Г. К. Күзембаева, К. Күзембаев, а мауленов



Pdf көрінісі
бет79/101
Дата27.04.2023
өлшемі1,51 Mb.
#87536
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   101
Байланысты:
КУЛЬТУРА СЕРВИСА

Қалыпты тәртіпте жұмыс. Бұл кезеңде мейрамхана және қонақ үйде 
жұмысты түзету ойы туындауы мүмкін. Мысалы, кешкі уақытта тұтнушылар 
ағыны азайды. Мәселенің мүмкін себептері: табыстырақ бәсекелес 
кәсіпорынның пайда болуы, тұрақты клиенттерді ас мәзірі ұнамайды, қызмет 
көрсету сапасы төмендеді және т.б. 
Маркетингтік зерттеулер шынайы мотивтерді айқындауға, негізгі және 
туынды мотивтерді бөлуге, қалыптасқан күйді түзетуге жол таңдауға мүмкіндік 
береді.
Маркетологтар бар күштерін кәсіпорынның қалыпты жұмыс істеуіне 
кедергі болатын себептерді жоюға жұмсайды. Кәсіпорын табысты жұмыс істеуі 
де мүмкін, онда маркетингтік зерттеулер мейрамхана және қонақ үйлер желісін 
құру мақсатында жүргізіледі.
Кризистік жағдайда жұмыс істеу. Мысалы, мейрамхана және қонақ үй өз 
танымалдылығын жоғалтады, клиентура өсу динамикасы төмен немесе мүлдем 
жоқ, өтімділік ұзақ уақытқа созылу, несиені өтеу уақытының қысуы сияқты 
жағдайларда маркетинг мәселенің ең пайдалы әрі тез шешімін анықтауға 
мүмкіндік береді. Барлық жағдайда мейрамхана және қонақ үйді сату ең 
оңтайлы шешім емес, қалпына келтіру мүмкіндігі болу керек, оларды тауып, 
кәсіпорынның жаңа концепциясын қарастырады. 


124 
Маркетингтік қызметтер – арзан жұмыс емес, бірақ аса қажетті. Одан бас 
тарту ықыласы, үнемдеу ары қарай үлкен қаржылық шығындарға немесе 
күйреуге алып келуі мүмкін.
  
7.4. Мейрамхана және қонақ үйде қызмет көрсетудің жаңа түрлері және 
жаңа тағамдар түрлері 
Жаңа тағамдар – жергілікті жерде алғаш рет пайда болған және 
сипаттамасы бойынша тағайындалуы бір тағамдардан асып түсетін тағамдар. 
Тұтынушылардың кең ауқымына жаңа тағамдар қасиеттері мен ұсыну жері 
туралы хабарлау жақсы ойластырған жарнама көмегімен жүзеге асу қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   101




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет