Геофизическое исследование скважин каз


Негізгі əдебиет  1 нег. [336-338], 2 нег. [268-269]   Қосымша əдебиет  1 қос. [214]    Бақылау



Pdf көрінісі
бет32/37
Дата31.12.2021
өлшемі1,47 Mb.
#22783
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   37
Байланысты:
Колдеев Е.И. Ұңғымаларды геофизикалық зерттеулер

 

Негізгі əдебиет  1 нег. [336-338], 2 нег. [268-269]  

Қосымша əдебиет  1 қос. [214] 

 

Бақылау сұрақтары



 

1.

 



Кавернометр əдісі не үшін керек? 

2.

 



Инклинометр əдісімен шешілетін мəселелер. 

3.

 



Ұңғыманың  техникалық  жағдайын  бақылау  үшін  қандай 

əдістер қолданылады? 

4.

 

Каверномердің құрылысын айтыңыз. 



5.

 

Ұңғымалық профилеметрияның қолданылуы. 




 

75

13 дəрісҰҢҒЫМАЛЫҚ ТЕРМОМЕТРИЯ  



(ТЕРМОКАРОТАЖ

 

Каротаждың  бұл  түрiмен,  литология  əсерiнен,  флюид 

ағынынан  (көбiне,  газ  ағынынан),  газдың  қозғалуына  мүмкiндiк 

беретiн 


каналдардың 

болуынан, 

колоннада 

немесе 


эксплуатациялық  трубада  саңылаудың  болуынан,  ағын  орнынан, 

циркуляцияның 

болмауынан, 

труба 


сыртындағы 

цемент 


деңгейiнен  туындаған  ауытқулар  бойынша  ұңғыма  бойындағы 

температура  өлшенедi.  Температураны  өлшеу,  сонымен  бiрге, 

мұнай  мен  газ  байланысын  белгiлеу  үшiн,  мұнай  мен  газ  беретiн 

қабаттарды айыру үшiн, бiрнеше горизонттан газ өндiргенде, əрбiр 

горизонттан  алынатын  газ  көлемiн  анықтау  үшiн,  сонымен  бiрге, 

гидробұзылыстарға,  қышқылдық  өңдеуге  жəне  ұңғыма  жөндеуiне 

дейiнгi  жəне  кейiнгi  жүргiзiлген  термометр  нəтижелерi  бойынша, 

ұңғыма  өнiмiн  жоғарылату  үшiн  қолданылатын  шаралардың 

тиiмдiлiгiн анықтау үшiн жүргiзiледi. 

Өлшеу принципi. 

Жылулық  потенциалын  (Т)  өлшеу 

үшiн  ұңғымаға  термометр  кедергiсi  немесе  термисторлық 

термометр  түсiрiледi;  Уитстон  көпiршесiнiң  теңдiгi  бұзылған 

өлшемдi 


тiркеп, 

температураны 

жер 

бетiнде 


анықтайды. 

Термометрдiң сезгiш элементi қоршаған ортаның температурасына 

сəйкес  болуы  үшiн  қажеттi  жылу  мөлшерi  аз  болсада, 

термометрмен 

белгiленетiн 

температура 

уақыттың 

экспоненциалдық  функциясы  болып  табылады  жəне  əрбiр 

термометрдiң  өзiнiң  тұрақты  уақыты  бар.  Өлшеу  жүргiзген  кезде 

берiлген  дəлдiктi  қамтамасыз  ету  үшiн,  каротажды  жүргiзу 

жылдамдығы  термометрдiң  тұрақты  уақытына  сəйкес  алынуы 

қажет. 


Тəжiрибеден 

көрiнгендей, 

каротаж 

жылдамдығына 

көбейтiлетiн тұрақты уақыт барлық өлшеулерде бiрдей болуы тиiс. 

Кедергi термометрiнiң немесе термосторлық элементтердiң 

температуралар  айырмасын  өлшеу  үшiн,  жеңiл  каркаста  (32мм) 

бiр-бiрiнен 1,5- 1,8 арақашықтықта құрастырып, теңескен Уитстон 

көпiршесiне  қосады.  Көрсеткiштер  геотермиялық  градиентке 

пропорционал  болады.  Бiртектi  ортада  қисық  тiк  сызықпен 

көрсетiледi.  Темпераура  таралуының    кез  -  келген  ауытқулары, 

геотермиялық  градиентке  сəйкес,  бекiнiс  сызығынан  ауытқыған 

қисықтармен белгiленедi. 



 

76

 Термометрия  əдісі  ұңғымада  орныққан  жəне  орнықпаған 



режимінде  ұңғымадағы  табиғи  жəне  жасанды  жылу  өрістерін 

анықтауға  негізделген.  Өзгеріс  көрсеткіштері,  яғни  температура- 

Цельсий градуспен (°С). өлшенеді. 

Температураны  өлшеу  үшін  геофизикалық  кабелмен 

түсірілетін,  максимальды  сынапты  кедергі  термометрі  жəне 

бұрғылау құбырымен түсірілетін өзі жазатын тереңдік термометрі 

қолданылады.   

Егер  уақыт  тұрақтылығы  0,5;  1;  2  жəне  4  болса, 

каротаждың  жылдамдығы  сəйкесінше  шамамен  1000;  800;  600 

жəне 400 м/сағ болуы керек.  

ГЕотермиялық  зерттеулер  ұңғыма  10  күн  тыныштықта 

болғаннан  кейін,  аспапты  ұңғыма  бойымен  төмен  түсіруде 

жүргізеді.  Дəл  аралық  уақыт  тəжірибелік  жолмен  анықталады; 

тəжірибе  жүзінде  ол  бірнеше  айдан  бірнеше  жылға  дейін 

созылады.  Ұңғыма  ішінде  ағын,  газдың  шығуы,  құбыр  сыртында 

қозғалыс болмауы тиіс. 

Табиғи  температураны  анықтауда  мыналар  қажет:  əртүрлі 

тереңдікте  термометрді  қозғамай  өлшеулер  жүргізу;  арасына  бір 

тəулік  салып  ұңғыма  бойымен  екіден  кем  емес  қайта  өлшеулер 

жүргізу;  екі  варианттан  алынған  мəліметтерде  көрсеткіштер  мəні 

±1

°

С-ден аспауы керек.      



Ұңғымадағы  температураны  өлшеу  бұрғылау  аспабы  мен 

ұңғымалық  аспап  жұмысының  температуралық  режимін  анықтау 

үшін термометрді төмен жəне жоғары жүргізеді.    

Ашық  оқпанда  жұту  орынын  анықтауда  əртүрлі  уақыттық 

өлшеулер  сериясы  орындалады.  Қарқынды  жұтылу  аймағында 

температураның аномалиясына тəн сипаты бойынша жүргізеді.  

Шегенделген  ұңғыманың  техникалық  жағдайын  бағалау 

үшін температураны өлшеу ұңғымалық аспапты төмен түсіруде, ал 

қайта өлшеу – оны көтеруде орындалады. 

Шегенделген  колонна  сыртындағы  цемент  деңгейінің 

биіктігін  анықтау  үшін  өлшеулер  цемент  қатқаннан  кейін  ұңғыма 

сағассынан  түбіне  дейін  жүргізіледі  (қалыпты  цемент  үшін  екі 

тəуліктен,  тез  қататын  цемент  үшін  15-20  сағаттан  кеш  қалмау 

керек).   

Температураны  өлшемей  тұрып  ұңғымада  кез-келген 

жұмыс жүргізуге тиым салынады.   




 

77

Температурасы  жоғары 



ұңғымаларда 

төмен 


сортты 

цементті  (сазды  -  жəне  гельцементтер)  қолдану,  цемент 

ерітіндісінің  ластанған  немесе  біржақты  құйылған  жағдайда 

темпертуралық  аномалия  бойынша  цемент  сақинасының  биіктігін 

анықтау тиімсіз болады. 

Перфорацияланған  аймақты  анықтау  үшін  өлшеулер 

перфорациядан кейін  аспапты  жоғары жəне  төмен  түсіру  арқылы, 

зерттеу  тереңдігі  кем  дегенде  50м  алып    жүреді.  Перфоратор 

зарядының  жануынан  түзілген  температуралық  аномалия  1-2 

тəулік аралығында сіңіп кетеді. 

Шегенделген  колоннаның  ақау  орнын  анықтау  үшін 

термометрмен өлшеулердің басқа түрлері кешенделеді.     

Ұңғыманың  сіңіруі  жақсы  болған  жағдайда  оған  қысыммен 

су  айдау  барысында  термометр  бойынша  тіркеледі,  ал  сіңіруі  төмен 

болғанда- ұңғымадағы сұйықтық деңгейі төмендегеннен кейін.    

Кем  дегенде  екі  рет  өлшенеді:  тоқтатылған  ұңғымада 

(бақылаушы);  ұңғымаға  су  айдағаннан  соң  не  онда  су  деңгейі 

төмендегеннен кейін.  

Пайдаланушы 

ұңғымаларда 

өлшеулер 

басқа 


əдістер 

өлшеулерімен бірге жүргізіледі.  





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет