Геграфиялық есептер Ұбт-ға дайындалуға арналған кітапша


Халықтың туу коэффициенті -



бет13/22
Дата15.11.2023
өлшемі0,92 Mb.
#122784
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   22
Байланысты:
Өмірзақ Н Б Географиялық есептер

Халықтың туу коэффициенті - мемлекет (ауыл, қала т.б.) аумағында əp
1000 адамға шаққандағы туылған бала саны, ол промиллемен (‰) өлшенеді.

  1. мысал: 2020 жылдың басында B ауылының халық саны 20 000 адам еді.
    2020 жылы В ауылында туу коэффициенті 28 промиллені құрады(‰), яғни, əp
    1000 адамға шаққанда туылған бала саны 28-ге тең. 2020 жылы B ауылындағы
    туылған балалардың жалпы саны нешеге тең?

Шешу жолы:
Eгep туу коэффициенті 28 промилле(‰), яғни, əp 1000 адамға шаққанда 28
бала болса, жалпы туылған бала санын табу үшін, 28-ді 20-ға көбейтеміз, себебі,
B ауылының жалпы халық саны 20 мың.
28×20 = 560 бала;
Жауабы: 2020 жылы B ауылындағы туылған балалардың жалпы саны 560-
қа тең.
Халықтың өлім-жітім коэффициенті - мемлекет (ауыл, қала т.б.)
аумағында əp 1000 адамға шаққандағы қайтыс болған адам саны, ол
промиллемен (‰) өлшенеді.

  1. мысал: 2018 жылдың басында E қаласының халық саны 160 000 адам еді.
    2018 жылы E қаласында өлім-жітім коэффициенті 16 промиллені құрады (‰),
    яғни, əp 1000 адамға шаққанда қайтыс болған адам саны 16-ға тең. 2018 жылы E
    қаласында қайтыс болған адамдардың жалпы саны нешеге тең?

Шешу жолы:
Erep өлім-жітім коэффициенті 16 промилле(‰), яғни, əp 1000 адамға
шаққанда 16 адам болса, қайтыс болған адамдардың жалпы санын табу үшін, 16-
ны 160-қа көбейтеміз, себебі, E қаласының жалпы халық саны 160 мың.
16×160 = 2560 адам;
Жауабы: 2018 жылы E қаласындағы қайтыс болған адамдардың жалпы
саны 2560-қа тең.




Халықтың табиғи өсу коэффициенті дегеніміз - туу коэффициенті мен
өлім-жітім коэффициентінің айырмасы, ол промиллемен (‰) өлшенеді. Eгep
туу коэффициенті өлім-жітім коэффициентінен жоғары болса, табиғи өсу
коэффициенті оң мәнге ие болады, ал керісінше, өлім-жітім коэффициенті туу
коэффициентінен жоғары болса, онда табиғи осу коэффициенті теріс мәнге ие
болады.

  1. мысал: 2005 жылдың басында «О» мемлекетінің халық саны 3 500 000
    адам еді. 2005 жылы «О» мемлекетінде туу коэффициенті 31 промиллеге (‰), ал
    өлім-жітім коэффициенті 19 промиллеге (‰) тең болды. «О» мемлекетінің
    табиғи өсу коэффициентін жэне 2005 жылы «О» мемлекетінің табиғи өсімі неше
    адамды құрағанын тап.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет