Газдарды жинау әдістері. Сутегін бірнеше әдіспен алып, екі әдіспен жинау. Сутегі алатын құрылғының суретін салу. Реакция тендеулерін жазу



бет16/28
Дата15.12.2023
өлшемі83,64 Mb.
#138378
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   28
Байланысты:
Когисов хим экс

14. Қатты заттар берілген: ВаSО4,СаСО3, АІ2(SО4)3,ВаСІ2, КСІ, Ва(ОН)2, Nа2СО3, РВ(NО3)2, Мына заттарды пайдаланып (айдалған су, NаОН, НСІ ) анықтаңдар.





15. Мыс, Қорғасын катиондарына сапалық реакция. Реакция тендеулерін жазу.



16. Қышқылдардың құрамына сапалық реакция. Реакция тендеулерін жазу. Қышқылдардың қасиеттері..
2-деңгей
15. Химиялық реактивтермен жұмыс істеу ережелері. Концентрлі қышқылдармен жұмыс істеу ережелері.
Жалпы жағдайлар
Бейорганикалық химиядан лабораториялық жұмысты бастамас бұрын студенттер алдымен лабораториялық жұмыс кезіндегі қауіпсіздік ережелерімен танысып, арнайы параққа қол қоюлары керек. Бұдан басқа әрбір лабораториялық жұмысты жасар алдында оқытушы қосымша қауіпсіздік шараларын айтып түсіндіреді.
Әрбір студенттің лабораториялық жұмыс істейтін тұрақты орны болады. Егер студент әрбір жұмыстың теориялық негіздерін түсініп жасаса, сонда ғана химиялық лабораторияда жұмыс істеудің нәтижесі болады. Осыған байланысты әрбір лабораториялық жұмысты істеуге жұмыстың мазмұнымен танысқан, сол жұмысқа сәйкес оқулықтан және лекцияда жазғандарынан білетін студенттер ғана жіберіледі.
Химиялық лабораторияда жұмыс істеу кезінде жүгінетін негізгі ережелер:
1.Әрбір лабораториялық жұмыс алдында студенттер өз бетінше сол тақырыпқа қатысты теориялық материалмен жұмыс істеулері керек. Сонда ғана лабораториялық жұмыс пайдалы да нәтижелі болады.
2.Жұмыстың мақсаты белгілі болғанша, жұмысқа керекті құрал-жабдықтарды (ыдыстар, аспаптар, реактивтер) түгендеп алмайынша жұмысты бастауға болмайды. Жұмысқа тек оның сипаттамасымен танысқаннан кейін және түсініксіз сұрақтарды мұғалімнен сұрап алғаннан кейін ғана кірісу керек.
3.Жұмыс істегенде нұсқауда көрсетілген операциялардың реті мен жүйелілігін дәл сақтау керек.
4.Нұсқаудың осы бөлімінде берілген қауіпсіздік техникасы туралы барлық қауіпсіздік шараларын сақтау керек. Тіпті қарапайым химиялық операцияларды ұқыпсыз орындау қолайсыз жағдай тудыруы мүмкін екенін есте сақтаған жөн.
5.Барлық лабораториялық жұмыстарды мүмкіндігінше мұғалімнің көрсетуі бойынша 3-5 адамнан топ болып орындауға және жеке-жеке орындауға болады.
6.Берілген лабораториялық жұмысқа дайындалған реактивтерді қолдану керек. Жалпылама қолданылатын реактивтерді және концентрлі қышқыл мен сілті ерітінділері құйылған ыдыстарды жұмыс орнына алып кетпеу керек. Әрбір затты немесе реактивті қолданғаннан кейін орнына қою қажеттігін ұмытпаған жөн.
7.Реактивті қолданар алдында ыдыстың этикеткасын мұқият оқу керек. Этикеткада атынан (немесе формуласынан) басқа оның тазалық көрсеткіші болады "техникалық" (техн), "таза" (т), "анализ үшін таза" (аүт), "химиялық таза" (х.т). Ерітінділер бар ыдыстардың этикеткаларында ерітінділердің концентрациясы жазылып тұру керек. Егер реактиві бар ыдыста этикеткасы немесе жазуы болмаса, оларды мұғалімнің рұқсатынсыз қолдануға болмайды.
8.Лабораторияда әрбір студентке белгілі орын берілуі керек. Жұмыс кезінде жұмыс үстелінде тек қана керекті аспаптар, реактивтер және лабароториялық журнал ғана болғаны дұрыс. Жұмыс орнын ыбырсытуға болмайды. Сөмкелер, кітаптар және басқа заттарды үстелдің тартпасына салған жөн. Студент жұмыс орнындағы тәртіпті сақтап,

үстелін таза ұстау керек. Егер қандай да бір зат жұмысқа керек болмаса, оны жинап тастаған жөн. Егер лабораториялық үстелде бір нәрсе төгілген, не шашылған болса, үстелді дереу сүрту керек (егер қажет болса жуу керек).


9.Зиянды заттармен барлық жұмыстарды тарқыш шкафтың астында орындау қажет. Концентрлі қышқылдар мен сілтілерді тартқыш шкафтың астында құйып алу керек. Реактивтерді, газ, су, электр энергиясын ұқыпты жұмсаған жөн. Тәжірибені жүргізу үшін заттардың аз мөлшерін алу керек, бұл тек үнемдеу үшін ғана емес, сонымен бірге қоршаған ортаны артық қалдықтармен ластаудан сақтайды. Қолданылмаған реактивтерді сол ыдысқа кері құюға болмайды. Оларды тастау немесе төгу керек. Бұл үнемдеу талабын орындау керек дегенге қайшы ереже, себебі ол реактивтердің ластану мүмкіндігін жояды, яғни жұмысты осындай жағдайлар сирек болатындай етіп жоспарлау керек. Кейбір қымбат тұратын реактивтер бұған жатпайды, олардың қалдықтарын лаборантта болатын арнайы ыдыстарға жинайды.
10.Реактивті қолданғаннан кейін ыдысты тығынмен жауып, орнына қою керек.
11.Құрғақ реактивтерді ылғи таза және құрғақ болатын кәрлен, металл, шыны қасықтармен алу керек. Қолданып болған соң оларды жақсылап сүрту керек (сүзгі қағазымен сүрткен жөн).
12.Егер реактивті тамшуырмен алса, онда сол тамшуырмен оны жумай басқа ыдыстан реактив алуға болмайды.
13.

Ыстық аспаптар мен ыдыстарды үстелге емес, арнайы қойғышқа қою керек.


14.Құрылғыларда газдың азайып кетпеуін мұқият қадағалаған жөн (иісі сезіледі). Газдың азая бастағанын байқасаңдар дереу лаборантқа немесе мұғалімге айтыңдар.
15.Барлық тәжірибені халат киіп жасау керек. Ұзын шашты орамал астына жинап қойған дұрыс.
16.Лабораториялық жұмыс кезінде тыныштық пен тәртіп сақтау керек. 17.Лабораторияда тамақ ішуге, темекі тартуға болмайды.
18.Тәжірибені жасап болысымен лабораториялық журналға байқағандарың мен
реакция теңдеулерін жазып алыңдар.
19.Лабораториялық жұмыс біткен соң студент химиялық ыдысты жуып, жұмыс
орнын ретке келтіріп, лабораторияға жауапты адамға тапсыруға міндетті




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет