«геоморфология және геология негіздері»


Метаморфизм  типтерi мен  бiлiну  жағдайлары



Pdf көрінісі
бет5/9
Дата30.03.2017
өлшемі0,54 Mb.
#10582
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Метаморфизм  типтерi мен  бiлiну  жағдайлары. Кеңiстiктегi орналасу

ерекшелiктерi мен  процестiң  құлаш  жаюы  бойынша  метаморфизмнiң  екi типi

бөлiнедi: локальдық (шектеулi) және  аймақтық. Олар  метаморфизм

факторларының  басым  ықпалына  байланысты  мынадай  түрлерге  бөлiнедi:

термалық (басты  фактор – температура), динамометаморфизм (қысым) және

метасоматоздық (химиялық белсендi заттар). Термалық (немесе жапсарлық) және

динамометаморфизм (немесе 

катаклаздық) шектеулi алқапта 

бiлiнсе,

метасоматоздық метаморфизм шектеулi де, аймақтық та жағдайларда дамиды.



Локальдық 

метаморфизм 

нақты 


құрылымдық 

элементтерде –

жарылымдарда, интрузиялық 

таужыныстардың 

жапсарында, қатпарлы

дислокацияларда  байқалады. Осындай  жағдайда  жаралатын  метаморфтық

таужыныстар  бiртiндеп  метаморфталмаған  қатқабаттарға  өтуiмен  сипатталады.

Метаморфизмнiң  локальдық  формасы  жапсарлық  және  катаклаздық  түрлерде

бiлiнедi.

Жапсарлық  метаморфизм  интрузияны  сыйыстырушы  таужыныстардың

химиялық  және  термалық  өзгеру  ореолдары  ауқымында  бiлiнедi. Бұл

метаморфизм  негiзгi факторлар – температура  мен  химиялық  белсендi заттар

ықпалынан 

жүретiндiктен, тиiсiнше

жапсарлық-термалық 

және


метасоматоздық түрлерге бөлiнедi.

Аймақтық  метаморфизм  жер  қыртысының  байтақ  бөлiкшелерiнде  бiлiнiп,

таужыныстардың 

үлкен 

көлемдерiн 



қамтиды, олардың 

ауқымында

метаморфталмаған  жаралымдарға  өту  болмайды. Аймақтық  метаморфизмнiң

факторлары – бiрге  ықпал  ететiн  температура, қысым  және  химиялық  белсендi

заттар. Осындай жағдайда қалыптасатын таужыныстардың түрi өте көп, олардың

ең  көп таралғандары – әртүрлi тақтатас, гнейс, кварцит, мәрмәр, амфиболит,



гранулит, эклогит.

Аймақтық 

метаморфизм 

жағдайында 

таужыныстардың 

түрлену


процестерi максимал  қарқындылыққа  жетуi мүмкiн, сипатына  да  ие  бола  алады.

38

Ол  өте  үлкен  тереңдiкте  қатпарлы  алқаптар ультраметаморфизм ауқымында

өтедi, бұл жердегi термодинамикалық жағдай таужыныстардың жартылай немесе

толық  балқып  кетуiне  әкеледi. Ультраметаморфизмнiң  ең  басты  процестерi –

анатексис, палингенез және граниттену.

Анатексис

– бастапқы  таужыныстардың  кварц-далашпат  құрамды

минералдардың  таңдалып, жартылай  балқуы. Палингенез –  белгiлi бiр  құрамды

бастапқы таужыныстардың толық балқып кетiп, гранит магмасын жасауы.



Граниттену – кез-келген  құрамды  таужыныстардың  граниттерге  айналып,

химиялық  және  минералдық  өзгеру  процесi. Осылайша, таужыныстардың  терең

метаморфтық  түрленулерi жағдайында  метаморфтық  және  магмалық  процестер

арасындағы  шекара  жойылады  да  табиғаттағы  айналым  аяқталады. Бұл  идеяны

петрограф И.Д.Лукашевич алғаш ХХғ. басында  айтқан болатын, оның  пiкiрiнше

бұл  табиғи  айналымның  сұлбасы  мынадай: магма  →  магмалық  таужыныстар  →

шөгiндi таужыныстар → метаморфтық таужыныстар → магма.

Негізгі әдебиеттер. 1 [44-47], 2 [ 53-62], 4 [289-333].

Бақылау сұрақтары

1. Интрузиялы магматизм.

2. Эффузиялы магматизм.

3. Магмалық процестің бедер түзу маңызы.

4. Жанартаулардың Жер бетінде таралуы.

5. Метаморфизм және метаморфизмнің басты факторлары.

6. Метаморфизм типтері.

7. Аймақтық метаморфизм.

6-шы лекция. Материк. Платформалар. Материктік қозғалмалы белдеулердің ірі

бедер пішіндері.

Жер  планетасының  қойнауында  ерекше  геологиялық  құрылыстарымен

сипатталатын  өте  ірі  құрылымдық  элементті материк  деп  атайды. Жердің

геологиялық  даму  барысында  оның  сыртқы  қабаттарының  физикалық-химиялық

және  гравитациялық  бөлшектенуінің  нәтижесінде  қалыптасқан  материктер

күрделі құрамды  денелер  жиынтығы. Материктер өңірінен  көрініс  беретін ірі-ірі

геологиялық  құрылымдар  екі түрге, яғни  платформаларға  және геосинклиндерге

бөлінеді.ҚҰрылысы  әртүрлі  платформалдар  мен  геосинклиндік  аймақтардың

дамуы, жер  бедерінің  түркілікті  айырмашылығын  анықтайды  және  материктер

аумағындағы  морфоқұрылымдардың  екі  негізгі  типін, платформалық  және

геосинклиндік  типтерін  ажыратуға  мүмкіндік  береді. Платформалық  және

геосинклиндік аймақтар геологиялық құрылысы, дамуы, жасы және тектоникалық

белсенділігі  жағынан  әр  түрлі  болады. Мұндай  айырмашылықтар  олардың  әр

реттегі морфоқұрылымдарының типтерінде өз көріністерін табады.

Материктік платформалардың ірі бедер пішіндері.

Платформалар – біршама  салғырт  тектоникалық  режимімен  сипатталатын

материктік  өңірдің  басты  құрылымдық  элементтерінің  бірі. Мұнда  вулканизм

құбылыстары  жоқ, сондықтан  оларды  шамалы  сейсмикалық  әрекеттілігімен

ерекшеленетін аймақтар, үстірттер, қырқалар, денудациялық жазықтар, қыраттар



39

мен  Балтық  және  Сары  теңіз  типтес  қайраңды  теңіздер  алып  жатыр.Материктік

платформалардың  жасы  әр  түрлі  болады. Кейбір  материктік  платформалар

аумағындағы қалқандар дамыған өлкелерде ежелгі қатпарланған құрылыстардың

қалдығы  ретінде «қалдық  таулар» сақталған. Сонымен  қатар  ұзақ  уақыт

тектоникалық  тыныштықта  болған  ежелгі  платформалардың  кейбір  бөліктері

неотектоникалық  кезеңде  неодеформацияға  ұшырап, олардың  орнында  жаңарған

таулар, яғни эпиплатформалық таулар пайда болған.

Ежелгі платформалар аумағындағы бедер пішіндері. Кембрийге дейінгі ежелгі

платформаларға  Оңтүстік  Америка, Африка – Арабия, Үндістан, Австралия,

Солтүстік  Америка, Шығыс  Европа, Сібір, Солтүстік  Қытай, Оңтүстік  Қытай

платформалары жатады.

Платформа  өңірінде  жер  бетіне  қатпарланған  және  метаморфталған  түрінде

көрініс  береттін  іргетастық  бөлігін

қалқандар

  деп  атайды. Олар  платформаның

едәуір  бөлігін алып жатады  да, бедердің  қалыптасуында маңызды  рөл атқарады.

Ал  олардың  платформалық  тыспен  көмкерілген  тұстарын  тақталар  деп

атайды.Қалқандар  мен  тақталардан  басқа  ежелгі  платформалардың  маңызды

құрылымды  элементтерінің  біріне  антеклиздер  мен  синеклиздерді  жатқызуға

болады. Антеклиздер мен  синеклиздер  жер бетінің ағынды  суларының тарлуына

және өзен жүйелерінің қалыптасуына әсер етеді. Өзен жүйелері планда синеклиз

құрылымына, антеклиз негізінде суайрық өңірлерде қалыптасқан.

Баяу және ұзақ уақыт неотектоникалық көтеріліске ұшыраған қалқандар мен

антеклиздер денудациялық жазықтардың қалыптасуына жағдай жасайды.

Жазық  бағытта  жатқан  төзімді  және  төзімсіз  таужыныстары  қабаттарынан

тұратын  платформа  өңірлерінде  денудациялық  процестер  үстірт  не  баспалдақ

тәрізді жазықтарды қалыптастырады.



 7-ші лекция. Экзогендік процестер. Мору.

Экзогендік (сыртқы) процестерге  мору, жербеті  және  жер  асты  сулардың,

теңіздердің, мұздықтардың, организмдердің (жануарлар және өсімдіктер), адамзат

қоғамының әрекеті т.б. Бұл процестің басты энергия көзі - Күн.

Экзогендік  процестің  негізгі  бағыты – эндогенді  процестерде  жасалған

бедердің  оң  пішіндерін  қирату  және  теріс  пішіндер  тасындыларымен  толтыру –

планетаның  гравитациялық  өрісімен  анықталады. Бұл  жұмыс  таужыныстардың

бұзылуымен, өнімдерді  және  шөгінділерді  көшіру, шөгу  жолдарымен  жасалады.

Экзогенді  процесс  қарқындылығы  климат, бедермен  және  басқа  геологиялық

процестермен анықталады.

Климат  аумақтың  географиялық  жағдайымен, теңіз  деңгейінен  биіктігі, ауа

ағыны  бағыты, бедер  ерекшеліктері, теңізден  алшақтығы  және  басқа

факторлармен анықталады.

Климат  шөгінділердің  саны  және  таралуы, өсімдік  пен  жануарлар  әлемі,

экзогенді  бедер  түзуші  факторлар  сипаты, ауаның  және  жер  бетінің

температуралық  режимін  анықтайды. Температураның  кенеттен  тербелістері

физикалық  мору  процесімен, флювиальды  процестермен -  мол  шөгінділер,

климат құрғақшылығы – жел әрекетінің байқалуымен жағдай жасайды.

Бедердің  әсер  етуі, негізінен  экзогендік  процестердің  белсенді  болуын


40

қамтамасыз етеді. Биіктік айырмашылығы үлкен әрі қатты жіктелген бедерде оны

жапқан  мору  өнімдері  тез  ысырылып, түбірлік  таужыныстардың  ары  қарай

жылдам  бұзылуына  әкеледі. Процестер  тегіс  бедерлерде  ақырын  жалғасады,

бастапқы  таужыныстардың  бетінде  оны  бұзатын  көп  масса  өнімдер  жиналып,

сыртқы  агенттердің  әрекетін  азайтады. Жылжымай  бастапқы  орнында  қалып

таужыныстардың  бетінде  жатқан, бұзылу  өнімдері  жиналған  масса  элювий  деп

аталады.


Мору процесімен байланысты бедерлер пішіндері

Минералдар  мен  таужыныстардың  жер  бетiнде  және  оның  жақын  маңында

қирау  және  ыдырау  процестерiнiң  жиынтығы мору  деп  аталады. Тау  жыныстар

күйi мен  құрамы  олардың  жатқан  жерiнде, судың, оттегiнiң, көмiрқышқыл

газының, әртүрлi қышқылдардың, тiрi организмдер мен температура ауытқуының

физикалық, химиялық  және  билогиялық  әрекетi нәтижесiнде  өзгерiске

ұшырайды.

Бiрегей  әрi күрделi мору  процесi екi түрге  бөлiнедi: физикалық  және

химиялық. Олар өзара тығыз байланысты және бiр мезгiлде өте алады.

Физикалық  мору. Физикалық  мору  процестерi нәтижесiнде  таужыныстар

механикалық  қирауға  түседi – бастапқы  таужыныстар  уатылады  да  құрамын

өзгертпей тасшақпаға, қиыршыққа, құмға немесе тозаңға айналады.

Мору белдемiнде таужыныстарды қирауға ұшырататын негiзгi факторлар:

– күн белсендiлiгiне байланысты температураның ауытқуы;

– таужыныстар жарықшақтары мен кеуектерiнде қатқан судың, кристалданған

тұздың ықпалы;

– өсiмдiктердiң тамыр жүйелерi дамыған кезде сыналап жару әрекетi;

– iн қазатын жануарлардың тiршiлiк әрекетi.

 Физикалық  мору  ықпал  етушi фактордың  табиғатына  байланысты  екi

түрлеске бөлiнедi: температуралық және аяздық.

Таужыныстардың  температура  ауытқуы  әсерiнен  моруы  олардың  беткi

жағынан  басталып, бiртiндеп iшкi жағына  қарай  тұрақты  температура  белдеуiне

дейiн  таралады. Бiрақ  таужыныстардың  күн  қыздыратын  сыртқы  бетi олардың

iшкi бөлiктерiмен салыстырғанда едәуiр көп ұлғаяды. Нәтижесiнде таужыныстың

беткi және  терең  бөлiктерi арасында, оның бетiн  бойлай  созылған  жарықшақтар

пайда  болады. Осы  жарықшақтар бойынша  қабыршақтанған  таужыныстың беткi

жағы  сыпырылып  түсе  бастайды. Таужыныстардың  беткi бөлiкшелерiнiң

қабыршақтану  процесi десквамация (лат. “десквамара” – қабыршағын  сыдыру)

деп аталады.

Бiздiң планетаның органикалық тiршiлiгi таужыныстардың қирауына бiршама

ықпал  жасайды. Қарапайым  өсiмдiктер – қына  мен  мүк, өздерiнiң  тiршiлiк  ету

процесiнде  таужыныстарды  белсендi қиратады. Мәселен, ағаш  тұқымдас

өсiмдiктер  өздерiнiң  тамыр  жүйесiнiң  дамуына  байланысты  топырақ  қабатын

қопсытып  қана  қоймай, берiк  таужыныстарды  едәуiр  қиратуға  дейiн  әкеледi.

Органикалық  қосылыстар  мен  қышқылдар  таужыныстарға  химиялық  әсер  етiп,

ыдыратады. Құрт, құмырсқа, термит  пен  жер  қазатын  жануарлардың

механикалық жұмысы да таужыныстардың қирауына әкеледi.



41

Физикалық  морудың  барлық  түрлерiне  тән  жалпы  ерекшелiк – оның  аз

тереңдiкте ғана бiлiнуi. Ол  температура ауытқуы, судың сiңуi және т.б. агенттер

енетiн тереңдiкке байланысты дамиды.



Химиялық  мору. Таужыныстар  атмосфералық  факторлар  ықпалынан

химиялық  ыдырауға  ұшырап, түбірлі  өзгерістерге  түседі, осының  нәтижесінде

бастапқы таужыныстардың химиялық құрамы өзгереді.

Мору  белдемiнде  химиялық  реакциялардың  барлығы  экзотермикалық

сұлба  бойынша  жүредi, яғни  жылу  бөледi. Реакциялар  төрт  топқа  бөлiнедi:

тотығу, гидратталу, еру  және  гидролиз. Табиғи  жағдайда  олар  көбiнесе  бiр

мезгiлде жүредi.

Мору  өнiмдерi. Мору  процесiнде  өнiмдердiң  екi тобы  пайда  болады: 1)

жылжитын, олар  қирау  орнынан  жылыстап  кетедi; 2) қалдық, яғни  түбiрлiк

таужыныстардың бастапқы жатқан орнында қалады.

Элювий – морудың  қалдық  өнiмi. Ол  әртүрлi дәрежеде  мору  процесiне

ұшыраған және өзiнiң бастапқы жатқан  орнында  қалған  таужыныс, ол өзi пайда

болған  түпнұсқа  таужыныстан  күрт  өзгеше  болады. Бұл  болбыр  бiтiмдi

континенттiк  қазiргi жаралымдар, олар  бiрнеше  миллиметрден  ондаған  метрге

дейiнгi тереңдiкте байқалады.

Коллювий – суайрықтардан  беткейлерге  тартылыс  күшi әсерiнен  сырғып

кететiн сынықты материал. Ол әдетте суайрықтар етегiнде сусыма, сырғыма және

т.б. жасайды. Коллювий  болбыр  цементтелген (керiштенген) және  нашар

iрiктелген таужыныс, ол суды жақсы сiңiредi.



Делювий – беткейлер  мен  қыраттардың  етегiне  жиналатын  болбыр  мору

өнiмдерi, олар  беткейлерден  жаңбыр  мен  ерiген  қар  суы  әрекетiнен  сырғиды.

Оларға  сынықтардың  өлшемi бойынша iрiктелетiндiгi тән. Делювий  көбiнесе

беткейлердiң  етегiнде  жолақ түрiнде  жатады, оның қалыңдығы  беткейге  өрлеген

сайын жұқарып кетедi. Қатқабатта беткейге параллель қабаттылық байқалады.

Мору қыртысы.  Жылжитын және қалдық мору өнiмдерiнiң жиынтығы мору

қыртысы деп аталады. Қалың мору қыртысының қалыптасуына қолайлы жағдай

туындататындар – түпнұсқа  таужыныстар  бетiндегi бiршама  тегiс  бедер, ыстық

әрi ылғал  климат  пен  оганикалық  заттардың  молдығы. Мору  қыртысының

қалыптасуы күрделi әрi көп сатылы процесс.

Түбiрлiк  таужыныстардың  қирау  өнiмдерiмен  маңызды  халықшаруашылық

мәнге ие және бiр процесс – топырақжаралу байланысты, ол органикалық заттар

әрекетiнен  жүредi. Органикалық  заттардың  оттегi көмегiмен  ыдырауы  олардың

гумусталуына  әкеледi, яғни  шiрiндi немесе  гумус  жаралады. Гумусқа  бай  мору

қыртысының бұл қабаты топырақ деп аталады.



Мору  процестерiнiң  мәнi. Мору  процестерi жер  қыртысының  жоғарғы

горизонттарын  терең  өзгерiстерге  түсiредi. Мору  барысында  тығыз  әрi берiк

магмалық, метаморфтық  және  шөгiндi таужыныстар  уатылып, химиялық

ыдырауға түсiп, олар қопсық, оңай қирайтын жаралымдарға ауысады.

Мору  процестерi әртүрлi пайдалы  қазбалар  кенорындарының  жаралуы  мен

өзгеруiне  әкеледi. Физикалық  морудың  қопсық  өнiмдерi – шақпатас, дөңбектас,

қиыршық, құм  және  кейде  саз  өнеркәсiптiң  әртүрлi салаларында  пайдаланатын

құнды құрылыс материалдары.



42

Мору  процесінің  тереңдігі  грунт  суларының  деңгейімен  анықталады  және

бірнеше дециметрден жүздеген метрге дейін өзгереді.

Мору  өнімдерінің  ысырылуы  қиын  жазықты  орындарда, морылатын

таужыныстарының  бетінде  моруға  төзімді  минералдардан  тұратын  түпкі

таужыныстар және қайтадан жаралатын гипергенді минералдар құрамына кіретін

қалың  тыс  пайда  болады. Бұл  тыстың  барлығы элювий деп  аталады.  Мору

қыртысындағы  көне  элювий,  темір  және  алюминийдің  оксидтерінен  және

гидроксидтерінен тұратын цементімен цементтелген, қопсық немесе қандайда бір

шөгінді материалдан тұрады.

 Қиылысқан  бедер  жағдайында  морудың  қопсық  өнімдері  көтеріңкі

участоктың  ойыстағы  шөгінділермен  араласады. Жоғарғы  беттік  ағын  сулармен,

желдермен, мұздықтардан 

бұзылу 


өнімдерінің 

тасымалдануы 

және

таужыныстарының бұзылуы денудация деп аталады.



Әркелкі  төзімділігі  бар (әркелкі  дәрежеде  жарықшақтармен  бөлектенген,

әркелкі  цементтелген, ерігіш)  бедерлердің  өздеріне  тән  пішіндері

таужыныстарының 

морылу 


кезінде 

туындайды. Неғұрлым 

төзімді

таужыныстарының  бір  бөлігі  орындарында  әртүрлі  бейне, жиі  таңқаларлық



қалдықтар  түрінде  орналасады. Мору  пішіндері  жақсы  бағыттаушы  болып

табылады, және  оларды  карталарда  арнайы  шартты  белгілермен  белгілеу

қабылданған. Мору кезінде таужыныстарына тән жарасымды жарықшақтар және

бөлектену  байқалады (мысалы, базальттарға  тән  бағаналар, граниттер  жинап

қойған  көрпе  тәрізді). Басқада  таужыныстардың  жартастарында  және

тасжақпарларда  күрделі  ұяшық, шілтерлі  суреттер  туындауы  мүмкін; Құламалы

беткейлердің және жыралардың қабатты қалыңдықтарында карниздер, террасалар

пайда болады және т.с.с.

Негізгі әдебиеттер: 1 [52-66]; 2 [ 94-100-107;]; 4 [72-87].

Бақылау сұрақтары:

1.

Экзогенді процестер туралы жалпы мәліметтер.



2.

Мору және мору түрлері.

3.

Мору әрекетінен пайда болатын бедер пішіндері.



4.

Мору қыртысы.

5.

Мору процестерiнiң мәнi.



8-ші  лекция  Беткейлік  гравитациялық  процестер  және  бедерлер

пішіндері

Беткейлік  гравитациялық  процестер Шыңдарда  және  тау  беткейлерінде,

аңғарларда  және  кейде  жазық  жерлерде  өнім  жиынтықтарының  жиналуы  және

қозғалысында  туындайтын  әртүрлі  пішіндер  мен  жаралымдар  кеңінен  таралған.

Салыстырмалы  түрде  тегіс  беттерде  тыныш  жатқан  және  құздарда, құламалы

беткейлерде  пайда  болған  тастардың  құлауы, бастапқы  таужыныстардан  белгілі

бір  үлкен  және  ұсақ  сынықтардың  бөлінуі  тауларда  қарқынды  дамыған  мору

процесі (әсіресе физикалық) нәтижесінде туындайды.

Тегіс  беттерде  және  жалпақ  шыңдарда  ірі  тасжақпарлар  мен  тасшақпалар

жиналуы  тас  теңіздер  және  тас  шашылымдар, ал  беткейлерде  немесе  олардың

етегінде орналасқандары – тас сусыма деп аталады



43

Жылғаларда  және  аңғарлардың  түбінде, беткейлердегі  сусымалардың

жіңішке жолақтары тас өзендер мен тас мұздықтар деп аталады.

 Беткейлерде мору өнімдерін жылжытатын және беткейлерді қирататын басты

фактор – ауырлық күші. Дегенмен, беткейлер биіктігі ме еңістігіне қарай, сонымен

бірге  су  ықпалының  күші  мен  сипатына  байланысты  ауырлық  күші  бірқатар

процестерді  туындатады. Оларға  гравитациялық, су-гравитациялық  процестер

кіреді.


Гравитациялық  процестер – еңістігі 30

0

-тан  асатын  құлди  беткейлерде



ауырлық  күші  ықпалынан  дамиды. Олар  негізінен  таулы  алқаптарда  таралады.

Жазық аумақтарда өте құлди беткейлер бар жерде ғана кездеседі. Тік және аспалы

беткейлерде  опырылым  процестері – ірі  таужыныстар  блоктарының  кенеттен

жұлынып  құлауы  дамиды. Құлдилығы  аздау  беткейлерде  бос  таужыныстар

сынықтарының сусыма процестері пайда болады.

Құзарт  беткейлерден  құлаған  опырылымдар  төмен  қарай  өте  қатты

жылдамдықпен  сырғиды, олардың  жылдамдығы 150 м/с-ке  жетеді. Тау

опырылымдары  апаттылығымен  сипатталады. Мысалы, Памирдің  Мұрғаб  өзені

шатқалында 1911-ші  жылы  болған  опырылымда  аңғарға 7 млрд  тоннадай

таужыныс  массасы  құлап, шатқалды  бітеп тастаған. Нәтижесінде  биіктігі 740 м-

дей тосқауыл бөгет пайда болып, оның ішінде тереңдігі 505 м, ал ұзындығы 60 км

Сарез  деп  аталған  көл  пайда  болған.  Беткейлердің  опырылымдық  денудациясы

нәтижесінде  гравитациялық  немесе  құзарттық  опырылымдар, опырылымдық

цирктер  мен  қуыстар  пайда  болады. Аккумуляциялық  пішіндерге  опырылым

жоталары  мен  төбелері  жатады. Опырылым  шөгінділері  өздері  жасаған

пішіндерді құрайды, ал олардың  құрамы қираған  таужыныстар құрамына сәйкес

келеді. Бұл шөгінділерде іріктелу мен жұмырлану болмайды.

Сусыма  процестер  кең  таралғанымен, олардың  жылдамдығы  баяулау. Олар

тауларда  болатын  адамдар  әрекетіне  қатты  ықпал  жасайды. Сусыма  түзілімдер

беткейлерде де, олардың етегінде де орналасады.

Коллювий  құламалардан  опырылып  немесе  сусып  түскен  түзілімдерден

құралады да, тау етегіне жиналады.

Су-гравитациялық  процестер. Беткейлер  ылғалданған  кезде  таужыныстар

сырғи  бастайды. Бұл  топқа  сырғыма, солифлюкция, нивация  және  дефлюкция

процестері 

кіреді.


Сырғыма – ірі  таужыныстар  блоктарының  немесе  қираған  массаларының

беткей  массивінде  пайда  болған  айырылым  бетімен  сырғып  кетуі. Сырғыма

жерасты суларымен ылғалданған массаның ауырлық күші ықпалымен қозғалысқа

келуінен  пайда  болады. Сырғымалар  қалыптасу  үшін  беткей  еңістігі 25

0

-тан  аз


болмай, беткей алқабындағы таужыныстардың біршама бөлігі ылғалдануы қажет.

Солифлюкция беткейлердегі  таужыныстардың  морыған  қабатының  ауырлық

күші  мен  ылғалдану  ықпалынан  баяу  ағу  процесі. Солифлюкция  қар

жиынтығының  еріген  кезінде  нивация  процесіне  ұласады. Солифлюкция  мен

нивация кезінде дамитын бедер күрделі пішіндер жасайды. Олардың ең ірі пішіні

– тау үсті террасалары.

Су-беткейлік процестер. Бұл процестер мору өнімдерін жазықтық бойынша

шайылумен  және  беткейлерді  уақытша  ұсақ  су  сорғаларының  бүлдіруімен



44

білінеді. Бұл екі процесс  өте тығыз байланысты және беткейлік шайылу  процесі

ретінде бірге қарастырылады. Оның басты нәтижесі, делювий түзілімдері жаралу

болғандықтан  оны  делювийлік  процесс  деп  те  атайды. Сонымен  қатар,

беткейлерде мезгіл-мезгіл ірі бұлақтар да пайда болады.

Беткейлік шайылу – беткейлер жазықтығымен ағатын жаңбыр немесе еріген

қар  суының  әрекетімен  байланысты. Ол  өсімдік  аз  дамыған  семиаридтік

алқаптарда  қарқынды  өтеді. Еңістеу  беткейлерде (еңістік  бұрышы 5

0

-қа  дейін)



ағын су арна жасамай, жазықтық бойынша әсер етеді. Шаю процесі беткей бетінің

тегістелуіне  әкеледі. Бірақ ол таужыныстардың беріктігіне де  байланысты. Берік

таужыныстар шайылмай, бастапқы тегіс емес бедер пішінін сақтап қалуы мүмкін.

Беткейлік  шайылу  қарқыны  көп  жағдайда  қопсық  өнімдер  жасайтын  мору

процесімен байланысты.

Беткейлердің 

дамуы.

Беткейлер 

бедеріндегі 

әркелкілік 

олардың

жаралуымен  байланысты. Беткейлер  дамуы  климаттық, тектоникалық,



гидрогеологиялық  жағдайларға, сонымен  қатар  беткейлер  экспозициясмына

(күнге  қарай  орналасуына), желдің  бағытына, ал  қазіргі  заманда – адамдардың

әрекетіне  байланысты. Беткейлік  процестер  жалпы  алғанда  беткейлердің

жайпақтанып, бедердің  тегістелуіне  әкеледі. Егер  жер  беті  ұзақ  уақыт  бойы

бірқалыпты  тектоникалық  жағдайда  дамыса, бұрынғы  тілімденген  бедер

пішіндері біртіндеп тегістеліп, жайпақтанған жазыққа, яғни пенепленге айналады.

Бедер пішіндерінің осылайша үстінен тегістеліп, жазыққа айналуын пенеплендену

деп атайды.

Беткейлер дамуының басқаша  жолы да бар. Ол беткейлер тегістелуі үстінен

емес, олардың етегінен бастап жүруінде. Аңғарлар табанында беткейлер біртіндеп

шайылып, бір-біріне  параллель  бағытта  шегінеді  де, жазыққа  айналады. Бұл

процесс – педиплендену, ал осындай денудациялық жолмен қалыптасқан жазық –



педиплен деп аталады.

Пенеплендер  қалыптасу негізінен  платформа  алқаптарында гумидтік климат

жағдайында жүрсе, педиплендену құрғақ және қуаң далалар жағдайында болады.

Климат өте құрғақ және қолайлы геологиялық жағдайларда ірі сынықты материал

жиналудан тасты шөлдер түзіледі (мысалы, Сахара,Ливия шөлі).

Негізгі әдебиеттер: 1 [52-66]; 2 [ 94-100-107;]; 4 [72-87].

Бақылау сұрақтары:

1. Беткейлер, Беткейлік процестер және беткей бедері.

2. Беткейлік процестердің кеңістік пен уақытта арақатынасы.

3. Беткейдің дамуы

4. Су-беткейлік процестер.

5. Су-гравитациялық процестер.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет