Г. К. Күзембаева, К. Күзембаев, а мауленов



Pdf көрінісі
бет98/101
Дата27.04.2023
өлшемі1,51 Mb.
#87536
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   101
Байланысты:
КУЛЬТУРА СЕРВИСА

Имидж қызметтері. Корпоративті имидж негізгі үш қызметін атқару 
керек. Осы қызметтердің орындалу дәрежесі мен сипаты бойынша имидж 
тиімді немесе тиімді емес болып бағаланады. 
1 қызметі. Қажетті (берілген, жоспарланған) әсер ету. «Жоспарланған 
әсер» корпоративті стратегия негізінде жасалған мақсатқа бағынады. Бұл 
кәсіпорынның консервативті немесе инновациялық бейнесі болуы мүмкін. Бұл 
кішігірім және мобильді немесе, керісінше сәл ақырын, бірақ «батпайтын» 
құрылым бейнесі болуы мүмкін. Бұл қызметтері маманданған немесе үнемі 
ассортименті кеңеетін кәсіпорын бейнесі болуы мүмкін. Сонымен қатар, бұл 
«жетімді» немесе «элиталы» кәсіпорын бейнесі болуы мүмкін.
2 қызметі. Өзін нарықта көрсету. Кәсіпорынның өзін нарықта көрсету өзін 
идентификациялау мәселесі болып табылады: кәсіпорын нарықта өз миссиясын 
түсініп, немен айналысатынын, не үшін айналысатынын, клиенттер үшін оның 
ерекшелігі мен артықшылықтаы, сонымен қатар негізгі әріптестері 
(жабдықтаушылар, тұтынушылар, өндірістік өткізу және қызмет көрсету 
тізбегіне қатысушылар) кім екенін түсіну. 
3 қызметі. Әрекетке ынталандыру. Психология заңдары бойынша адамда 
қажетті бағытта әрекет етуге дайындығын қалыптастыру үшін (өнім сатып алу, 
келісімге отыру және т.б.), яғни мақсат орнату үшін негіз қажет. Бұл негіз 
бірнеше құрамдас бөліктерден тұрады. Бұл ең алдымен кәсіпорын ұсынатын 
тауарлар мен қызметтерге сұраныстың болуы. 
Егер кәсіпорынның тауары немесе қызметі нақты қажеттілікке жауап 
берсе, онда тек сол кәсіпорын осы қажеттілікті қанағаттандыра алатынын нақты 
және сенімді айту керек. Бұл кезеңде басты мақсат сауатты жарнама 
компаниясын құруға негізделеді. Кәсіпорынның мақсаттары мен міндеттері 
нақты анықталған болса, оныкорпоративті имидж құра отырып, сыртқа жеткізу 
жеңілірек болады. 
Кәсіпорын имиджінің құрылымы. Корпоративті имиджді басқара 
отырып, кәсіпорынның корпоративті имиджінің құрылымы және индивидтер 
санасында имидж қалыптасуының психологиялық процесстері ерекшеліктері 
туралы нақты түсініктері болу керек.
Кәсіпорын имиджінің құрылымын кәсіпорынға қатысты адамдар ойлары 
тұрайды, оларды шартты түрде сегіз топқа (құрамдас бөлікке) бөлуге болады: 
Тауар (қызмет) имиджі – өнімге ерекше ерекшелік беретін және оны 
аналогты өнімдері арасынан бөлетін өнімнің ерекше және танымал 
сипаттамалары туралы кең ьараған және тұрақты түсінігі. 


149 
Тауар тұтынушылар имиджі. Тауарды қолданушылар имиджі 
тұтынушылардың өмір стилі, қоғамдық статусы және сипаты туралы 
түсініктерден тұрады. 
Кәсіпорынның ішкі имиджі. Кәсіпорынның ішкі имиджі деп өз 
кәсіпорынын ойлайтындар түсініледі. Олар бәсекеқабілеттіліктің факторы ғана 
емес, сыртқы аудитория үшін кәсіпорын туралы ақпарат көзі болып табылады. 
Ішкі имидждің негізгі детерминанттары кәсіпорын мәдениеті мен әлеуметтік-
психологиялық климат болып табылады. 
Кәсіпорынның негізін салушы және (немесе) басшы имиджі. 
Кәсіпорынның негізін салушы және (немесе) басшы имиджі сыртқы түрі, 
әлеуметтік-демографиялық күйі, тәртіп ерекшелігі, негізгі қызметінде емес 
қылықтары мен параметрлері сияқты сияқты бақыланатын сипаттамаларды 
қабылдау негізінде қалыптасқан негізін салушы және (немесе) басшы ниеті, 
мотиві, қабілеті, ұстанымы, құндық бағыты мен психологиялық сипаттамалары 
туралы ұғамдардан тұрады.
Персонал имиджі. Персонал имиджі – персоналдың жинақы жалпы 
бейнесі. Персонал имиджі ең алдымен кәсіпорын жұмысшысымен тікелей 
қатынасқанда қалыптасады. Әрбір жұмысшы кәсіпорын «жүзі» болып, жалпы 
персонал туралы түсінік қалыптастырады.
Кәсіпорынның визуалды имиджі. Кәсіпорынның визуалды имиджі – 
кәсіпорын, саудалық залдар интерьері мен экстерьері, персоналдың сыртқы 
түрі, сонымен қатар фирмалық символика (фирмалық стиль элементтері) 
туралы ақпаратты бекітетін көру сезімдері субстрат болып табылатын 
кәсіпорын туралы түсінігі. 
Кәсіпорынның әлеуметтік имиджі. Кәсіпорынның әлеуметтік имиджі – 
қоғамның экономикалық, әлеуметтік және мәдени өмірінде кәсіпорынның рөлі 
мен әлеуметтік мақсаты туралы ұғымы. 
Кәсіпорынның бизнес-имиджі. Кәсіпорынның бизнес-имиджі - белгілі-бір 
қызмет субъектісі ретінде кәсіпорын туралы ұғымы. Кәсіпорынның бизнес-
имиджінің негізгі детерминанттары іскерлік репутация немесе іскерлік 
әрекеттерді жүзеге асыруда адалдығы/ықылассыздығы, сонымен қатар 
индикаторлары: сату көлемі, салыстырмалы нарық үлесі, технология 
инновациялығы және оны меңгеру, патенттік қорғау, тауарлар түрлілігі, 
бағалық саясат иілгіштігі, өткізу желілеріне жетімділігі болып табылатын 
кәсіпорынның іскерлік белсенділігі болып табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   101




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет