Гендерлік зерттеудің антологиясы мен методологиясы



бет7/14
Дата08.12.2022
өлшемі0,89 Mb.
#56025
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14
Байланысты:
Гендер 20.12 Лекция(1)каз

Дәріс 6.

Көптеген қазіргі тілдерде әйелді белгілеуде оның еркектен тәуілділігі сақталған, ал «әйел» сөзі оның адамның (еркектің) әйелі дегенді белгілейді, яғни әйел еркектік бастау арқылы анықталған, оны орталық ретінде мойындаған. Қоғамның патриархалдық тілі жыныстық ассиметрияны семиотикалық түрде ғана емес (мән құрайтын ассоциациялар мен коннотациялар арқылы), сонымен бірге грамматикалық – жаттығудың белгілі ережелерінде, аналық текті немесе, керісінше, әйел тегін белгілеу үшін арнайы терминдердің болуын бекітеді. Жалпы алғанда, тілдегі осындай жағдайды лингвистикалық сексизм деп белгілеуге болады. Дәл тіл коммуникация ретінде қабылданғанда яғни қоғамда қабылданған ақпаратты беру немесе айырбастау жөніндегі қатынастар жүйесі күнделікті қарым-қатынас жасауда жыныстардың жай ғана айырмашылығын емес, олардың дискриминациялық айырмашылығын бекітеді және қайта өндіреді.


Қоғамның постиндустриалдық дамуы, әсіресе, Батыста гендерлік жүйе моделінің өзгеруіне әкеліп соқтырады. Әйелдің еңбек нарығына белсенді шығуы, білім сапасының жоғарылауы, орта тап өмірінің жақсаруы патриархаттық модельдің ығысуына әкелді.
Әйелдер дихотомиялық концептуалдық тәртіптен құтқарылады, егер олар өздерінің көптеген тілектеріне мән беріп, назар аударса. Сонымен, маргиналды феминдік хат жазу бұрыннан қалыптасқан тұрмыс салтын өзгертуге қабілетті, жазу синтаксиспен грамматиканы бұзуға мүмкіндік беретін ритмді, түсті, дыбысты атап көрсетеді, сонымен «Ана тілін» қалыптастырады, сезімдер мен тілектердің тілімен байланысын орнатады. Олар тілектің объектісін қолға түсіруге тікелей бағытталған. Әйел «Өзге» болғандықтан қалу керек, бірақ мәдениетке альтернативтік құндылықтарды енгізу үшін айырмашылықтарға ие болу керек. Ж.Лакан бұл жүйені «дәстүрлі қоғам» деп атайды [45, 137 б.]. Бұған логоцентризм, тіл әлемінің, еркектік бастаудың және дуализмнің басымды болуы тән болғандықтан әйел осы қоғамның перифериясында орналасалы. Бұл қоғамда әйел өз бетімен өмір сүрмейді, оны тек қана «еркектің көз ілдірігі» арқылы көруге болады. Сонымен әйелдің маңыздылығы еркекетің маңыздылығынан кем емес. Бұл туралы оның мәнінін белсенділігі және ашықтығы баяндайды. Бірақ бұл ең маңыздысы емес. Маңызды дегеніміз яғни мәнді мағынаға ие болатын еркек пен әйелдің үйлесімділігімен адам тегінің құндылығы байланысты, өйткені не еркек, не әйел болмайтын адам жоқ. Тек қана әйел болу немесе тек қана еркек болу адамның болуын белгілемейді. Бөлек алынған еркектік немесе әйелдік бастау ешқандай маңыздылыққа, мақсат қоюға, құндылыққа ие болмайды. Бір нәрсенің маңыздылығы оның тектік мәнінде болады, ал осындай мән ретінде әйелдер үшін да, еркектер үшін да «адам болу» табылады. Адам – бұл еркек пен әйел, екеуі бірге «адам» деп аталады. Осыдан, тар мағынада алынған, «маңыздылық» деген сөздің әділдігі әйелге қатысында еркекке қатысынан кем емес. Еркектердің, тар мағынадағы, маңыздылығы әйелдер арқылы бекітіледі. Дәл солай әйелдердің маңыздылығы еркектердің болғаны арқылы бекітіледі. Мұнын бәрін бірге алғанда, адамның кең мағынадағы, маңыздылығын құрайды, оның тектік мәнін өтпес құндылықтар түрінде білдіреді.
Феминизм әйел қозғалысы ретінде түсіндіріледі. Ол отбасылық құндылықтарға, әйелдің табиғи қасиетіне қарсы қозғалыс деп сипатталды, ал сол кезде шығыс әйелдері отбасылық дәстүрдің сақтаушысы, балаларды тәрбиелеуші, өзінің күйеуінің беделін әрқашан көтеріп, оны силап отырады, тек содан кейін ғана өзінің қабілетіне байланысты қоғамдық саяси өмірге араласады деген пікір көп таралды. Демек, марксистер бойынша, феминизм батыстық әлеуметтік-саяси құбылыс, ол дәстүрлі мәдениетті мемлекеттер үшін қауіпті делінді.
Бұндай қарама-қарсылықпен феминизмге Шығысты қарсы қою күнделікті сана үшін дауласпайтын жағдай. Тіпті мынадай түсінік бар: әйелді эмансипациялау идеясы, жанұяны жоспарлау, тұрмысты қадағалау, мақсатсыз жүктіліктің төмендеуі батыстық идеологтармен арнайы енгізілген.
Бұған ұқсас феминистік проблематикалар туралы пікірлер тек қарапайым халық арасында ғана таралмай, сонымен қатар жоғарғы білімді адамдар арасында да кездеседі. Шынымен де іскер, белсенді әйел мен дәстүрлік құрылымдағы әйел – бұл құбылыс географиялық құбылыс емес, ол әлеуметтік, экономикалық, саяси құбылыс. Яғни екі түрлі құрылымның әйелдері берілген бір мемлекетте өмір сүріп жатқан жоқ (Шығыста, Батыста, Африкада, Америкада, Азияда, Австралияда), ол қалыптасқан әлеуметтік саяси және экономикалық жағдайға байланысты. Мысалы: көптеген мәдени ерекшеліктерге қарамастан қазіргі кезде Америка әйелінің, Жапония және Қазақстан әйелдерінің құндылықтарында, өмір сүруінде көптеген ұқсастықтар бар. Ал қарапайым қазақ қызымен Өзбекстан, Тәжікстандағы әйелдердің айырмашылығы анық көрінеді. Өйткені көптеген әлеуметтік-экономикалық, саяси жағдайлардың ықпалынан олардың өмірі әр түрлі. Сол үшін Шығыс және Батыс әйелі деп бөлмей, нақтылы мемлекеттің әлеуметтік, экономикалық, саяси даму сатысын қарастырған жөн. Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуы мен әйелдердің жағдайы қазіргі қоғамда объективті түрде феминистік қозғалыстың мәселелерін көрсетуде.
Феминизм – бұл құбылыс батыстық немесе шығыстық, американдық және ағылшындық, француздық, шведтік емес, ол - жалпы адамзаттық. Сол үшін барлық мемлеттердегі әйелдер қозғалысының құрылымы мен дамуы феминистік қозғалыстың барлық мәселелерімен байланысты [71, 131-136 бб.].
Осыған орай феминистік қозғалысты нақты зерттеу, әр мемлекеттегі әйелдер қозғалысының дамуына қажетті. «Феминистік қозғалыс» және «әйелдер қозғалысы» әртүрлі мағынаны береді. Біз айтып кеткендей, феминизм ол халықаралық әйелдер қозғалысы. Олар азаматтық құқық үшін, әйелдің еркіндігі үшін, еркектермен бірдей құқық алу үшін (экономикада, саясатта, әлеуметтік кеңістікте, жанұяда) күреседі. Ал әйелдер қозғалысы ережеге сай мемлекеттік саясаттың құрамдық бөлігі болып табылады, олар берілген бір әлеуметтік саясаттың элементіне жатады, нақтылы бір әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған. Бұндай жағдайларды мысалға, бұрынғы кеңес үкіметінде өмір сүрген әйелдердің халықтық-демократиялық федерациясы шешкен немесе қазіргі кездегі мұсылман әйелдерінің лигасы т.с.с. қабылдаған шаралардан көруге болады. Феминистік қозғалыс пен әйелдер қозғалысының принципиалдық айырмашылығы мынада: феминизм барлық экономикалық, әлеуметтік, саяси мәселелердің шешілуін, патриархаттық парадигмалардың құлауын, қоғамдық өмірдегі әйел беделінің өзгеруін көздейді, ал әйелдер қозғалысы болса әйелдің жағдайына байланысты мәселелерді ғана шешуге бағытталады.
Ең алдымен әйелдердің әлеуметтік қозғалысын Европа мен АҚШ-тағы орта және жоғарғы тап өкілдері құрған. Олар әйелдің жоғарғы білімге шығуын, кейін жекеменшік құқығын, әртүрлі жұмыс саласына шығуы мәселелерін қойды.
Буржуазиялық-демократиялық революция кезіндегі «еркіндік, теңдік», ұрандары әйелдер қозғалысын да оятты. Ол әйелдер үшін теңдік пен еркіндікті аңсады. Олардың негізгі талаптары еңбекке, білімге деген әйелдердің азаматтық құқықтарын мойындау, қоғамда және жанұядағы теңдікке қол жеткізу. Осы құқықтарға қол жеткізу үшін күрес феминистік қозғалыстың негізгі мазмұны болды, ол біресе сөніп 200 жыл шамасына созылып, қайталанып келеді.
Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін әйелдер қозғалысының белсенділігі көптеген еуропалық мемлекеттерде (Норвегияда – 1913 ж., Дания мен Исландияда – 1915 ж., Ресейде – 1917 ж., Канадада – 1917 ж., АҚШ-та – 1920 ж.) әйелдердің дауыс құқығына алып келді.
Екі бағыттағы жұмысты, яғни отбасындағы үй-шаруасы және өндірісте, атқаруға міндетті болған әйелдердің саясатқа араласуға мұршасы да келмеді.
Өздерінің жағдайының жақсаруын олар азаматтық-саяси құқықтарын жүзеге асыруда емес, керісінше отбасын сақтап қалу қабілеттерінен көрді. Мағынасы жағынан осындай әлеуметтік-саяси ұстаным көптеген әйелдердің санасында бар. Алайда либералдық-марксистік феминизмді жақтайтындардан басқа феминистер өмір сүреді, олар құқықтық теңдік үшін емес, әйелдердің «негізгі құқықтары» үшін күресті. Олардың ойынша өзіндік табиғи заңдылығынан басқа әйелдер жоғарғы моральдық қабілетті иемденеді және әйелдердің қоғамдық өмірге араласуы үлкен әділеттілікті алып келеді (Кэролл Шлиган) [72, 120-121 бб.].
Либералдық феминизм еркек пен әйелдің теңдігін талап етіп, еркек пен әйелдің бірдейлігін айтады, олардың айырмашылығына мән бермейді («Әйелдік мистика»), Джоннет Ричардс бойынша, әйелдің қоғамдағы төменділігі әлеуметтенудің салдарынан болады («Скептикалық феминизм»), Натали Блюстоун бойынша, әйелдің ақылы еркектікі сияқты («Әйелдер және мұрат қоғам. Гендер туралы мифтер») [73, 211-255 бб.].
Либералды феминизм тек еркек пен әйелдің ұқсастық негізіндегі теңдікке ұмтылады. Олардың арасындағы айырмашылық мағынасыз болып табылады. Осы бағыт радикалды феминизмнің ізбасарлары болып келеді. Жалпы алғанда либералдық философия еңбектегі ақыны төлеу дискриминациясына қарсы, экономика мен ақша шеңберіндегі, мемлекеттік басқарудағы теңдікке бағытталған заңды түрде белсенді күрес жүргізеді.
Феминистік зерттеулер өз мақсаты етіп қоғамдағы әйел мен ер адамның мәдени-әлеуметтік шындықтағы дәстүрлі бейнесін қойды. Адамзаттың өркениеттік дамуындағы әйел бейнесі, қоғам мен мәдениеттегі әйелдің жағдайы мен орны мәселелері соңғы жүзжылдықта Симона де Бовуардың атақты «Екінші жыныс» (1949) еңбегінен бастап, Люси Иригарэ, Юлия Кристева, Элен Сиксу, Джудит Батлер, Рози Брайдотти, Элизабет Гросс және т.б. авторлардың есімдерімен сипатталатын феминизм философиясында барлық қырынан жан-жақты зерттелді. Субъективтілік дискурсынан тыс дүниетанымдық стратегиялармен айналысатын қазіргі заманғы постмодернистік ағымдармен салыстырғанда, бұл феминистік философиялық тұжырымдамалардың басты тақырыбы әйел субъективтілігінің теорияландырылуы болды. Олар қазіргі философиялық эпистемологияға білім субъектілерінің тәндік немесе жыныстық ерекшеліктерінің тиімділігі ұғымдарын енгізіп қана қоймай, әдетте бірегейліктің патриархаттық құрылымы басым келетін философиялық ойлаудың дәстүрлі бинарлық (еркек/әйел) практикасынан бас тартып, қазіргі мультикультурализм жағдайында әйел бейнесінің мәдени өзгешелігі феноменін алға шығарды. Бұл деконструкция қоғамдық ғылымдарда шығыстық, оның ішінде қазақ мәдениеттеріндегі әйел бейнесін қайта пайымдауға жол ашып береді.
1970 ж. әйгілі феминизм теоретигі Кейт Миллеттің «Сексуалдық билік» деген жұмысы жарыққа шығады. К. Миллет өзінің мәдени талдауының орталығы етіп, «патриархат» терминін қояды. К. Миллет бойынша патриархат жанұялық, әлеуметтік, идеологиялық, саяси жүйе, бұл жерде әйелдің әлеуметтік рөлі ер адамның көзқарасымен детерминацияланған. Бағындыру күшпен немесе дәстүр-салт, заңи билік, еңбек бөлінісі арқылы жүреді. «Тумысынан пайда болған, ер адам әйелді басқарып келгені қоғамда әлі зерттелмеген, дегенмен де ол институттандырылған» [72, 126 б.].
К. Миллеттің пікіріне сүйенсек, патриархаттың сексуалды саясаты әлеуметтік биліктің саясаты болып табылады. Мәдениет әйелді бағындыру жүйесіне гендерлік әлеуметтік даму арқылы кіргізеді. Демек сексуалды саясат К. Миллет бойынша әйелдік субъективтіліктің бақылау жүйесі болып табылады (патриархат ережесімен).
ХХ ғ. 70-80 жж. «жыныс» пен «гендер» түсініктері тақырыптық тұрғыдан бөлінді, бұл гендерлік зерттеулерді жаңа теориялық қабатқа шығарды. Егер де «әйелді зерттеулер» патриархат, патриархаттық байланыс және әйел тәжірибесінің негізінің талдауымен ерекшеленсе, онда гендерлік зерттеулер гендерлік жүйені талдауды нысанаға алды. Феминистік зерттеулердің қойнауында пайда болған гендерлік әрекет мәдениеттегі айырмашылық контексіндегі индивидтің гендерлік әлеуметтенуін әлеуметтік детерменанттың қажетінде көрсетеді. Гендерлік тәсіл бойынша адамзат қоғамының барлық қырлары, мәдениет пен адамдардың қарым-қатынастары гендерлік болып табылады. Ал гендердің өзі индивидттердің барлық мәдени даму сатыларында және барлық әлеуметтік процесстерде айқындалады, жаңадан өндіріледі, құрастырылады. Гендерлік зерттеулер нәтижесінде жеке пән ретінде белгіленген терминологиялық тіл пайда болды, ол өзіндік категориялдық түсініктерімен, мысалға «гендер», «гендерлік дисплей», «гендерлік», «гендерлік ассиметрия», «маскулиндік», «феминистік», «сексизм», «андроцентризм», «патриархат» және т.б. анықталды.
Жеке тұлғаның әлеуметтену мәселесін зерттеген гендерлік әрекет өзіндік актуализация және жеке адамның гендерлік бірегейленуі мәселелерін қозғайды. Сол үшін гендерлік зерттеулерде мәдениеттану, әлеуметтану, жантану және басқа гуманитарлық ғылымдардың тәсілдері пайдаланылды.
Гендерлік әрекет әлеуметтік және мәдени детерминацияның жыныстық ерекшеліктеріне әсер етті. Сол үшін зерттеу контексінде әйел мен ер адамның ерекшелігінің бөлінуі маңызды емес, олардың ерекшелігінің құрылуына әсер ететін факторлардың анықталуы маңыздырақ. Ең бірінші жыныстық рөлдің стереотипизациясын зерттеген психологтар болды. Олардың көзқарасында бұл әйел мен еркектің әрекетінде көрініс табады [22, 173 б.].
Мәдени антропология шеңберіндегі зерттеулер әр түрлі этномәдениеттерді қарастыра отарып, әйел мен еркектің қылықтарын, мінез-құлқын, рөліндегі көптеген ерекшеліктерді таба алды. Бұл бағыт өкілдері мынадай қорытындыға келді: жалпы әйелге қысым көрсетуді экономикалық себептермен түсіндіруге болмайды. Айталық, Еуропадағы пәктік белдеуі, Шығыстағы дәкелеу, культік мистерия кезінде әйелді ритуалды балағаттау және қорлау осыны көрсетеді. Осындайлар тарихта көптеген халықтардың мәдениетінде кездеседі. Мәдени антропологтардың ойларын дамыта келе Г. Рубин мынадай қорытындыға келді: тайпа арасындағы әйелді айырбастау ең біріншіден символикалық мағынаны білдіреді, себебі гендерлік жүйеде ол ер адам билігінің ұдайы өндірісінің тетігі болып табылады. Бұл жерде әйелдер өзіне иелік ету құқығынан айрылған» [74, 96 б.]. Г. Рубинге сүйенсек, «жыныс - гендер» жүйесін механикалық жиынтық ретінде анықтауға болады. Демек, гендерлік жүйе бір жыныстың басқадан басым болуын айта келе, билік жүйесі болып табылады, бұл жерде әйелге ресми емес өрісте орын белгіленген, өз негізінде жанұя гендерлік жүйенің бір бөлігі ретінде, биліктік одақ болып табылады, бұл жерде барлық материалдық және символикалық билік патриархаттық, ер адамның, әкенің қолында шоғырланған. Рубин айтқандай бұндай билік жүйесі ер адамның басымдылығын қамтамасыз етті. «Әйелдермен алмасы» еңбегі «жыныс» пен «гендер» түсінігінің анық айырмашылығын көрсеткен ең бірінші жұмыс болды.
Алайда ең бірінші бұл ұғымдарға түсінік берген психолог Рада Унгер болған. Өзінің «Жыныс» пен «гендер» ұғымдарына редефиниция» деген еңбегінде ол «жыныстық амал» (секс) сөзін пайдаланды (бұл жерде адамның биологиялық детерминанты жайлы сөз болды) және «гендер» сөзі адам болмысының әлеуметтік, психологиялық, мәдени қырларына қатысты қолданылды [75, 99 б.]. Яғни нормаларды, стереотиптерді, рөлдерді құрайтын қырларда гендерді жеке адамның биологиялық жынысынан тәуелсіз деп қарастыру керек. Мысалға: Ер адам өзін мәдени ортада еркек сияқты ұстамауы мүмкін, алайда ол бәрібір биологиялық көзқарас тұрғысынан еркек болып қалады.
Карен Хорни некенің сексуалды жағын зерттегенде әйел мәселесіне зор мән берген. [76]. Оның пікірінше, жыныстардың арақатынастарында бірі-біріне сенбеушілік пен жау көзбен қарау көптеген түрлерде көрініс табады. Оның негізінде ер адамдардың әйелдерден қорқыныш сезімі жатыр. Бұл қорқыныш – ер адамдардың әйелдерден бейсаналы сексуалды тәуелділіктің нәтижесі.
Бетти Фридан «әйелділіктің мистикасын» - қоғам тарапынан әйелге тұлға ретінде өзін жүзеге асыруға жол бермейтін және күйеге, балаларына берілген әйелдің, ананың дәстүрлі рөлдердің міндеттенетінін әшкерелейді [73, 230-234 бб.]. Осындай рәміздік бейнені жасауға, әйелділікті мистификациялауға білім беру жүйесі, бұқаралық ақпарат құралдары зор үлес қосқан. Сондай-ақ, «жыныстық қатыстылығына бағытталған білім беру жүйесі әйелдің сана-сезімінің төмен деңгейін қалыптастырған, сол деңгейді көтеру үшін жап-жас кезінен күйеуге шығуды талап еткен [73, 236 б.]. Қоғам көпке дейін әйелге өзін тұлға ретінде жүзеге асыруға әртүрлі кедергілерді жасаған: құқықтық, саяси, әлеуметтік, экономикалық, білімдік. Сондықтан, бұл кедергілердің көбісі қазіргі американдық қоғамда жойылса да, әйел өзіне қорғауды некеде, отбасында, күйеуінде, балаларында іздейді. «Өзіне жол ашудан гөрі, әйелге күйеуі мен балаларына беріліп өмір сүруі арқылы дүниені қабылдау оңай көрінеді» [73, 265 б.].
Джесси Бернард некенің екі шындығы және екі әлеуметтік бейнелердің - еркектік және әйелдік – бар екенін көрсеткен. Сонда ер адамдар некеден әйелдерден гөрі көп пайда көреді. Талдауға гендер факторын кіргізіп, Дж. Бернард мынаны көрсетті: ер адамдар мен әйелдер әртүрлі дүниеде жайғаса алады, бірақ дәл сол кезде ортақ жерлерде өмір сүріп келе жатады: әйел мен еркектің арасындағы бір некенің өзі әрқайсысына түрлі шындықтарды жасап тұрады» [32, 376 б.].
Дегенмен, соңғы уақыттарға дейін гендер түсінігіне берілген келісімді ұғым жоқ. Кейбір зерттеушілер «гендерді» жыныстың әлеуметтік құрылымы (конструкт) ретінде қарастыру керек деген ой бастады [77, 29 б.]. Сөзбе-сөз аударатын болсақ, «гендер» (gender) сөзі ағылшын тілінен «тек» деген мағынаны береді. Айта кететін бір жайт, «гендер» түсінігі тек қана Батыс еуропалық мәдениетте ғана пайда болуы мүмкін еді. Өйткені ол христиан мәдениетінің жалғасы болып табылады. Себебі христиан дінінде жан мен тән, тән мен рух қарама-қарсы қойылған. Дүниедегі ешқандай дінде жан мен тәнді қарама-қарсы қойып, бөліп қарастырмаған. Христиандық дүниетаным адамды мүлдем екіге бөліп жіберді.
Христиандық діни көзқарас бойынша, руханилықтың бәрі, біріншіден, адамға жоғары құдайдан дарыған, ол өзінің тәндік, заттық болмысында индивидуалды, яғни күнәлі, ұсқынсыз. Адамның тәні рухына қарама-қарсылықта қойылған. Екіншіден, христиан діні әйелдің биполярлық бейнесін көрсеткен. Бір жағынан Хауа ана - адамның анасы, екіншіден ол күнәһар, қараңғы күштің символы болып табылады. Сонымен қоса, Дева Мария – Христостың анасы тазалықтың, пәктіліктің рәмізі.
Үшіншіден, христиан философиясында жеке адамның қайталанбас құндылығы мен еркіндігі мәселесі бірінші орынға қойылған. Батыс дүниетанымында индивидуализм ең негізгі түсінік болды. Қоғам индивидтердің жиынтығынан тұрады [77, 30-31 бб.]. Оның нәтижесінде батысеуропалық мәдениетте адамның еркіндік құқығы заңында демократиялық құндылықтар құрылды.
Мәдениеттанушы Э. Жезмер бойынша, әйелдің қасиеті элементарлық геометриямен шектеледі: жанұя шеңбері, тіршілік шеңбері, махаббаттық үшбұрыш. Әйел (homo symbоlikus) үшін басқаның бәрі мәңгілік бақи шеңбері. Өзін жасау үшін әйелге өзінің тіршілігінің объективтілігін дәлелдеу қажет. «Бүкіл батыс мәдениеті әйел тәнінің рәмізделуінен шығады. Жоғары мен төмен, әдемі мен ұсқынсыздықтың этикалық және эстетикалық бағалауы әйелдің табиғи бейнесінің модусы болып табылады» [78, 63 б.].
Гендер түсінігінің ғылымдағы «биологиялық» талдау деңгейінен «мәдениеттілік» сатысына өту қажет болды. Ең алғаш гендер мәселесін Батыс қоғамы көтерген. Жалпы «гендер» термині әлеуметтік процестерді түсінуге арналған талдау құралы болып табылады. «Гендер» терминін ғылымға бірінші рет американ психоаналитігі Роберт Столлер 1968 жылы енгізді. Ол оны өзінің «Жыныс және гендер» деген кітабында қолданған. Р. Столлердің зерттеуі бойынша гендерлік тұтастық (мен-қыз, мен-ұл) адамдық тіршілік иесі үшін жаңа қасиет болып табылады. Столллер бойынша «жыныс» пен «гендердің» айырмашылығы мынада: жыныс биологиялық, ал гендер психологиялық, яғни мәдени «феномен» болып келеді. Егер де «жынысты» еркек пен әйелдік қатынас деп анықтасақ, «гендерді» ерік және әлеуметтік сапа деп қарастырамыз [79, 124 б.]. Берілген анықтамада гендердің негізгі айқындамасы – оның мәдени шарттылығы айтылады.
Феминистік зерттеулерде гендер ХХ ғ. 70–ші жылдардың басында әмбебапты қолданыла бастайды. 1972 ж. либерал феминист Энн Оуклиннің «Жыныс, гендер және қоғам» деген кітабы шығады [80]. Гендер түсінігі «жыныс», «тек», «тап» деген түпнегізгі категориялардың мағыналарын кеңейтті. Бұдан адам әрекетінің әртүрлі формаларын талдауға болады. Гендер адамға әсер ететін мәдени-әлеуметтік факторларды қарастырады.
Бұндай контексте «гендер» түсінігін «жыныстың әлеуметтік құрылымы», «жыныстық әрекеттің моделі» сияқты тіркестермен бірдей қарастыруға болмайды. Гендерлік өлшемдегі «жынысты» қарастыруды біз индивидтің әлеуметтік құрылымын (жыныстық әрекетте) көреміз. Бұл жерде зерттеудің нысаны жыныстық ерекшеліктер емес, жыныстың, адамның құрылуына әсер ететін тетіктерді табу болып табылады.
Зерттеушілер бұл категорияның келесі түсініктерін бөліп көрсетеді:
– гендер әлеуметтік институт тәрізді, адам бұл негізгі тәсіл арқылы өзінің өмірін құрастырады, әлеуметтік институт тәрізді гендер гендерлік беделден, әлеуметтік жыныс нормалары мен құндылықтардан тұрады;
– гендер әлеуметтік (конструкция) құрылым тәрізді; бұл тәсілге байланысты гендер әйел мен ер адамның арасындағы әлеуметтік байланыстың жиынтығы ретінде қарастырлады. Осы гендерлік түсініктің бастаушысы американдық тарихшы Джоан Скотт болды. Оның пікірі бойынша, «гендер» билік байланысын бейнелеудегі бірінші қатардағы мағынаны білдіреді» [81, 91 б.];
– гендер бұл әлеуметтік-демографиялық категория (жыныс, тек, тап, топ т.т.); олар гендерлік жүйені анықтайды.
– гендер идеологиялық конструкт (құрылым) тәрізді; бұл түсінікті Моника Виттинг берген. Онда гендер ер адамның доминациясы инстанциясында қарастырылады. Виттинг өзінің «Ешкім әйел болып тумайды» деген еңбегінде (1981) әйел мен ер адамның дәстүрлі патриархаттық түсінігін сынға алады. Виттинг бойынша шын ақиқатты «әйел» түсінігі биологиялық нақтылықтардың жиынтығы емес, ол еркектің әйел туралы ойлаған ойының нәтижесі. Олай болса Виттинг бойынша, гендерлік жүйенің құрылымдық механизмі бинарлы оппозицияның сәйкестенділуімен байланысты;
– гендер технологиялық немесе процесс (даму) тәрізді. Бұл жерде негізгі екпін жыныстық рөлдік модельдер мен оның құрылымының реттеуші функциясына келеді. Бұл дискурсты берген Тереза де Лауретис әйелдік бірегейленуді материалдық және символикалық процесс ретінде қарастырады. «Осының салдарынан барлық әлеуметтік жандардың субьективтілігі құрастырылады. Бұған байланысты біз әр қайсымыз өзімізді әлеуметтік шындыққа жатқызамыз» [81, 89 б.].
Бұл контексте гендер процесс болып табылады. Ол әйел мен ер адамның ұқсастығының құрастырылуы арқылы әлеуметтік-нормативтік субъектіні құрайды, өз қатарында олар тектік, этникалық ерекшеліктермен байланысты;
– гендер субъективтілік тәрізді. Бұл басымдылық шеңберінде әйелдік
ұқсастық пен субъективтілік мәселелері қарастырылады [81].
Гендер түсінігі тап, тайпа, қауым деген түсініктермен байланысты, оларды бір-бірінен тым ажыратып қарауға болмайды. Қоғамға гендерлік теңсіздік тән, ол әйел мен еркекке тең түрде игіліктерді (ақшаны, билікті, білімді, беделді) бөліп беруге кедергі жасайды.
Гендерлік жүйе әр қоғамда өз мазмұны жағынан иерархиялық, ол тұрақты және әрқашан қайта құрылуға қабілеті бар. Гендерлік жүйе тіршілік етудің мына екі саласын қосады: таптық қауымдық, бұл жерде еркектерді әрқашан асыраушы ретінде көрсетеді және жеке, үй шаруасындағы әйел бейнесі. Қауымдық сала әрқашанда жоғарғы әлеуметтік беделге ие болған.
Гендерлік теория жыныстардың қатынастарын микро- және макро деңгейлерде талдайды. Қабылданған біріктіруші парадигма құрылымдық әрекет деген атқа ие болды. Бұл іс-амалдың негізін салушы Роберт Коннел болып табылады [37, 251-278 бб.].
Біріктірілген парадигма гендерлік байланыстың талдауына концептуалды модель бола алады.
Гендер әлеуметтік категория ретінде көп түсініктерді өзіне қосады.
- гендер бұл түсініктік жүйе, ол әрқашан сана құрылымында қайта өндіріледі;
- гендер әлеуметтену және реәлеумнттену процесінде пайда болды;
- гендер әлеуметтік шындықты адам әрекетінің шағын сатысында (микро саты), сонымен қоса әлеуметтік жүйенің күрделену сатысында (макро саты) талдайды;
- гендер әлеуметтік стратификацияның критериі болып табылады. Ерекек пен әйелдер иерархиялық байланыста тұрады, бұл жерде басқарушы рөл ұзақ уақыт бойы еркекке тән болып келді;
- гендер және топ – бөлінбейтін түсініктер, ауқатты еркек пен әйелдің әлеуметтік беделі кедей еркек пен әйелдің беделінен ерекшеленеді. Әр түрлі әлеуметтік топтың гендерлік дисплейі әр түрлі болып табылады;
- гендер – бұл идеологиялық категория, өйткені гендер әлеуметтік құрылымды көрсетеді.
Мәдениет пен гендердің байланысын әлеуметтік болмыстың жеке арнайы саласы деп қарастыруға болады. Гендер мен оның компоненттері (гендерлік стереотиптер, гендерлік рөлдер) мәдени жағынан символикалық деңгейде де көрінеді. Гендер мен оның компоненттері жеке тұлға үшін негізі бола тұра мәдениеттік деңгейінде ғылым және өнермен теңестіріліп түсіндіріледі. Бұл мәселеге бірінші көңіл аударғандар феминистік бағыттың философтары, олар гендерлік байланыста әлемнің өзгеруін алға шығарады.
Сондықтан гендерлік амал дәстүрлі «эссенциалистік» амалға қарағанда мәдениеттік және әлеуметтік құрылымдармен айқындалады. Гендерлік амал бұған байланысты құрылымдық позицияға сүйеніп, конструктивизмнің түрі ретінде алға шығады. Алайда мынаған назар аударғанымыз жөн: гендерлік амал генетикалық тұрғыдан консруктивизмнан шыққан жоқ, ол феминизм теориясының жалғасы сияқты көрініс тапты. Феминистикалық зерттеулер жыныс метафорасы бойынша құрылған функцияны орындаған, яғни ол басшы пен жұмысшы арасындағы байланыс принципі бойынша да айқындала алады.
Джоан Скотт бойынша «гендерлік объектіні тану» процессі, әлеуметтік байланысты құрайтын элемент болып табылады, ал жыныс сол адамның билік қатынасын көрсетеді [77, 30 б.].
A. Чекалинаның көрсетуінше, «гендер – әлеуметтік психологиялық мағынадағы жыныс, әйелдер мен еркектердің әлеуметтік мінез-құлқын анықтайтын арнайы мәдени және мінез-құлықтық сипаттардың жиынтығы. Гендер аясында әйел және еркек жынысына қандай психологиялық қасиеттер тән, әйелдер мен ерлерге қатысты қандай мінез-құлық қалыпты, күдікті немесе нормадан ауытқушылық саналады, сондай-ақ жыныс әлеуметтік жағдайға, жеке тұлға мәртебесіне қалай әсер етеді деген тәрізді мәселелер қарастырылады» [82, 30-31 б.].
Демек, гендер – тек әйел мен еркекке қатысты жалаң ұғым ғана емес, олардың арасындағы қарым-қатынасқа, сол қатынастардың әлеуметтік жағынан қалай құрылғанына байланысты ұғым. Ал гендерлік рольдер – жеке тұлғалардың белгілі бір жынысқа жатуына байланысты қызмет, мәртебе, құқықтары мен міндеттері жағынан ажыратылуы. Осымен байланысты адам айналадағылардың мінез-құлқынан аталған рөлде атқаруға міндетті немесе атқармауы тиіс сәйкестіктер күтеді. Мысалы, еркекке қатысты сәйкестік.
Адамның өзін-өзі бағалауы өз кезегінде оның қалыптасқан гендерлік рөлін орындау сипатына байланысты. Американдық ғалымдардың зерттеулерінде әйелдің өзін-өзі бағалауы әлеуметтік қатынастардың әсеріне байланысты болса, еркектердің өзін-өзі бағалау дәрежесі істеріндегі табысқа жету деңгейіне тығыз байланысты екені анықталған. Алайда гендер рөл және жынысқа байланысты қоғам талап еткен рөлдер жиынтығынан ғана тұрмайды. Сонымен қатар жыныстың мәдени құрылымының түрлі көрінісін танытатын «гендерлік дисплей» ұғымы өндірілген болатын. Гендерлік дисплей қоғамда әйел мен еркекке танылған норма көрінісінің алуан түрлілігі, олардың әлеуметтік қарым-қатынаста өзін танытатын, көп жағдайда айқын байқалмайтын мәдени кодтар болып табылады [82, 34 б.].
Демек, гендер – білім, кәсіби қызмет, билікке қол жеткізу, жыныстық тартымдылық, отбасылық роль мен ұрпақ жалғастырудың жеке тұлғалық мүмкіндіктерін анықтайтын әлеуметтік мәртебе. Ал әлеуметтік мәртебелер аталған қауымдастықтың мәдени кеңістігі аясында өмір сүреді. Бұл гендерге гендерлік мәдениет ұғымы мәртебе ретінде сәйкес келетінін білдіреді. Гендерлік түсініктер адамның мәдени статусына үлкен ықпал жасайды. Әйелдер мен еркектердің қоғамдағы әлеуметтік орны тек жыныстық қатынастармен шектелмейді. Гендер қоғамның барлық әлеуметтік жүйесін қабылдап, барлық әлеуметтік қатынастарда өндіріледі. Мәдениеттануда «гендер» ұзақ уақыт бойы қарастырылмаған, ал «жыныс» түсінігі тек физиологиялық өзгеріс сияқты зерттелген.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет