143
адамы, айтса болды, орындайды, – деді мені жұбата сөйлеп. Онан
соң менімен қатарласа жүріп, өз үйінің тұсына жеткенде:
– Жүр біздікіне, мына шарығыңды майлап ал, – деді.
Шынында да, май су өткізбейді ғой, майласам майлап алайын-
шы деген ой келді маған да, Əжібектің үйі – ауыз үй, түп үйден
тұра тын аласа ғана ескі кірпіш там. Əжібек жалғыз өзі ғана тұрады.
Тұрады деген тек аты ғана, əйтпесе Əжібек ауыл үй арасы ағайын-
туғандарын аралап, əркімдікіне бір қонып жүреді. Соңғы кезде
көбіне Ырысбектің үйінен шықпайтын. Шешесі өлген екі жылдан
бері үйдің күйі мүлде кетіп-ақ қалған. Көктем, күз төбесінен су
өтіп, іші үнемі сыз тартып, көгерген иіс тұсынан өткен адамның
жүрегін айнытады. Алайда Əжібек мұның бəрін уақытша дейді. Əке-
шешесінен қалған азын-аулақ дүние-мүліктерін анда-санда далаға
шығарып қағып-сілкіп, онан соң қайтадан буып-түйіп қояды. Бала-
ларды ұйымдастырып үй ішін сыпыртып, жинастырып, қыс кезінде
күніне бір уақыт от жағады. Өзі: «Əлі он сегізге толып, үйленетін
кезім де бəрі керек болады ғой», – дейді. Дəл қашан жəне кімге үйле-
не ті нін əзірге өзі де білмейді. Осы күні бұрынғыдай: «Зибашқа
үйленем», – дегенін қойған. «Жас қыздардың біреуі ержетер оған
дейін», – дейді.
Қазір үйінің мұржасынан будақтап түтін шығып жатыр.
– Үйде Қайрат пен Бəтен бар, – деді.
Біз кіргенде, көгерген иіс пен түтін сасыған үйдің ішінде
Қайрат пен Бəтен қарамай толы үлкен шелекті орталарына қойып,
шарықтарын шылқытып майлап отыр екен. Кішкене қазанда сақыл-
дап бірдеңе қайнап жатыр, онан тəтті бір иісі білінеді, кəдімгі жас
сорпаның иісі.
– Маладестер! Енді сендердің шарықтарыңнан су өтіп көрсін!
– деп мақтап қойды Əжібек. – Кəне, Қанат, сен де майлап ал
шарығыңды.
Əлгі екеуінің қатарына отыра қап мен де шарығымды майлауға
кірістім. Ал Əжібек болса қолына кəкпір алып, қазандағы қайнап
жатқан жұдырықтай кесек етті шығарып пышақпен шетінен кесіп
жеп көрді де, қайта салды. Біз үшеуміз шарықтарымызды қоя сала,
сілекейлеріміз шұбырып оның аузына қарай қалған екенбіз.
– Əлі піспепті, – деді аузындағысын малжаңдай тұрып. Онан
соң біздің телміре қалғанымызды ұнатпай:
– Əй, көксоққандар, болыңдар енді, – деді əмірлі үнмен. – Бүгін-
144
ше мына ет əбден піссін. Өзі кəрі малдың еті ме, немене, əлі тастай
қатты. Ал сендер шарықтарыңды майлап алыңдар да, қайқайыңдар
үйлеріңе. Ертең сендерге бір-бір жапырақ алып қоям. Үйлерің бар,
аш емессіңдер ғой, ауыз тисеңдер де жетер.
Біз шарықтарымызды шылқыта майлап үйден шықтық. Ə деп
табалдырықтан аттағаннан бастап-ақ үшеуміздің бірінен-бірі күлкі-
лі аюдың табанындай іздеріміз ақ қардың бетіне аймандай боп бат-
тиып-баттиып қалды. Біраз жүріп барып қайырылып қарағанбыз,
іздеріміз тура бір қора қой шұбырып өткендей қап-қара ала боп жо-
сыла түсіпті. Қалай болар екен деп шарықтарымызбен еріген қарды
оңды-солды ойқастай кешіп көргенбіз, майдың аты май ғой, шіркін,
бұрын шарығымыздың ұлтарма тігістеріне жабыса кететін жентек
қар енді тіпті жұғысар емес.
Қазір мына шарығымызбен су кешсек те өте қоймас.
Кешіп көрер ме еді өзі?!
Қай жерде су бар?
Ары-бері омбы қарды ойқастай кешіп іздестіріп көріп едік, бірақ
қыстың күні су қайдан табылсын, шұңқырлар мен арықтар тегіс
қалың қар астында қатып жатыр. Өстіп мəз боп келе жатқанымызда,
тас қойма жақтан тор жорғамен құйғытып шыға келген Байдалы шал
біздің ізімізді кесіп өте бере, кілт атының басын тартып қайырыла
бұрылды, ақ қарға түскен ізімізге, онан біздің шарықтарымызға
қарады да:
– Əй, иттің күшіктері, мына қарамайды қайдан алдыңдар? Кəне,
жандарыңның барында айтыңдар?! – деп, ақыра қамшы сілтеп, тор
жорғамен үшеумізді де тапап өте жаздап төніп келгенде, есіміз шық-
қан біз зəре-құтымыз ұшып, бір-бірімізге тығыла ұйлығып тұрып
қалыппыз.
– Қайдан алдыңдар деймін?!
Дойыр қамшы үшеумізді қос-қабаттап бір осып өткен. Үшеуміз
де шар-шар ете қалдық.
– Қайдан алдыңдар?
Дойыр қамшы басымызға қайырыла төнген.
– Əжібе-е-ек... – деді бақыра жылаған Бəтен.
– Ə, шақшабас ит!..
Тор жорғаға борбайлата қамшыны басқан Байдалы шал енді бізді
тастай бере Əжібектің үйіне қарай шапты. Енді байқадық, бұ кез-
де Əжібек те құстай ұшып Ырысбектің үйіне жетіп қапты. Байда-
145
лы шал қалың қарға аты омбылап жете алмай қалды. Жер сабалап,
көшені басына көтере боқтануда. Атынан түсіп, Əжібектің есігінің
алдынан əлгіндегі қарамай толы шелекті көтеріп алды. Сірə, Əжібек
қашып бара жатып сыртқа, есігінің алдына шығарып тастап кетсе
керек.
– Ə, шақшабас ит, осыдан қолыма бір түсерсің. Сен итті көзіңе
көк шыбынды үймелетіп тұрып айдатпасам ба, əлі!..
Соның арасында айқай-шуға жиналып қалған жұртқа:
– Көктемде егіс кезінде құрал-сайман майлауға деп Мытыстан
барып, бір тоқты беріп əзер деп сұрап əкелгенімді қайтейін. Əнеу
бір күні аяқ асты ұшты-күйлі жоғалып кеткені. Апырай, бұ қарамай
сонша кімге қажет болды екен деп таң қалып ем. Сөйтсем мына
Шақшабастан келген екен ғой. Бұ неткен қаскүнем-ей, а?! Колхоздың
қарамайын ұрлап... Сотқа тартылғалы жүр ғой, ол ит...
– Бір кезде көзі бізге түсіп кеткен: – Əжібекке ерсеңдер көгере-
сіңдер, о, жетесіз немелер, үшеуіңді де сойып салайын ба, осы! –
деп тап бергенде, үшеуміз үш жаққа безіп кеттік...
Баланың қорқынышы ұзаққа созылған ба?! Артынша-ақ қызу
ойынға кірстік те, Əжібекті де, оның қарамайын да, Байдалы шал-
ды да мүлде естен шығарып, қыстың майтоңғысыз жайма-шуақ
күні батқанша, жентектелген қардан аққала тұрғызып, одан екі
жаққа бөлініп қармен атысып ойнап, əбден қызыққа баттық. Сөйтіп,
үсті-басымыздың малмандай су болғанын да, шарықтарымыздан
шылқып су өткенін де аңғармаппыз. Кешкісін үйге кеп шешінген
кезімде, үсті-басымды ұстап көрген əжем:
– Құлыным-ау, осынша су болғанша ойнағансың ба? – деді
рен жіп. Жұмыстан шаршап қайтқан Нəзира əпкем шай ішіп отыр
екен, үндеген жоқ. Мен кəн пештің ұзына үстіне киімдерімді жай-
ып, шарығымды қызуы молдау ошақтың желке тұсына кептіруге
қойдым. Əлден соң үйдің ішін қолқаны қапқан қоңырсық иіс алып
кетті.
