«геоморфология және геология негіздері»



Pdf көрінісі
бет4/9
Дата30.03.2017
өлшемі0,54 Mb.
#10582
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Эффузиялық магматизм

Жер  қыртысы  уатылып, магма  ошағының  үстiнде  жарылымдар  пайда

болған  кезде, олардың  бойымен  магма  жылдам  көтерiлiп  келiп  жер  бетiне

төгiледi. Жербеттiк  магматизмнiң  ең  жарқын  бiлiнiмi – вулканизм (Вулкан  –

римдiктерде  от  құдайы). Жанартаулар  атқылаған  кезде  магма  көбiнесе  өзiнiң

құрамындағы ерiген ұшпа компоненттердiң негiзгi массасынан арылады, оны лава

деп атайды (итал. лава – тасимын, қаптаймын).

Магма  жер  бетiне  төгiлген  кезде  конус  тәрiздi немесе  күмбез  тәрiздi

төбелер – вулкандар (жанартаулар) жаралады. Атқылау  процесi бiршама  тыныш

өтуi мүмкiн, бiрақ  көбiнесе  күштi қопарылыстарға  ұласады. Жанартаулар  көп

дүркiн  мезгiл-мезгiл  атқылаулар  нәтижесiнде, кейде  бiр  рет  қана  тыныш  немесе

қопарылысты атқылаудан кейiн жаралады.

Жанартаулар  жербеттiк  және  суастылық, көне  және  қазiргi, сөнген  және

әрекеттегi түрлерге  бөлiнедi. Қазiргi кезде  құрлықта 700-ге  жуық  әрекеттегi

жанартаулар  және  мыңдаған  сөнген, бiрақ  бұрынғы  геологиялық  замандарда

қуатты  әрекет  еткен  жанартаулар  бар. Суасты  жанартауларын  толық  есепке  алу

мүмкiн емес – тек қана Тынық мұхитта 10 мыңдай жанартау болуы ықтимал.

Жанартау аппаратының типтерi. Төгiлген магма алып жатқан кеңiстiктiң

сипаты  бойынша  жанартаулар  аудандық, жарықшақтық  және  орталық  типтерге

бөлiнедi. Аудандық жанартаулар  Жер тарихының  өте ерте замандарында  болған.

Ол  кезде  жер  қыртысы  жұқа  болып, жекелеген  бөлiкшелерде  толық  балқып

кеткен  немесе  атқыламалар  үлкен  алаңдарға  төгiлiп, жайылған. Аудандық

жанартауларды балқыған лава теңiзi десе де болғандай.



Жарықшақтық  жанартаулар  лаваның  ұзын  жарықшақтар  бойымен

төгiлуiнен  пайда  болады. Мысалы, девон  дәуірінде  Орталық  Қазақстанның

барлық  аумағында  дерлiк  жарықшақтардан  төгiлген  лава  тасыған. Орталық

типтi  жанартаулар – конус  тәрiздi таулар  түрiндегi геологиялық  құрылыстар.

Олардың  магма  шығаратын  орталық  тесiктерiнен  атқыламалар  шығады. Әр

жанартаудың таскөмейi,  яғни  магма  ошағынан  атқылама  өнiмдерi көтерiлетiн

шығарушы  каналы  мен кратерi – конус  пішінді  таудың  төбесiнде  орналасып,

таскөмейдiң жоғарғы жағын аяқтайтын табақ тәрiздi ойығы болады. Көптеген iрi

жанартаулардың негiзгi таскөмейiнен қосымша шығарушы тесiктер тарамдалады.

Оларды масыл жанартаулар деп атайды.

Жанартау  әрекетiнiң  өнiмдерi. Атқылаған  жанартау  шығарған  өнiмдер

жалпы алғанда үш түрге бөлiнедi: газ тәрiздi, сұйық және қатты.



Газ  тәрiздi өнiмдер  жанартау  әрекетiнiң  әр  түрлi сатысында  оның

таскөмейiнен, қосымша  кратерлерiнен  және  көптеген  жарықшақтарынан  бөлiнiп

шығады. Олардың 60–90 %-ке  жуығы  су  буынан  тұрады, сондай-ақ  әр  түрлi

мөлшерде H



2

S, SO

2

, CO, CO

2

,  HCl,  HF,  NH

4

Cl, NH

3

,  H

2

BO

3

  және  т.б. газдар

болады. Бөлiнiп шыққан газдардың құрамы температураға байланысты өзгередi.

Температура 180

о

С-тан  жоғары  болғанда  фумарола (латынша фума – газ)



газдары  бөлiнедi, олардың  құрамы  күрделi хлорлы-күкiрттi-көмiрқышқылды.

Температурасына  қарай  құрғақ, қышқыл  және сiлтiлi фумарола  бөлiнедi. Құрғақ



фумароланың  температурасы 500

о

С шамасында болады. Әдетте оның құрамында



су  буы  болмайды, бiрақ  хлорлы  қосылыстарға (хлорлы  натрий, хлорлы  калий,

31

хлорлы  темiр  және  т.б.) қаныққан. Қышқыл  фумароланың  температурасы 300–

400

о

С, құрамында  су  буы, хлорлы  сутек  және  күкiрттi ангидрид  болады. Сiлтiлi



фумарола 180

о

С-тан  асатын  орташа  температурмен  сипатталады  және  хлорлы



аммонийден тұрады, ол ыдыраған кезде таза аммиак бөлiнiп шығады.

Температурасы 100–180

о

С  газды  бөлiнiмдер сольфатара (италияша



солфатара – күкiрттi түтiн) деп  аталады. Олар  негiзiнен  су  буы  мен  күкiрттi

сутектен  тұрады. Температурасы 100

о

С-тан  төмен  газ  қоспалары  мофета (итал.



мофета – сасық  иiстi газдар  буланатын  жерлер) деп  аталады, олар  негiзiнен

көмiрқышқыл газдары мен су буынан тұрады.



Лава – жанартау  атқыламаларының  сұйық  өнiмi. Ол  химиялық  құрамы

бойынша қышқылды, орташа, негiздi және ультранегiздi болуы мүмкiн. Лаваның

химиялық  құрамы  оның  ең  маңызды  физикалық  қасиеттерiн – тұтқырлығы  мен

аққыштығын  анықтайды. Атқыламалардың  сипаты  негiзiнен  лаваның  осы

қасиеттерiне  байланысты. Лава  жер  бетiнде  қатып, эффузиялық  немесе  төгiлген

магмалық  таужыныстарға – эффузивтерге  айналады. Олар  жылдам  суыну  мен

қалыпты  қысым  жағдайында  қалыптасқандықтан, өздерiне  тән құрылым мен

бiтiмге ие болады.

Жанартау атқылаған қатты өнiмдердi пирокласт немесе пирокластикалық

(гр. пир – от, кластикос – уатылған, сынған) материал  деп  атайды. Пирокласт

құрамы жанартаулар қопарғанда пайда  болған сынықты материалдардан тұрады.

Қопарылыс кезiнде шашыраған лава мен кратердiң қопарылған бөлiгiн құрайтын

таужыныс 

сынықтарының 

өте 


үлкен 

массасы 


атмосфераға 

ұшады.


Пирокластикалық  материал  сынықтардың  өлшемiне  байланысты былай  аталады:

жанартау  бомбасы – кесектердiң  өлшемi 5–10 см-ден  бiрнеше  м-ге  дейiн,

лапилли (итал. лапиллас – тас сынығы) – 1–5 см, жанартау құмы – 1–10 мм және

жанартау күлi – 1 мм-ге дейiн.

Жанартау  лақтырындылары (пирокласт  материалдар) Жер  бетiне  қайта

құлағаннан кейiн жылдам нығыздалып, жанартау брекчияларына (iрi сынықтар)

және жанартау туфына (құм мен күлден пайда болады) айналады.

Жанартау  атқылауының  типтерi. Атқылаудың  сипаты  әр  түрлi, ол

лаваның  температурасы  мен  химиялық  құрамына  байланысты. Осы  қасиеттер

атқылау өнiмдерiнiң саны мен сапасын, олармен бiрге туындайтын жерсiлкiнудiң

болуы мен күшiн және т.б. анықтайды. Осындай белгiлерi бойынша атқылаудың

анық  бiлiнген  бес  типi бөлiнедi: Гавайи, Стромболи, Энта-Везувий, Пеле  және

Кракатау.



Жанартаулардың  географиялық  таралуы. Әрекет  етушi жанартауларды

зерттеу, олар  Жер  шарының  тектоникалық  белсендi бөлiкшелерiне – қазiргi

таужаралу  мен  тереңдiк  жарылымдар  дамыған  алқаптарда  орналасқандығын

көрсетедi. Қазiргi жанартаулардың  көпшiлiгi (60%-ке  жуығы) Тынық  мұхит

жағалауларындағы Тынық мұхит “отты” шеңберi атты белдемде орналасқанын

көреміз. Жанартаулар әрекетi қарқынды дамыған келесi алқап – Жерорта теңiзi–



Гималай  белдеуi. Ол  ендiк  бағытта  созылған. Жанартаулардың  дамуы  бiршама

төмен бiлiнетiн алқап – субмеридиан бағыты бойынша созылған Атлант белдемi.

Ол  Исландиядан  бастап, Азор  және  Канар  аралдары  арқылы  Жасыл  мүйiс

(Зеленый  Мыс) аралдарына  дейiн  созылады. Жанартаулардың  шағын  тобы



32

Шығыс Африка жарылымдары  белдемiнде орналасқан. Бұл белдемде Кения мен

Килиманджаро жанартаулары орналасқан.

Магматизмнiң  негiзгi нәтижесi – магмалық  таужыныстар  мен  оларға

байланысты пайдалы  қазбалар. Магмалық таужыныстар жер қыртысында  ең  көп

таралған, олар қыртыс көлемiнiң 60 %-тен астамын, ал массаның 95 %-ке жуығын

қамтиды.


Магмалық таужыныстардың жiктемесi екi негiзгi принципке – генетикалық

(жаралу) жағдайларына және химиялық құрамына негiзделген.



Магматизммен байланысты пайдалы қазбалар

Магматизм  процесi, әсiресе  интрузиялық  процестер  пайдалы  қазба

кенорындарының  жаралуы  тұрғысынан  қарағанда  айрықша  өнiмдi. Магма

әрекетiне  байланысты  қалыптасқан  кенорындардың  барлығы  магматогендiк  деп

аталады. Кенорындар  магмалық  балқыма  эволюциясының  барлық  сатыларында

дерлiк пайда болуы мүмкiн.

Магма  балқымасының  өзi кристалдана  бастаған  сатысында  өзiндiк

магмалық  кенорындар  жаралады. Ұшпа  компоненттерге  бай  қалдық  магма

балқымасы кристалданатын сатыда мынадай маңызды пайдалы қазбалар – слюда

(мусковит), асыл  тастар, қалайы, вольфрам, молибден, литий, бериллий, уран,

торий, тантал, ниобий және т.б. пегматиттiк кенорындар жаралады.

Көптеген  металл  пайдалы  қазбалардың iрi кенорындарының  қалыптасуы

гидротермалық  ерiтiндiлер  әрекетiне  байланысты. Оларға  мыс, алтын, күмiс,

қорғасын, мырыш, сынап, сүрме, молибден, вольфрам, уран, және  т.б.

кенорындар жатады. Көптеген гидротермалық кенорындар желiлiк пiшiндi болып

келедi.


Интрузиялардың  жапсар  маңы  белдемдерiнде  дамитын  процестер

нәтижесiнде  темiр, мыс, қорғасын-мырыш  пен  вольфрам-молибден  рудасының

кенорындары жаралады.

Сонымен  қатар, магмалық  таужыныстардың  өзi құрылыс  материалы  ретiнде

кең  пайдаланатынын  айта  кету  керек. Бұл  таужыныстардан  жоғары  сапалы

шойтастар мен қырланған тастар, қаптама тастар даярланып, цемент пен тас құю

өнеркәсiбiнiң шикiзаты алынады.

Эффузиялық магматизм және бедер пішіндері. Интрузиялық магматизмнен

басқа  эффузиялық  магматизм  немесе  вулканизм  жер  бетінде  жиі  кездеседі  және

ерекше  көрініс  береді. Эффузиялық  таужыныстар (лат. effusio төгілу, жайылу) -

жанартау  өңешінен  немесе  жер  қыртысындағы  тектоникалық  жарылымдарды

бойлап жер бетіне шығып төгілген магманың суып қатаюы есебінен  пайда болған

таужыныстар.



Эффузиялық  магматизм (вулканизм) - арнайы  жанартаутану (вулканология)

деген  геология  ғылымының  зерттеу  нысаны. Бірақ  бірқатар  жанартаулар

құбылыстарының 

геоморфологияға 

тікелей 

қатынасы 

бар. Жанартау

каналдарының жер бетінде шығу мұржасына орай олар - кеңістікті, жарықшақты

және орталықты деп үш түрге бөлінеді.

Магманың  жер  бетіне  шығуы  жанартау  өңештері  арқылы  жүзеге  асады.

Атқылап шыққан балқыған лавалар және олардың қатты бөлшектері жер бетінде

конус  тәрізді  жанартау  пішінін  құрайды. Оның  төбесі  дөңестеу  келеді  де, орта



33

тұсында  тостаған  тәрізді  ойыс - жанартау  көзелігі (кратер) пайда  болады.

Көзелік түбіндегі көмейі (жерло) магманың каналымен ұштасады.

Жанартау  өнімдерінің  жер  бетінде  көрініс  беру  ерекшелігіне  орай  жанартау

төрт  морфогенетикалық  түрлерге  бөлінеді. Олар экструзиялық, эксплозиялық,

эффузиялық және эффузиялық-эксплозиялық түрлер.

Экструзиялық (латын. extrusio - сығу, итеру) жанартаулар - қышқыл

липариттік  лавалардың  сығымдала  көтерілуі  нәтижесінде  қалыптасқан  күмбезді

пішіндер. Бұндай  лавалардың  тез  сууы  салдарынан  және  өте  тұтқыр

болғандықтан, ағуы  күрт  бәсендейді  де  жалпы  лавалық  ағымдары  болмайды.

Бұлар  тікелей  жанартау  көмейінде  шоғырланады  және  сол  жанартау  ернеулері

өңіріндегі  күмбездерді  құрайды. Осындай  күмбездердің  ауқымы  көлденеңінен

бірнеше  шақырым, биіктігі 500 м-ден  аспайды. Мұндай  экструзиялық күмбездер

Франциядағы Орталық массивте, Арменияда және басқа жерлерде кездеседі.



Жанартаудың  эксплозиялық  әрекеті  жарылыстар  мен  қопарылыстардың

кеңінен етек алуымен, сөйтіп ірілі-ұсақты кесектермен күлдердің және жанартау

газдарының  аспанға  атқылауымен  ерекшеленеді. Бұған  мысал Маар  жанартауы.

Маар  жанартауы, конус  пішіндес  құрылымымен  айшықталмаған  атқымалар

есебінен  қалыптасқан  онша  биік  емес  белестермен  шектелген  жайпақ  түпті

қопарылыс  көзелігі (кратері). Қазіргі  дүние  жүзіндегі  белгілі  маарлар  сөнген,

қалдық  құрылымды  пішіндер. Көптеген  маарлар  ылғалды  климаттарда  сумен

толып, көлдерге айналған. Маарлардың ауқымы көлденеңінен 200 м-ден 3,5 км-ге

дейін, терендігі 60-тан 400 м-ге  дейін  барады. Ұзақ  уақыт  бойы  денудация

әсерінен  жанартау  аппаратының  беткі  бөлшегі  жойылған  қопарылыс  көзелігін



қопарылыс  құбыры (трубки  взрыва) деп  атайды. Бірқатар  жағдайларда  ертедегі

қопарылыс  құбырлары  асанегізді (ультранегізді) магмалық  таужыныстармен -

кимберлитпен  толтырылған. Кимберлит - алмас  түйірлерін  кіріктіретін

женттастар. Алмас  кенорындары (Оңтүстік  Африка, Бразилия, Якутия) негізінен

кимберлиттік  құбырлармен  байланысты. Ендеше  қопарылыс  құбырлары  алмас

кендерін іздестіруде сілтемесі рөлін атқарады.



Жанартаудың  эффузиялық  түріне  оның  көмейінен  көтерілген  сұйық  лава

тасқындарының лақылдай төгілуімен сипатталады. Бұған қалқанды жанартаулар

жатады.

Қалқанды  жанартаулардың  кең  тараған  жері - Исландия  аралы. Бұл  жерде



олардың  кіші  көлемді  түрі  көп  кездеседі. Мысалы, Диньгия  жанартауының

көлденеңі 6 км, биіктігі 500 м, көзелігінің көлденеңі - 500 м. Осы жанартаулардың

геологиялык  қимасы  лавалардың  бірнеше  мәрте  жер  бетіне . құйылуымен

байланысты, жанартау жыныстардың қат-қабатталуымен сипатталады.

Қалқанды  жанартаулардың  бұдан  басқа  кең  тараған  жері -Тынық  мұхиттағы

Гавай аралдары. Гавай жанартаулары Исландия жанартауларымен салыстырғанда

көлемі жағынан ірілеу. Гавай аралдарының ең ірісі қалқан текті үш жанартаудан

құралған. Соның  ішіндегі  Мауна-Лоа  жанартауы  теңіз  деңгейінен 4170 м

биіктікке  көтерілген, ал  түбі 5000 м  тереңдікте  жатыр. Олай  болса, оның жалпы

биіктігі 9000 м-ден асып түр, демек, көлемі жағынан бұл дүние жүзіндегі ең үлкен

жанартау болып саналады. Аса зор мөлшеріне қарамастан Гавай жанартаулардың

жоталары  жайпақтау, беткейлердің  еңісі 3-10°-тан  аспайды. Лавадан  құрылған



34

жайпақ жанартау төбесінің ортасында өте зор көзелік орналасқан.



Эффузиялық-эксплозиялық  жанартаулардың  қалыптасқан  кезінде  лавалардың

жайбарақат  төгілуі  және  ірілі-ұсақты  материалдарының  атқылауы  бір-бірімен

алмасып  отырған  жағдайларда, лава  тасқындарымен  пирокластикалық

материалдарының  бір-бірімен  қабаттала  астасуы  нәтижесінде  қат-қабатты



жанартаулар (стратовулкан) пайда  болады. Қат-қабатты  жанартаулар  жанартау

құрылымдарының  ішінде  ең  ірілерінің  бірі  болып  саналады. Бұлардың  ішіндегі

биіктігі 3-4 км-ге жеткен  таулар да  бар. Кейбіреулері тіпті 6 км-ге дейін жетеді.

Оларға  Жапониядағы  Фудзияма, Камчаткадағы  Ключевск, Корякск, Авача  және

Козельск, Мексикадағы Попокатепетль жанартаулары және т.б. жатады. Көптеген

жанартаулардың шыңдарында мәңгілік қарлар мен мұздықтар бар.

Жоғарыда  айтылғандай, көптеген  жанартау  төбесінде  тостаған  тәрізді

кішігірім  қазаншұңқырлар  бар. Оларды  жанартау  кратері  дейді. Осы  кратер

түбіндегі көмейі арқылы жанартау заттары жер қойнауынан көтеріліп атқылайды.

Ірі  жанартауларда  бірнеше  кратер  пайда  болуы  мүмкін, олар  көбінесе  жанартау

беткейлерінде дамыған. Бұларды қосарланған (масыл) жанартаулар деп атайды.

Көзеліктердің түбі лава және көзелік қабырғаларынан құлаған таужыныстарымен

толады. Өте көлемді көзеліктер гавай текті жанартауларда кездеседі.

Жанартау  көзелігі  атқылау  саны  жиілеген  кезде  оның  жан-жағы  опырылып

кетіп, кеңейіп  үлкен  қазаншұңқыр  пайда  болады  да, оны кальдера деп  атайды.

Кейде  кальдера  орасан  зор  қопарылу  әсерінен  пайда  болады. Кейіннен  атқылау

қайта басталса, кальдераның түбінде жаңа жанартау конусы түзіледі.

Жанартаулардың  атқылау  кезінде  шығатын  сұйық  лава  таужыныстары  жер

бетінде  ерекше  бедер  пішіндерді  құрайды, бұл  лаваның  ағу  бейімділігі

(аққыштығы) мен  оның  құрамына  байланысты. Өте  қою  және  тұтқыр  лава

төскейдің  жоғарғы  жағында-ақ  қатып  үлгереді. Ал, лаваның  тұтқырлығы  өте

жоғары болса, ол жанартаудың көмейінде-ақ қатады да "лавалық бағана" немесе

"лавалық бармақ" құрайды.

Лавалық тасқындар қатая бере үстінен күйінді кабыршақпен қапталады. Егер

қабыршақтың  астынан  қатпаған  лава  ағып  шықса, онда  лаваның  ішінде грот

немесе  лавалық үңгірлер  пайда  болады. Үңгірлердің  күмбез  жағы  қопарылып

құлайтын болса, олар бедердің теріс пішіндеріне айналады. Осындай қуыстар мен

теріс пішінді лавалық науалар. Камчатканың жанартау ландшафтарына тән.

Газ  лаваның  арасынан  атқылап  шыққан  кезде, оның  бетінде  кішкене  шоқы

тәрізді  үйінділер қалыптасады. Мұндай  бедерлерді горнито  деп  атайды.

Атқыламай, бір  қалыпта  баяу  шыққан  газдарды фумарола дейді. Одан  бөлінген

бірқатар  заттар  атмосфералық  жағдайларда  қоюланады  да, газ  шығып  жатқан

жердің айналасында шоғырланады.

Теңіз  түбіндегі  жанартаулар  атқылаған  кезде  лаваның  беткі  қабаты  судың

әсерінен  тез  суиды. Оған  қоса  су  қабатының  едәуір  гидростатикалық  қысымы

лаваның  жарылу  процесіне  кедергі  болады. Соның  себептерінен  су  түбіне

төгілген лавалар есебінен қалыптасқан эффузиялық таужыныстар сырт пішіні шар

тектес  немесе  көпшік  тұрқылас  шоғырларды  құрайды. Әрбір  шар  тектес

құрылымдардың  ішкі  құрылысы  концентрлі  болып  келеді, ал  олардың  сыртқы

бейнесі кеуек пішінді немесе шыны тектес қабатшамен қапталған.



35

Жанартау  аймақтарының  да  өзіне  тән  ерекше  флювийлік  бедер  пішіндері

қалыптасқан. Еріген 

сулар, сазды 

тасқындар, атмосфералық 

сулар


жанартаулардың  баурайларын  шайып  радиалды  жыра  жүйесін  құрайды. Оларды

барранкостар  деп  атайды. Бұлар  жанартау  төбесінен  радиалды  таралған  терең

эрозиялық  жыралар. Жалпы  айтқанда, жанартаулы  аймақтарда  өзен

тораптарының бейнесі радиалды сипатымен ерекшеленеді.

Көптеген жанартау аймақтарында, жер бетіне дүркін-дүркін ыстық су мен бу

атқылап тұратын көздер кездеседі. Оларды гейзер (исландықтарша qeyser - құйып

кету) деп  атайды. Гейзердің ыстық суы  үйлерді, жылыжайларды (теплицаларды)

жылыту, электр қуатын алу үшін пайдаланады.

Эффузиялық  жанартау  әрекеті  дамыған  аймақтарда  жер  бетінде

денудациялық  және  қашаланған  бедер  пішіндері  жиі  тарайды. Мысалы, қалың

базальтты  тасқындар  мен  жамылғылар  салқындағаннан  кейін  атмосфералық

агенттер әсерінен  үгіліп жарылып жеке-жеке бағаналарға айналады. Осындай тік

бағыттағы, кейде көп қырлы бағаналар өзен немесе теңіз жағаларында толқын су

әрекетінен  тілімделіп  керемет  көріністерді  елестетеді. Кейбір  лавалық

жамылғылардың үсті көпбұрышты бөлшектерге жарылып, көптеген полигоналды

микропішіндер құрайды.

Жанартау  бедері  ұзақ  уақыт  үгілу  әрекетінен  ең  алдымен  пирокластикалық

материал (кесек  бөлшектер  мен  түйірлер) бұзылады. Одан  кейін  лавалық  және

басқа  төзімді  магмалық  заттар  экзогенді  қашалау  әрекетіне  ұшырап  бұзыла

бастайды. Ең соңында жанартау көмейінде кептеліп қалған тік бағандарға ұқсаған

көмейтас (некк) сақталып қалады.

