Геграфиялық есептер Ұбт-ға дайындалуға арналған кітапша


Мысалы, карта шетінде 1: 100 000 деп сандық масштаб



бет4/22
Дата15.11.2023
өлшемі0,92 Mb.
#122784
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
Байланысты:
Өмірзақ Н Б Географиялық есептер

Мысалы, карта шетінде 1: 100 000 деп сандық масштаб берілсе, ол карта
бетіндегі 1 см жер бетіндегі 100 000 см-ге тең екенін білдіреді. Демек, атаулы
масштаб
1 см = 100 000 см немесе 1 см = 1 км.



Мысал: Атаулы масштаб 1 см = 100 м. Осы атаулы масштабты сандық
масштабқа айналдыр.
Шешу жолы: Карта бетіндегі 1 см жер бетіндегі 100 м-ге тең. Демек, жер
беті қағаз бетіне 10 000 есе кішірейтіліп түсірілген, себебі, 100 м-де 10 000 см
бар.
Жауабы: Сандық масштаб 1:10 000
Карталар масштаб өлшеміне қарай 3-ке бөлінеді:

  1. ұсақ масштабты: 1:1 000 000 жне одан да ұсақ;

  2. орта масштабты: 1: 100 000 - 1:1 000 000 аралығы;

  3. ірі масштабты: 1:100 000 және одан да ірі.


§1.2. Географиялық координаталар (бойлықтар мен ендіктер)
бойынша жер бетіндегі арақашықтықты есептеу

Жер бетіндегі кез-келген нүктенің орнын табу үшін географиялық
координаталар қолданылады. Географиялық координаталарға ендік пен
бойлықтар жатады.
Географиялық ендік - Жер бетіндегі белгілі бір нүктенің экватордан
градус есебімен алынған қашықтығы.
Географиялық бойлық - Жер бетіндегі белгілі бір нүктенің 0-дік
меридианная градус есебімен алынған қашықтығы.
Ең үзын параллель - экватор.
Ендік экватордан полюстерге дейін 0- 90° дейін есептеледі.
Бойлық 0-дік Гринвич меридианынан батысқа жэне шығысқа қарай 0-180°
- қа дейін есептеледі.
Солтүстік полюс пен оңтүстік полюсті қосатын сызықтар - меридиандар.
Меридиандардың пішіні жартылай шеңбер болып келеді.
Меридиандар мен параллель сызықтардың қиылысуынан пайда болған тор деп аталады.










Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет