Дәріс 2. Әлеумет пен мәдениет адам болмысын қарастырғанда оның жынысына қызығушылығын әрқашан көрсетіп отырған. Әйел мен ер адамның өзгешелігі ең бастапқы бөлінуді айқындап, алғашқы амбиваленттікті құрастырған. Бұл өзгешелік әрқашанда әлеуметтік, психологиялық және физиологиялық факторлар шеңберінде анықталып келді, сондықтан жыныстық ерекшелікті ең қажетті рәміздік индикаторларға жатқызсақ болады. Оларды шартты түрде екі бағытқа бөлуге болады. Бірінші бағыт әйел мен ер адам әрекетінің жыныстық рөлі түсінігінде құралады, ол адамның биологиясына негізделген. Бұл бағыттағы зерттеушілердің мақсаты биологиялық пен генетикалық ерекшеліктерді табуға арналған. Бұл ерекшелік, дәлірек айтсақ мақсатты әрекет тәжірибесінің ерекшелігі, өте кең, оларды бірақ таза биологиялық фактормен түсіндіру мүмкін емес. Сол себептен екінші бағыттағы зерттеушілердің ынтасын әйел мен ер адамның өмір тәжірибесіндегі әлеуметтік және мәдениеттік құрылымдардың ерекшелігі құрастырады. Осыдан гендерлік мәселе пайда болады [1].
Адамзат тарихындағы іргелі түсініктердің қатарында «еркек - әйел» оппозициясының аталатыны белгілі. Ертедегі еңбектің жынысқа қарай бөлінісі еркектің асыраушы (аңшы т.б.) ретінде тұрмыста үстемдікке ие болып, абсолютті тұлға ретінде орнығуына жағдай жасады. Ерлердің қызметі табиғатпен бірге әйелді де бағындырды. Олар әйелдерді өздерінің жартысы деп танып, оны өздерін толықтыратын екінші «мені» ретінде ғана мойындады, ол ұғым прецедентті мәтіндерде дәйектелді. Әйел табиғатын тек бала туу қызметіне негіздеу дәстүрі және осы орайда оны толық емес, «арнайы қызметі бар ғана жартыкеш адам» деп тану Томас Аквинат, М. Монтень, Г. Спенсер және сонымен бірге өзге құндылықтағы басымдылықтарды насихаттайтын иррационалды бағыттың өкілдерінде кездеседі.
Ал Ф. Ницшенің пайымдауынша, әйелдік бастау ерлер арасында бір кездері басым болған және ол қазіргі заманғы құндылықтардың жасалуына негіз болған. Неміс ойшылы «еркектік» пен «әйелдікті» өзгермейтін қарама-қарсылықтар ретінде емес, адамның бір-бірін толықтыратын қырлары деп таниды. Оның ойынша, әрбір адам бойында анасынан дарыған әйел бейнесі бар, ол әйел затын құрметтей ме, жек көре ме, жоқ әлде мүлде немқұрайды қарай ма, осыған байланысты [2]. Ф. Ницше ақыл-ес – әйелдің басымдылығы, ал ерлерге ішкі уайым мен құштарлық тереңдігі тән, осы шығармашылыққа шексіз құштарлығы арқасында ерлер өздерінің әйелге қарағанда кемеліне азырақ жетпеген ақыл-парасатын қолдана алады деп есептейді [2, 321 б.].
Ерлер мен әйелдердің даму эволюциясы олардың жағдайлары әртүрлі болуына байланысты түрліше жүрген. Ертеде ерлер аң аулап, әйелдердің жеміс тергені тарихтан мәлім. Еркектер қорғау қызметін атқарса, әйел бала бағумен айналысқан. Осы бағыттағы дамудың нәтижесінде олардың денесі мен санасы түрліше қалыптасқан. Алға қойылған міндеттерді тиімді жүзеге асыру барысында олардың денесі қалыптасуымен бірге ойлау қабілеті де өскен. Соған байланысты еркектер әйелдерге қарағанда биік және қайратты бола түскен. Миллиондаған жылдар бойы олардың ми құрылымы да бір-бірінен ерекшеленетін талаптарға байланысты өзгеріп отырған. Кейінгі кездегі ғылыми тәжірибелер балаларды адамдардан, ұйымдасқан қоғамнан, ата-аналарынан жырақ аралда тәрбиелесе де, қыздар бәрібір қуыршақтарын киіндірумен, жұбатып, тәрбиелеумен айналысатыны, ал ұлдардың бір-бірімен күш және ақыл-парасат жағынан бәсекелесе жарысқа түсіп, айқын иерархиялық топ құратыны анықталған. Арнайы зерттеу жүргізген ғалымдардың пайымдауынша, бұның себебі, біздің ми жасушаларының қызметі ана құрсағының өзінде-ақ біздің ойлау жүйеміз бен мінез-құлқымыздың сипатын айқындайтын етіп ұйымдастырылған [3]. Сол себепті о баста дүниеге бала әкелу, ана болу үшін жаратылған нәзік жыныстылар қандай жағдайда да өзінің аналық табиғатынан жырақтай алмайды. ХХ ғасырдың 90жылдары ғалымдар біз дүниеге келген сәтте миымызға базалық бағдарламалардың ендіріліп қойғанын дәлелдейтін бұлтартпас ғылыми деректер ұсынды.
Мириам Шнейрдің анықтамасымен 1792 ж. Лондонда және АҚШ-та «Дәуір» кітабы басылды, ол кітап әйгілі феминизм зерттеушісі Мэри Уоллетонкрофтікі және әйелдердің құқығын қорғауға арналған. Бұл кітап ішімдікке салынған әкесінің қатал тираниясының куәгері болған, көп қиыншылық көрген әйелмен жазылған. Ол сол кездегі дәстүрлі патриархалды тәрбиенің, әлеуметтік жүйенің жайсыздығынан әйелдің зорлық-зомбылықпен құлмен теңестірілгенін жақсы бейнелеп жазады. Осындай жайдайдың қаталдығын мойындаған ол бүткіл әйелдер үшін еркін, жақсы өмірді армандаған. «Қыз, әйел және ананың моральдық бейнесі» деген кітапта әйелдердің табиғи міндеті қалай атқаратылғаны анықталған. Алайда олардың қасиетті мақсатының арқасында олардың ішкі қабілеттері ашылуы мүмкін [4].
Осы айтылғандардан мынадай түйіндер шығару қажет:
1. Жыныс адамның биологиялық детерминацияланатын сипаттамасы, ол қоғамның тікелей әсеріне ғана бағынбайды.
2. Гендер фундаменталды ой құрайтын категория болып табылады және мәдениет контексінде субъектің әлеуметтік құрылымына жауап береді.
3. Гендер адам болмысының барлық қырларын бейнелейді (гендер әлеуметтік институт тәрізді; гендер социмәдени құрылым тәрізді; гендер әлеуми-демографиялық категория тәрізді; гендер идеологиялық құрылым тәрізді; гендер технология немесе процесс тәрізді; гендер субъективтілік тәрізді; гендер мәдени метафора тәрізді
4. Гендерлік әрекет постструктуралистік және постмодернистік философия шеңберінде дамиды.