесене, мазар, монша салу
ісі дамыды. Ғылым мен білімнің дамуына жол
ашылды.
Қожа Ахмет Йасауи – ислам дінін таратушы,
әйгілі ақын және философ. Қожа Ахмет Йасауи
кесенесі XIV—XV ғасырдағы сәулет өнерінің та-
маша туындысы.
1. Қай қала бұрын
Қазақстанның
астанасы болды?
а) Ақтау
ә) Қызылорда
б) Семей
2. Елордамыз қай
жылдан бастап
Астана деп аталады?
а) 1992 ж. 10 мамыр
ә) 1993 ж. 6 мамыр
б) 1998 ж. 6 мамыр
213
Наурыз – адамдарды біріктіретін береке мен
бірліктің мерекесі.
Өнер – ауқымы кең ұғым. Өнер көп сала-
лы. Шешендік өнер соның бір түрі. Қазақтың
шешендік өнері ауыздан-ауызға тарап, түрлі
айтушының еркімен өңделіп, өзгертілген ха-
лықтық мұра. Қазақ шешендері мен билері:
Төле, Әйтеке, Қазыбек, Асанқайғы, Жиренше,
Бөлтірік және басқалары қалдырған шешендік
сөздер мәңгілік өшпес мұрамыз.
Музыка адамның жан дүниесіне, көңіл күйі -
не, сезімі мен ерік-жігеріне әсер етеді. Күй –
қазақ халқының ертеден келе жатқан аспаптық
музы калық жанры.
Қазақ ауыз әдебиеті ұрпақтан-ұрпаққа ақыл-
насихат, өсиет ретінде жеткен асыл қазына.
Қазақстан аумағын ертеде мекендеген адам-
дар Тәңірге, Отқа табынған. ІХ ғасырдан бастап
ислам дінін қабылдады.
Көшпелі мал шаруашылығымен және егін-
шілікпен айналысу, сауданың дамуы, көрші
халықтармен байланыс жасаудың бәрі қазақ-
тардың экономикалық жағынан дамуына үлкен
ықпал етті.
1905 жылы Алаш қозғалысы қалыптасты.
Алаш қозғалысының мақсаты – қазақ елін
отарлық езгіден құтқарып, өз алдына дербес
ұлттық автономия құру болды. 1917 жылы Алаш
партиясы құрылды. Қозғалыстың алдыңғы са-
пында – Ә. Бөкейханұлы, А. Байтұрсынұлы,
М. Дулатұлы, X. Досмұхамедұлы, М. Шоқай
жә не басқалар тұрды.
1917 жылы 25 қазанда Ресейдегі Қазан төң-
керісінің нәтижесінде мемлекет билігі кеңес-
тердің қолына көшті. Кеңес өкіметі орна-
ды. Кеңестер билігі Қазақстанда 1917 жыл-
дың қазанынан 1918 жылдың наурыз айы
аралығында барлық өлкеде орнады. 1920 жылы
26 тамызда РКФСР құрамында Қазақ АКСР-і
құрылды.
214
1927 жылы басталған Түркісіб темір жолы
1931 жылы қаңтарда пайдалануға берілді.
Ауыл шаруашылығын күшпен ұжымдастыру
салдарынан 1 миллионнан астам қазақтар ше-
телге ауып кетуге мәжбүр болды. 1931–1932 жыл-
дары аштықтан 2,1 миллион адам қырыл ды.
1937–1938 жылдары Алаш қозғалысының
қайраткерлері, кеңес өкіметін орнатуға атса-
лысқандар, қазақ әдебиеті мен ғылымының
белгілі өкілдері т.б. жазықсыз жазаланып,
қуғын-сүргінге ұшырады.
1941 жылы 22 маусым күні фашистік Гер-
мания КСРО аумағына басып кірді. 1941–1945
жылдары басқыншыларға қарсы Ұлы Отан
соғысы болды. Қазақстандықтар майдан-
да, тылда, партизандар құрамасы сапында
ерлікпен шайқа сып, Ұлы жеңіске өз үлестерін
қосты. 497 қазақстандық Кеңес Одағының Ба-
тыры атағын алды. Оның 98-і қазақ. Ұшқыш
батырлар Т. Бигелдинов, Л. Беда, И. Павлов,
С. Луганский – екі мәрте Кеңес Одағының Ба-
тыры атанды. Қазақ қыздары М. Мәметова мен
Ә. Мол дағұлова Кеңес Одағының Ба тыры атан-
ды. Соғыс жылдарында экономиканы соғысқа
бейімдеу мақсатында ғалым
дар мен мәдениет
саласының қызметкерлері де аянбай еңбек етті.
Қ.И. Сәтбаев Жезқазған мыс кен орындарын
зерттеу ісінде зор еңбек сіңірді.
1954 жылы тың және тыңайған жерлерді
игеру басталды.
1991 жылы 16 желтоқсанда «Қазақстан
Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі
туралы» Қазақстан Республикасының заңы
жарияланды. Осы күннен бастап еліміз ешкімге
тәуелді емес, өз алдына дербес мемлекет ретінде
өмір сүріп келеді. 16 желтоқсан – Қазақстан
Республикасының тәуелсіздік күні.
ҚазКСР Жоғарғы Кеңесі 1990 жылдың 24 сә -
уірінде Н.Ә.
Назарбаевты ҚазКСР-інің тұң-
ғыш Президенті етіп сайлады. 1991 жылдың
Мен неміспін, 1950 жы-
лы дүниеге келдім. Мек-
тепте оқыдым, әскери
қыз
мет атқардым, кешкі
мектепті, кейіннен инс-
ти
тутты бітірдім. Аға
про
раб болып жұмыс іс-
те
дім. Менің неміс еке-
німе қарамай, маған ірі
ұйымдарға бас ин
же-
нердің қызметі екі рет
ұсы
нылды. Бірақ мен
дағ дылы
жұмысымнан
кет
кім келмеді. Сонда
бізді, яғни немістерді ең-
бек
сүйгіштігіміз бен ше-
берлігіміз, адал ды ғымыз
үшін құр меттейді. Бұған
өз басым куә, ата-анамның
өмірі дәлел.
Ұлттық негізде менің
бабаларыма ешқандай да
қысымшылық
көр се тіл-
ген жоқ. Олар мектепте де,
спортта да алдыңғы сапта
жүрді. Мен жұмыс істеген
тресте басқарушы да, бас
инженер де немістер еді.
Жоқ, мен Отаным туралы
ешқашан жаман сөз айта
алмаймын.
Лисаков қаласының
бұрынғы тұрғыны, қазір
Германия азаматы
Александр Штерцердің
«Жерлестер» деп
аталатын неміс
газетінде жарияланған
хатынан,
1997 жыл.
215
10 желтоқсанынан бастап Н.Ә.
Назарбаев –
Қазақстан Республикасының Президенті.
Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін
ең алғаш Түркия, АҚШ, Иран, Пәкстан, Қы тай,
Канада, Швейцария т.б. мемлекеттер мойын-
дады.
1992 жылы 2 наурызда Қазақстан Республи-
касы БҰҰ-ның мүшелігіне өтті.
1993 жылы 28 қаңтарда Қазақстан Рес пуб-
ликасының Жоғарғы Кеңесі Қазақ станның ал-
ғашқы Конституциясын қабылдады. 1995 жы-
лы 30 тамызда жаңа Конституция қабылданды.
Конституция – негізгі заң, еліміздің басты
құжаты. Бұл біздің құқықтарымыз бен бос-
тандықтарымыз туралы негізгі құжат. Кон-
ституция 9 бөлім, 98 баптан тұрады. Әрбір
Қазақстан азаматы өз елінің Конституциясын
жақсы білуі тиіс. Қазақстан Республикасының
азаматы болу – зор құрмет.
1992 жылы Қазақстан Республикасының
Мем лекеттік рәміздері – Туы, Гербі және Гим-
ні қабылданды. 2006 жылғы 7 қаң
тар
да Қа-
зақ
стан Республикасы Мемлекеттік Гимнінің
жаңа редакциясы бекітілді.
1998 жылы Қазақстан Республикасы Прези-
дентінің жарлығымен Ақмола қаласы астана
болып жарияланды. 1998 жылы 6 мамырда
Қазақстан Республикасының астанасы Ақмола
қаласын Астана деп өзгертуге жарлық шықты.
Елдің мемлекеттік тілі – қазақ тілі. Қазақ-
станда 16 миллионнан астам халық тұрады.
Онда 130-дай ұлттар мен ұлыстар мекендейді.
Қазақстан Республикасы әлемнің көптеген
мемлекеттерімен қарым-қатынас орнатты. Рес-
публиканың шетелдермен дипломатиялық, эко-
номикалық және мәдени байланысы жылдан-
жылға нығаюда.
Қазақстан халықта-
ры ның
ассамблеясы
1995 жылы 1 наурызда
ҚР Пре зидентінің жарлы-
ғы мен құрылды. Елімізде
өмір сүретін 46 этностың
этномәдени орталықтары
жұмыс істейді. 2009 жы-
лы Конституцияға енгі-
зілген өзгерістерге сәй-
кес, еліміз Парламент
мә
жілісіне (жоғарғы заң
шығарушы органына) Ас-
самблеядан әртүрлі эт-
ностардың ішінен 9 де-
путат сайлауға құқық
алды. ҚР Президенті
Н. Назарбаев: «Ассамблея
мүшелері бірлігі жарас қан
Қазақстанның
абыро йы
мен беделінің, ғасырлар
бойы қалыптасқан жара-
сымды салт-дәстүрінің
жан
ды айғағы» деп баса
айт ты. Қазақстан Респуб-
ликасында тұратын ұлт-
тар мен ұлыстар өлкеміз де
тыныштықты нығайтуға
белсене қатысады.
216
ҚаЙталаУҒа арналҒан сҰраҚтар мен
таПсырмалар
1. «Қазақстан тарихы» пәнін оқып-үйренудің
маңызы қандай?
2. Қазақстан Республикасының картасынан мем-
лекетіміздің шекарасын, қандай көрші елдер-
мен шектесетінін көрсет. Ол көршілес мемле-
кеттер туралы не білесің?
3. Дүниежүзі картасынан Қазақстанды және оның
астанасын көрсет.
4. «Елін, жерін сүю» деген сөзді қалай тү сі не сің?
5. Қазақстанда тұратын халықтардың жа рас қан
достығын дәлелдейтін күнделікті өмірден мы-
салдар келтір.
6. Қазақстанда тұратын халықтардың салт-дәстүрі
туралы әңгімеле.
7. Сақ тайпалары өз елін қорғауда қандай ерліктер
көрсеткенін есіңе түсір.
8. «Мөде – ғұндардың құдіретті билеушісі» деген
тақырыпта әңгіме құрастыр. Еділ патша (Атти-
ла) ғұндардың атағын жер жүзіне танытқан ұлы
тұлға екенін дәлелде.
9. Ежелгі түрік тайпаларының өмірі мен тұрмыс
жағдайы туралы не білесің?
10. Көне түркі жазулары бар тас қайда және қашан
табылды? Күлтегін, Тоныкөк, Білге қаған
ескерткіштерінде не туралы айтылады?
11. Картадан Қазақстан аумағын және Ұлы
Жібек жолын көрсет. Ұлы Жібек жолының
мемлекеттерді сауда-саттық, айырбас қана
емес, мәдени жағынан да байланыстырға нын
дәлелде .
12.
Ортағасырлық қалаларға сипаттама бер.
Отырар қаласы тұрғындарының моңғолдар
ға
қарсы күрестегі ерлігі жайлы әңгімеле.
13. Йасы қаласы туралы оқулық мәтінімен та-
нысып, бейнефильмнен және иллюстра циялық
материалдан алған білімдерді пайдалана оты-
рып, «Йасы саудагері» атты тақырыпта жоспар
бойынша әңгіме құра:
Жоспар:
Саудагердің бір күнгі өмірі. Саудагер кіммен,
не туралы сөйлесті?
217
Саудагер шет елден келген саяхатшыға
«Қожа Ахмет Йасауи» кесенесі туралы не
айтуы мүмкін?
Кесене қайда орналасқан?
Кесенені суретте. Ғимарат саған қандай әсер
қалдырды?
Саудагер қандай заттар сатып алып, ал
қандай бұйымдарды сатып жатыр?
14. Қазақ хандығының негізін қалаған Жәнібек
пен Керей хандар туралы әңгімеле.
15. Абылай және Әбілқайыр хандардың қыз метіне
баға бер.
16. 1836–1838 және 1837–1847 жылдары болған
ұлт-азаттық көтерілістерді салыстыр, ол
көтерілістердің тарихи маңызы қандай?
17. Қожа Ахмет Йасауиді неліктен барлық түркі
халықтары қадір тұтады?
18. Қазақтар Наурыз мерекесін қалай тойлайды?
«Халықтар арасындағы келісім мен достық»
деген сөздің мағынасын қалай түсінесің? Күн-
делікті өмірден мысал келтір.
19. Қазақ би-шешендерінің өмірі мен қызметіне
баға бер.
20. Құрманғазыны неліктен «күй атасы» дейді?
21. Ауыз әдебиетінің туындылары бізге қалай жеткен?
22. Ә. Бөкейханұлы, А. Байтұрсынұлы, М. Ду лат-
ұлы, т.б. қайраткерлердің өмірі мен қызметі ту-
ралы әңгімеле.
23. Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы барысын-
да елде қандай шаралар жүзеге асы рылды?
24. Ауыл шаруашылығын ұжымдастыру қалай
жүргізілді?
25. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазақ
стан-
дықтардың ерлігі туралы әңгімеле.
26. Қазақстанда тың және тыңайған жерлерді
игерудің нәтижесі қандай болды?
27. Қазақстандық ғарышкерлер туралы не білесің?
28. Қазақстанның мәдениеті, ғылымы мен өнерінің
дамуына үлес қосқан қайрат кер лердің қызме-
тіне сипаттама бер.
29. Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алуы-
ның маңызы қандай?
30. 1995 жылғы 30 тамызда қабылданған Қа зақ-
стан Республикасының Кон сти ту циясы бойын-
ша азаматтардың қан дай құқықтары мен мін-
деттері бар?
218
термин сӨзДер
а
ғартушы – озық идеялар мен білімді таратушы қоғам
қайраткері.
азаттық – парсы сөзі, «ерікті», «еркін» деген мағынаны
білдіреді. Азаттық – еркіндік, тәуелсіздік.
азаттық қозғалысы – белгілі бір билік тәртібіне
наразылық білдіру түрі.
айтыс – топ алдында қолма-қол суырып салып айты-
латын ақындардың жыр сайысы.
ақсүйек – Шыңғысхан әулетіне жататын төрелер, тай-
па мен ру көсемдері.
ақын – өлең жазатын, домбырамен жыр айтатын
адам.
архитектура – үй салу және оны әрлеу өнері (сәулет
өнері).
ата мұрасы – әкеден балаға қалған мал-мүлік, жер,
байлық, рухани қазына.
атамекен – туған жер, Отан ұғымының баламасы.
аумақ – мемлекеттің маңызды тұрақты ресурсы.
Мемлекеттік аумаққа жер беті, ішкі сулары, ауа
кеңістігі мен жер қойнауы жатады.
ә
кім – лауазымды қызметкер, аймақ басшысы.
әскер – халықты жаудан қорғайтын мемлекеттің
қарулы күші.
Б
ағыну – өз еркінен айырылып, біреуге тәуелді болу.
Барымта – жауласқан елдің малын күштеп қуып
әкету, кек қайтару түрі.
Батылдық – ерлік, ержүректік.
Батыр (баһадүр – ержүрек, батыл) – әскери өнерді
жақсы меңгерген, ерлігімен аты шыққан қаһарман
адамға берілетін құрметті атақ.
Бек – әскери және мемлекет қызметіндегі түрік
ақсүйектеріне берілетін атақ.
Би – Қазақ хандығында дау-жанжалға билік айтушы
әділқазы, бітімгер адам.
Д
ағдарыс – тұйыққа тірелу, күрт құлдырау, шиеленісті
кезең.
Дастан – ауыз әдебиетінің жанры.
Демография – халықтың өсу санын, құрамын
зерттейтін статистика саласы.
Держава – қуатты, ұлы мемлекет.
Диаспора – өз Отанынан басқа жерде тұратын ұлттың
бір бөлігі.
219
е
гемендік – мемлекеттің сыртқы саясатта толық
тәуелсіздігі және елдің ішкі саясатында
мемлекеттік биліктің барлығынан жоғары болуы.
ел – «ұлыс» ұғымы сияқты мемлекетті, сонымен бірге
мемлекет халқын білдіреді.
Ж
айлау – көшпелі қазақ халқының жазғы қонысы.
Жарғы – қазақ қоғамында әкімшілік заңдарының
жинағы.
Жырау, жыршы – аңыз-жырларды жырлайтын және
жанынан шығаратын адам.
з
аң – мемлекет белгілеген, ерекше заңдылық күші бар
ереже.
зекет – малдан алынатын салық.
и
мператор – әмірші, тежеусіз өкімет билігіндегі бас-
шы.
К
еруен – алыс жерге жүк тасуға арналған көлік
тізбегі.
Керуен жолы – керуен қатынайтын жол.
Киіз үй – киізден жасалған көшпенділер баспанасы.
Көсем – белгілі бір әлеуметтік топтың саяси жетекшісі,
дем берушісі.
Көшпенді – мал-мүлкі, киіз үйімен бір орыннан екінші
орынға көшіп жүретін адамдар.
Қ
азына – мемлекеттің ақша және басқа қаражаты,
материалдық байлық.
Қала – әкімшілік, мәдени және өнеркәсіптік орында-
ры бар ірі елді мекен.
Қолөнер кәсібі – адамның қолмен әртүрлі бұйымдарды
жасауы.
Қоныс – адамдардың мекен еткен жері.
Құрбандық – құдайдың құрметіне арналып шалынған
мал.
Құл – ешқандай дүние-мүлкі, құқығы жоқ, қожасына
тәуелді тұтқын.
л
ауазымды адам – мемлекеттік-әкімшілік басқару
қызметіндегі адам.
м
едресе – діни мұсылмандық оқу орны.
мемлекет – белгілі бір халық өмір сүретін ұлт тық,
ауқымдық саяси қоғамдық бірлестік.
миф – құдайлар мен ойдан шығарылған қаһармандар
туралы аңыз.
мүсін – сазбалшықтан, тастан не ағаштан ойып, ме-
талдан құйып жасалған көркем туынды.
міндеткерлік – бір жұмысты атқаруға мін деттеу.
220
н
әсіл – тегі, тұқымы жағынан бір-біріне ұқсас келетін
адамдар тобы.
о
тар – басқа мемлекетке бағынышты, тәуелді, бодан
ел.
отарлық саясат – экономикалық, саяси және ұлттық
кемсітушілікке әкелетін басып алу саясаты.
отырықшы – бір жерді мекен етіп, егіншілікпен ай-
налысатын, көшпенділікке қарама-қарсы тұрмыс
салты.
П
атша – елдегі бүкіл өкімет билігінің иесі, монархтың
титулы.
Патшалық – патшаның қоластындағы мемлекет.
Петроглиф – тастағы жазулар мен суреттерді зерттейтін
ғылым саласы.
р
еформа – қоғамның кейбір жағын жетілдіру
мақсатында қайта өзгерту.
ру – бір әулеттен тараған туыс, қандас топ, үлкен
тайпаның бір тармағы.
рубасы – бір рулы елдің басшысы.
с
алық – мемлекет пайдасы үшін жиналатын алым.
сәулетші – үй салу жөніндегі маман.
сұлтан – Шығыс елдеріндегі жергілікті билеу ші лауа-
зымы.
т
ақтан түсіру – патшаны өкімет билігінен айыру.
тәуелсіздік – ұлттың, қауымның, елдің дербестігі,
еріктілігі.
төлеңгіт – өз қожайынына тәуелді, оған қызмет ететін
адам.
тұрақ – адамдар қоныс еткен жер.
тілмаш – ауызша аударма жасаушы.
У
ағызшы – үгіт-насихат таратушы.
Ұ
лт – мекендеген жері, шаруашылығы, тілі,
мәдениеті мен тұрмысы ортақ адамдардың тарихи
қалыптасқан бірлестігі.
Ұлыс – рулық бірлестік; әулет, билеуші әулет
мүшелерінің үлесті иелігі.
х
алық – белгілі бір аймақта тұратын, тілі, мәдениеті,
әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрі ор
тақ адамдар
қауымы.
хан – феодалдық дәуірдегі мемлекеттің ең жоғарғы
билеушісі.
Ш
ежіре – тайпалар мен рулардың шығу тегі мен салт-
дәстүрі туралы дерекнама, тарих.
Э
кология – жанды организмдердің қоршаған ортамен
қарым-қатынасы туралы ілім.
221
оҚУШыларҒа
арналҒан
әДеБиеттер тізімі
1. Абай. – Алматы: Аруна, 2004.
2. Абылай хан. – Алматы: Аруна, 2003.
3. Алтын Орда. – Алматы: Аруна, 2001.
4. Аттила. – Алматы: Аруна, 2005.
5. Байпақов К. Қазақстанның ежелгі қалала ры. –
Алматы: Аруна, 2005.
6. Ежелгі Қазақстан мифтері. – Алматы: Аруна,
2008.
7. Ежелгі Қазақстан. – Алматы: Аруна, 2009.
8. Жанайдаров О. Менің елім – Қазақстан. – Ал-
маты: Балауса, 2003.
9. Кенжеахметұлы С. Қазақ халқының салт-дәс түрі.
– Алматы: «Алматыкітап баспасы», 2010.
10. Кенесары Қасымов. – Алматы: Аруна, 2005.
11. Керей мен Жәнібек. – Алматы: Аруна, 2004.
12. Күмісбаев Ш. Тұңғыштар. – Алматы: «Алматы-
кітап баспасы», 2008.
13. Қазақ ертегілері. 1–2 кітап. – Алматы: «Ал маты-
кітап баспасы», 2009.
14. Қазақтың мифтері, аңыздары және аңыз әң-
гімелері. – Алматы: Аруна, 2008.
15. Қанжығалы Бөгенбай. – Алматы: Аруна, 2005.
16. Қаракерей Қабанбай. – Алматы: Аруна, 2006.
17. Қасым хан. – Алматы: Аруна, 2004.
18. Мамраимов А. Ұлы Жібек жолы бойындағы киелі
орындар. – Алматы: «Ал
маты
кітап бас
пасы»,
2009.
19. Менің алғашқы энциклопедиям. – Алматы: «Ал-
маты кітап баспасы», 2009.
20. Мөде қаған. – Алматы: Аруна, 2003.
21. Мұхаммед Хайдар Дулати. –Алматы: Аруна,
2004.
22. Сен білесің бе? Топтама. – Алматы: Аруна, 2001–
2006.
23. Сұлтан Бейбарыс. – Алматы: Аруна, 2004.
24. Тарихи тұлғалар. (Құрастырған Б.
Тоғысбаев,
А. Сужикова). – Алматы: «Ал маты кітап бас па-
сы», 2009.
25. Томирис. – Алматы: Аруна, 2005.
26. Шақшақұлы Жәнібек. – Алматы: Аруна, 2005.
27. Шыңғыс хан. – Алматы: Аруна, 2003.
222
мазм Ұ ны
і бөлім. тарих әлемі
Достарыңызбен бөлісу: |