– Бұ неғылған иіс? – деп, Нəзира əпкем ұшып тұрып барып
ошақ тың үстіңгі жағына үңілді. Дəл бір өлген мысықты ұстағандай
менің əуелі бір шарығымды қонышынан шымши көтеріп шамның
жарығына əкеп тыжырына тұрып қарады да, онан соң екінші шары-
ғымды əкеп жəне қарады, екеуінің де сыртындағы сыланған қарамай
еріп, тамшылап тұр.
– Əй, Қанат, мынауың не?
10–1151
146
Мен үндегем жоқ. Үйдің бұрышындағы ескі тонға орана түсіп,
жантайып жата бердім.
– Əй, мынауың не деймін? – деп ақырып жіберген Нəзира əпкем.
Мен селк ете түстім. – О заман да, бұ заман киізге қарамай жаққан
деген не сұмдық?!
Шарықтарымды үстіме қарай лақтырып жіберді.
– Өлтірейін бе, осы, а?! Сендей ақымақтың барыңнан жоғың! –
деп, маған тап берген.
Əжем ұмтылып кеп арамызға тұра қалды.
– Жə, жə... – деді сабырлы үнмен.
– Əже-ау, бұл ақымақты неге қорғайсың?!
Нəзира əпкем күйініп барып отыра кетті.
– Елдің мұндай баласы мынадай қиындықта бір жағына сүйеу
боп жүр, ал бұ болса со күйі ми кеще, ақымақ... Əй, енді мынау киіз
аяқкиімді қалай кептіресің?!
Мен əпкем қандай ауыр сөз айтса да, үнсіз мойындап жата
бердім. Киізді майлап жүрген адам – кеще десе кеще, ақымақ десе
ақымақ қой.
* * *
Қыс ортасында Мұқан ағайымыз əскерге алынып, мектебіміз жар-
ты айдай жабылып қалған. «Бұл қиын болды ғой, балалар оқудан қол
үзіп қалатын болды-ау?! – деп мазасызданған ата-аналар ауылдың
бас көтерері деп Байдалы шалға барған екен. Нұғыман ауырғалы,
колхоздың кеңсесіне талтақтап кіріп, қоқырайып барып төрдегі
бастықтың орнына шірене отырып жүрген Байдалы шал əлгі келген
ата-аналарға жат та кеп ұрсыпты: «Əй, өздерің қалай ойлайсыңдар
осы?! Мына қақаған қыста мұғалім табуды ойыншық көресіңдер ме?
Ол жаңа келген мұғалімге үй керек емес пе? Отын-су керек емес пе?
Ал оның бəрін мен қайдан табам?! Жə, басты қатырмаңдар!» – деп,
қуып шығыпты.
Осыны естігенде, төсек тартып жатқан Нұғыман қатты ренжіген
көрінеді. Байдалыны шақыртқан екен, əншейінде Нұғыманның
атын естігенде мөнтең қағатын шал бұл жолы тіпті пысқырмапты
да, «қолым тимейді» деп бармай қойыпты. Байдалы шалдың мына
қылығын естігенде, үлкендер жағасын ұстады: «Құлан құдыққа
құласа, құрбақа құлағында ойнақ салар» деген осы екен-ау, – десті.
147
Нұғыман кім еді? Байдалы кім?.. Күні кеше колхоздастыру кезінде
бүкіл бір болыстың елін аузына қаратып, соңына ерткен, орақ тілді,
от ауызды, бетіне жан қаратпаған жігіттің сұлтаны еді ғой, Нұғыман.
Əттең, абайсызда тап жауларының қолына түсіп, мертігіп қор боп
қалды. Ал Байдалы болса əркімнің шөре-шөресінде жүрген, қолға
су құюдан аспаған сорлы жан еді. Енді, міне, бүгінде кісімсіп бұл да
ел басқарып жүр. Мына қараң өшкір соғыстың кесапаты да. Əйтпесе
ер-азамат түгел тұрса, Байдалыға қарап қалар күн туар ма еді, сірə
да?!
Əжібек болса өзіне қарайлас біздерді – балаларды жиып алып,
біз арқылы ата-аналарымызды табалап бір рақаттанып қалды.
– Ал, Байдалыға бағынып бір жетістіңдер-ау, а!
Еріңдер сол қақбастың соңынан, тұпа-тура социализмнің төрінен
бір-ақ шығарсың, – деп кекетті барлығымыздың төбемізден қарай
тұрып. – Талай айттым ғой осы, ол Байдалы деген – байдың құйыр-
шы ғы боп келген адам, одан басалқалық шықпайды деп. Əй, енді не
дейін бұл елге, шын сөзімді қор қылады. Баласынады. Өзіміздің əлгі
боқмұрын Əжібек емес пе, осыны қойшы, адам болмайды дейді. Ал
сонда сенген Байдалысының түрі анау ма?!
Əжібек Байдалы шалға да, оған бағынып жүрген бүкіл ауылға да
ызалы еді. Сол ызасын қазір біздердің көзімізді шұқығандай бетімізге
басып айтып тұр. Біз болсақ үнсіз мойындап тұрмыз. Шынында да,
Əжібектің ақылындай ақыл кейбір үлкендерде жоқ-ау, дейміз.
– Ал, көксоққандар, оқудан қалған обалдарың бірінші Гитлерге
де, екінші Байдалыға, – деді Əжібек сөзін түйіндеп. – Қайта бір
есеп тен осы соғыс біткенше, бастарыңды қатырып оқымағандарың
да дұрыс. «Зат есім» «Сын есім» ... тағы қай есім еді, əлгі...
– «Сан есім»...
– Иə, иə, сол толып жатқан есімдермен бас қатырғанша, пайда-
лы бір тірлік істеу керек қой. Оқуды соғыс біткеннен кейін оқып
алсақ та жетеді. Өзім соғыс біткен күннің ертеңінде-ақ станциядағы
нағашымдікіне барып, тұп-тура милицияның оқуын оқимын.
Көкелеріңді сонда танытамын əлі. Əй, сонда əсіресе мына Байдалы
қақбасты алдыма салып, іші кепкен сиырдай ғып бір тырқыратармын-
ау. Бүкіл елдің алдында табанымды жалайтын болады...
Осы кезде үйінен шыққан Ырысбек дауыстап Əжібекті шақыр-
ған.
– А! Жолдас бас қолбасшы!
148
– Бері кел деймін, – деді Ырысбек.
– Қазір, – деп, Əжібек дедектей жөнелді. Кетіп бара жатып: –
Мына əскерлерді қайтем? – деп сұраған:
– Күте тұрсын! – деді Ырысбек.
– Əй, тырп етпей күте тұрыңдар! – деді Əжібек бізге қайырыла
бұрылып.
Біз сол тобымызды жазбаған күйде күтіп тұрдық та, Əжібек
Ырысбектің жарлығын тыңдап қайтып оралды.
Келе бəрімізге одырая өктем қарап:
– Ал, көксоққан əскерлер, бас қолбасшы біздерге ұрсып тұр, – деп
бастады сөзін. – Соңғы кезде сендердің не оқыған оқуларың жоқ,
не бітірген істерің жоқ, тағы да беттеріңмен кетіп бара жатырсыңдар.
Серкесі жоқ мал құсап барасыңдар. Оларың жарамайды. Жаңа Ырыс-
бек те соны айтты. Шүкіршілік, бастайтын серкелерің бар. Ол – мына
менмін, – осы тұста балалардың бірі шиқылдай күлген, Əжібек көзін
аларта: – Кəне, о кім күліп тұрған? Көк желкеңді қиып жіберейін
осы! – деген түтіге жекіп. Күлкі сап тыйылды. – Жаңа бас қолбасшы
екеуміз ақылдаса кеп, сендерді қыс кезіндегі еңбекке тəрбиелейтін
болдық. Анда-санда таудан отын шабуға барып тұрамыз. Бұл бізге
əскери тапсырма! – деді сөзін шегелеп, онан соң тау жаққа көз сала
тұрып: – Əне, Ешкіөлместің күнгейіндегі бұйралана ұйысып жатқан
қалың тобылғы мен қарағанды көрдіңдер ғой, содан отын шабамыз.
Мынадай қыста салпақтап құр ойнай бергенше, бір уақ отын шау-
ып шешелеріңді қуантсаңдаршы. «Қарағым адам боп қапты», – деп,
төбесі көкке жетеді ғой, – деген.
– Ой, біздің үйде отын көп, атам кеше бір шана ағаш отын түсірді.
– Біздің үйдің отыны да қысқа жетеді.
– Мен де бармаймын.
– Мен де бармаймын, – деп, балалар жан-жақтан дабырлай бас-
таған.
Əжібек дөрпиген көн етігімен жерді (қатты қарды) теуіп қалды.
– Бəрің де барасыңдар! – деді ақырып. – Сендер немене, тəртіпті
ұмытқансыңдар ма? Мұны мен əскери бұйрық деп тұрмын ғой. Кəне,
осыдан біреуің бас тартып қиқалақтап көріңдерші, əкелеріңді де,
шешелеріңді де танытып жіберейін. Əне, бас қолбасшы Ырысекенің
өзі тұр ғой!
– Біз, балалар, жым болдық. Дəл қазір Əжібек анадай тұрған
149
Ырысбекті арқаланып, қайсымызды болса да қарсылық етсек, итше
тепкілеп жіберетіні анық еді.
– Ал барыңдар, үйлеріңнен кетпендеріңді жəне отын буатын екі
жіптен алып шығыңдар!
– Екі жіп неге керек?
– Неге керек екенін барған соң көресің. Отынды шабамыз да
буып-буып таудан домалатамыз да жібереміз, ешқайсыңның жаның
қиналмайды, көксоққандар! Егер осыдан біреуің бармай қалып көр,
мына жұдырық соның төбесінде өтеді, – деп, күс-күс арық жұды-
рығын көрсетті.
Үйге кеп, балалар боп таудың күнгейінен тобылғы шабатынымыз-
ды айтып, белімізге жіптерімізді буынып, қолымызға кетпендерімізді
ұстап, сəлден кейін көше ортасына топырлай жиналдық. Дəу кетпенді
əзер деп көтеріп үйден шығып бара жатқанымда əжем:
– Құлыным-ау, шамаң келмейді ғой, – деген.
– Келеді. Балалардың бəрі де бара жатыр, – дедім.
Шынын айтқанда, көбімізге мына қыста тауға шығып отын ша-
бу – ең қызық ойын сияқты көрінді. Үлкендер болса балалардың аяқ
асты мына қылығына қапелімде не дерлерін білмегендей, не қоштап
мақтап кете алмай, не қойыңдар деп тыйып тастай алмай аң-таң.
Əрине, қыс ішінде бір уыс отынның өзін үнем көріп отырғанда,
баласының «отын шауып əкелем» деп өз тарапынан суырылып шық-
қан тірлігі кімді де қуантатыны сөзсіз, тек бірдеңеге ұрынып қалмай,
қайырымен болсын дейді де...
Əжібек бастап, ауылдың жоғары жағына қарай шұбырып жүріп
кеттік. Алып алма ағаштың тұсына жеткенбіз, бұтақтары сойдиып-
сойдиып жалаңаштанып тұр екен. Ұшар басындағы бұтақтарында
бүрісіп-бүрісіп қатып-семіп қалған қоңырқай алмалары көрінеді,
төменгі бұтақтарында байланған шүберектер жалбырайды. Бізге
мына қыста сол қатып-семген алмаларының өзі уылжып тұрғандай,
аузымыздан сілекейіміз ағып қызыға қарағанбыз.
– Бұтақтарына шығып сілкиік, бəлкім, анау алмалары түсер, –
деді балалардың бірі. Осы сөз қамшы болды ма, Əжібек жолымыздан
сəл қиғаштау болса да бұрылып алып, алма ағашқа қарай тартты.
Алып алма ағашқа жақындай бергенбіз, төңірегі ойқастаған
қалың із екен, шашылған құстың қауырсыны, жүн-жұрқа.
– Биыл түлкі қалың ғой, түлкінің іздері шығар? – деген Бəтен.
– Мүмкін, алма ағаштың түбіндегі үңгірге түлкі жатып жүрген
шығар. Қазір ұстап алсақ қандай қызық болар еді, – деген Қайрат.
150
– Жо, бұл із түлкінікі емес, – деді ізге үңіле қараған Санат. – Түлкі
қарға бүйтіп батпайды.
– Онда қасқырдың ізі шығар?
– Жо, қасқыр да емес. Бұл – иттің ізі.
– Қазір не болса да көреміз енді, – деді алда келе жатқан Əжібек.
– Əне, үңгірден қарайып бірдеңенің басы қылтияды. Кетпендеріңді
оңтайлап ұстаңдар!
Осы кезде алып алма ағаштың түбіндегі үңгірден Қарақаншық
атып шықты, көздері қып-қызыл боп қанталап, тістерін сақылдата
ырылдап, айбат шегіп бізге қарсы жүрген. Аппақ қардың үстінде
өзі қап-қара боп, ештеңеден тайынбайтын керемет қорқынышты
еді. Жолбасшымыз Əжібек болып біз бір-бірімізді баса-жанша кейін
қаштық. Қорыққандарынан бір-екі баланың ойбайлап жіберген да-
уыстары да шығып кетті. Омбы қарда сүріне қабына едəуір қашып
барып кейін бұрылғанбыз, Қарақаншық соңымыздан қумапты,
үңгірдің аузына қайта барып, жер иіскелеп қаңсылады да, ұлып-
ұлып жіберді.
– Əй, мынаның іші қабысып, емшектері салақтап тұр ғой,
күшіктегеннен сау ма? – деген балалардың бірі.
– Расында да, түрі күшіктеген сияқты.
– Иə, үңгірге маңайлатпауы тегін емес.
– Қыста күшіктеген қаншықты көргенім осы.
– Қайбір жақсылық дейсің, – десіп алып, алма ағаштың басындағы
қатып-семген алмалардан күдер үзген балалар енді тауға қарай өз
жолымызға түстік. Таудың етек жағындағы жел үрлеп нығарлап
тастаған қалың қарды кетпенмен қадау-қадау ойып, баспалдақтап
жол салып, жоғары қарай шұбыра өрлеп келеміз. Сөзіміз Қарақан-
шық төңірегінде: əлдеқашан жоғалдыға санап жүргенімізде, күтпе-
ген жерден алып алма ағаштың түбіндегі үңгірден шыға келуі
бізді қатты таңырқатқан еді; оның үстіне қыс ішінде күшіктегенін
қарасаңшы; күшіктері қалай тоңбайды екен; ауылға жоламай, мына
жырақта жүріп өзі немен қоректенеді? Осы тəріздес толып жатқан
сұрақтарға жауап таба алмай, дал боламыз.
– Қарақаншық киелі ит қой, – дейді ішіміздегі ең білгішіміз Са-
нат. – Бұл ауылға не жақсылық, не жамандық əкеледі.
– Жақсылығын қайдам, жамандығын көріп жүрміз ғой, – деді
Бəтен.
– Сен Бүбітайдың жынданып кеткенін айтасың ба?
151
– Иə.
– Оған Бүбітайдың өзі кінəлі. Қарақаншықтың күшіктерін тірі-
дей көміп өлтірді емес пе?
– Қарақаншық олардың бір қазан сүтін ішіп кетті ғой.
– Бір қазан сүтке бола күшіктерін өлтірмеу керек еді.
– Сонда ауылға ұры иттер қаптап кетсін дейсің бе?
– Түк те қаптамайды. Қарақаншықтың бұрынғы күшіктерінің
қайсысы ұры болып еді?! Ауылдағы көп үйдің иттері соның күшік-
тері ғой.
– Сен өйтіп Қарақаншықты жақтамай-ақ қой, бəрібір иттің аты
ит те, ал Бүбітай – адам.
– Иттің де обалы бар, жазықсыз тиіссең, сол обалы жібермейді.
Мына екеуінің таласына шыдай алмай кеткен болу керек, осы сəт
алда бара жатқан Əжібек кілт кейін бұрылды да:
– Əй, екі кемеңгер, тоқтатыңдар бос былшылды! – деді ыза бо-
лып. – Немене, Қарақаншық пен Бүбітайдың күйігі сен екеуіңе ба-
тып келе ме, сонша керілдесіп. Дабай, қойыңдар енді!
Санат пен Бəтен жым болды. Бəріміз үйіріле тоқтай тұрып, сəл ты-
ныс алдық. Өрге қарай жүреміз деп едəуір алқынып қаппыз, өңдері-
міз қызара тершіп, кейін қарай көз салғанбыз. Туу, шіркін, сұлулық
деп осыны айт! Өзіміз дəл бір жердің кіндік үстінде тұрғандаймыз
да, төңірек төрт бұрыш тегіс шыр айналып кеп біздің табанымыздың
астына түскендей, көз жететін дүниенің бəрі де төменде жатыр. Жаз-
да бірінің үсті көк-жасылданған егінжай, бірінің үсті көк жусан мен
боз бетеге, енді бірі айдалған қара пар боп жататын бел-белестер
мен дөңдер қазір мақталы қалың ақ көрпенің астында тарс бүркеніп
алған, біркелкі боп қымтанып жатыр. Сол тұтасқан жалпақ дүние
бұлдырап барып қысқы сұрғылт аспанмен астасқан жерге дейін
аппақ боп күнге шағылысып, көзді қарықтырады.
Əжібек тымағын алып жеңімен маңдайының терін сүртті, тісінің
арасынан сəнімен сыздықтата түкіріп қойды да, Санат пен Бəтенге
кезек қарап алып:
– Меніңше, бар ғой, сендердің анау Бүбітайларыңның адам аяр
қылығы жоқ болатын, – деді. – Сау кезінің өзінде жындының ісін
істейтін еді ғой. Осыдан екі жыл бұрын, апам өлген жылы жазда, бір
рет қарным қатты ашқан соң, осы Бүбітайдың үйіне кіргем. Сонда
маған бір тостаған айран құйып берудің орнына, менің көзімді бақы-
райтып қойып тұрып, жарты шелек айранды қаз-үйректеріне апарып
152
төкті. Сонысы құдай сүйер қылық па?! Сонда мен іштей: «Əй, кесір
атар мына қатынды», – дегем. Айтқаным айдай келді, ат ты ғой, əне,
ақыры! Аш жүрген маған бермей, айранды қаз-үйрекке төкті деген
не деген сұмдық! – өне бойын ыза кернегендей сөзін тістене кіжініп
аяқтаған Əжібек қайтадан алға түсіп, өрге қарай қат ты-қатты адым-
дай жүрген, біз тіпті ілесе алмай қалдық. Біраз озып кеткен ол сəлден
кейін бізге қайырыла тұрып: – Сендердің анау Қарақаншықтарың да
қаншықтығын жасап қасқырмен əмпей боп жүрмесе не қылсын, –
деді мысқылдай күліп. – Қыста күшіктеу тегін емес...
– Ол да мүмкін, – деді Қайрат іле қоштап.
– Мүмкін емес, дəл солай. Осы жолы бұл қасқырмен лықты.
Жаңа ғы бізге анадайдан айбат шегуі тегін емес. Қасқыр күшіктерін
қызғанғаны ғой, – деді Əжібек төндіре сөйлеп. – Обшым, осы
жолғы бір күшігін мен алам.
– Шынында да, қасқырдан туған күшік нағыз арлан болатын
шығар. Мен де біреуін алам, – деді Қайрат.
– Онда мен де біреуін алам.
– Мен де...
– Мен де... – деп балалар жан-жақтан шулай бастады.
– Бəріне Қарақаншықтың күшігі жетпейді, – деді Əжібек оларды
тоқтатып.
– Көп болғанда бес-алты күшік шығар. Сондықтан ертең күшік-
тер ді алуға келгенде, Қарақаншыққа беруге нанды кім көп əкелсе,
күшікті сол алады.
Осылайша бəтуаға келіп, тауға қарай өрледік. Жоғары көтерілген
сайын, қар мүлде жұқарып, біртіндеп қары жоқ қарайған жерге де
аяғымыз жетті. Қатты жел үрлеп жалаңаштап кеткен тау күнгейі
жайма-шуақ көктем лебін еске түсіріп, бусанып жатыр. Арқамыздан
күннің жылуы өтіп, маңдайымыздан бір жылы леп сипайды. Əр-əр
жерде топ-топ боп өскен қызыл балақ тобылғы, қара күрең қараған,
ұйыса жабысқан қалың бөргез, ақ сирақ ұшқат қаптай бастады.
Осы тұста бастаушымыз Əжібек тағы бір бел босата тұрып,
барлығымызға барлай қарап шықты да:
– Ал, көксоққандар! – деді өктем үнмен. – Енді, дабай, тобылғы
шабуға кірісеміз. Жарлық былай: ең əуелі əрқайсың үлкен-үлкен
үш түптен Ырысбекке деп арнап тобылғы шабасыңдар. Соны үйден
алып шыққан екі жіптеріңнің біріне буып төмен домалатамыз, бұл
сендерге салынған салық. Тек сонан кейін өз үйлеріңе шабасыңдар.
153
Біз бірден келістік. Тау үстіндегі ен-тегін тобылғының ортасын-
да тұрғанда, үш түп деген де сөз болып па.
– Ақ ұшқат пен бөргезден шабуға бола ма? – деп сұраған
балалардың бірі.
– Өз үйіңе шауып алсаң, пажалыста, ал Ырысбекке тек тобылғы
ғана шабыңдар! – деді Əжібек қатал ескертіп. – Тобылғының қызуы
мол болады жəне қолға кіретін тікені болмайды.
Сөйтіп, біріміз жоғары жағынан, біріміз төменгі жағынан,
енді біреулеріміз қос бүйірінен дегендей қорым тастың жиегіндегі
қалың өскен, кісі бойындай тобылғыны жан-жақтан шабуға кіріс-
тік. Бұрыннан үлкендерге ілесіп тобылғы шауып жүргендер онша
қиналмай-ақ бірден кірісіп кеткен, ауыр кетпенді салмақтай көте-
ріп,
тобылғының түбін орай тасы жоқтау деген тұсын ала гүрс
еткі
зіп ұрып қап, оп-оңай ғана тамырымен қопарып тастайды,
ал тəжірибесіздері тобылғыны кез келген жерінен шауып аламыз
деп кетпендерінің жүзін көк тасқа шақ-шұқ соғады. «Гүрс-гүрс»...
«Шақ-шұқ...»
Ойнай жүріп, күн еңкейгенге дейін əуелі Ырысбекке деп дəу екі
арқа тобылғы шауып, оларды жіппен буып төмен – ауылға қарай
домалатып, енді əрқайсымыз өз үйлерімізге деп шабуға кіріскенбіз.
Бір кезде оқыстан шыққан айғай-шу, аттандаған дауыстар
бəрімізді де елең еткізді. Тобылғы шапқанымызды доғарып жалт-
жалт қарадық. Төменде жатқан ауылдың көшесінде əбігерге түскен
кемпір-шал, бала-шаға біздерге қолдарын бұлғап, бірдеңе деп айқай-
лап, шуылдасып тұр. Екі-үш ересек адам бері тауға қарай емпе-
леңдесіп келеді. «Ай-оу-у, ат-тан! ... Ат-та-ан! ... Ой-ба-айй!.. Ой-
байй...» – деседі, басқа сөздері естілмейді.
– Əй, мыналар неге шулап тұр? – деді Əжібек.
– Біздің жоғары жағымыздан бірдеңені нұсқайтын сияқты, – деді
Санат. Бəріміз енді жоғары жаққа қарағанбыз, қожыр-қожыр боп
төбемізден төнген жартастардан өзге ештеңе көрінбейді.
– Ай-о-оу-у! ... О не-е? Не деп тұрсыңдар? – деп Əжібек ауылда-
ғы ларға қарай айқайлаған. Осы сəтте «Ысқыр! ..Ысқыр!» – деген
сөздері естілгендей болды.
– Қасқыр дейді, – деді Санат.
– Ойбай, қасқыр деп тұр ғой, – деді балалардың бірі үрейлене.
Бəріміз де үрейленіп қалдық. Қайтадан ор жаққа, төңірегімізге қара-
ғанбыз.
|