«геоморфология және геология негіздері»



Pdf көрінісі
бет9/9
Дата30.03.2017
өлшемі0,54 Mb.
#10582
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Әдістемелік  ұсыныстар: тапсырманы  орындау  үшін  геологиялық  карта,

геохронологиялық  кесте, транспортир, миллиметровка, түсті  қарындаштар.

Геологиялық  қима  тұрғызу  жұмыстарын  орындау  реті: 1) берілген  сызық

бойынша  топографиялық  кескін  тұрғызу;  2) кескінге  стратиграфиялық

бөліктемелерді  түсіру; 3) қиманы  тұрғызуды  неғұрлым  жас  таужыныстарынан

бастау қажет; 4) қалыпты жатыста таужыныстарының құлауы әрқашан неғұрлым

жас  таужыныстар  жағына  бағытталған, бірдей  қабаттар  қалыңдық  шамасы

тұрақты; 5) қима геологиялық картаға сәйкес боялады.

Негізгі әдебиет:  4 [402]

Қосымша әдебиет 8 .

Бақылау сұрақтары:

1. Геологиялық картада қима қалай орналасады

2. Жылнамалық  ретпен  геологиялық  дәуірлерді  орналастырып, олардың

әріптік белгілерін орналастырыңыз.

3. Геохронологиялық  ретпен  эраларды  атаңыз  және  олардың  индекстерін

көрсетіңіз.



10 лабораториялық  жұмыс. Геологиялық - геоморфологиялық  кескін

тұрғызу.


Тапсырма: геологиялық құрылым және бедерлердің өзара байланыстарын

анықтау.


Әдістемелік  ұсыныстар: тапсырманы  орындау  үшін  геологиялық  карта,

геохронологиялық кесте, транспортир, миллиметровка, түсті қарындаштар.



68

Жұмысты  орындау  реті: 1) бедердің  абсолютті  минималь  және  максималь

белгілерін анықтау (тік масштаб  карта  масштабына смәйкес келеді); 2) берілген

бағыт  бойынша  топографиялық  кескін  тұрғызу; 3) топографиялық  кескінге

геологиялық  шекараларды  келтіру; 4) суайрықтарды  қолдана  отырып

бөлікшелерге  кескінді  бөлу; 5) бедердің  морфометриялы  және  морфографиялы

сипаттамасы көрсетілетін геологиялық қиманың төменгі жағына кесте тұрғызу.

Негізгі әдебиет:   4[406-410]

Бақылау сұрақтары:

1.

Геоморфологиялық кескінде қандай бедер пішіндері және элементтерін



бөлуге болады?

2.

Геоморфологиялық кескінде антиклин және синклин құрылымдарын



бейнелеу.

3.

Геоморфологиялық кескінде түбірлік және қопсық таужыныстарын



бейнелеу.

4.

Геоморфологиялық кескінде таужыныстарының моноклинді жатыстарын



бейнелеу?

11 лабораториялық жұмыс. Геоморфологиялық карта туралы түсінік.

Тапсырма: Сұлбалық геоморфологиялық карта құрастыру

Әдістемелік ұсыныстар: тапсырманы орындау үшін қос аэрофототүсірістер,

стереоскоп, калька,  транспортир, миллиметровка, түсті қарындаш қолданылады.

Жұмысты  орындау  реті: 1) стереоскоп  көмегімен  қос  аэрофототүсірістерді

зерделеу;   2)сипатталатын бедер  пішіндерін тауып және  жаралуын  анықтау; 3)

ауданның  морфологиясын  ангықтау; 4) түсірістердің  ішінен  карта, гидрожелі,

анықталған  бедер  пішіндерінің  шекарасын  рамкасын  сызу; 5) картаға  шартты

белгілер құрастыру.

Негізгі әдебиет:  1[208-214], 2[294-297], 4[406-410]

Бақылау сұрақтары:

1.

Геоморфологиялық картада тектоникалық кертпештер қалай бейнеленеді?



2.

Картада жағалық кертпештер, террасаларды бейнелеу үшін қандай тәсілдер

қолданылады?

3.

Аллювиальды жазықтар, өзен террасалары қандай түспен бейнеленеді?



4.

Геоморфологиялық картада бедердің эолдық пішіні аясының түсі

5.

Бедердің микропішіндері геоморфологиялық картада қалай бейнеленеді



6.

Бедердің жасы қалай көрсетіледі?

7.

Аэрофототүсірісте бедердің құмды пішіндері қалай бейнеленеді



8.

Аэрофототүсірісте және топокарталарда бедердің террасалық пішіндері

бейнеленуі.

12 лабораториялық  жұмыс. Геоморфологиялық  картаны  оқу  және

сипаттап жазу.



Тапсырма: Геоморфологиялық карта оқу

Әдістемелік ұсыныстар: тапсырманы орындау үшін қос аэрофототүсірістер,

стереоскоп, калька,  транспортир, миллиметровка, түсті қарындаш қолданылады.



69

Жұмысты  орындау  реті: 1) стереоскоп  көмегімен  қос  аэрофототүсірістерді

зерделеу;   2)сипатталатын бедер  пішіндерін тауып және  жаралуын  анықтау; 3)

ауданның  морфологиясын  ангықтау; 4) түсірістердің  ішінен  карта, гидрожелі,

анықталған  бедер  пішіндерінің  шекарасын  рамкасын  сызу; 5) картаға  шартты

белгілер құрастыру.

Негізгі әдебиет:  1[208-214], 2[294-297], 4[406-410]

Бақылау сұрақтары:

1.

Геоморфологиялық  картада  тектоникалық  кертпештер  қалай



бейнеленеді?

2.

Картада  жағалық  кертпештер, террасаларды  бейнелеу  үшін  қандай



тәсілдер қолданылады?

3.

Аллювиальды 



жазықтар, өзен 

террасалары 

қандай 

түспен


бейнеленеді?

4.

Геоморфологиялық картада бедердің эолдық пішіні аясының түсі



13 лабораториялық  жұмыс. Топокартада  және аэротүсірімдерде  бедердің

типтері және пішіні.



Тапсырма: Сұлбалық геоморфологиялық карта құрастыру

Әдістемелік ұсыныстар: тапсырманы орындау үшін қос аэрофототүсірістер,

стереоскоп, калька,  транспортир, миллиметровка, түсті қарындаш қолданылады.

Жұмысты  орындау  реті: 1) стереоскоп  көмегімен  қос  аэрофототүсірістерді

зерделеу;   2)сипатталатын бедер  пішіндерін тауып және  жаралуын  анықтау; 3)

ауданның  морфологиясын  ангықтау; 4) түсірістердің  ішінен  карта, гидрожелі,

анықталған  бедер  пішіндерінің  шекарасын  рамкасын  сызу; 5) картаға  шартты

белгілер құрастыру.

Негізгі әдебиет:  1[208-214], 2[294-297], 4[406-410]

Бақылау сұрақтары:

1. Бедердің микропішіндері геоморфологиялық картада қалай бейнеленеді

2. Бедердің жасы қалай көрсетіледі?

3. Аэрофототүсірісте бедердің құмды пішіндері қалай бейнеленеді

4. Аэрофототүсірісте және топокарталарда бедердің террасалық пішіндері

бейнеленуі.



14 лабораториялық  жұмыс.  Топокартада  және  аэрофототүсірімдерде

бедердің типтері және пішінін талдау және сипаттап үйрену.



Тапсырма: Сұлбалық геоморфологиялық карта құрастыру

Әдістемелік ұсыныстар: тапсырманы орындау үшін қос аэрофототүсірістер,

стереоскоп, калька,  транспортир, миллиметровка, түсті қарындаш қолданылады.

Жұмысты  орындау  реті: 1) стереоскоп  көмегімен  қос  аэрофототүсірістерді

зерделеу;   2)сипатталатын бедер  пішіндерін тауып және  жаралуын  анықтау; 3)

ауданның  морфологиясын  ангықтау; 4) түсірістердің  ішінен  карта, гидрожелі,

анықталған  бедер  пішіндерінің  шекарасын  рамкасын  сызу; 5) картаға  шартты

белгілер құрастыру.

Негізгі әдебиет:  1[208-214], 2[294-297], 4[406-410]

Бақылау сұрақтары:


70

1. Бедердің микропішіндері геоморфологиялық картада қалай бейнеленеді

2. Бедердің жасы қалай көрсетіледі?

3. Аэрофототүсірісте бедердің құмды пішіндері қалай бейнеленеді

4. Аэрофототүсірісте және топокарталарда бедердің террасалық пішіндері

бейнеленуі.



15 лабораториялық  жұмыс. Қазақстанның  геоморфологиялық  картасын

талдау және сипаттап жазу.



Тапсырма:  Қазақстанның геоморфологиялық картасымен танысу.

Әдістемелік  ұсыныстар: тапсырманы  орындау  үшін  Карта  бойынша

Қазақстанның геоморфологиялық аудандастыру мәліметттері қолданылады.

Жұмысты орындау реті: 1) Карта бойынша аудандарға бөлу;   2)сипатталатын

бедер  пішіндерін  тауып  және  жаралуын  анықтау; 3) ауданның  морфологиясын

ангықтау; 4) түсірістердің  ішінен  карта, гидрожелі, анықталған  бедер

пішіндерінің шекарасын рамкасын сызу; 5) картаға шартты белгілер құрастыру.

Негізгі әдебиет:  1[208-214], 2[294-297], 4[406-410]

Бақылау сұрақтары:

1.

Қазақстан қандай геоморфологиялық аудандарға бөлінеді.



2.

Әр ауданның геоморфологиялық ерекшеліктері

3.

Қазақстанның бедер пішіндерін сипаттап жазу.



2.4 Оќытушыныњ жетекшiлiгiмен орындалатын студенттердiњ µзiндiк

ж±мыстары бойынша µткiзiлетiн сабаќтардыњ жоспары (СО¤Ж)

7-кесте

Рет


номе

рлері


Тапсырма

Өткізілетін

формалары

Тапсырламалды орындауына

әдістемелік нұсқаулары

Беттері


көрсетілген

ұсынылған

әдебиеттер

1

Жерқыртысы



құрылысы

кейс


құрастыру.

Жердің геосфераларына қысқаша

сипаттама беру және ішкі

геосфераның суретін салу.

Тапсырманы орындау үшін тарату

материалдарын және  оқу

әдебиеттерін қолданады.

4 нег. [11-

64], 8 қос.

2

Бедердің



морфографиясы

және


морфометриясы

кейс


құрастыру.

1) геоморфология деген не; 2)

морфография деген не; 3)

морфометрия деген не. Тапсырманы

орындау үшін тарату материалдарын

және  оқу әдебиеттерін қолданады.

2 нег. [ 12-

24].


3

Пликативті және

дизъюнктивті

бұзылыстар.

кейс

құрастыру.



Пликативті және дизъюнктивті

бұзылыстар суретін салу және

олардың элементтерін көрсету.

Тапсырманы орындау үшін тарату

материалдарын және  оқу

әдебиеттерін қолданады.

 2 нег. [ 36-

45], 5 нег.

[241-271].


71

4

Жерсілкіну



кейс

құрастыру

Орталық жанартау типтерін атаңыз;

қатты, сұйық, газтәрізді жанартау

атқылау өнімдерін атаңыз.

Тапсырманы орындау үшін тарату

материалдарын және  оқу

әдебиеттерін қолданады.

2 нег. [ 63-

66], 4 нег.

[272-288].

5

Магматизм және



бедер түзілімдер

кейс


құрастыру

Үйлесімді 

және 

үйлесімсіз



интрузиялы денелерді атаңыз; оларға

қысқаша  сипаттама  беру  және

суретін  салу.   Тапсырманы  орындау

үшін  тарату  материалдарын  және

оқу әдебиеттерін қолданады.

1 нег. [44],

2 нег. [ 52-

62], 4 нег.

[289-324],

5

қос.



[228-232].

6

Метаморфизм.



кейс

құрастыру

Метаморфизмнің әр типінде пайда

болатын таужыныстарын атаңыз.

Тапсырманы орындау үшін тарату

материалдарын және  оқу

әдебиеттерін қолданады.

 4 нег. [325-

333], 5 нег.

[287-291].

7

Мору және



бедер

түзілімдер.

кейс

құрастыру



сұрақтарға 

жазбаша 


жауап

беріңіз: 1) физикалық 

мору

процесінде



қандай 

процестер

байқалады; 2) химиялық 

мору


процесінде

қандай 


процестер

байқалады;  3) гальминеролиз .

Тапсырманы  орындау  үшін  тарату

материалдарын 

және  оқу

әдебиеттерін қолданады.

.

1

нег.



[48-52], 2

нег. [96-

100],  5

қос. [123-

131].

8

Беткейлік



шөгінділер

кейс


құрастыру

сұрақтарға 

жазбаша 

жауап


беріңіз:  1)  коллювий  деген  не;  2)

сырғымалар 

қалай 

туындайды;



сырғыма 

шөгінділерге 

қандай

пайдалы қазба типтері тән.



Тапсырманы орындау үшін тарату

материалдарын және  оқу

әдебиеттерін қолданады.

1 нег. [53-

56], 2 нег.

[97-107].

9

Өзен аңғарының



құрылысы.

кейс


құрастыру

сұрақтарға жазбаша жауап беріңіз: 1)

аңғар деген не; 2) аңғар элементтері;

өзен аңғарының даму этаптары.

Тапсырманы орындау үшін тарату

материалдарын және  оқу

әдебиеттерін қолданады.

1 нег. [72-

76], 2 нег. [

131-136],

5

қос.


[140-154].

10

Карст, оның даму



жағдайлары

кейс


құрастыру

сұрақтарға жазбаша жауап беріңіз: 1)

карст деген не; 2) жер беті карстың

бедер пішіндері; 3) жер асты

карстарының бедер пішіндері: 4)

псевдокарст деген не. Тапсырманы

орындау үшін тарату материалдарын

және  оқу әдебиеттерін қолданады

1 нег. [89-

94],  4 нег.

[157-160],

5

қос.



[167-172].

]

11



Жаға бедері

.

кейс



құрастыру

сұрақтарға 

жазбаша 

жауап


беріңіз: 1) клиф деген не; 2) жағалық

платформа  деген  не; 3) Жағалардың

1 нег. [77-

79], 2 нег.

[199-205],


72

типтерін 

атаңыз. Тапсырманы

орындау  үшін  тарату  материалдарын

және  оқу әдебиеттерін қолданады.

4 нег. [205-

239], 5 қос.

[190-210].

12

Мұздықтар және



олардың типтері

.

кейс


құрастыру

сұрақтарға 

жазбаша 

жауап


беріңіз: 1) мұздықтардың  типтері; 2)

бедердің  эрозиялық  пішіндері; 2)

аккумуляциялық

бедер  пішіндері;

Тапсырманы  орындау  үшін  тарату

материалдарын 

және  оқу

әдебиеттерін қолданады.

1 нег. [80-

84],  4 нег.

[156-179],

5 қос.


[174-190].

13

Эолдық бедер



пішіндері

кейс


құрастыру

сұрақтарға 

жазбаша 

жауап


беріңіз: 1) эолдық 

шөгінділер

таралған аудан; 2) эолдық шөгінділер

қандай  таужыныстардан  тұрады; 3)

эолдық  шөгінділердің  пішіндерін

планда  және  қимада  суреттеңіз.

Тапсырманы  орындау  үшін  тарату

материалдарын 

және  оқу

әдебиеттерін қолданады.

1 нег. [84],

2 нег. [188-

192], 4 нег.

[88-93], 5

қос. [132-

140].


14

Геоморфология-

лық карталар.

кейс


құрастыру

сұрақтарға 

жазбаша 

жауап


беріңіз:1) картада  морфометриялы

элементтер  қалай  белгіленеді; 2)

картада  бедер  қалай  бейнеленеді; 3)

картада 


бедер 

жасы 


қалай

бейнеленеді; Жұмысты орындау үшін

геоморфологиялық  карталар  және

оқу  әдебиеттерін  қолданады. СОӨЖ

өткізу түрі – кейс  құрастыру.

2 . [211-

217].

4 нег. [396-



410].

15

Антропогендік



бедер пішіндері

кейс


құрастыру

сұрақтарға 

жазбаша 

жауап


беріңіз: 1) адамдардың  әрекеті

бедерге


қалай

әсер 


етеді.

Тапсырманы  орындау  үшін  тарату

материалдарын 

және  оқу

әдебиеттерін қолданады.

1 нег.


[98-114],  5

қос. [321-

337].

2.5 Студенттердiњ µздiк ж±мыстары бойынша сабаќ жоспары (С¤Ж)



8-кесте

Рет


номе

рлері


Тапсырма

Тапсырламалды орындауына әдістемелік

нұсқаулары

Беттері


көрсетілген

ұсынылған

әдебиеттер

1

Жер қыртысының



құрылысы, құрамы

Сұрақтарға жазбаша жауап беріңіз:

Жер 

қыртысы 


құрамына 

кіретін,


минералдар 

мен 


таужыныстары.

Таужыныстарының жасын анықтау

Геохронологиялық шкала.

4 нег.


[11-64], 5 нег.

[77-119].8

қос.

2

Бедер туралы жалпы 



сұрақтарға жазбаша жауап беріңіз

2 нег. [ 12-24].



73

мәліметтер.

1. Бедер пішіні және типтері.

2. Бедердің морфологиясы бойынша

жіктелуі (морфография,

морфометрия).

3. Бедердің өлшемдері бойынша

жіктелуі.

Бедердің жаралуы бойынша жіктелуі .

3

Жер  қыртысының



қозғалысы, олардың

геологиялық бедер түзу

маңызы

сұрақтарға жазбаша жауап беріңіз



1. Жер қыртысының қозғалысы,

олардың геологиялық бедер түзу

маңызы.

2. Тектоникалық бұзылыс пішіндері.



3. Жер қыртысының негізгі

құрылымдық элементтері .

Жер қыртысын зерттеу әдістері.

1 нег. [40],

2 нег. [ 47-50],

5 нег. [241-

271].

4

Жерсілкіну  қазіргі



заманғы  тектоникалық

процестердің бейнесі

сұрақтарға жазбаша жауап беріңіз

1. Жерсілкіну және оның пайда болуы.

2. Толқындар, цунами және олардың

бұзылу әрекеті.

Жерсілкінудің географиялық таралуы

2 нег. [ 65-

66],  4  нег.

[272-288].

5

Магматизм,



олардың геологиялық

бедер түзу маңызы

сұрақтарға жазбаша жауап беріңіз

  Интрузиялы магматизм.

1. Эффузиялы магматизм.

2. Интрузиялы және эффузиялы

магматизмнің бедер түзу маңызы

Жанартаулардың жер бетінде таралуы.

1 нег. [44],

2 нег. [ 52-55],

4 нег. [289-

324], 5 қос.

[228-232].

6

Метаморфизм



сұрақтарға жазбаша жауап беріңіз

1. Метаморфизм  және  метаморфизмнің

басты факторлары.

2. Метаморфизм типтері.

Аймақтық метаморфизм табиғаты.

4 нег. [325-

333], 5 қос.

[287-291].

7

Мору және оның



бедер түзу маңызы.

сұрақтарға жазбаша жауап беріңіз

1. Экзогенді процестер туралы жалпы

мәліметтер.

2. Мору және мору типтері.

Мору 


процесімен 

байланысты 

бедер

пішіндері.



1 нег.

[48-52], 2 нег.

[ 96], 4 нег.

[72-87], 5 қос.

[123-131].

8

Беткейлік



гравитациялық

процестер  және  бедер

пішіндері.

сұрақтарға жазбаша жауап беріңіз

1. Беткейлер, беткейлік процестер және

беткей бедері.

2. Беткейлік процестердің кеңістікте

және уақытта өзара байланысы.

3. Беткейлердің жасы.

Беткейлердің  дамуы. Пенеплен, педимент,

педиплен  және  жер  беті  тегістеу  туралы

түсінік.


1

нег.


[53-56], 2 нег.

[97-105].

9

Флювийлік



процестер  және  бедер

пішіндері

сұрақтарға жазбаша жауап беріңіз

1. Флювийлік процестер, арналық

емес және арналық ағын.

2. Өзендердің жайылмасы және терраса

жаралуы және олардың сипаттамасы.

3. Өзен аңғарларының типтері.

1  нег.  [56],  2

нег. [ 114], 4

нег. [100-130],

5 қос. [140-

154].


74

Бедер жаралудағы ағын сулардың ролі

10

Карст  және  карсты



бедер 

пішіндері.

Псевдокарст.

сұрақтарға жазбаша жауап беріңіз

1. Карсты процестер  және карсты

бедер пішіндері.

2. Карст дамуының стадиялары.

Суффозиялық процестер және сазды карст.

1 нег. [76],

2 нег. [158-

165], 4 нег.

[142-149], 5

қос. [167-

172].


11

Жағалық  теңіздік

процестер  және  бедер

пішіндерінің түзілімі.

сұрақтарға жазбаша жауап беріңіз

1. Жағалық сызық, жағалық процестер,

абразия.

2. Көне таужыныстарынан түзілген

түбірлік жаға типтері.

3. Қазіргі заманғы жаға типтері.

Маржанды жаға, рифтер, атолл.

1 нег. [77],

2 нег. [203-

204], 4 нег.

[205-239], 5

қос. [190-

210].

12

Гляциалдық



процестер  және   бедер

пішіндері.

сұрақтарға жазбаша жауап беріңіз

1. Мұздықтардың жаралуы және

қоректенуі.

2. Скандинавиялы, альпілік және

туркестандық таулы мұздық типтері.

3. Мұздықтардың бедер түзу

әрекеттері, экзарация.

4. Мұздықтар әрекеті пішіндерінің

түзілімі.

5. Мореналар сипаттамасы

6. Мұздықтық бедер пішіндері:

друмлин, камы, оз, зандр.

7. Көпжылдық тоң басу және тоңбасу

бедер пішіндері.

Солифлюкциялы бедер пішіндері.

1 нег.


[80-86], 2 нег.

[166-174], 4

нег. [156-179],

5 қос. [174-

190].

13

Эолдық  процестер



және   бедер пішіндері.

Құмды-корразиялы

процестер.

сұрақтарға жазбаша жауап беріңіз

1. Жел әрекеті не қолайлы физика-

географиялық жағджайлар.

2. Шөлдер, шөл типтері.

3. Дефляция және дефляциялы

пішіндер, корразия.

Бедердің құмды пішін типтері.

1 нег.

[84], 2 нег.



[188], 4 нег.

[88-93], 5 қос.

[132-140].

14

Геологиялық-

геоморфологиялық

зерттеулер 

және

геолого-


геоморфологиялық

картаға түсіру

сұрақтарға жазбаша жауап беріңіз

1. Геоморфологиялық карта кеңістікте

бедерді  сипаттайтын неғұрлым

ашық құрал.

2. Геоморфологиялық карталардың

масштабы, мазмұны және

қолданылуы бойынша бөлінуі.

Геоморфологиялық 

карта 

құрастыруда



қолданылатын  шартты  белгілер (легенда)

жүйесі.


2 нег.

[211-219], 4

нег. [396-410].

15

Бедерге 



адам

әрекетінің әсер етуі

Сұрақтарға жазбаша жауап беріңіз

1. Бедердің қалыптасуы және адамның

ауылшаруашылығындағы әрекеті.

2. Пайдалы қазба кенорындарың өңдеу

және оның бедер түзілуіне әсері.

3. Табиғи ортаның өзгеруіне адамның

1

нег.


[98-114], 5

қос. [321-

337].


75

шамалы әсері.

Қоршаған  ортаны  қорғау  және  жерді

қалпына келтіру (рекультивация

).

2.6 Дұрыс  жауаптардың  кілті  көрсетілген  өздік  бақылауға  арналған  тест



тапсырмалары. Дұрыс жауаптары  кестеде көрсетілген.

1. Геоморфология ғылымы нені зерттейді:

 A. Жердің геологиялық құрылысын

 B. тектоникалық құрылымдарды

 C. бедер және бедертүзілімдерін

 D. Жердің географиялық қабықтарын

 E. литосфераны

2. Бедер түзуші эндогенді процесс:

 A. жербеті шайылуы

 B. денудация

 C. дефляция

 D. вулканизм

 E. солифлюкция

3. Бедердің жанартаулық пішіні:

 A. гряда

 B. куэста

 C. речная долина

 D. кальдера

 E. трог

4. Эолды бедер пішіндері

 A. куэста

 B. бархан

 C. пойма

 D. трог


 E. сопка

5. Жыралы эрозия бедерінің пішіні:

 A. холм

 B. бархан

 C. терраса

 D. жазық

 E. шайылған жер

6.  Өзен аңғарларының генетикалық типтері:

 A. шат

 B. каньон



 C. антиклин

 D. көне


 E. жәшіктәрізді

7. Геоморфологиялық картада бедер генезисі қалай бейнеленеді:

 A. белгілермен


76

 B. изолиниямен

 C. түсті ая

 D. сызықтық белгі

 E. ареалдармен

8. Жел әрекетінен пайда болатын бедер пішіндері:

 A. аллювиалды

 B. гравитациялық

 C. эолды

 D. делювиалды

 E. гляциалды

9. Өзен аңғарларында беткейлік процестерде пайда болатыен бедер пішіндері:

 A. жайылма

 B. сырғыма

 C. террасалар

 D. арналық үймек

 E. ескі арна

 10. Аллювимен жасалған террасалар:

 A. тұғырлық

 B. аккумуляциялы

 C. эрозиялы

 D. мүсінді

 E. мүсінді-аккумуляциялы

11. Мұздықтар – қандай төзімді  материалдан жиналады:

 A. глетчерлі мұздан

 B. фирннен

 C. қардан

 D. қардан және фирннен

 E. қарлы мұздан

12. Эолдық процесс:

 A. уақытша су ағындар әрекеті

 B. өзендердің әрекеті

 C. желдердің әрекеті

 D. қар әрекеті

 E. сел әрекеті

 13. Эолды бедер пішіндері "тасты бағаналар", "тасты саңырауқұлақтар",

бағандар ненің нәтижесінде пайда болады:

 A. дефляциядан

 B. эрозиядан

 C. корразиядан

 D. абразиядан

 E. экзарациядан

 14. Эолды аккумуляциялы бедер пішіндері қандай жерлерге тән :

 A. тундралар

 B. тасшақпалы шөлдер

 C. құмды шөлдер


77

 D. жартылай шөлдер

 E. сазды шөлдер

15. Флювийлік бедер пішіндері:

 A. трог

 B. дюна


 C. ригель

 D. өзен аңғары

 E. шоқы

16. Мұздықты аккумуляциялы бедер пішіндері:

 A. жайылма

 B. терраса

 C. бархан

 D. мореналық үймек

 E. шоқы

17. Абразия нәтижесінде не жаралады:

 A. жағажай

 B. клиф


 C. аккумуляциялы терраса

 D. аударым

 E. суасты үймек

18. Таужыныстарының еруі нәтижесінде қандай бедер пішіндері пайда

болады:

 A. флювийлі



 B. эолдық

 C. тоңбасу

 D. карсты

 E. флювиогляциалы

19. Тасқада және тассүңгі қандай пішіндер:

 A. карстың аккумуляциялы бедер пішіндері

 B. карстың денудациялы пішіндері

 C. эрозиялы

 D. дефляциялы

 E. корразиялы

20. Аллювий басқа континентті шөгінді генетикалық типтерінен қалай

ажыратылады:

 A. таужыныстарының іріктелуі және жақсы жұмырлануынан.

 B. шөгінді қалыңдықтарынан

 C. қосылғыш тажыныстарының құрамымен

 D. шөгінділердің жасымен

 E. метаморфизм дәрежесімен.

21. Тектоникалық құрылымдар  антиклин,  синклин қандай қозғалыстан

жаралады:

 A. көлденең

 B. тік

 C. тербелмелі



78

 D. қатпарлы

 E. блокты

22. Геоморфологиялық карталарды картографиялау объектілері:

 A. таужыныстар

 B. бедер пішіні

 C. тектоникалық құрылым

 D. таужыныстар литологиясы

 E. интрузиялы дене

23. Экзогенді процеспен байланысты бедер түзілімі:

 A. вулканизм

 B. жерсілкіну

 C. тектоникалық қозғалыстар

 D. магматизм

 E. өзендік эрозия

 24. Қатпарлы тектоникалық құрылым:

 A. горст

 B. грабен

 C. синклин

 D. қаусырма

 E. бастырма

25. Антропогенді теріс бедер пішіндері:

 A. сай

 B. арық


 C. төбе

 D. дюна


 E. мореналы үймек

26. Периодтарды  хронологиялық тізбекпен орналасмтырыңыз

A. T, J, K

B. J, O, V

C. S, C, K

D. P, C, K

E. O, S, K

27. SiO


2

қандай минерал формуласы

A. кварц

B. пирит


C. сфалерит

D. галенит

E. галит

28. Жерқыртысы қандай қабаттардан тұрады

A. шөгінді, гранитті, базальтты

B. метаморфты, шөгінді

C. липаритті,  базальтты

D. шөгінді, магмалық

E. шөгінді, базальтты

29. Ең қатты минерал



79

A. алмаз


B. кальцит

C. кварц


D. топаз

E. тальк


30. Граниттің жаралуы қандай

A. ғарыштық

B. метаморфты

C. шөгінді

D. эффузиялы

E. интрузиялы

9-кесте

«Геоморфология геология негіздерімен» бөлімінің дұрыс жауаптары

Сұрақ №


Жауап

коды


Сұрақ

Жауап



коды

Сұрақ №  Жауап

коды

Сұрақ №


Жауап

коды


1

C

9



B

17

B



25

B

2



D

10

B



18

D

26



A

3

D



11

E

19



A

27

A



4

B

12



C

20

A



28

A

5



E

13

C



21

D

29



A

6

C



14

C

22



B

30

E



7

C

15



D

23

E



8

C

16



D

24

C



2.7  Өткен курс бойынша емтихан сұрақтарының тізімі

1. Геоморфология пәні, оларды құрайтын мәселелері.

2. Жер планетасы. Жердің пішіні және өлшемдері. Жердің ішкі құрылысы.

3. Геология жасы. Геохронология.

4. Таужыныстарының қасиеттері және олардың бедертүзудегі ролі.

5. Минералдардың физикалық қасиеттері.

6. Таужынысжасаушы минералдар.

7. Магматизм. Эффузиялы магматизм. Эффузиялы дене.

8. Магматизм. Интрузиялы магматизм. Интрузиялы дене.

9. Вулканизм. Жанартау типтері. Жанартау өнімдері.

10.Жанартаулы бедер пішіні.

11.Магмалық таужыныстары.

12.Метаморфизм. Метаморфизм типтері.

13.Метаморфты таужыныстары.

14.Бедер түзіліміндегі тектоникалық қозғалыс ролі.

15. Бедер пішіндері мен пішін элементтері

16.Бедер морфографиясы мен морфометриясы

17.Бедер генезисі

18.Бедер жасы


80

19.Бедер түзуші факторлар

20. Геоморфологиялық зерттеу әдістері мен карталау

21.Геоморфологиялық зерттеу құрылысы

22.Геоморфологиялық әдістердің қысқаша сипаты.

23.Геоморфологиялық әдістердің жер бетінің геологиялық тарихын зерттеудегі

маңызы.

24.Геоморфологиялық графика.



25.Бедер дамуы мен континенттік түзілімдер қалыптасуының негізгі

заңдылықтары

26.Бедер жасаушы процестер.

27.Бедер жаралудағы геологиялық және географиялық факторлар.

28.Бедер пішіндері және олардың генетикалық жіктемесі

29.Континенттік түзілімдердің генетикалық типтері

30. Эндогендік процестермен байланысты бедер пішіндері.

31.Планеталық бедер пішіндері

32.Тектоникалық бедер пішіндері

33.Неотектоникалық қозғалыстардың рөлі.

34.Жерсілкінулер түзген бедер пішіндері

35.Экзогендік бедер пішіндері.

36.Тербелмелі, қатпарлы және жарылымдардың тектоникалық қозғалысы.

37.Жерсілкіну.

38.Шөгінді таужыныстары. Сынықты таужыныстары.

39.Шөгінді таужыныстары. Хемогенді және органогенді. Каустобиолиттер

класы.

40.Геологиялық кескіндер.



41.Морфоқұрылым және морфомүсін туралы түсінік.

42.Бедер. Бедердің жіктелуі – элементтері, пішіні, типтері, бедер класы.

43.Бедер және климат.

44.Мору бедер түзіліміндегі басты фактор.

45.Мору процестері. Мору қыртысы.

46.Беткейлік процестер және шөгінділер.

47.Опырылым, сусыма, сырғыма.

48.Флювийлік процестер. Сай эрозиясы. Сел.

49.Тұрақты әрекеттегі флювийлік процестер.

50.Өзен аңғарларының құрылысы.

51.Өзен аңғарларының морфологиялық типтері.

52.Өзен аңғарларының генетикалық типтері.

53.Эрозия және аккумуляция – өзен аңғарлары түзілудегі негізгі процестер.

54.Жазықтағы және таудағы өзен аңғарлары құрылысының сипаттамасы.

55.Шығару конусы.

56.Уақытша ағындардың аңғарлары.

57.Нивалық зонасының процестері.

58.Гляциалық процестер және бедер пішіні.

59.Флювиогляциалық процестер және бедер пішіні.

60.Карст процестері және бедер пішіні.



81

61.Псевдокарсты процестер және бедер пішіні.

62.Мұздықтардың типтері және олардың географиялық жағдайы.

63.Мұздықты шөгінділер.

64.Құрлықты мұзбасу облыстарының бедер пішіні.

65.Таулардың мұздықты бедер пішіні .

66.Перигляциалық  процестер және бедер пішіні.

67.«Мәңгі тоңбасу» бедер пішіні.

68.Таулардың тоңбасу бедер пішіні.

69.Эолдық процестер және бедер пішіні.

70.Құмды шөл бедері.

71.Шөлді шаруашылықта игеру.

72.Жағалық процестер және бедер пішіні.

73.Теңіз жағаларының бедер пішіні.

74.Жаға типтері.

75.Көлдер және олардың дамуы.

76.Антропогенді процестер және бедер пішіні.

77.Антропоген геологиясы.

78. Қазақстан аумағындағы табиғи жағдайлар.

79.Антропоген кезеңінің жіктелуі.

80.Антропоген бедер пішіндері мен түзілімдер

ГЛОССАРИЙ

Абразия [лат. abrasio – қыру, жону] – жаға таужыныстарының толқын немесе

ағын  күштері  әсерінен  қирау  процесі. Әсірісе  теңіз (мұхит) жағалаулары  соқпа

толқындар әсерінен абразияға мейлінше қарқынды ұшырайды.

Аккумуляция [лат.accmulatio – жинаймын] – өзен  аңғарларында  жиналатын

шөгінді материал. Жақсы жұмырлану тән, құрамы малтас, гравий, құм, құмайт.

Аллювий [лат.alluvio – шайынды, салынды] – ағын  сумен  шайыла  отырып,

өзен  аңғарында  түзілетін  шөгінді  таужыныстар  жиынтығы. Аллювий  малтатас,

гравий, құм, құмайттан тұрады.

Антиклин [гр.anti – қарсы + klino – майысу] – доға  тәрізді  дөңестене  иілген

қатпар, ядросындағы  таужыныстар  көнелеу, қанаттары  қарма-қарсы  бағытта

еңістенеді.

Астеносфера [гр. жұмсарған] немесе  толқынтұтқыш  қабат – Жер

мантиясының  жағарғы  бөлігіндегі  қаттылығы  мен  беріктігі  төмен  және  тұтқыр

қабат. Мұхиттар  астында 50 км, ал  континенттерде 100 км  шамасындағы

тереңдікте орналасады. Төменгі шекарасы 250-300 км тереңдікке дейін таралады.

Осы қабатта жерсілкіну ошақтары туындап, литосфера массалары жылыстайды да

тектоникалық процестерге себепші болады.

Афтершок – жерсілкінудің бастапқы күшті дүмпуінен кейінгі ұсақ дүмпулер.

Батолит  [гр. bathos – терең + lithos – тас] – өте ірі, ауданы 100 км

2

-ден асатын



көбінесе гранитод құрамды магмалық дене.

Бедер - эндогендік  және  экзогендік  процестердің  өзара  қарым-қатынас

әрекетінен  қалыптасқан  құрлық  беті  және  мұхит  түбі  пішіндерінің  жиынтығы.


82

Бедер - жер беті пішіндерінің жиынтығы.

Бедер  элементтері - жер  бетінің  жай  категориясы, мысалы, жеке  беткейлер,

шыңдар, төбешіктің  етегі  және  т.б. Бірнеше  бедер  элементтері  бедер  пішіндерін

құрайды.

Бедер  пішіндері - биіктігі  немесе  терендігі, ұзындығы  немесе  ендігі  бар  жер

бетінің көлемді табиғи құрылысы.

Бедердің генетикалық типтері (генетические типы рельфа)  - белгілі бір табиғат

әрекетінен  қалыптасқан  морфографиялық (сырт  бейнесі), морфометриялық

(мөлшері) және морфогенезисі жағынан ұқсас жер беті пішіндерінің заңды түрде

үйлескен табиғат құрылыстары.

Бедленд - өте жиі тілімделген эрозиялық ландшафт (шұбар жер)

Беткей -  көтеріңкі  және  ойпауыт  бедер  пішіндерін  бір-бірінен  оқшаулайтын

еңіс жазықтықтар.

Дислокация

  -


таужыныстарының  бастапқы  жазық  бағыттағы  жату

жағдайының бұзылуы

Денудациялық жазықтар - таужыныстарының сыртқы күштердің әсерінен ұзақ

уақыт үгіліп  немесе  су  эрозиясына  ұшырап  тегістелуінен  пайда  болады. Мұндай

жазықтықтарда кішігірім таулардың жұрнақтары (останцы) жиі кездеседі.

Денудация (лат. denudatio - ашылу) - үгіліске  ұшыраған  бөлшек  заттардың

тасымалдануының және шөгуінің жинақтық процестері.

Горст  [нем. horst – қырат] – жер  қыртысының  өзін  қоршаған  блоктармен

салыстырғанда  біршама  көтеріңкі  орналасқан  бөлікшесі, лықсымалармен  немесе

қаусырмалармен  шектеледі. Көбінесе  түрі  созылыңқы, ені  оңдаған  км, ал

амплитудасы мыңдаған метрмен өлшенуі мүмкін.

Грабен  [нем. graben - ор] –өзін қоршаған өңірлермен салыстырғанда біршама

төмен орналасқан бөлікше, лықсымалармен немесе қаусырмалармен шектеледі.

Дайка – тақта  пішінді, қалыңдығы  бірнеше  метрден  аспайтын, ұзындығы  әр

түрлі жалпақ интрузив денелер. Жер бетінде төңірегіндегі  таужыныстар жылдам

қирап кететіндіктен, көтерілген қабырға түрінде байқалады.

Дефляция [лат. deflatio – үрлеу, суыру] – мору  өнімдерін, топырақты  желдің

суыруы.


Дюна [нем. dune] – жел суырған  құмның ірі өзендердің, көл мен  теңіздердің

жағасындағы ылғалға жұғып қалуынан жаралатын төбелер мен жалдар.

Жапсарлық  метаморфизм – жер  қыртысында  балқыған  магма  денелері

(интрузиялар) мен  сыйыстырушы  салқын  таужыныстардың  жапсарындағы

процесс. Жапсар маңында метаморфтық таужыныстар ореолы жаралып, ол екіге –

экзожапсарлық (сыртқы  тажыныстарды  қамтиды) пен  эндожапсарлық

(интрузияның ішкі жиегінде) метаморфизмге бөлінеді.

Жер  қыртысы  континенттік  типті – континенттер  астында  орналасып,

жоғарыдан төмен қарай үш (шөгінді, гранитті және базальтты) қабаттан тұратын

жер қыртысы, қалыңдығы 80 км-ге дейін жетеді.

Жер  қыртысы  мұхиттық  типті – мұхиттар  астындағы  жер  қыртысы,

құрамында гранитті қабат болмайды, қалыңдығы 5-10 км-ден аспайды.



83

Карст (шаймаапан) – таужыныстарды  жербеті  және  жерасты  суының  ерітуі

нәтижесінде  жаралатын  өлшемдері  мен  пішіндері  әр  түрлі  қуыстар. Карбонат,

сульфат, тазтұз таужыныстарда белсенді дамып, әр түрлі үңгірлер қалыптасады.

Каустобиолит (грекше: “каустос” – жанғыш, “биос” – өмір және “литос” – тас)

– жанғыш қазбалар. Олар қатты (шымтезек, қазба көмір, жанғыш тақтатас), сұйық

(мұнай) және газ тәрізді (жанғыш газдар) түрлерге бөлінеді. Бірақ мұнай мен газ

тас болмағандықтан, жанғыш қазбалар деген атауды қолданған дұрыс.

Кларк [Кларк, америкалық геохимик] – жер қыртысында немесе басқа ортада

химиялық  элементтердің  мөлшерін  көрсететін  шама. Салмақ  мөлшерімен,

атомдар санымен, процентпен т.б. бірліктермен өлшенеді.

Континенттік беткей – мұхиттың қайраңы мен континенттік етегі аралығында

орналасқан мұхит түбінің элементі. Беткейдің еңістігі 4–17

0

. Оның беті көлденең



каноьондармен, құрылымдық террасалармен күрделенеді.

Корразия [лат. corradere – сыдыру, қашау] – таужыныстар бетін жел әкелген

құм түйірлерінің сыдырып, жанып қиратуы.

Қайраң [англ. shelf - сөре] – континенттің  теңіз  суы  астындағы  бішама  тегіс

шалғайы, тереңдігі 100–200 м  шамасында, кейде 300–400 м-ге  дейін. Оның

ауқымында  әр  түрлі  пайдалы  қазба – мұнай, газ, алмас, титан  және  басқа

шашылым кенорындары кездеседі.

Қаусырма – жылжытушысы  күрт  еңіс, осы  жазықтық  бойынша  аспалы

қапталы жатқан қапталына қарағанда жоғары ығысқан жарылым.

Лава [итал. lava – төгілу] – жанартаулар әрекетінен жер бетіне көтеріліп, газ

компоненттерінен айырылған оттай ыстық сұйық немесе біршама тұтқыр магма.

Лагуна [итал. laguna – көл] – теңізден  жағалау  белестері  мен  үйінділері

арқылы  оқшауланып  қалған  немесе  онымен  тар  бұғаздармен  жалғасқан  саяз

табиғи сушара.

Латерит [лат. later - кірпіш] – кірпіш  қызыл  түсті алюмототыққа  бай  темірлі

таужыныс. Алюмосиликат  таужыныстардың  ыстық  ылғал  климат  жағдайында

мору өнімі.

Лёсс – түсі күңгірт-сары, құрамы біртекті, қабатсыз орналасқан шаң-тозаңнан

тұрады, кеуек таужыныс. Құрағақ күйде тік жар жасайды.

Литосфера – Жердің жоғарғы тас қабығы, жер қыртысы мен астеносфераның

жабынына дейінгі жоғарғы мантиядан тұрады.

Литосфера  тақталары – блоктаға  бөлінген  Жердің  тас  қабығы. Блоктар

шекарасында жерсілкіну ошақтары орналасады. Осы шекаралар арқылы тақталар

бір-біріне  қатысты  қозғалады (конвергенттік, дивергенттік  және  басқа

шекаралар).

Лықсыма – жылжытушысы  төмен  түскен  блок  бағытында  еңіс  орналасқан

жарылым.

Меандр (ирекарна) – өзен арнасының ирелеңі.

Метаморфизм – эндогендік процесс, таужыныстардың  құрылымдық, бітімдік

және  химиялық  өзгерістерге  ұшырауына  әкеледі. Оның  басты  факторлары:

температура, қысым және әр түрлі ертінділер (флюидтер). Метаморфизм бірнеше

тип пен түрге бөлінеді.



84

Метасоматоз – таужыныстарға белсенді химиялық заттар әрекет етуінен пайда

болатын  әр  түрлі  құрамды  жаралымдар. Мәселен, ыстық  интрузия  мен  салқын

жапсарлас  таужыныстарға  белсенді  химиялық  заттар  екі  жақтама  әсер  етуінен,

оларда өзге құрамды метасоматоздық таужыныстар қалыптасып, олармен әр түрлі

пайдалы қазбалар байланысты болады.

Морена – мұздық  түзілімдері, мұздықтардың  қиратушы  жұмысының

нәтижесінде  жаралған  таужыныс  сынықтарының  жиынтығы. Түптік, беткі,

ортаңғы, бүйірлік және аяққы морена түрлері бөлінеді.

Мору – жер  бетіне  шығып  жатқан  таужыныстардың  физикалық, химиялық

және органикалық агенттер әрекетінен бұзылу процесі.

Палингенез [гр. palin – кері] – ультраметаморфизм  нәтижесінде

таужыныстардың толық немсе жартылай қайта балқып, магмаға айналуы.

Пегматит – интрузиялар  құрамында  кездесетін  ірі  кристалды  жаралымдар,

олар  көбінесе  гранит  интрузиясымен  байланысты. Денелерінің  пішіні  линза, ұя,

кейде  шток  тәрізді, құрамында  сирек  металдар, асыл  тастар, слюда  мен

далашпаттың зор кристалдары кездеседі.

Планктон – әр  түрлі  тереңдікте  тіршілік  ететін  микроскоптық  ұсақ

организмдер. Қалқып  немесе  жүзгін  күйде  су  қатқабатында  тіршілік  етеді.

Толқындар мен ағыстар бойынша енжар жылыстайды.

Платформа – енжар тектоникалық режимімен сипатталатын жер қыртысының

басты  құрылымдық  элементтерінің  бірі. Екі  құрылымдық  этаждан (қабаттан) –

іргетас  пен  платформалық  шөгінді  тыстан  тұрады. Шөгінді  тысы  әдетте  көлбеу

жатқан  шөгінділерден  құралған. Оның  іргетасы  жер  бетіне  шыққан  бөлікшелері

қалқан, ал тыспен көмкерілген бөлікшелері тақта деп аталады.

Пликативтік  дислокация [фр. dislocation] – жер  қыртысында  таужыныс

қабаттарының  өз  тұтастығын  сақтай  отырып, әр  түрлі  масштабта  және  пішінде

иілуін қамтамасыз ететін деформациялар. Нәтижесінде таужыныстар қатпарларға

иіледі. Қатпарлар екі типке бөлінеді: антиклин және синклин.

Пролювий – тау  бөктерлерінде  жыл  маусымына  байланысты  кенет  пайда

болып балшық-су тасқынынан тұратын сел әрекетінің түзілімі. Шығарынды конус

түрінде жиналып, таужыныстар сынықтары мен саздақтан тұрады.

Пьезометрлік деңгей – жерасты суының арын ықалынан көтерілу деңгейі.

Радиологиялық 

әдістер – таужыныстардың 

құрамында 

кездесетін

радиобелсенді  элементтердің (уран, торий, рубидий, калий, көміртек) ыдырауын

зерттеуге  негізделген. Әр  радиобелсенді  элементтің  жартылай  ыдырау  мерзімі

тұрақты  шама  болады. Негізгі  әдістерге  жататындар: уран-торий-қорғасын,

рубидий-стронций, көміртек.

Регрессия  [regressio – кері  қозғалу] – теңіздің  құрлықтан  шегінуі (қайтуы).

Құрлықтың  көтерілуінен, кейде  Әлем  мұхиты  суының  азайюы (мәселен,

құрлықтарды жаппай мұзбасу) салдарынан туындайды.

Сейсмология – жерсілкінулер жайлы ілім, онымен байланысты құбылыстарды

зерттейтін геофизиканың саласы.



85

Сел – зор екпінімен жүйткитін, жойқын күшті балшық пен тас аралас сұрапыл

су  тасқыны. Таулы  жерлерде, жаңбыр  көп  жауып, қар  жылдам  еріп  қопсық

таужыныстар мен мору өнімдері мол болған жағдайларда пайда болады.

Силл – үйлесімді  интрузиялық  дене, пішіні  бойынша  қабатқа  ұқсайды  және

көбінесе негізді таужыныстардан тұрады.

Сингенезисті (сингенетикалық) – таужыныс  құрушы  минералдармен  немесе

сыйыстырушы  таужыныстармен  бірге, бір  уақытта  пайда  болатын  пайдалы

қазбалар.

Синклин – төмен  ойысқан  қатпар, қанаттары  оның  осіне, яғни  ішіне  қарай

еңістенеді. Көне  таужыныстар  оның  қанаттарында, ал  жас  таужыныстар

ядросында орналасқан.

Трансформдық  жарылымдар –литосфера  тақталарының  шекаралары  бойында

байқалатын ығыспалар.

Трог [нем. тrog - астау] – тау-аңғар  мұздығы  қозғалысы  салдарынан  пайда

болатын астау пішіндес аңғар.

Ультраабиссал алқап – тереңдігі 6 км-ден асатын теңіз зонасы.

Фация [лат. facies – келбет] – белгілі бір құрамымен және бірдей органикалық

қалдықтарымен  сипатталатын  таужыныс  қабаттары  немесе  қабаттар  свитасы.

Физикалық-географиялық 

жағдайлары 

біркелкі 

ауқымдарда 

жаралып,


геологиялық  ортаның  ерекшеліктерін  танымдауға  мүмкіндік  береді. Шөгінді

түзілу ортасының ерекшеліктері бойынша теңіз, өтпелі белдем мен аралық (теңіз

бен  континент  аралығындағы  шөгіндіжиналу  ортасы) және  континент

фацияларына бөлінеді.

Флексура [лат. fleхura – иілім] – моноклин  қабаттардың  тізе  тәрізді  иілімі,

әдетте бір қанатты қатпар ретінде қарастырылады.

Шток [нем. stоck – таяқ, дің] – бұрыс  пішінді, бірақ  жалпы  пішіні  цилиндр

сияқты шағын интрузия денелері. Көлденең қимасының ауданы 100 км

2

-ге дейін.



Элювий [лат. eluvio - шаю] – өзінің жаралған орнында қалған мору өнімдері.

Эолдық процестер – жел  атқаратын  геологиялық  жұмыстар. Эол  грек  аңызы

бойынша жел құдайы.

Ядро – Жердің өзегі, ол сыртқы және ішкі ядро түрлеріне бөлінеді.

Ярус (жікқабат) – бөлімнің геологиялық ғасыр  ағымында  жаралған  құрамдас

бөлігі, жалпы  стратиграфиялық  шкаланың  бөлімдемесі. Ярус  бүкіл  планета

ауқымында немесе оның біршама ауқымды аймақтарында таралады.


86

Өзгертулерді енгізу парағы

Өзгерту енгізілді

Өзгертудің

реттік нөмірі

Құжаттың


бөлімі, пункт

Өзгерту


түрлері

(ауыстыру,

алып  тастау,

қосу)


Хабарлама

нөмірі  және

күні

Күні


Аты, жөні,

қолы,


қызметі

87

Гүлімшат Сатыбалдиевна Шакирова

«ГЕОМОРФОЛОГИЯ ЖӘНЕ ГЕОЛОГИЯ НЕГІЗДЕРІ»

Пəннің оқу-əдістемелік кешені

(5B071100 – «Геодезия және картография»  мамандығы үшін)

Редактор


Техн. Редактор

«Жалпы геология, минералогия

және петрография» кафедрасының

 мәжіліс хаттамасы           № 3            «29 » қазан 2010 ж

Қ.Тұрысов атындағы Геологиялық

барлау институтының ҒӘК

мәжіліс хаттамасы              №1       «29 » қазан 2010 ж

20 ж. басуға қол қойылған.

21

     Таралымы       дана. Пішімі 60х84 1/16. Кітап-журнал бағасы.



Көлемі 6 б.т. Тапсырыс №    Келісілген баға

Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ техникалық университетінің баспасы

Ғылыми-техникалық баспа орталығы

Алматы қ., Ладыгин көшесі 32



Document Outline

  • (5B071100 – «Геодезия және картография»  мамандығы үшін)
    • (5B071100 – «Геодезия және картография»  мамандығы үшін)
      • 2. НЕГIЗГI  ТАРАТЫЛАТЫН  МАТЕРИАЛДАР  МАЗМ¦НЫ
      • 2.1 Курстыњ таќырыптыќ жоспары
      • 2.5 Студенттердiњ µздiк ж±мыстары бойынша сабаќ жоспары (С¤Ж)
      • Сабаќ ж‰ргізетін оќытушылар:
      • Байланыс т‰рi: 2577149
      • Кафедра болатын уаќыты: 8.30 – 17.00;  314 БОК, 416  БОК, 215 БОК.
      • Пән атауы: «Геоморфология және геология негіздерімен»
        • Пән атауы: «Геоморфология және геология негіздерімен»
          • Пән атауы: «Геоморфология және геология негіздерімен»
            • Пән атауы: «Геоморфология және геология негіздерімен»
              • Пән атауы: «Геоморфология және геология негіздерімен»
                • Пән атауы: «Геоморфология және геология негіздерімен»
                  • Оќу жоспарыныњ кµшiрмесi
      • Курс
      • 2
        • 2
          • 2
            • 2
              • 2
                • 2
                  • 2- кесте
                  • Тапсырмалардыњ т‰рлерi және дайын болу уаќыттары
      • 1.8 Бiлiмдi баќылау және баѓалау. Ќ.И. Сәтбаев атындаѓы Ќаз¦ТУ-дыњ. барлыќ курс пен барлыќ пәндерi бойынша студенттердiњ бiлiмiн тексеруге рейтингтiк баќылау ќолданылады. Барлыќ-рейтингтiк ж‰йеде iске асырылатын бiлiмдi баѓалау туралы мәлiметтер баќылаудыњ барлыќ т‰рi кµрсетiлген шкала т‰рiнде берiледi.
      • Мамандыќ бойынша оќу ж±мыс жоспарына енгiзiлген әрбiр пәннiњ рейтiнгi ќорытынды баќылауѓа теуелсiз 100 балдыќ шкаламен баѓаланады.
      • Әрбiр пәнге келесi баќылау т±рлерi белгiленедi: аѓымдыќ баќылау, аралыќ баќылау, ќорытынды.
      • Аѓымдыќ баќылау т‰рiнде: баќылау ж±мысы, реферат, семестрлiк тапсырма, коллоквиум, лабараториялыќ ж±мыстарды орындау және басќалар жатады. Ќорытынды баќылау т‰рiне байланысты баќылау т‰рлерiнiњ балдыќ кµрсеткiштерi ќолданылады (3-кесте).
      • 3-кесте
      • Баќылау т‰рлерiне ќарай рейтингтiк балдарды бөлу
      • Ќорытынды баќылау т‰рi
      • Баќылау т‰рлерi
      • %
      • 1
      • Емтихан
      • Ќорытынды баќылау
      • 100
      • Аралыќ баќылау
      • 100
      • Аѓымдыќ баќылау
      • 100
      • 5-кесте
      • Студенттердiњ бiлiмдерiн баѓалау
        • Студенттердiњ бiлiмдерiн баѓалау
          • Студенттердiњ бiлiмдерiн баѓалау
            • Студенттердiњ бiлiмдерiн баѓалау
              • Студенттердiњ бiлiмдерiн баѓалау
                • Студенттердiњ бiлiмдерiн баѓалау
                  • 2.1 Курстыњ таќырыптыќ жоспары
      • Таќырып атауы
  • Академиялыќ саѓат саны
    • Академиялыќ саѓат саны
      • Академиялыќ саѓат саны
        • Беткейлік гравитациялық процестер және бедер пішіндері. Беткейлік процестер. Беткей дамуы. Беткей жасы. Су-гравитациялық процестер. Сырғыма. Солюфлюкция. Дефлюкция. Су-беткейлік процестер.Геологиялық карта және геологиялық қима.
    • Магматизм процесi, әсiресе интрузиялық процестер пайдалы қазба кенорындарының жаралуы тұрғысынан қарағанда айрықша өнiмдi. Магма әрекетiне байланысты қалыптасқан кенорындардың барлығы магматогендiк деп аталады. Кенорындар магмалық балқыма эволюциясының барлық сатыларында дерлiк пайда болуы мүмкiн.
  • (5B071100 – «Геодезия және картография»  мамандығы үшін)


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет