Г. К. Күзембаева, К. Күзембаев, а мауленов


Тағамдар мен сусындарды беру реті



Pdf көрінісі
бет75/101
Дата27.04.2023
өлшемі1,51 Mb.
#87536
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   101
Байланысты:
КУЛЬТУРА СЕРВИСА

Тағамдар мен сусындарды беру реті. Ең алдымен қонақтарға буфет өнімін 
қояды: алдымен үстелге нан және алкоголсыз сусындар (миниралды және жеміс 
сулары , шырындар) қойылады. Бөтелкелер таза , шытынамаған, сынбаған болу 
керек. Шырындарды құмыраларда немесе конусты стаканда ұсынады. 
Тапсырылған шарапты даяшы қонақтарға көрсетеді. Бөтелкені майлыққы орап, 
үстелде ашады. Бөтелкені сол қолда үстап , шарапты бокалдарға құяды да , 
қонақтарға оң жағынан ұсынады. шарапты құйып болған соң бөтелкені 
(графинді) үстелге қояды. 
Тапсырыстағы темекі өнімдерін кішкентай жайпақ табақта немесе 
ұшбұрышпен бүктелген майлығы бар тәрелкеге салып алып келеді. Қонақ 
тұтатуды сұрағанда , даяшы миниатюрлі подноста оттық немесе шырпы 
ұсынады. Темекіге жағылған шырпы немесе оттықты әкелуге рұқсат етілмейді.
Темекі шекен қонаққа даяшы күл салғыш қойып, онда бір темекі тұқылы 
немесе шырпы пайда боолғанда ауыстыру керек. 
Буфет өнімдерінен кейін тапсырылған тағамдарды бірінші салқын 
тағамдарды алып келеді. Тапсырысқа байланысты салқын тағамдар мына ретте 
ұсынады: 


118 
- уылдырық (түйірлі, майда бекіре және алабұға балықтарының) сары май, 
табиғи көкіністер,аз тұздалған, ыспалған,пісірілген, құйылған,майонез 
астындағы балық; балық гастрономиясы және балық консервілері; табиғи 
майшабақ гарнирмен; теңіз өнімдері; балық салаттары; 
- пісірілген ет, құйылған ет, ет ыстамалары, ет гастрономиясы; қуырылған 
ет, ет ассортиі, ет салаты; 
- пісірілген, құйылған,толтырылған, қуырылған құс еті;құс еті ассортиі, 
құс еті салаттары
- көкөніс салаттары, винегреттер, тұздалған көкөністер мен маринадтар, 
саңырауқұлақ тісбасарлары. 
Салқын тісбасарлардан кейін ыстық тісбасарларды алып келеді. Ыстық 
тісбасарларды беру реті: балық, ет, құс етінен, көкөністер мен 
саңырауқұлақтардан, жұмыртқадан, ұннан даярланған тісбасарлар. 
Ыстық тісбасарлардан кейін көжелер: мөлдір, тұздықты, езбе көжелер, 
сүтті, салқын, тәтті көжелер беріледі. Содан соң ыстық тағамдар: балық-
пісірілген, өз сөлінде пісірілген, қуырылған, көмбелеп пісірілген; ет-пісірілген, 
өз сөлінде пісірілген, қуырылған, тұздықта қуырылған, бұөтырылған, көмбелеп 
пісірілген; құс еті- пісірілген, өз сөлінде пісірілген, толтырылған, қуырылған, 
бұқтырылған, көмбелеп пісірілген; көкөністер- пісірілген, өз сөлінде пісірілген, 
қуырылған, бұқтырылған, көмбелеп пісірілген; жармадан, бұршақтылардан, 
макарон өнімдерінен даярланған тағамдар, ұн тағамдары, жұмыртқа тағамдары, 
сүзбеден даярланған тағамдар беріледі.
Ыстық тағамдардан кейін тәтті тағамдар (ыстық және салқын), жемістер, 
ыстық сусындар беріледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   101




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет