Г. М. Шеламова психология ж ә не к ә сіби қызметінің этикасы рұқсат берді Сарапшы кеңес кәсіби білім беру мекемелерде білім беру барысында қолдану үшін, бастапқы кәсіби білім беру бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет13/17
Дата18.10.2022
өлшемі1,17 Mb.
#43771
түріБағдарламасы
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
шамасын білу мен әдепке себепші болады. Әдепті болу ол ескертулерді 
адамның абыройын түсірмей ебін тауып жасау, оған қиындықтардан қадір- қасиетін 
жоғалтпай шығуға мүмкіндік беру болып табылады.
Адамның өз кәсіби парызына қарым-қатынасын анықтайтын моральдік қағидаларлың 
жиынтығы 
кәсіби этика түсінігі болып табылады. Қоғам кәсіби іскерліктіңкейбір түрлеріне 
тыс асыра моральдік талаптар қояды, оның ішінде кәсіби міндеттерді орындауда жоғары 
біліктілікті талап етеді. Бұл қызмет көрсету саласындағы, транспорт, денсаулықты сақтау
тәрбиелеу және осыған тәріздес мамандықтар, өйткені адамдар бұл кәсіби топтардың жұмыс 
объектісі болып саналады, ал мамандықтың өзі «адам мен адам» мамандық типіне жатады.
Бұл типтегі мамандық жұмысшыларының, әсіресе, қоғамдық тамақтандыру саласының 
жұмысшыларының ерекше еңбек жағдайы болып мыналар табылады: адамдар арасындағы 
арақатынасының тез өзгеру динамикасы; үнемі қозғалыста болу және әлеуметтік контактіге 
дайын болу. Сонымен қатар, қоғамдық тамақтандыру саласындағы жұмысщыларға 
адамдарды түсіну және оларға қызмет көрсетуге ықыласыңың болуы керек. Сонымен бірге, 
кәсіби іскерліктің тиімді болуы үшін,


олар эмоционалды тұрақты және сабырлы, сырт бейнесі тиянақты, әдепті және 
жарқын жүзді болуы керек.
Кәсіби этиканың әр түрі кәсіби іскерліктің өзгешелігімен ерекшеленеді 
және мораль тұрғысынан өзіне тән ерекше талаптары бар.
Әскери қызметтің кәсіби этикасы қызметтік парыздың нақты орындалуын, ерлікті, 
тәртіптілікті, Отанға шын берілгендікті талап етеді. Медициналық этиканың сан 
қидыдығы адам денсаулығына, оның жақсаруы мен сақталуына бағытталған. Дегенмен, 
кәсіби этикаға тән кез келген ерекшелікті жалпы адами құндылықтарсыз және этика 
қағидаларынсыз есепке алу мүмкін емес.
Қоғамдық тамақтандыру жұмысшыларының парызы – ол келушілерге қатысты 
мұқияттылық пен ізгі ниеттілік. Мысалы, еңбегі ауыр физикалық жұмыспен байланысты
мейрамхана даяшысы (бір ауысымда ол бірнеше килограмм асы бар табағымен бірнеше 
ондық киломертді жүреді) өзінің шаршағанын келуші қонақтарға көрсетпеуі керек. Жақсы 
қозғалыс икемдігі мен күлімсіреу даяшыға әрдайым тән болуы керек. Аспаздың кәсіби 
парызы ас әзірлеу технологиясының талаптарын қатал сақтау.
Қоғамдық тамақтандыру саласының жұмысшыларына парыз ең маңызды критерий 
болып табылады, ол өз жұмысына жауапсыз қарауға жол бермейді. Дәл осы парыздаяшы 
немесе барменге қожайынның орнын иеленуге, келуші қонақтарды ұмытып кетуге, ас 
мәзірін стөл бетіне дөрекі тастауға, артық есептеуге, дөрекілік көрсетуге және ұқыпсыз 
болуға жол бермейді. Даяшы жақсы гастроном болуы керек, ұсынылған астың сапасын 
және арнайы ерекшеліктерін білуі, келушілерге ас немесе сусын түрлеріне кеңес беруді 
білуі қажет. Даяшының залда жүгірмей дыбыссыз жүруі, ырғақты қозғалысы, келушінің 
мазасын алмастан қызмет көрсетуі жағымды атмосфераның құрылуына жағдай жасайды.
Кәсіби этика ережелерін сақтау, даяшыны залға кіріп келушілерді күлімсіреп қарсы 
алуға міндеттейді.Күлімсіреп қарсы алушылардың жүріс- тұрысы ұстанымды және 
ұқыпты болуы тиіс. Қарсы алу басты иіп сәлем берумен бірге қоса жүреді және міндетті 
түрде жымия күлу керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет