§5 Сағаттық белдеулерге байланысты есептер 27 ші тарау бойынша есептер (шығарылу жолымен) 29
§6 ҰБТ-да сирек кездесетін әртүрлі есептер 30 ші тарау бойынша есептер (шығарылу жолымен) 32
Қорытынды тест сұрақтары 33 Тест сұрақтарының жауаптары 35
§1. Карта бойынша келетін есептер §1.1. Карта масштабын анықтау
Масштаб -жер бетіндегі қашықтықтың, кез-келген бір объектінің қағаз
бетіне (картаға) неше есе кішірейтіліп түсірілгенін көрсететін өлшем.
Мысалы, жер бетінде ұзындығы 100 км болатын автомобиль жолы карта
бетіне 10 см етіп түсірілсе, автомобиль жолы 1 000 000 есе кішірейтілген деген
сөз. Демек, карта масштабы 1:1 000 000.
Шешу жолы: Бұл картаның масштабын анықтау үшін, жер бетіндегі
жолдың ұзындығын карта бетіндегі сол жолдың ұзындығына бөлдік. Осы
арқылы, жер бетіндегі жол ұзындығы неше есе кішірейтілгенін тауып алдық.
100 км-ді 10 см-ге бөлу оңайырақ болу үшін, 100 км-дің неше см-ге тең екенін
анықтап алуымыз керек.
100 км = 100 000 м = 10 000 000 см;
10 000 000 см
10 см
1 000 000;
1 км = 1 000 м (метр)
1m= IOO см (сантиметр)
1 см = 10 мм (миллиметр)
Жауабы:100 км жолды 10 см етіп қағазға түсіру үшін, карта масштабы 1:1
000 000 болу қажет.
Масштаб түрлері Масштаб берілу түріне байланысты 3-ке бөлінеді:
Сандық:1:1000
Атаулы: 1 см - 10 км
Сызықтық масштаб белгілі бір арақашықтықтар өлшенген кесінді
түрінде беріледі:
Масштабтың бір түрін екінші түрге айналдыруға болады. ҰБТ-да осындай
сұрақтар көп кездеседі.