Мұхит  түбінде, морфологиялық  жағынан  құрлық  бетіндегі  жанартаулық

жарылымдарға ұқсаған су асты жанартаулары, жанартау қыраттары және басқа да

жанартаулы ірі құрылымдар жиі тараған. Тынық мұхит түбіндегі оңашаланған су

асты  жанартауларын "гайота" деп  атайды. Олар 250-2500 м  тереңдіктегі  өңірде

байқалады. Кейбір  ғалымдар  гайоталарды, кезінде  су  бетіне  шығып  тұрған

жанартаулы аралдар қалдығы деп есептейді.



Жанартаулардың  жер  бетінде  таралуы. Жанартаулар  жер  бетінде  кең

тараған. Құрлықтан басқа жанартау пішіндері жоғары айтылғандай мұхит түбінде

де  бар. Кейінгі  зерттеулердің  мәліметтеріне  қарағанда, тек  Тынық  мұхит

ауқымында 3 мыңнан астам суасты жанартаулары кездеседі.



Лайлы  жанартаулар. Жер  бетіне  су  буы  шоғырлары  мен  газдар, кейде

лаймен  қоса  таужыныстар  кесектерінің  дүркін-дүркін  атқылап  шығу  әрекетін



лайлы вулканизм дейді. Егер лаймен бірге шығатын газ бен су мөлшері артығырақ

болса, онда  жердің  бетінде "сальза" деген  лайлы  сумен  толған  көлшік  тәрізді

түтік (сифон) пайда  болады. Осы  түтіктен  лайлы  су  дүркін-дүркін  гуілдеп

атқылап тұрады. Ал, егер атқылаған заттардың құрамында лаймен бірге басқа да

кесекті  таужыныстар  басымдау  болса, онда  сальзаның  орнында  үйінділер

жиналып, брекчиядан құрылған  лайлы  төбешік  пайда  болады. Брекчиялардың

құрамында сазды цементпен және карбонатты материалмен дәнекерленген, сүйір

бұрышты, өңделмеген  және  іріктелмеген  әр  түрлі  таужыныстарының  түйірлері

болады. Лайлы  жанартаулардың  көмейі (жерло) жер  қойнауымен  ұштасып, жер

бетінде  кіші-гірім, яғни  диаметрі  ондаған  сантиметрден  бірнеше  метрге  дейін



36

жететін жанартау көзелігін (кратерді) құрайды. Лайлы төбешіктердің биіктігі 1-2

метрден  оншақты  метрге, диаметрі 20-30 м  дейін  жетеді. Кейде  лаймен  бірге

мұнай  белгілері  де  шығады. Жер  қойнауында  көмірсутекті  газдар  шоғырланса,

солардың  қысымынан  лай  жанартауының  құрылымы  қопарылып, баршасы  да

жоғары атқылауы мүмкін. Бірақ мұндай құбылыстар сирек кездеседі.

Лайлы  жанартаулар  пайда  болу  үшін  газ, су, жұқа  дисперсиялы  сазды

материал  және  түтік  рөлін  атқаратын  жер  қойнауындағы  тектоникалық

жарылымдар болуы шарт. Ал, мұндай қосалқы факторлар мұнай мен газ дамыған

аймақтарда ғана болады. Сондықтан қазіргі кезде лайлы жанартауларды, мұнайлы

және газды кенорындарын іздестірудегі болжау белгісі деп санауға болады.

Біздің 


елімізде 

лайлы 


жанартаулар 

Каспийдің 

солтүстік-шығыс

жағалауындағы  Бозашы  түбегінде  және  Қолтық  шығанағының  Қайдақ  сорының

бетінде кең дамыған.

Метаморфизм – таужыныстардың  жер  қыртысында  физикалық-химиялық

жағдайлардың  өзгеруіне  әкелетін  эндогендік  процестер  ықпалынан  түрленуі.

Түрленуге  кез-келген  таужыныс, яғни  шөгінді, магмалық  және  бұрын  жаралған

метаморфтық  таужыныстар  ұшырауы  мүмкін. Таужыныстар  өздері  жаралған

жағдайлардан  өзгеше  физикалық-химиялық  жағдайларға  түскенде, олардың

минералдық  құрамы, құрылымы  мен  бітімі  өзгереді. Метаморфизм  кезінде

таужыныстың  минералдық  құрамының  өзгеруі  екі  жолмен  жүреді: 1)

изохимиялық,  яғни  метаморфталатын  таужыныстың  химиялық  құрамы

өзгермейді; 2) метасоматоздық, яғни метаморфталатын таужыныстың химиялық

құрамы заттың әкелінуі мен әкетілуі есебінен елеуі өзгереді.

Метаморфизм – күрделі  химиялық  құбылыс, ол  температураның,

қысымның  және  химиялық  белсенді  заттың  комплексті  ықпалына  байланысты.

Олар метаморфизм факторлары деп аталады.

Табиғи  жағдайларда  жер  қыртысының  әр  түрлі  бөлікшелерінде

метаморфизмнің бірнеше факторы бірге білінеді. Бірақ олардың біліну масштабы

тұтастай  және  метаморфизм  процесіндегі  фактордың  салыстырмалы  ролі  нақты

геологиялық  жағдайда  білінеді. Кеңiстiктегi орналасу  ерекшелiктерi мен

процестiң  құлаш  жаюы  бойынша  метаморфизмнiң  екi типi бөлiнедi: локальдық

(жергілікті немесе шектеулi) және аймақтық. Олар метаморфизм факторларының

басым  ықпалына  байланысты  мынадай  түрлерге  бөлiнедi: термалық (басты

фактор – температура), динамометаморфизм (қысым) және  метасоматоздық

(химиялық 

белсендi заттар). Термалық (немесе 

жапсарлық) және

динамометаморфизм (немесе  катаклаздық) шектеулi алқапта  бiлiнсе, ал

метасоматоздық метаморфизм шектеулi де, аймақтық та жағдайларда дамиды.

Шөгінді  және  магмалық  таужыныстар  жер  қыртысы  қозғалыстарының

салдарынан  жоғары  температураның, үлкен қысымның  және әр  түрлі  газ  бен  су

ерітінділерінің әрекетіне  ұшырауы  мүмкін. Әрине, мұндай  жағдайда  олар өзгере

бастайды. Үлкен тереңдіктерде  таужыныстарға жоғары  температура, қысым мен

постмагмалық  ерітінділер  бірге  ықпал  етуі  нәтижесінде  туындайтын  аймақтық

метаморфизм  жер  қыртысының  әр  түрлі  таужыныстардан  тұратын  өте  үлкен

бөлікшелерін 

қамтиды. Жер 

қыртысы 


метаморфтық 

құбылыстардың

қарқындылығы  бойынша  үш  белдемге (зонаға) бөлінеді. У.Грубенманн  мен


37

С.Ван-Хайз  оларды (экзогендік  процестер  алқабын  санамағанда) үшке  жіктеген:

1) эпизона (жоғарғы белдем); 2) мезозона (ортаңғы белдем); 3) катазона (төменгі

белдем).


Температура – метаморфизмнiң ең маңызды факторы, ол минерал жаралуға

әсер  етедi және  белгiлi бiр  минералдар  ассоциациясының  қалыптасуын

анықтайды. Температура  өсуi жағдайында  қайта  кристалдану, iрiлеу  түйiрлi

құрылымдардың балқып жаралуына әкеледi.



Қысым – метаморфизмнiң екiншi факторы. Қысым екi түрге: геостатикалық

қысымға – оны  жоғарғы  жағында  жатқан  таужыныс  қатқабаттарының  массасы

туындатады; және  тектоникалық  қозғалыс  туындататын  бағытталған  қысымға

(стресске) бөлiнедi. Метаморфтық  таужыныстардың  ең  көп  таралған  тобы –



тақтатастарға тән.

Химиялық  белсендi заттар  –  метаморфизмнiң    үшiншi,  ең  басты  болуы  да

ықтимал, факторы. Оларға  су  мен  көмiр  қышқылы  кiредi. Маңызды  рөлдi

сонымен  қатар N, Cl, P, B, S және  басқа  элементтер  қосылыстары  да  атқарады.

Бұл заттар күрделi құрамды ерiтiндiлер ретiнде таужыныстар арқылы жылыстап,

оларға метаморфтаушы ықпал жасайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет