Г.Ә. Омарбекова тіл және жаһандану


Жергілікті мәдениеттерге әсері



Pdf көрінісі
бет43/67
Дата10.04.2023
өлшемі1,32 Mb.
#81089
түріҚұрамы
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   67
Байланысты:


Жергілікті мәдениеттерге әсері 
1. Жаһандану нәтижесінде көптеген жергілікті мәдениеттер 
туристік индустрия арқылы кеңінен таныла бастады, батыс ту-
ристерінің осы мәдениеттерге қол жетімділігінің артуы олар-
дың арасындағы өзара мәдени алмасу мен әрекеттесулерді 
кеңейтуге мүмкіндік береді. Әлемдік туристердің бағыттары 
қазіргі кезде батыс мәдениетінен «шығыс» елдері мәдениеті-
не бұрылды, туризм индустриясы долларларды тарту үшін 
жедел дамып келеді. 
2. Туризм жергілікті тұрғындарға қызмет көрсету саласына 
жұмысқа орналасуға үлкен мүмкіндік береді. Әйтсе де бұл 
турист пен жергілікті қызметкер арасындағы әлеуметтік мәр-
тебеде теңсіздік сақталады, қызмет етуші – жергілікті тұрғын 
да, ал қызметті пайдаланушы – шеттен келген турист. Сон-
дай-ақ, жергілікті дамып отырған туризм индустриясының 
негізгі экономикалық пайдасын көретін міндетті түрде жер-
гілікті байырғы жұмысшылар емес, ауқатты элиталар болып 
табылады. Тіпті мәдени көңіл көтеру шаралары да (мысалы, 
билер, ойындар, ән) жергілікті дәстүрлердің дәл көрінісі бол-
мауы мүмкін, өйткені олар туристердің көңілінен шығу үшін 
мәдениетті өзгертуі мүмкін. Сондықтан, жергілікті дәстүрлі 
мәдениетті оның табиғилығын сақтамай ойын-сауық үшін 
пайдалану, оның мазмұнына нұқсан келтіруі мүмкін. Бұл 
жағдайда мәдени диффузия орын алады.
3. Трансұлттық корпорациялардың арнайы нысаны жергілік-
ті қоғамның негізгі сегменттерінің бірі – жастар болып табы-
лады. Жастар сырттан келген тауарларды тұтынуға әлдеқайда 
бейім, батыстық идеалдар олардың өз мәдени дәстүрлерінен 
гөрі тартымды көрініп, оларды улап, қызықтырады. Жастар 
бұндай «құрыққа» қоғамдағы ересектерге қарағанда оңай 
түседі. Осыған байланысты мәдени иерархияның эрозиясы 
пайда болады, өйткені топтық бірегейлікке сызат түсіп, ол 
енді жекелік сипатқа өтуі мүмкін. Көптеген жергілікті мәде-
ниет өкілдері жаһандануды мәдени дәстүрлерден алшақтата-
тын дәстүрлі отбасы құрылымына қауіп ретінде қарастырады.
4. Көпұлтты корпорациялар жергілікті тұрғындардың ата- 
бабаларынан аманат болып қалған жерлерін сатып алына-
тын, сатылатын және пайдаланылатын құнды тауар ретінде 
қарастырады. Бұнымен тұрғындар көбінесе келіспейді, бұдан 
келіп әлеуметтік толқулар туындайды. Ірі кәсіпорындар жерді 
дәстүрлі пайдалануды ысырып қойып, оны кірістің көзіне ай-
налдырып, пайданы барынша арттыруға бағытталған нақты 
мақсаттардың мүддесіне шешуі мүмкін. Бұл көптеген жер-
гілікті тұрғындардың жер қасиетті, оларды тарихы, мәдениет-
терімен байланыстыратын құндылық деген пікірлеріне қайшы 
келеді. Бұл – жергілікті халықты қанаушылық, ұлттық дәстүр-
лері мен құндылықтарын жерге таптау болып саналғанмен, 
кейбір аумақтарда орын алып отырған шынайы жағдайлар.
Көптеген байырғы топтар төл мәдениеттеріне түсіп отырған 
жаһандық қысымнан олардың дәстүрлі құндылықтарының эрозия- 
ланып, жойылуына әкеледі деп қорқады. Бұл қорқыныш сезімінен 
әлемдегі мәдениеттің алуантүрлілігі сақталады деген ойдың баяу 
ІV ТАРАУ. МИГРАЦИЯ. ОРАЛМАН. КӨПҰЛТТЫЛЫҚ. 
КӨПМӘДЕНИЕТТІЛІК. МӘДЕНИ ӘРАЛУАНДЫҚ


100
101
ТІЛ ЖӘНЕ ЖАҺАНДАНУ
ағып кетіп, әлем гомогенді біртектес мәдениетке барып құй-
ылады ма деген ой туады. Жаһанданудың тұтынушылық табиғаты 
көбінесе дәстүрлі байырғы құндылықтарға қайшы келеді. Жаһан-
дану мәдени және әлеуметтік-экономикалық жағдайларды ескер-
мейді, олармен санаспайды. Оның орнына, оның таралуына түрт-
кі болған ірі, ықпалды елдер мен корпорациялардың мүдделерін 
алға жылжытуда. Батыстық ғалымдар жаһандануды дамып келе 
жатқан елдердегі арзан жұмыс күшінен пайда табу және кедей мә-
дениеттерді батыстық елдерге ауыстыру үшін эксплуатациялық 
шара деп айыптады. Алайда жаһандану жеке тәуелділіктен гөрі 
өзара тәуелділікті тудырды [77] және кейбір мәдениеттердің жоға-
лып кетпей, өркендеуіне мүмкіндік берді.
Экономикалық, қаржылық, білім беру және денсаулық сақтау 
мәселелерінде әртүрлі мәдениеттерге жәрдем қолын созатын, со-
нымен бірге олардың мұраларын, мәдениетін, нанымдары мен 
құндылықтарын сақтай отырып, көптеген көмек көрсететін әлем-
де бірнеше ондаған ұйымдар да бар. Канада Ұлы мәртебелі Ага 
Ханмен бірлесіп, жаһандық плюрализм орталығын құрды. Отта-
вадағы бұл орталық прогресс пен дамудың негізін қалайтын басқа 
мәдениеттермен ашықтық, толеранттылық және сенім негіздері-
не құрылған. Мәдениеттердің айырмашылықтары аталып өтіледі 
және айырмашылықтар әралуандықтың басты құндылықтары 
болып табылады. Плюрализмнің жаһандық орталығы білім бе-
руді, зерттеулерді дамытады және плюралистік әлеуметтік құн-
дылықтарды қолдайтын ұйымдарға қаржылай көмек береді.
Жалпы ғалымдар ұлттық бірлік пен ұлттық бірегейлік сияқты 
стратегиялық маңызды мақсаттарға жетудің тиімді құралы – ұлт-
тық мәдениет деп анықтайды, себебі мәдени әралуандық болмаса 
онда кейінгі ұрпақтарға біртектес, батыстық мәдениеттен басқа 
ештеңе қалдырмаймыз.
Жаһанданудың мәдениетке тигізетін оң немесе теріс көзқа-
растарына, қарамастан, мәдени әралуандықты институционали-
зациялау жергілікті мәдениеттерді сақтаудың сенімді жолы болып 
табылады. Үндістанда, Кореяда және Таиландта жаһанданудың 
жаңа тенденцияларына қарсы тұру үшін шаралар қабылдануда. 
Өздерінің жұмыс күштерін халықаралық еңбек нарығында та-
бысты етіп тәрбиелеуді қамтамасыз ету үшін бұл елдер өздерінің 
білім беру жүйелерін халықаралық және ұлттық мәдени біліммен 
толықтырды.
И.С.Кони «Жастар ата-анасынан гөрі өзінің заманына көбірек 
ұқсас келеді»,- дейді, ғалымның ойынша, қоғам талабына сай, сол 
қоғамды көркейтетін, дамытатын жастар тәрбиелеу ең маңызды 
мәселе екені даусыз. Сондықтан да, жаһандану тұсында берілетін 
білімнің мазмұны әлемдік те және ұлттық сипатта болып, әлемдегі 
әрбір ел өзінің бірегейлігін білімімен де қорғай алғаны абзал. Жаһан-
дық азамат жергілікті деңгейде әрекет ете алатын, бірақ ғаламдық 
тұрғыдан ойлана алатын тұлға ретінде білім алуы керек. Сонда білім 
берудің мақсаты – ел азаматтары жаһанданудың артықшылықтарын 
өз мүдделеріне ыңғайластырып, әлемдік ықпалдан өз мәдениетіне 
араша түсіп, қорғау арқылы мәдени әралуандықты сақтайды.
Жаһандану төңірегіндегі пікірталастар оң және кері сипатта 
жалғасуда. Мәдени әралуандық қоғамда өзгеріс жасауға тырысатын 
мәдени топтарға қолдау көрсетілгенде ғана, оларға қажетті жағдай-
лар жасалғанда сақталатындығы анық. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет