Г. К. Күзембаева, К. Күзембаев, а мауленов



Pdf көрінісі
бет80/101
Дата27.04.2023
өлшемі1,51 Mb.
#87536
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   101
Байланысты:
КУЛЬТУРА СЕРВИСА

Тағамдардың жаңа түрлері. Нарықтың қанығуы және мейрамхана және 
қонақ үй арасындағы бәсекенің күшеюі кезінде олардың қолайлы қызмет етуі 
мен экономикалық өсу критерииі жаңа, қонақтардың қазіргі заманғы 
талаптарына жауап беретін тағамдар ассортиментін құру қаблеті болып 
табылады. Тағамдар ассортиментінің жаңалығы «қажеттілік – тұтынушы – 
тағам ассортименті – мейрамхана және қонақ үй қызметі нарығы» жүйесінде 
көріну керек. 
Тағамдар ассортименті: 
 жаңа қажеттілікті қанағаттандыру бойынша; 
 жаңа тұтынушыға қатынасы бойынша; 
 ескірген тағамдар ассортиментіне қатынасы бойынша;
 жаңа нарыққа қатынасы бойынша жаңа болуы мүмкін.
Сондықтан нарықтық жаңа тағам: 
 нарықта аналогы жоқ, алғаш рет ұсынылатын тағам ассортименті; 
 мейрамхана және қонақ үйде болған тағамға қарағанда орасан зор
принципиалды жетілдірілген тағам ассортименті; 
 өз аналогтары арасында біршама жетілдірілген тағам ассортименті; 
 басқа нарықта болған, бірақ таңдалған нарықта жаңа болып саналатын 
тағам ассортименті; 
 жаңа қолдану саласы жаңа тағам ассортименті саналады. 
Нарыққа жаңа тағамдар ассортиментін құру, жетілдіру және енгізу 
мейрамхана және қонақ үй үшін біршама тәуекелге ие. 60 жаңа өндірілген өнім 
ұсыныстары ішінде тек төрт – бесеуі ғана аяғына дейін өндіріліп, нарыққа 
енгізіледі және оның біреуі ғана кең сұранысқа ие болды. Бұл 40 % 
тұтынушылық тауарларға 20% өндірістік сала тауарларына және 18 % 
қоғамдық тамақтану орындарының әртүрлі өнімдерге қатысты. 
Сәтсіздік себептері төмендегі факторлармен анықталады: 
 нарық талаптарын адекватты емес бағалау (32%); 
 өнімнің техникалық жетіспеушілігі (23%); 
 қымбат баға (14%); 
 дұрыс емес өткізу бағдарламасы (13%); 
 сатуды дұрыс емес уақытта бастау (10%);
 бәсеке қатынастар(8 %); 


125 
Құрылатын тауар (өнім) экономикалық тиімді және бәсеке қабілетті бөлу 
үшін алдын – ала: 
 тауарды қолданудың ықтимал саласын, болашақ тұтынушылар 
континентін; 
 өндіру мен өткізудің бар қорларын; 
 өндірістік цикл модификациясын, жаңа тауарды (өнімді) меңгеру және 
қозғалысы кезінде өткізу үрдісінің өзгерістері және осыған байланысты 
шығындарды; 
 жаңа тауардың өндіріліп жүрген тауарлармен бәсекелесу мүмкіндігін 
бағалау керек. 
Қатаң нарықтық бәсеке, қонақтардың үнемі өсетін талаптары мейрамхана 
және қонақ үйлердің мода тенденцияларын ескеріп жаңа тағамдар 
ассортиментін құруға итермелейді. 
Нарық экономикасында барлығын тұтынушы анықтайды. Сондықтан 
тұрақты тағам ассортиментін өндіруге бағытталған мейрамхана және қонақ 
үйлер нарықта алдыңғы қатардағы орынды ала алмайды. Нарық 
экономикасындағы басты шарттар: тағамдарды (өнімдерді) өткізу және 
маркетингтік қызмет. Сондықтан қазіргі уақытта мейрамхана және қонақ үйлер 
толық маркетингке бағытталу керек. Бұл жағдайда тағам ассортименті ықтимал 
тұтынушылар сұраныстары мен мейрамхана және қонақ үй имиджіне (бренд) 
бағытын ескеріп, мейрамхана және қонақ үйдің маркетингтік саясаттың 
маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   101




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет