Г. К. Кенжебаев ҚазаҚстан тарихынан әңгімелер Жалпы білім беретін 11 жылдық мектептің 5-сыныбына арналған оқулық



Pdf көрінісі
бет16/18
Дата23.02.2017
өлшемі6,79 Mb.
#4723
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
§64. Қазақстан және дүниежүзі
1.  Қазақстан  дүниежүзі картасында. Дү-
ниежүзі картасында кең-бай тақ жері бар, жер 
көлемі жа 
ғы 
нан тоғызыншы орын алатын 
жаңа тәуелсіз мемлекет пайда болды. Бұл – Еу-
разия деп аталатын құр лықтың нақ ортасын-
да орналасқан Қазақстан Республикасы. Қа-
зақстан Еуропа мен Азия құрлықтарын байла-
ныстыратын те міржол, автомобиль, әуе жолы 
жүйелерінде маңызды рөл атқарады.
Қазақстан жері қазба байлықтарға бай. Мә-
селен, әлемдегі 170-тен астам мемлекеттердің 
арасында еліміз вольфрамнан 1-орын, хромиттен 
2-орын, ураннан 3-орын, қорғасыннан 4-орын, 
мұнайдан 12-орын алады.
2.   Қазақстанның  сыртқы  саясаты.  Қазақ-
станның тәуелсіздігін 1991 жылдың аяғына 
дейінгі екі апта ішінде әлемнің 18 елі таны-
ды. Соның ішінде алғашқылардың бірі болып 
Түркия, АҚШ, Қытай, Иран, Пәкстан, Кана-
да, Швейцария, т.б. мемлекеттер мойында-
ды. Тәуелсіздік алғанға дейін, яғни КСРО-ның 
құрамында болғанда Қазақстанның жеке сая-
сат жүргізу құқығы болмады. Тек тәуелсіздік 
алғаннан соң ғана әлемдегі басқа мемлекеттер-
мен терезесі тең елге айналды. Қазір Қа 
зақ-
стан дүниежүзіндегі көптеген мемлекеттер мен 
халықаралық байланыс жасайды. Эко но мика-
лық, сауда, мәдени байланыстарын жү зеге асы-
ру құқығы өз қолында.
1992 жылы 2 наурызда Қазақстан Республи-
касы әлем мемлекеттерінің басын қосатын ең 
мәртебелі ұйым – Біріккен Ұлттар Ұйымына 
(БҰҰ) мүше болып қабылданды. Қазақстанның 
БҰҰ шеңберіндегі ең басты жұмысы – еліміздің 
экологиясына байланысты мәселелерді шешу. 
Біздің еліміз сыртқы саясатында Қазақ стан-
ның қауіпсіздігін сақтау, дүние жүзілік соғысқа 
жол бермеу, ядролық қаруды қолданудан бас 
тартуға баса көңіл аударып отыр. Қазақстан 

200
ядролық қарудан өз еркімен бас тартқан ел-
дердің бірі. Осы мәселені БҰҰ аясындағы жиын-
мәжілістерде үнемі көтеріп, басқа мемлекеттер-
ге үлгі көрсетуде. 
Қазақстанның ядролық қаруды сынауды 
толық тоқтату жөніндегі табанды ұстанымы 
БҰҰ тарапынан қолдау тауып келеді. 2007 жылы 
30 қарашада өткен 
Еуропадағы қауіпсіздік пен 
ынтымақтастық ұйымына (ЕҚЫҰ) мүше 
 
56 мемлекеттің сыртқы істер министрлері ке-
ңесінің жалпы отырысында Қазақстан Респуб-
ликасы осы ұйымның 2010 жылғы төрағасы 
болып сайланды. ЕҚЫҰ тарихында тұңғыш рет 
Қазақстан әлемдік аренадағы ең биік тұғырға 
көтерілді. 
Қазақстан Еуропа елдерімен бір-бірінің еге-
мендігін және аумақтық тұтастығын құрметтеу, 
бір-біріне шабуыл жасамау және ішкі істеріне 
араласпау, күш қолданбау, теңдік және өзара 
тиімділік негіздегі саяси шарттар жасасты.
Қазақстан Азиядағы беделді халықаралық 
ұйым – Шанхай Ынтымақтастық Ұйымын 
(ШЫҰ) құру шылардың бірі және онда белсенді 
қызмет атқарушы ел болып саналады. Бұл 
ұйым ның мүшелері: Қазақстан, Қытай, Ресей, 
Тәжікстан, Қырғызстан.
Қазақстан Тәуелсіз Мемлекеттер Достас 
ты-
ғына кіретін (ТМД) және басқа да көрші және 
алыс-жақындағы мемлекеттермен дипломатия-
лық, достық, ынтымақтастық және өзара көмек 
қа тынастарын  орнатты.
Республиканың сыртқы мәдени байланы-
сы едәуір нығайды. Абай, Жамбыл, Мұхтар 
Әуезов пен Қаныш Сәтбаевтың мерейтойла-
ры ЮНЕСКО көлемінде дүниежүзінде аталып 
өтті. БҰҰ-ның қолдауымен Қазақстан көптеген 
халықаралық конференциялар мен жиындар 
өткізді. Мәселен, 2003, 2006 және 2009 жыл-
дары Астана қаласында Әлемдік және дәстүрлі 
діндер басшыларының I, II және ІІІ съездері 
өткізілді. 
 
Қазақстанның 
тәуелсіздігін қанша 
мемлекет таныды?
 
Қазақстан басқа мем-
лекеттермен қандай 
байланыс орнатты? 
Бұл байланыстардың 
біздің мемлекетімізге 
қандай пайдасы бар? 
 
Қазақстан Біріккен 
Ұлттар Ұйымына 
қашан мүше болды?
 
Қазақстан 
басқа елдермен 
ынтымақтастықты 
неге жақтап 
отыр? Ғарыштағы 
ынтымақтастық ту-
ралы мысал келтір.

201
Екі жарым ғасырдан астам уақыт бойы а зат-
тық пен бос тан дық үшін күрес жүргізіп кел-
ген қазақ халқы 1991 жылғы 16 желтоқсанда 
тәуелсіздікке қол жеткізді. Халқымыздың 
 
ға 
сырлар бойғы тарихи арма 
ны жүзеге асты. 
Балалар, біз тәуел 
сіздігімізді құрметтеуі 
міз, 
қор ға уымыз  керек.  Тәуелсіз дік тің  қадірін  жете 
түсінейік.
§65. IV – V бөлімдер бойынша 
қорытынды қайталау
мен білемін...
1905 жылы Алаш қозғалысы қалыптасты. 
Алаш қозғалысының мақсаты қазақ елін отар-
лық езгіден құтқарып, өз алдына дербес ұлт тық 
автономия құру болды. Қозғалыстың алдың ғы 
сапында – Ә. Бөкейханұлы, А. Байтұрсынұлы, 
М. Дулатұлы және басқалар тұрды.
1917 жылы Алаш партиясы құрылды. 1917 жы- 
лы желтоқсан айында Орынбор қаласында 
Жалпы қазақ съезі өтті. Онда мемлекетті бас-
қару формасы, қазақ облыстарының автоно-
миясы, жер мәселесі, халық ағарту ісі және 
басқа мәселелер қаралды.
1917 жылы 25 қазанда Ресейдегі Қазан 
төңкерісінің нәтижесінде мемлекет билігі ке-
ңестердің қолына көшті. Қазақстанда Кеңес 
өкіметі орнады. 1920 жылы 26 тамызда РКФСР 
құрамында Қазақ АКСР-і құрылды.
1927 жылы салына бас таған Түркісіб темір 
жолы 1931 жылы қаңтарда тұрақты пайдалануға 
берілді. 
1931–1932 жылдары ауыл шаруашылығын 
күшпен ұжымдастыру барысында аштықтан 
 
2,1 млн. адам қырылды, 1 млн. астам адам ше-
телге көшіп кетуге мәжбүр болды. 1933 жылы 
тек 4,5 млн. ғана мал басы қалды. 
 
Қазақстан  Респуб лика-
сының қандай мемле-
кеттермен шектесіп 
жат қанын атап, карта-
дан көрсет.
 
Қазақстан Республи-
касы елшілік бай-
ланыс орнатқан 
мемлекеттерді ата. 
Жауабыңда сабақта 
және сабақтан тыс  
(теледидар, бейне-
фильм) алған  
біліміңді пайдалан.

202
1937–1938 жылдары Алаш қозғалысының 
қайраткерлері, кеңес өкіметін орнатуға атса-
лыс 
қандар, қазақ әдебиеті мен ғылымының 
бел гілі өкілдері, т.б. жазықсыз қуғын-сүргінге 
ұшырады.
1941–1945 жылдары Ұлы Отан соғысы бол-
ды. Қазақстандықтар майданда, тылда, парти-
зандар құрамасы сапында ерлікпен шайқасты.  
497 қазақстандық Кеңес Одағының Баты-
ры атанды. Оның 98-і қазақ. Қазақ қыздары  
М.  Мәметова  мен  Ә.  Молдағұлова  Кеңес  Ода-
ғының Батыры атанды. 
Соғыс жылдарында экономиканы соғысқа 
бейімдеу мақсатында ғалымдар мен мәдениет 
саласының қызметкерлері де аянбай еңбек етті. 
Қ.И. Сәтбаев Жезқазған мыс кен орындарын 
зерттеу ісінде зор еңбек сіңірді. Оған 1942 жылы 
Мемлекеттік сыйлық берілді.
1954 жылы тың жерлерді игеру басталды.
1957 жылдың мамыр айында Байқоңыр ға-
рыш айлағы пайдалануға берілді. 
1991 жылы 16 желтоқсанда «Қазақстан Рес-
публикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі тура-
лы» Қазақстан Республикасының Заңы жария-
ланды.
1992 жылы 2 наурызда Қазақстан Республи-
касы БҰҰ мүшелігіне өтті. 
1993 жылы 15 қарашада Қазақстан Респуб-
ликасының ұлттық валютасы – теңге айналымға 
енгізілді. 
1993 жылы 28 қаңтарда Қазақстан Респуб-
ли 
касының алғашқы Конституциясы қабыл-
данды.
1995 жылғы 30 тамызда жетілдірілген, то-
лық тырылған жаңа Конституция қабылданды.
1992 жылы Қазақстан Республикасының 
Мем лекеттік рәміздері: Туы, Гербі және Гимні 
қабылданды. 2006 жылғы 7 қаңтарда Қазақстан 
Республикасы Мемлекеттік Гимнінің жаңа ре-
дакциясы бекітілді.

203
IV – V бөлімдерді қайталауға арналған сұрақтар:
 
Алаш қозғалысы туралы не білесің?
 
Ә. Бөкейханұлы, А. Байтұрсынұлы, М. Дулатұлы, т.б. қайраткер лердің өмірі 
мен қызметі туралы әңгімелеп бер.
 
Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы барысында елде қандай шаралар 
жүзеге асырылды?
 
1920–30-жылдардағы Қазақстан туралы әңгімеле.
 
Қазақстанда елді индустрияландыру қалай жүзеге асырылды? Ауыл 
шаруашылығын ұжымдастыру қалай жүргізілді?
 
Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазақстандықтардың ерлігі туралы 
әңгімеле.
 
Қазақстанда тың және тыңайған жерлерді игерудің нәтижесі және салда-
ры туралы әңгімеле.
 
«Қазақстан – ғарыштық мемлекет» деп неліктен айтылады?
 
Қазақстанның мәдениеті, ғылымы мен өнерінің дамуына үлес қосқан 
қайраткерлердің өмірі мен қызметіне сипаттама бер.
 
Тәуелсіз Қазақстан Республикасы құрылуының маңызы қандай?
 
1995 жылғы 30 тамызда қабылданған Қазақстан Респуб ликасының Кон-
ституциясы бойынша азаматтардың қандай құқықтары мен міндеттері 
бар? Сен оларды қалай орындап жүрсің? 
 
Сабақтан тыс алған біліміңді пайдалана отырып Қазақ станның әлемдегі 
орны туралы баянда.
Тапсырма. оқулық мәтінін пайдалана отырып мына кестені толтыр.

Жылдар
Маңызды оқиғалар
1998 жылы Қазақстан Республикасының ас-
танасы Алматы қаласынан Ақмола қаласына 
көшірілді.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік 
тілі – қазақ тілі. Қазақстанда 16 миллионнан 
астам халық тұрады. Онда 130-дай ұлттар мен 
ұлыстар мекендейді.
Қазақстан Республикасы әлемнің көптеген 
мемлекеттерімен қарым-қатынас орнатты. Рес-
публиканың шетелдермен дипломатиялық, эко-
номикалық және мәдени байланысы нығаюда.

204
§66. туған өлке тарихы
1.  Біздің өлке қазіргі Қазақстан картасын-
да. Қым батты  балалар! «Өлкетану» тақырыбын 
оқығанда өлке дегеніміз не деген сұраққа жа уап 
таптың. Ал енді өзің туып-өс кен өлке туралы не 
білесің? 
Біздің әрбіріміздің туып-өскен өз мекеніміз 
бар. Өзіміз дүниеге келген ауыл, кент не қала 
әрқайсысымыз үшін қасиетті мекен саналады. Ба-
лалар, біреуің ауылдық жерде, екіншілерің 
әсем қала Астанада, екі миллиондай тұрғыны 
бар Алматыда не облыс, аудан орталықтарында 
тұрасыңдар. Халқының саны 10 мыңға жуық 
қала тектес кент, немесе халқы 10 – 100 мың 
ара лы ғындағы шағын және орташа қалаларда 
өмір сүретін құрдастарыңның бар екенін де 
білесің. Жазғы демалыста ауылда тұра тындар 
қалаға, қалада тұратындар ауылдағы туған-
туысқандарыңа қыдырып барасыңдар. Ауыл-
да атаң мен әжең, жақын туыс-достарың бар. 
Қалада аға-жеңгең, әпкелерің тұрады.
Ауылдағы адамдар бір-бірімен жиі араласа-
ды. Бір отбасында қуаныш, той болса, көршілері 
қонақ атқарысуға көмек береді, қайғысын бірге 
бөліседі. 
Ауылға барғанда мал жайылымын, үй жан-
уар лары мен егістік алқаптарын, алма бағын 
тамашалайсың. Балалармен бірге айдын көлге 
шомылып, балық аулайсың. 
Біздің өлкенің байлығы – оның адамда-
ры. Әр азамат өзінің сол қалада немесе ауыл-
да дүниеге келгенін мақтаныш тұтады, қайда 
жүрсе де туған жерін ұмытпайды. 
Адамның 
туған ауылы, қаласы – оның кіші Отаны. 
Ол – Қазақстан Республикасының бір бөлігі. 
Қала мен ауылдың өмірі бүкіл еліміздің тыныс-
тіршілігі, шаруашылығымен, мәдениетімен 
тығыз байланысты. 
2.   туған  жерім  –  мақтанышым.  Әркімнің 
туып-өскен өлкесі өзіне қымбат. Белгілі бір 
Қымбатты балалар! 
  Туып-өскен кең-
байтақ жерімізді, 
Отанымызды 
қастерлеп, оның 
болашағы үшін  
аянбай еңбек етейік. 
Ол үшін жақсы оқып, 
тыңғылықты білім 
алыңдар. 
  Еліміздің ұлтжанды 
азаматтары болып 
ержетіңдер!
«Дүниетану» пәнінен 
алған біліміңді еске 
түсір:
 
Картадан өзің туып-
өскен өлке, қала, аудан, 
облысты тап. 
 
Өлкедегі табиғат 
байлықтарын, өзен-
сулардың,  тау лардың 
аттарын атап, кар-
тадан  көр се т.
 
Өз өлкеңде елімізге 
белгілі қандай азамат-
тар бар, олар туралы 
не білесің?

205
өлкенің табиғатын, халқын, шаруа 
шылығын, 
тарихы мен мәдениетін зерт теумен ғылымның 
өлкетану саласы айна лысады. Жер гілікті жер-
лерде облыстық, аудандық өлкетану музейлері 
жұмыс істейді. Балалар да өзі туған өлкесіндегі 
тарихи-мәдени ескерткіштерді, көне дүние жә-
дігерлерін күту, оларды қамқорлыққа алуға 
қолдан келген көмегін тигізулері керек. Өлке нің 
ба қыты да, байлығы да – оның адам дары. 
5-сынып оқушылары С.  Торайғыров атында-
ғы Павлодар мемлекеттік университетінің му-
зейіне баруға дайындалды. 
Балаларды университет оқыту 
шысы қарсы 
алды. Ол кісі музейге саяхат жасатып, оның 
тарихы, еліміздің өркендеп дамуына үлес 
қосқан елімізге белгілі мемлекет және қоғам 
қайраткерлері, ғалымдар мен жазушылар, өнер 
адамдары: Жаяу Мұса Байжанұлы, Мәшһүр 
Жүсіп Көпеев, Шәкен Айманов, Қаныш Сәтбаев, 
Ермұқан Бекмаханов, Әлкей Марғұлан, Халел 
Арғынбаев және басқалардың қызметі туралы 
қызықты әңгіме айтып берді.
Солардың бірі Е.  Бекмаханов туралы балалар 
көп мәлімет алды.
Ермұқан Бекмаханов (1915–1966) – көрнекті 
ғалым, тарих ғылымдарының докторы, Қазақ 
КСР ҒА корреспондент-мүшесі, қоғам қай 
рат-
кері. Павлодар облысы Баянауыл ауданында 
дүниеге келген. Ол – Абылай ханның ұрпағы.  
1937 жылы ол Воронеж қаласындағы педа-
го гикалық институттың тарих факультетін өте 
жақсы бағамен бітіреді. Елге оралып, Алма-
ты 
дағы Педагогикалық ғылыми-зерттеу инс-
титутында (қазіргі Ы. 
Алтынсарин атындағы 
Қазақ Білім академиясы) ғылыми қызметкер, 
кейін директор қызметін атқарады. Ұлы Отан 
соғысы жылдарында Халық Ағарту Комис са-
риатында басқарма бастығы болды, сонымен 
бірге Алматыдағы жоғары оқу орындарында 
дәріс берді.
Қозыбаев Манаш Қа-
башұлы (1931–2002)  – 
Қазақстан Республикасы 
Ғылым  Ака демиясының 
акаде мигі, тарих ғылым-
да ры ның  док торы,  про-
фессор, қоғам қайраткері. 
Манаш Қозыбаев тә-
уел 
сіздік, ұлттың рухы 
жайлы былай деген:
«Халқымыз аңсаған 
Тәуе лсіздікті алды, адам-
гершілік заманасы орна-
ды. Бұл замана бізге қым-
бат.
Ол бізге қымбат – ата-
бабаның рухын көтергені 
үшін!
Ол бізге қымбат – мем -
ле кет тігіміздің 
сөнген   
отын маздатып жандыр-
ғаны үшін!
Ол бізге қымбат – елі-
мізді қатарға қосып, әлем-
дік қауымға ендіргені 
үшін!
Ол бізге қымбат – ата та-
рихымызды, ана тілімізді, 
дінімізді, ділімізді қаз-
қатар тұрғызып, «қазақ» 
деген атауға қан мен жан 
жүргізгені үшін!
Ол бізге қымбат – «Отан» 
деп жүрегімізді қақ 
тыр- 
ғаны үшін, «елім» деп елең-
детіп, «жерім» деп жел-
пінтіп, барша 62 тамы ры-
мызды игізіп, ата жұртын 
сүйдіргені үшін. Рухымыз 
сөнбесін, бағы мыз өрлесін, 
аға йын!»

206
1946–1947 жылдары ол Қазақ КСР ҒА Тарих, 
археология және этнография институтында 
қызмет етеді. Содан кейін Қазақ Мемлекеттік 
университетінде Қазақстан тарихы кафедра-
сының меңгерушісі болды.
1943 жылы «Қазақ КСР тарихы» басылымы 
жарық көрді. Соның Кенесары Қасымовтың 
басшылығымен болған көтеріліс жөніндегі 
та 
рауын 28 жасар Ермұқан Бекмаханов жа-
зыпты. Ол 1946 жылы 31 жасында Мәскеуде 
тарих ғылымынан докторлық диссертация 
қор ғайды. Осы еңбектің негізінде 1947 жылы 
«XIX ғасырдың 20–40-жылдарындағы Қазақ-
стан» атты кітабы жарық көреді. Аталмыш 
еңбегі үшін Е. Бекмаханов «Кенесары бастаған 
қозғалысты ақтауға тырысқан ұлтшыл» деген 
айыппен 1952 жылы тұтқындалып, 25 жылға 
бас бостандығынан айырылады.
1954 жылы 16 ақпанда Е. Бекмахановтың ісі 
қайта қаралып, ақталып шығады. Өмірінің со-
ңына дейін адал еңбек етіп, маңызды ғылыми 
еңбектер, орта мектеп үшін Қазақстан тари хы-
нан алғашқы оқулық, хрестоматия, ғылыми 
мақалалар жазды. Е.  Бекмахановтың  өмірі  мен 
қызметі жас ұрпаққа ұла ғатты тағылым.
табиғатты қорғау – баршаның ісі. Табиғатты 
аяусыз пайдалану үлкен экологиялық пробле-
малар тудырады.  Кеңестік кезеңде 
Арал те-
ңізі аймағында қауіпті экологиялық жағдай 
қалыптасты. Аралдың суы тартылып, 25 мың 
шаршы метр жер жалаңаштанып қалды.  Сорға 
айналған Арал түбінен жыл сайын атмосфераға 
миллиондаған тонна құм мен тұз ұшты. Теңізде 
өмір сүретін 24 түрлі балықтың 20 түрі жоғалып, 
теңіз балық шаруашылығының маңызы жо-
йылды. Экологиялық ауыр жағдайдан адамдар 
денсаулығына зор қауіп төнді. 
Бүгінде ғалымдар Арал теңізін қайта қалпы-
на келтіру жолдарын іздестіріп, түрлі жобалар-
Ермұқан Бекмаханов
 
Туған өлкеңнен шық-
қан атақты адамдар – 
ғалым, жазушы, өнер 
ие лері, үкімет қайрат-
кер лері туралы не 
білесің? Олардың өмірі 
мен қыз меті неліктен 
жас ұр паққа өнеге?

207
ды талқылауда. Соңғы жылдары теңіз суының 
шамалап толыға бастауы сол өлке адамдарына 
үміт отын жаққандай болып отыр. 
Су деңгейі 10-15 жылдың ішінде 3 метрге 
тө мендеп  кеткен 
Балқаш көлі аймағында да 
осыған ұқсас жағдай қалыптасты.   
Семей полигоны  аумағында да қауіпті жағдай 
орын алды. 1949 жылдан бастап полигонда 
жер үстіндегі және жер астындағы сынақ жа-
рылыстары жүргізілді. Бұл сол жерде өмір сү-
ретін   халыққа аса ауыр апат әкелді. Жергілікті 
әйелдердің 70 пайызы қаназдық ауруымен ауы-
рады. Іштен ауру болып, жарымжан күйде туа-
тын  балалар саны жыл өткен сайын арта түсті. 
Тұрғындар саны азайды. Қалалар мен өндіріс 
орындарында атмосфераның ластануы адамдар 
өміріне үлкен қауіп төндірді.
 Көрнекті ақын, белгілі қоғам қайраткері 
 
Ол жас Сүлейменовтің жетекшілігімен «Невада-
Семей» қоғамдық бірлестігі атом бом 
басын 
сы 
науды тоқтатуды, полигонды жа 
буды та-
лап етті. 1991 жылы 28 тамызда Қазақ 
стан 
Республикасының Президенті Н.Ә. Назар баев-
тың жарлығымен Семей полигоны жабылды. 
Жас ұрпақ! Келешек жер иесі сенсің. Қор-
шаған ортаны қорғау, туған өлке табиғатын ая-
лау, экологиялық зардаптарды болдырмау ісін 
есіңде мықтап ұстағаның жөн. 
 
Өлке дегеніміз не? 
 
Картадан өзің туып-
өскен өлке, қала, 
қоныс, аудан, облысты 
көрсет. 
 
Өз өлкеңнің табиғат 
байлығы мен 
өсімдіктері және 
жануарлары туралы 
әңгімелеп бер.
 
Өлкеңде қандай 
тарихи-мәдени 
ескерткіштер бар?
 
Табиғатты қорғау 
үшін не істеу керек 
  деп ойлайсың?
Тапсырма. 
«Біздің өлкенің белгілі адамдары – халқымыздың 
мақтанышы» кестесін толтыр.

Өлкедегі белгілі адамдар. 
Өмір сүрген жылдары
 Олардың атқарған 
қыз меті  мен   
өнегелі істері 
Негізгі 
еңбектері
Олжас Сүлейменов

208
 §67. Өлкеміздің тарихи 
ескерткіштері
1.  туған өлке – тылсым тарих. Әрбір елді 
мекен, жердің, тау мен көлдің, тіпті кішкене 
бұлақтың тарихи атауы болады. Туып-өскен 
жеріміздің табиғаты, халқы, шаруашылығы, 
тарихы мен мәдениеті туралы білудің маңызы  
зор. Еліміздегі көне жәдігерлер, мәдени және 
тарихи ескерткіштердің дүниеге келу сыры 
мол. Туған өлкенің тарихи ескерткіштері, көне 
мұралары атамекеніміздің өткен тарихынан 
сыр шертеді.
Балалар, сендер тұратын жердің әлі де 
белгісіз көптеген сырлары мен құпиялары бар. 
Оның сырын ашу болашақтағы сендердің мін-
деттерің.  Өткен тақырыптардан өлкеміздің 
тарихы мен мәдени ескерткіштерін зерттеуде 
археология ғылымының маңызы зор екенін 
білесің. Археологиялық қазба жұмыстары ерек-
ше білімділік пен ынта-жігерді талап етеді. 
Қазақстан тарихы сабағынан елімізде жүр-
гізілген көптеген қазба жұмыстары, атақ 
ты 
ға 
лымдар, зерттеушілер туралы оқып-таныс-
тың. Соның ішінен туған өлке 
де 
гі тарихи 
ескерткіштердің біріне көз жү гіртейік.
2.  сарайшық  қаласына  саяхат.  Сарайшық – 
Жайықтың оң жағалауында, бүгінгі Атырау 
қаласынан солтүстікке қарай 55 шақырым 
жерде орналасқан. Тарихи деректерге қараған-
да, Сарайшық қаласының негізі ХІІІ ғасырда 
қаланған. Қала Алтын Орда ханы Батудың 
(Батый) бұйрығы бойынша 1227–1254 жылда-
ры салынған. Сарайшық қаласы Еуропа мен 
Азияны жалғастыратын көпір сияқты. Араб 
сая хатшысы Ибн Баттута: «Сарайдан шығып, 
бірнеше күннен соң біз Сарайшық қаласына 
келдік, мұндағы «шық» – кішкене деген сөз, 
яғни Сарайшық – кішкене сарай деген мағы-
наны білдіреді» деп жазған. 
Сарайшықтағы 
қазба жұмысы кезінде 
табылған бұйымдар
 
Өзің туып-өскен 
өлкенің атауы, тарихы 
туралы не білесің? 
 
Өзің тұратын өлкеде 
қандай тарихи 
ескерткіштер бар?

209
Сарайшық қаласы Қазақстан жерінде моң-
ғолдар құрған Алтын Орда мемлекетінің (бұл 
мемлекет туралы кейінгі сыныптарда оқып-
білесің) рухани орталығы болды. Ол Ұлы 
Жібек жолының бойында жатқан үлкен сауда 
орталықтарының бірі. Қалада қолөнер дамып, 
тамаша ғимараттар: мешіт, кесене, монша, ке-
руен сарай салынған. Мыс ақша, кейіннен күміс 
теңгелер де жа салған. 
Сарайшық Қасым ханның тұсында Қазақ 
хандығының астанасы болған. Сарайшық қа-
ласында жүргізілген қазба жұмыстары кезінде 
шұңғыл табақ, тостаған, жайпақ табақ, құмыра 
мен қыш ыдыстар табылды.Қыш ыдыстар оюла-
нып, бедерленіп, ақ, көгілдір, жасыл, сарғыш 
қоңыр және түссіз шыңылтырмен қапталған. 
Тіпті алтын жалатылған керамика да кездесті. 
Ыдыстар гүл түріндегі өсімдік, жапырақтар-
мен және жануарлар бейнесімен өрнектелген. 
Толқынды сызықтармен, құс және балық су-
реттерімен безендірілген. Сонымен қатар Хо-
резм, Самарқан және Иран елінде соғылған 
бірқатар теңгелер табылған. Бұның өзі қалада 
сауданың жақсы дамығанын көрсетеді. 
Сарайшық қаласында Алтын Орданың кей-
бір хандары мен белгілі адамдары жерленген. 
Қазір Сарайшық қаласы орнында көне қаланың 
ұлылығы мен көркемдігін дәлелдейтін музей 
салынған. Бірақ Орал өзенінің арнасы жыл са-
йын құлап, мәдени қабаттары біртіндеп жо-
йылуда. Сарайшықтың мәдени мұраларын жас 
ұрпақ үшін сақтап қалу маңызды міндет болып 
отыр. 
Туған жер жайлы жинақталған мәліметтер 
біздің өлке тарихы туралы білімімізді ке-
ңей 
теді. Өлке тарихын оқып-үйрену – өзіміз 
тұратын өңірдегі халықтардың салт-дәстүрін 
құрметтеуге, ана тілімізді жақсы меңгеруге, 
мәдени ескерткіштерін қорғауға және оларға 
қамқорлық жасауымызға көмектеседі. Тари-
хи көне мәдениет ескерткіштері – біздің ата-
бабамыздан қалған асыл мұра.
Ибн Баттута (1304–
1377) – араб саяхатшысы. 
Кейбір деректерге қара-
ғанда, саяхатшы жиырма 
сегіз жыл бойы 100 мың 
шақырымнан астам жол 
жүрген көрінеді. Осы са - 
пар 
лары барысында көр-
ген-біл ген дерін  «Сая хат» 
атты еңбе 
гінде жазып 
қалдырады. Ибн Бат 
ту-
та сапар 
ларында Афри-
каның солтүстігі мен 
ба 
тысын, Үндістан, Ис-
пания, Түркия, Иран, 
Орта Азия мен Шығыс Еу-
ропаны және Қытайдағы 
жүздеген қалаларды 
ара 
лаған. Оның атақты 
«Синд бадтың 
саяхат та-
ры»,  «Үндістан  ға жа йып-
тары» еңбектерін кім біл-
мейді? Сонымен қатар 
Жайық өзенінің бойын-
дағы Сарайшық қала-
сын 
да болып, ол туралы 
жазғандары да бізге жет-
ті. Ибн Баттутаның ең-
бектері география, тарих, 
мәдениет салаларынан 
үл 
кен қызығушылық ту-
ды румен қатар, әдеби шы-
ғар 
ма ретінде де аса ма 

ңыз ды туынды саналады. 

210
Шығармашылық тапсырма
Туған өлкеңдегі қалалар, ескерткіштер ту-
ралы көрген-білгендеріңді, бейнефильмнен не-
месе иллюстрациялық материалдан алған білім-
деріңді есіңе түсір. Оқулық мәтінінен «Сарай шық 
қаласына саяхат» тақырыпшасын қайталап 
оқы. Өзіңді ХІІІ–ХV ғасырлар ара лығында Са-
райшық қаласына ойша саяхат жасап жүрмін 
деп есепте. Осы саяхаттан алған әсерің туралы 
қысқаша әңгіме жаз. Әңгімені мына жоспар 
бойынша дайындауға болады:
1. Сарайшық – көне тарихи қала. 
2. 
Сарайшықтың басқа қалалардан ерек-
шелігі.
3. Қала атауының мәні.
4. Қала орнында жүргізілген қазба жұмыс-
тары.
«Туған өлке тұрғыны өмірінің бір күні» деген 
тақырыпта қысқаша эссе жаз. Жоспары: 
1. Туған өлкемдегі ірі қала.
2. Қала қай жерде орналасқан?
3. Қала қалай, қашан салынған?
4. Қалада жерасты каналдары қалай және не 
үшін пайдаланылған?
5. 
Қала тұрғындарының кәсібі, тұрмысы, 
еңбегін суретте.
6. Қалада қандай зерттеу жұмыстары жүр-
гізіліп жатыр?
 
Сарайшық қаласы қай 
ғасырда салынған?
 
Ибн Баттута қандай 
еңбектер жазды?
 
«Отаншылдық» 
ұғымын қалай 
түсінесің?
 
Өз өлкеңдегі қандай 
тарихи- мәдени 
ескерткіштерді 
білесің? 
 
«Өлкеміздегі тарихи 
ескерткіштер 
құпиясы» деген 
тақырыпта хабарла-
ма дайында.
Тапсырма. «Біздің өлкенің тарихи ескерткіштері» кестесін толтыр

Тарихи 
ескерткіш
Сипаты 
Орналасқан 
жері

211


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет