«геоморфология және геология негіздері»


Жер туралы жалпы мәліметтер



Pdf көрінісі
бет2/9
Дата30.03.2017
өлшемі0,54 Mb.
#10582
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Жер туралы жалпы мәліметтер.

Біздің  Күн  жүйеміз  Галактикада  Құс  жолында  орналасқан. Жер – Күн

жүйесіндегі  күннен  кейінгі  үшінші  планета. Жердің  пішіні  геоид  деп  аталады.

Экваторлық радиус 6378км-ге тең, полярлы радиус -6356 км.

Жер  үш  ішкі  және  үш  сыртқы  геосфералардан  тұрады. Сыртқы  геосфераға:

атмосфера, гидросфера, биосфера жатады. Ішкі геосфералар – литосфера, мантия,

ядро.

        Литосфера – Жердің  силикатты  қабығы. Оның  дамуы  мантия  қабығымен

байланысты. Литосфералық  қабық  20  ірі  және  ұсақ  плиталардан  тұрады.

Плиталар  тереңде  астеносфералы  қабатпен  жылжып  қозғалғыш  шекараларға

бөлінген. Литосфераның  жоғарғы  бөлігі  болып  табылатын  қатты, қатаң  қабаты



жер  қыртысы  деп  аталады. Бұл  біздің  планетаның  жақсы  зерттелген  және  өте

жетілген бөлігі.



        Жер қыртысының құрылымы және құрамы.

Жер қыртысы тік және латерал бойынша біртекті емес. Латерал бойынша жер

қыртысының үш типі бөлінеді: континентті, мұхиттық және олардың арасындағы

өтпелі. Континентті қыртысы үш қабаттан тұрады: шөгінді, гранитті-метаморфты

және  базальтты  қалыңдығы 20-80 км. мұхиттық  қыртыс  базальтты  қабаттан

тұрады қалыңдығы 5 – 15 км және шөгінді қабат қалыңдығы  1 км-ге дейін.

Жер  қыртысының  өтпелі  типі  аралық  құрылыспен  сипатталады.

Континенттердің  массивтері  және  мұхиттық  ойпаң  түбі  жасы  және  бедері

бойынша  ажыратылады. Барлық  континенттер  және  мұхиттар  анық  әртүрлі

деңгейге  ие: континенттің  орташа биіктігі 0,87км-ге  тең, ал  мұхиттық ойпаңның

орташа  тереңдігі -3,7 км.  Мұхиттық  қыртыстың  таужыныстарының  жасы 200

млн.жылдан  көп емес.  Континентті  қыртыс  жасы 3,8 млн. жыл  таужыныстарды

қамтиды.

Жер  қыртысында 90-нан  аса  химиялық  элементтер  кездеседі. Жер

қыртысының  негізгі  элементтері (%): O -47, Si – 29,5, Al – 8,05, Fe – 4,65, Ca –

2,96, Na – 2,5, K – 2,5, Mg – 1,87. қалған элементтер үлесі 0,3%



15

Жер  қыртысына  кіретін  элементтер  минерал  деп  аталатын  жай  не  күрделі

химиялық қосылыстар құрайды. Минералдар көбінесе қатты кристалды зат болып

келеді, сирек  газ  тәрізді, сұйық  және  коллоидты  заттар  болып  кездеседі.

Минералдардың  негізгі  физикалық  қасиеттері: түсі, жылтырлығы, жіктілігі,

қаттылығы, тығыздығы, кристалдардың  және  минерал  агрегаттарының

морфологиясы. Минералдарды  анықтау  үшін  олардың  оптикалық,  магниттілігі,

электрлігі, термиялық және тағы басқа қасиеттері қолданылады.

Минералдардың  жіктелуі: сомтума  элементтер, сульфидтер, оксидтер  және

гидроксидтер, галоидтар, карбонаттар, сульфаттар, фосфаттар, силикаттар.

Силикаттар минералдардың кең тараған класы. Ол жер қыртысы минералдарының

1/3 бөлігін  және 85%-ін  құрайды. Олар  магмалық  және  метаморфты

таужыныстарының таужынысжасаушы минералдары болып табылады.

   Таужыныстары  аз  немесе  көп  құрамды  және  құрылысты  полиминералды

агрегат  болып  кездеседі. Жер  қыртысында  қабат  немесе  ірі  шоғырлар  (дене)

түрінде  тарайды. Жаралуы(генезис) бойынша  таужыныстар  магмалық, шөгінді

және метаморфты болып бөлінеді.

Магмалық минералдар және таужыныстар жер қойнауында күрделі химиялық

құрамды отты-сұйық силикатты балқыма - магманың жоғары қысым жағдайында

және  температура  нәтижесінде  жаралады. Магмалық  минералдар  және

таужыныстар жер қыртысында жаралатын барлық заттың  95%-ін құрайды.

Магмалық  таужыныстар  құрамындағы SiO

2

мөлшеріне  қарай төмендегідей



бөлінеді (%): асанегізді (< 45%), негізді (45-52%), орташа (52 - 65%), қышқыл (>

65%). Сілтілі  құрамына (Na

2

O+K


2

O):SiO


2

  қарай  үш  қатарға  бөлінеді: қалыпты

сілтілі, жоғары  сілтілі, сілтілі. Әр  топ  интрузиялы (тереңдік) және  эффузиялы

(жоғарғы 

бетті) таужыныстармен 

кездеседі. Тереңдік (абиссальды)

таужыныстардың кристалдануы жердің жоғарғы бетінен 15-5 км тереңдікте өтеді,

олар 


толықкристалды 

түйірлі 


құрылыммен 

сипатталады. Эффузиялы

таужыныстар 0-1,5 км тереңдік интервалында кристалданады. Шынылы, порфирлі

немесе  ұсақтүйірлі  құрылымды  болып  келеді. Гипабиссальды  зонада (1-5км)

кристалданған  таужыныстар  порфирлі  бөліктермен  ұсақтүйірлі  құрылымды

болып кездеседі..

Шөгінді (гипергендік) минералдар  және  таужыныстар  жоғарғы  беттік

температура және қысым жағдайында жер бетінде (құрғақ, су алаптар) жаралады

және  шөгеді. Бұзылу  өнімдерінің  материалдары  бұрын  пайда  болған

таужыныстардың, заттардың, су  ерітінділерінен  және  өсімдік  және  жануар

(қаңқалар, бақалшақтас) өнімдерінен  бөлінген  заттар. Шөгінді  таужыныстар

жаралу  жағдайына  қарай: сынықты  немесе  терригенді, хемогенді (гидрогенді),

биогенді болып бөлінеді.

Метаморфты  минералдар  және  таужыныстар  жоғары  қысым, жоғары

температура  және  газды-сұйықты  ерітінділердің  магмалық, шөгінді  және  ерте

пайда  болған  метаморфты  таужыныстардың  әрекетінен  жаралады. Қайтажаралу

процесі  қатты  жағдайда  өтеді. Факторлардың  тәуелділігіне  байланысты

метаморфизмнің  бірнеше  түрлері  бөлінеді: катакласты, жапсарлы-термальды,

аймақтық және метасоматоз.

Метаморфизм  процестері  үлкен  аумақта (аймақтық  метаморфизм) немесе



16

аралас таужыныстармен магмалық денелер жапсарында өтуі мүмкін.



Таужыныс жастарын анықтау және геохронологиялық шкала

Таужыныстарын  зерттеуде  олардың  жаралу  уақытын, абсолютті  не

салыстырмалы жасын көрсету маңызды болады. абсолютті таужынысында немесе

минералдағы  өнімдерінің  шөгуі, радиобелсенді  элементтер  ара-қатынастарын

анықтайды.

Таужыныстардың  салыстырмалы жасы (қабаттардың) стратиграфиялық  және

палеонтологиялық әдістермен анықталады.

Стратиграфиялық  әдіс  қабаттардың  бір-бірімен  өзара  орналасуына  және

магмалық денелердің аз аумақта қималарды өзара қиылыстыруға негізделген .

Палеонтологиялық  әдіс  белгілі  бір  уақытта  өмір  сүрген  органикалық

қалдықтардың (бақалшақтас, таңбалар, қаңқалар) қабаттарының жасын анықтауда

қолданады.  Жер дамуының белгілі бір уақытында өмір сүрген түріне жататын кең

таралған органикалық қазба қалдықтары жетекші пішін деп аталады. Жерде өмір

сүру  дамуын  және  тастағы  таңба  өсімдік  және  жануар  қазбаларын, көмірлі

кірмелерді  зерттеумен  палеонтология  ғылымы  айналысады. Бұрын  Жерде  өмір

сүргендердің  физикалық-географиялық  жағдайын  қалпына  келтіру  үшін

(палеогеография  шешеді) фация  қазбаларының  талдауы  қолданылады. Фация –

шөгінді және таужыныстар шөгінділері жаралатын белгілі уақыттың физикалық-

географиялық жағдайы.

Геохронологиялық 

шкала

геологиялық 

мәліметтермен  күндері

құрастырылған Жердің даму этапы. Бұл этаптың эраға, периодқа және эпохалары

палеонтологиялық  материалдар  негізінде  жасалған,  ірі хронологиялық бірліктер

атауы  бейнеленеді. Геохронологияда  уақытша  және  стратиграфиялық  сәйкес

келетін бірліктер қабылданған.

Жердің геологиялық даму этапы бес уақыттық кесінділерге бөлінген - эралар:

архей, протерозой, палеозой, мезозой  және  кайнозой. Геологиялық  қималарда

әрбір эраға қабаттар тобы сәйкес келеді (шкаланың стратиграфиялық бірліктері).

Эралар  қимада  қабаттар  жүйесіне  сәйкес  келетін  периодтарға  бөлінген.

Периодтар эпохаларға бөлінеді – қимада бөлімдер сәйкес келеді.

Геохронологиялық  шкаланың негізгі бөлімдері барлық  елдердің геологиялық

қызметінде  бекітілген. Эпохалардың (бөлімдердің) сызықшамен  ғасырға  бөлінуі

(ярус) жиі  түрде  жергілікті  атауларға  ие. Біркелкі  шкала,  алынып  тасталған

аумақтардың  геологиялық  қималарын  бір-бірімен  қиыстыру, жер  шарының

геологиялық  картасын  құрастыруда  және  басқа  ғылыми  және  қолданбалы

мақсаттарда қажет.

Негізгі әдебиеттер. 1 [8-15]; 2 [12-22; 107-111]; 4 [11-64]. Қос.  5 [77-119].

Бақылау сұрақтары

1. Геоморфологияның және геологияның негізгі мақсаты және міндеттері.

2. Жер қыртысы құрамына кіретін минералдар және таужыныстары.

3. Жер қыртысының құрылымы және құрамы.

4. Жердің заттық құрамы.

5. Таужыныстар жасын анықтау және геохронологиялық шкала


17

2 – ші дәріс таќырыбы: Жер бедері туралы жалпы мәліметтер



Бедер -  әртүрлі өлшемдері, құрылысы және жаралуы, даму стадиялары және

бір-бірімен күрделі жағдайда  және қоршаған  ортамен кездескен  жердің жоғарғы

бетінің пішіндері (таулар, жазықтар, ойпаң т.б.).

Бедер пішіндері табиғи немесе жасанды дене және жолақтар.

Жай  пішіндер  геометриялық  фигуралармен  жақын  теңестіріледі (конуспен,

пирамидамен, призмамен). Бедердің  күрделі  пішіндері  жай  пішіндердің

жиынтығын сипаттайды, мысалы, құрлық, теңіз ойпаңы, таулы елдер және т. б.

Бедер пішіндерінің элементтері: жақтары – беткейдің жоғарғы беті, қырлары –

жақтардың жіктелу сызықтары, суайрық сызықтары, беткейдің, тальвег, жиектің

табаны, шыңдардың, ерқатпар, аңғар  сағасы, жыралардың нүктелері.

Бедер типтері ұқсас жаралуы, құрылысы мен дамуы бар және үлкен аумақта

заңды  түрде  қайталанатын  пішіндер  бірігуімен  анықталады. Бедер  типтері

көбінесе  генетикалық белгілері бойынша бөлінеді.

Бедердің  жіктелуі  бірқатар  белгілері  бойынша  жүргізіледі.   Сыртқы



(морфологиялық) белгілері  бойынша  бедер  пішіндері  оң  және  теріс  болып

бөлінеді. Сонымен қатар бедердің нейтрал (жалпақ) пішіндері бөлінеді. Бедердің

оң  пішіндері  жергілікті  жер  бойынша  көтеріледі (тау, төбелер, мұхит  түбіндегі

құрлық), бедердің  теріс  пішіндері, керісінше  жатқан  аумағына  қарағанда  төмен

(воронка, қазаншұңқыр, аңғар, ойпаң). Едәуір  еңіс  жалпақ  жазықтар, нейтрал

бедер пішіндеріне жатады.

Бедерді  толық  сипаттау  үшін  морфологиялық  сипаттамасымен  бірге

морфометриялық параметрлер қолданылады.

Бедер  пішіндері  өлшемдері  бойынша  бөлінеді: планетарлы, мегапішіндер,

макропішіндер, орташа, ұсақ  және  т.б. Бедер  пішіндерінің  оң  және  теріс

белгілерінде ауданы және орташа айырмасы бойынша бөлінеді.

Бедерді  жаралуы  бойынша (генезисі) екі  үлкен  топқа  бөлуге  болады: а) ішкі

(эндогенді) күштердің  әрекетінен  пайда  болған  пішіндер, б) сыртқы (экзогенді)

күштердің  әрекетінен  пайда  болған  пішіндер. Бірінші  топ  өз  кезегінде  жер

қыртысының  қозғалуымен  және  жанартаулармен  байланысты  пішіндерге

бөлінеді. Бедер  пішіндерінің  екінші  тобы: мору  процесімен, мәңгі  тоң  басу

дамуымен, жерасты  және  ағын, теңіз, қар  және  мұз  суларының, желдің,

өсімдіктің, жәндіктердің, адамның  және  метеориттердің (ғарыштық) әрекетімен

қамтылады.

Бедердің  жаралуы (генезис). Бедер  эндогенді  және  экзогенді  процестердің

әрекеттесуі  нәтьижесінде  қалыпатасады. Бедердің  неғұрлым  ірі  пішіндері

(планетарлы, мега- және макропішіндері, ал  кейбір кездейсоқ  жағдайларда  және

мезопішіндер) эндогенді, ал өлшемі бойынша неғұрлым ұсақ пішіндер  - экзогенді

жаралымдарға  жатады.  Өз  әрекеті  барысында  экзогенді  процестер, бедердің

эндогенді  процесте  жаралуын  не  күрделендіреді, не  ықшамдап  жеңілдетіледі.

Экзогенді  агенттер, эндогенді  бедерлерді  күрделендіре  отырып, өте  ұсақ  мезо-

және  микропішіндер  жасайды: эндогенді  процесте  пайда  болған  әркелкілікті

қиып тастап, әртүрлі  аккумуляциялы пішіндер пайда болады.

Конвекцияланған  мантияда  қайтадан  түзілген  затттарда  пайда  болған


18

эндогенді  бедер  жасаушы  процестер  нәтижесінде  литосфералық  тақталар

жылжуы, тақта шетінде құрлықты қыртыс қалыптасады.

Құрлықты 

қыртыс, пликативті-дизъюнктивті 

құрылым 


вулканизм

қалыптасуымен  бедер  пайда  болуымен  сәйкес  келеді. Бедердің  эндогенді

пішіндері экзогенді  процестердің әрекетімен байланысты.

Экзогенді  процестердің  басты  энергия  көзі – жер  бетіне  су  қозғалу,

литосфераның  ауасы  және  заттарының  энергиясына  трансформациялайтын  Күн

энергиясы. Экзогенді  процестердің  бедер  түзуші  қатарына  жер  беті  су  ағыны

және  мұхит, теңіз, көл, жер  асты  және  жер  беті  суларының  еру, сонымен  қатар

жел және мұз  әрекеті. Экзогенді геоморфологиялық процестерге организмдердің

және  адамның  шаруашылық  әрекетін, бедер  түзуші  әрекеттер  ретінде

қарастырады.

Бедердің жаралуы далалық бақылаулар жүргізгенде анықталады.

Бедердің  жасы. Геоморфологияда, сондай-ақ  геологияда  да  бедердің

«салыстырмалы» және «абсолютті» жасы деген түсінік қолданылады.



Бедердің  салыстырмалы  жасы.  Бір  пішінннің  басқа  пішінмен  қарым-

қатынасын  білу, бедердің  даму  стадияларын  комплексі  бойынша  өздеріне  тән

морфологиялық және динамикалық белгілерін анықтау болып табылады.

Бедердің  салыстырмалы  геологиялық  жасын  анықтау, бедер  қалыптасудағы

уақыт аралығын белгілеуді көрсетеді.

Бедер жасы төмендегідей анықталады:

1. Сәйкестендірілген  шөгінділер  бойынша. Корреляттық  шөгінділер –

бедермен  қатар  жасты  шөгінділер. Бедер  қалыптасу  нәтижесінде  пайда  болған

шөгінді жасын анықтай отырып, берілген бедер пішінінің жасын анықтаймыз.

2. жас аралық әдіспен  өңделген бедер пішінінің  пайда болуы, төменгі және

жоғарғы аралықтарын белгілейтін шөгіндінің жасын анықтайды.

3. денудациялық бедердің «бекітілген» мезгілін анықтау. Кейбір жағдайларда

денудациялық процеске ұшыраған  жазықтардың жоғарғы  бетінде  мору қыртысы

дамиды.

Палеонтологиялық, палеоботаникалық  және  басқа  әдістермен

анықталған  мору қыртысының  жасы  сол  денудацияға ұшыраған  жазықтың жасы

туралы сұраққа жауап береді.

4. фация  ауысу  әдісі. Бұл  әдіс  шөгінділерді  палеонтологиялық  қалдықтары

бар әркелкі фация ауысқан шөгінділерге дейін кеңістікте бақылау барысында екі

шөгіндінің  жасы  бірдей  екендігін  анықтайды, олай  болса, олардан  құрылған

пішіндер де бі мезгілде пайда болғанын көрсетеді.

Бедердің  абсолютті  жасыБедердің  абсолютті  жасын  анықтау  үшін

радиокөміртек, калий-аргонды, фторлы, әркелкі салмақты уран және т.б. әдістер

қолданылады. Әр әдістік өзіндік пайдалану шегіне ие. Бедердің пішіні және көне

шөгінділердің  абсолютті  жасы  сонымен  қатар  палеомагниттің  көмегімен

анықталады.

Бедердің  морфографиялық  және  морфометриялық  сипаттамасын, оның

генезисін, жасын  және  даму  тарихын  анықтау  геоморфология  зерттеулерінің

негізгі мақсаты.

Негізгі әдебиеттер. 1 [8-15]; 2 [12-22; 107-111]; 4 [11-64]. Қос.  5 [77-119].

Бақылау сұрақтары:



19

1. Бедер пішіні, элементтері және типтері.

2. Бедердің морфологиясы бойынша жіктелуі.

3. Бедердің  өлшемдері бойынша жіктелуі.

4. Бедердің жаралуы (генезис)  бойынша жіктелуі. Пенеплен, педимент,

педиплен және жоғарғы жер бетінде тегістелу туралы түсінік.

5. Бедердің абсолютті жасы.

3-ші Лекция. Эндогендік процестер және олардың әрекетінен жасалған бедер

пішіндері. Тектоникалық қозғалыстар.

Жер қыртысының қозғалысы жәнге олармен қалыптасқан таужыныстарының

жатыс  пішіндерін  зерттеумен  геотектоника  ғылым  айналысады. Ішкі  күштердің

әрекетінен пайда болатын жер қыртысының барлық қозғалыстары тектоникалық

деген жалпы атаумен бірігеді.

Тектоникалық  қозғалыстардың  екі  түрі  бөлінеді: а) жерсілкіну, б) баяу

тербелмелі  қозғалыстар, в) қатпаржаралу  қозғалыстар, г) жарылымды

қозғалыстар.

Тектоникалық  қозғалыстарды  туындататын  күштер  екі  бағытта  өтуі  мүмкін:

тік (радиальды) және көлденең (тангенциалдық – жердің бетімен жазық бағытта)

бағыттағы қозғалыстар.

Тектоникалық  қозғалыстар  пайда  болу  уақытына  қарай  мынадай  түрлерге

бөлінеді: а) неогенге  дейінгі  ұзақ  геологиялық  этапта  дамитын көне

(палеотектоникалық); б) жаңа (неотектоникалық) , неогенде  және  қазіргі

уақытқа  дейін  жалғасып  жатқан; в) қазіргі  заманғы – тарихи  периодта  дамыған

және қазіргі кезде жалғасып жатқан қозғалыстар.

Қазіргі  заманғы  кенеттен  жер  қыртысының  қозғалысы  жерсілкіну  кезінде

байқалады.

Жерсілкіну – табиғи  себептермен  туындайтын, жер  қыртысының  кенеттен

қозғалуы. Жерсілкінуді зерттеумен – сейсмология ғылымы айналысады.

Тектоникалық  бұзылыс  пішіндері. Қарқынды  тектоникалық  қозғалыс

кезінде  таужыныстарының  алғашқы  пішіні  бұзылып, әртүрлі  тектоникалық

бұзылыс (дислокация) пайда болып жер қыртысының құрылымы өзгереді.

Таужыныстардың бастапқы көлбеу жатысынан ауытқуларының барлық түрi



дислокация  деп  аталады. Дислокациялар  пликативтiк  және  дизъюнктивтiк

түрлерге бөленедi.

Пликативтiк  дислокациялар  немесе қатпарлы  бұзылыстар – қабаттардың

тұтастығы  сақталатын  дислокациялар. Олардың  арасында  мынадай  негiзi

формалар болады: моноклин, флексура мен қатпарлар.

Қатпар – пликативтiк  дислокациялардың  негiзгi формасы. Қатпарлар  деп

қабаттардың белестенген  иiлiмдерiн айтады. Олардың  екi түрi болады: антиклин

мен  синклин. Антиклиндер – дөңес  пiшiндi қатпарлар, олардың  қанаттары  бiр-

бiрiне кері бағытта еңiс орналасады, ал орталық бөлiктерiнде шеттерiндегiлермен

(қанаттарымен) салыстырғанда көнелеу таужыныстар жатады. Синклиндер – ойыс

пiшiндi қабаттар, олардың  қабаттары  бiр-бiрiне  қарсы  еңiс  орналасады, ал

орталық  бөлiктерiнде  шеттерiндегiлермен (қанаттарымен) салыстарғанда  жастау

таужыныстар орналасады.



20

Қатпарлар  өздерінің  көлденең  қимасында  және  планда  көрсетілетін

құрылысының  ерекшеліктері  бойынша  ажыратылады. Қатпарлар  көлденең

қимадағы құрылысының ерекшелігі бойынша бірқатар типке бөлінеді. Остік беті

мен  қанаттарының  орналасуы  бойынша  тік, еңіс, жатқан  және  төңкерілген

қабаттар бөлінеді.



Дизъюнктивтік дислокациялар (айырылымды бұзылыстар)

Бұл  дислокациялар  таужыныс  қабаттары  тұтастығының  бұзылуына, яғни

айырылуына әкеледi. Олар жарықшақтар мен айырылымды жарылымдар және

уатылу  белдемдерi  түрiнде  бiлiнедi. Қабаттар  айырылып, қозғалысқа  келетiн

жазықтықты жылжытушы  деп  атайды  Жылжытушыға  келiп  түйiскен  қабаттар

бөлікшелерiн қанаттары (немесе  қапталдары) дейдi. Жылжытушы  еңiс

орналасқан кезде аспалы және жатқан қанаттар бөлiнедi

Айырылымды  тектоникалық  бұзылыстардың  айрықша  типiне  тереңдiк

жарылымдар (линеаменттер) жатады. Линеаменттер – терең салынымды (700 км

тереңдікке  дейін) ұзақ  әрекет  ететін  жарылымдар, олар  жер  қыртысын  жарып

өтеді  де  мантияға  тереңдеп  енеді, ал  ұзындығы  мыңдаған  километрге  жетедi.

Линеаменттер  бойынша  әдетте  жер  қыртысының  өте  ірі  блоктары  қозғалысқа

түседі. Олардың мысалы ретінде Талас-Фергана линеаментін (барлық Тянь-Шань

таулары  бойынша  созылады), Курил-Камчатка  мен  Кенді  Алтай  және  т.б.

жарылымдарды айтуға болады.

Жер қыртысының даму процесі айрықша күрделілігімен сипатталады әрі әр

түрлі  формада  жүре  алатыны  көрінеді. Қазіргі  кезде  геотектоникада  екі  негізгі

бағыт  бар, олар  тік  бағытты  және  көлбеу  тектоникалық  қозғалыстарды  әр  түрлі

бағалауға негізделген.

Тектоникалық  құрылымдардың  дамуы  тұрақты  көлбеу  қозғалыстарға

байланысты  деген  постулатқа  негізделген  бағыт фиксизм  деген  атқа  ие.

Геологиялық  ғылымның  дамуы  көлбеу  қозғалыстардың  басымдығына

байланысты деп есептейтін бұл бағыт мобилизм деп аталады.

Жер  қыртысының (және  толықтай  литосфераның) құрылысы  мен  даму

ерекшеліктері  туралы жоғарыда  келтірілген деректер біздің  планетаның әр түрлі

бөлікшелерінде елеулі, принциптік айырмашылықтар бар екенін куәландырады.

Морфологиялық  планда  жер  қыртысының  ең  ірі  элементтеріне

континенттер мен мұхиттық ойыстар жатады. Олардың ауқымында тектоникалық

белсенді  белдемдер (ескірген  терминология  бойынша – геосинклиндер), байтақ

орнықты алқаптар – платформалр және таулы-қатпарлы жүйелер бөлінеді.

Тектоникалық  тақталар  гипотезасы.  Гипотеза  авторларының  пікірі

бойынша, рифт  жаралу  белдемдерінде  литосфера  тақталары

²ажырап², орталық

рифт  белдемінде  жас  мұхиттық  қыртыстың  жаралуы  жүреді. Мұхит  түбінің



спрединг (ажырауы) деп  аталатын  бұл  құбылыс  үзіктігімен  сипатталады,

Тақталар  шекараларында  бірінің  астына  бірі  кіріп  кетуі  субдукция (астына  ену)

деп  аталып, бұл  құбылыс  жерсілкінулер, вулканизм  білінімдері  түрінде

айтарлықтай  механикалық  энергияның  қысқа  мерзімде  бөлініп  шығуымен

сүйемелденеді. Орогендік белдемдер жаралуының басқа жолына континенттердің

соқтығысуы – коллизия жатады. Мәселен, олардың  пікірінше, Гималайдың

жаралуы Индия субконтинентінің Азиямен соқтығысуы нәтижесінде орын алған.


21

Антиклинорий –  жалпы  құрылысы  ұсақ  антиклин  және  синклин

қатпарлармен күрделеген, ірі,  күрделі антиклинді құрылым.



Синклинорий - ұсақ  антиклин  және  синклин  қатпарлармен  күрделеген, ірі,

күрделі синклинді құрылым.



Флексура деп көлбеу немесе еңiс жатқан қабаттардың керпеш тәрiздi иiлген

бұзылысын  айтады. Флексураның төменгi, жоғарғы  және оларды  жалғастырушы

қанаттары  болады. Жалғастырушы  қанат  күрт  еңiс  жатып, қалыңдығы  бiршама

азаяды.


Дизъюнктивтiк  дислокациялар. Бұл  дислокациялар  таужыныс  қабаттары

тұтастығының  бұзылуына  айырылуына  әкеледi. Олар жарықшақтар    мен

айырылымды жарылымдар (уатылу  белдемдерi) түрiнде  бiлiнедi. Жарықшақтар

қабаттарды  ұсақ  блоктарға  бөлгенiмен, олар  бойынша  қозғалыстар  болмайды.

Жарылымдар айырылым  жазықтығы  арқылы  бөлiнген  қабаттарды  әртүрлi

бағытта және қашықтыққа жылжытады. Қабаттар айырылып, қозғалысқа келетiн

жазықтықты жылжытушы  деп  атайды. Жылжытушыға  келiп  түйiскен  қабаттар

бөлікшелерiн қанаттары (немесе  қапталдары) дейдi. Жылжытушы  еңiс

орналасқан кезде аспалы және жатқан қанаттар бөлiнедi

Қабаттардың  жылжытушысы  бойынша  ығысуын  жарылымның  амплитудасы

дейдi. Мынадай  амплитудалар  бөлiнедi: нақты (еңiс) – жылжытушының

жазықтығы  бойынша  бiр  қабаттың  аспалы  және  жатқан  қанаттарының

жабындары  немесе  табандары  аралығындағы  қашықтық; тiк – нақты

амплитуданың тiк жазықтағы проекциясы; көлбеу – нақты амплитуданың көлбеу

жазықтағы  проекциясы; стратиграфиялық – аспалы  және  жатқан  қанаттардағы

бiр қабаттың жабыны немесе табаны аралығының нормал бойынша қашықтығы.

Жарылымдар өздерiнiң сипаты, амплитудасының шамасы, қанаттарының бiр-

бiрiмен салыстырғанда жылжу бағыты мен бұрышы бойынша жiктеледi (9-сурет).



Лықсыма  -  жылжытушысы  түсiңкi қанаты  бағытында  еңiс  орналасқан, ал

аспалы  қанаты  жатқан  қанатымен  салыстырғанда  төмен  жылжыған  жарылым.

Лықсыма  жылжытушысының  көлбеу  жазықтыққа  қатысты  бұрышы 40-60

°

болады. Жылжытушысы тiк бағытта орналасқан лықсыманы тiк лықсыма дейдi.



Қаусырма – жылжытушысы  көтерiңкi қанаты  бағытында  еңiс  орналасқан,

ал  аспалы (көтерiңкi) қанаты  жатқан (түсiңкi) қанатымен  салыстырғанда  құлди

еңiс (60

°-тан аса) жылжытушы бойынша жоғары қарай жылжыған жарылым.



Бастырма – аспалы  қанаты  жатқан  қанатын  жайпақ  еңiстiктi (60

0

-тан  аз)



жылжытушы  бойынша  жылжып  барып  басып  қалатын, қаусырма  типтi

жарылымды  дислокация. Көлбеу  амплитудасы  үлкен  әрi жылжытушысының

еңiстiгi шамалы  жайпақ  бастырмаларды шарьяж немесе тектоникалық

жамылғылар деп атайды. Олардың көлбеу амплитудасы 30-40 км-ге дейiн жетедi

Ығыспа – қанаттары негiзiнен көлбеу бағытта, жылжытушының созылымына

параллель жылжыған жарылым.

Жарылымдар  көбiнесе  топтанып  кездесiп, күрделi дизъюнктивтер:

сатыланған ығыспалар, грабендер мен горсттар жасайды.

Айырылымды  тектоникалық  бұзылыстардың  айрықша  типiне тереңдiк

жарылымдар (линеаменттер) жатады. Олардың ұзындығы мыңдаған километрге

жетедi.


22

Жер  қыртысының  даму  процесi айрықша  күрделiлiгiмен  сипатталады  және

әртүрлi формада өтуi мүмкiн. Қазiр геотектоникада негiзгi екi бағыт бар, олар тiк

және көлбеу тектоникалық қозғалыстардың рөлiн әртүрлi бағалауға негiзделген.

Бiрiншi бағыт  негiзгi рөлдi тiк  тектоникалық  қозғалыстар  атқарады  деген

жорамалдан бастау алады. Бұл бағыт фиксизм деп аталады.

Геотектоникадағы  екiншi бағыт литосфераның эволюциясын блоктардың iрi

масштабты  көлбеу  жылжуымен  байланыстырады, бұл  блоктарға  тұтас

континенттер  кiредi. Геологиялық  ғылым  дамуының  бұл  бағыты  көлбеу

қозғалыстарды негiзгi деп санайтындықтанмобилизм деп аталады.

Екi бағыттың  жақтаушылары  да, геотектоникалық  процестердiң  қозғаушы

күштерi мен  механизмiн  түсiндiрудегi принциптiк  әртүрлi көзқараста

болғанымен, жер  қыртысының  даму  процесiнде  үш: геосинклиндiк (ойысу,

шөгiндiлер  жиналу, магматизм), орогендiк (қатпар  жаралу, тау  жаралу) және



платформалық (орнықты, аз  амплитудалы  тербелiстер) кезеңдердi бөледi. Әр

кезең  өз  кезегiнде  жекелеген  сатылардан  тұрады. Жер  қыртысы  дамуының  осы

басты үш кезеңi тектоникалық циклдi құрайды.

1960-шы  жылдары



жаңа  жаһандық  тектоника  немесе

тақталар

тектоникасы концепциясы ұсынылған. Осы концепцияға сай литосфера iрi қатаң

монолит  тақталарға  жiктеледi. Олардың  ірілері: Еуразия, Тынық  мұхит, Индо-

Австралия, Африка, Америка, Антарктида  және  ұсақ  Арабия, Кариб, Наска,

Кокос. Литосфералық  тақталар  үш  типтi жылжуларға  ұшырайды: ажырау

(спрединг), сығылу (коллизия) және ығысу (трансформдық жарылымдар).



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет