Г. К. Күзембаева, К. Күзембаев, а мауленов



Pdf көрінісі
бет78/101
Дата27.04.2023
өлшемі1,51 Mb.
#87536
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   101
Байланысты:
КУЛЬТУРА СЕРВИСА

Маркетингтік стратегия. Ол мерамхана бизнесін жұмыс істеуге қажетті 
нарықтың белгілі – бір сегментіне бағыттайды. Бұл жағдайда бәсекелес 
Мейрамхана және қонақ үй ерекшеліктерін айқындау қажет. Бұл мақсатта 
әртүрлі көздерден (буклет,каталог, жарнама, көрме және жәменке және т.б) 
үнемі олар туралы ақпарат жинау керек. 
Мейрамхана және қонақ үй қызметінің табысы көбінесе қонақтар 
қажеттілігін білумен анықталады. Сондықтан тұтынушылар қажеттіліктерін, 
тілектерін, олардың тағамдардан көретін пайдасын маркетигтік зерттеу өте 
маңызды. Сонымен қатар олардың қанағаттанбай қалған қжеттіліктерін және 
жаңа тағамдарға әсерін білу керек. Сонда ғана мейрамхана және қонақ үй 
бәсеке қабілетті бола алады. 
Маркетингтік қызметтер – мейрамхана және қонақ үй бизнесіндегі 
маңызды элемент. Маркетологтардың мұқият және ойластырылған жұмысысыз 
жақсы идеяның тұрақтануы өте қиын. Маркетингтік зерттеулердің объектісі 
мейрамхана және қонақ үй қызметтерінің барлық құрамдас бөліктері болып 
табылады.
Маркетинг кәсіпорын жұмысының кез–келген кезеңдерінде аса маңызды: 
 дайындық кезеңінде –бәсекелес кәсіпорындардың клиенттер базасын 
зерттеу, болашақ ғимараттың орналасуын талдау және т.б.; 
 жұмыс тәртібінде – ағымдағы мәселелерді айқындау, жұмыс істеу 
шарттары өзгеру нәтижесіне үйрену мүмкіндігі, жарнама қызметінің 
күшейтілуі және т.б.; 


123 
 критикалық жағдайда – мейрамхана және қонақ үй ғимаратын қалпына 
келтіру қажеттілігі, мәселелі кадр сұрақтарын таңдау, инвесторлардың 
ықтимал ауысуы және т.б. 
Дайындық кезеңі. Мейрамхана және қонақ үй концепциясын қарастырып 
болған соң төмендегі аспектілерді зерттеп қарастыру керек: 
1. Ықтимал мейрамхана және қонақ үйдің орналасуы жанындағы ықтимал 
клиентура құрылымын мына позициялар бойынша зерттеу: 
 жасы; 
 қызмет түрі; 
 табыс көлемі; 
 отбасылық жағдайы және т.б. 
2. Болашақ мейрамхана және қонақ үй жанындағы негізгі ғимараттар мен 
құрылыстар – кеңселер, сауда және бизнес–орталықтар, вокзалдар және 
т.б. 
3. Кіре беріс жолдардың болуы немесе оларды салу мүмкіндігі; 
4. Көлік қою орны және оны рәсімдеу
5. Бәсекелес орындардың болуы және олардың концепциясы, дизайны, 
келушілер мөлшері, персонал жұмысы және орташа чек. 
Бәсекелес кәсіпорындардың жұмысын зерттеу ас маңызды мәлімет беруі 
мүмкін. Бәсекелес мейрамхана және қонақ үйді клиент ретінде барып, оның 
қаншалықты табысты жұмыс істеп жатқанын бағалауға болады. Көбінесе 
ұсынылатын 
тағамдар 
ассортименті, 
жүргізілетін 
бағалық 
саясат, 
аспаздығының бағыты, клиенттік база сияқты мәліметтер қызығушылық 
тудырады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   101




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет