«геоморфология және геология негіздері»



Pdf көрінісі
бет7/9
Дата30.03.2017
өлшемі0,54 Mb.
#10582
1   2   3   4   5   6   7   8   9

 Мұздықтардың  жұмысы. Мұздықтардың  табанындағы  таужыныстарды

қирату  және  айғыздау  жұмысы экзарация (мұздық  эрозиясы) деп  аталады.

Экзарация мұздық құрамында көбiнесе мұзбен бiрге қатып, басты қирату құралы

болып табылатын таужыныс сынықтары болуына байланысты.

Мұз  жылжығанда, терең атыздар, айғыздала  тырналған  дөңбектастар,

тегiстеле  жылтырланған  бедер  пiшiндерi жаралады. Мұздық  эрозиясының iздерi

бар дөңгелектенген асимметриялы таужыныс блоктары қоймаңдайлар, ал олардың

жиынтығы бұйра жартастар ландшафт пiшiнiн жасайды.

Құрамында таужыныс сынықтары бар мұздық тiлдерi жылжыған аңғарлар,

табаны  жайпақ  әрi бүйiр  қабырғалары  қия  астау  тәрiздi пiшiн  қабылдайды.

Осылай мұздық тiлдерi қалыптастырған аңғарлар трог (нем.-астау) деп аталады.

Ол түптiк берiк таужыныстардың бiршама биiктеуiмен аяқталады. Бұл биiктеулер

мұздық қозғалысын тежейдi және ригель деп аталады.

Мұздықтар  әрекетi нәтижесiнде  жаралған  сынықты  материалды морена

деп атайды. Моренадағы қара түстi таужыныс сынықтары күн жылуынан жылдам

қызып, мұзды  ерiтiп, оның iшiне  бата  бередi. Ақшыл  мореналар  керiсiнше  күн

сәулесiн  шағылыстырып, мұздың  үстiнде  биiктеу  орналасқан  саңырауқұлақ


53

тәрiздi пiшiндер  жасайды. Нәтижесiнде  мұздықтың  бетi оның  жекелеген

бөлiкшелерiнiң әркелкi қызып, еруiне байланысты күрделi бедерге ие болады.

Бедердің  таулық-мұздықтар  пішіндері. Таулы  өлкелердегі  мұздық  түрлері

орографиялық  орналасу  және  қоректену  жағдайларына  байланысты  сан  алуан

түрлі.

Тауда  мұздықтардың  пайда  болуы  қар  жұрнағынан  немесе  фирн  дақтары



қалыптасу  кезеңінен  сатылап  басталады. Қар  шекарасына  сәл  жоғары  тау

басындағы  беткейлердің  ойпауытты  жерлерде  қыстай  жиналған  қар  жазда  еріп

үлгермейді. Келесі  жылы  мұнда  тағы  да  жаңа  қар  түседі. Сөйтіп  қар  біртіндеп

фирнге, кейін мұзға  айналады. Мұздың  тұрақты  жиналған  қоры астында жатқан

таужыныстарының  аяздық  үгілуіне  қолайлы  жағдай  туғызса, ал  қар  сулары

үгілген  заттардың  төмен  қарай  сырғып  шығуына  қамтамасыз  етеді. Мұнда

температура  ауытқып, судың  қату  және  еру  процесі  кезек-кезек  ауысуы

нәтижесінде онымен беттескен түпкі таужыныстарының бұзылуын нивация дейді.

Соның  нәтижесінде  жиналған  қардың  астыңғы  жағы  төмендеп  бірте-бірте  тау

беткейінде  орындық (кресло) тәріздес  артқы  қабырғасы  құламалы  немесе  тік

келген, түбі жайпақ ойыңқы пайда болады. Мұндай бедер пішінін кар деп атайды.

Енді  мұздың  өз  дамуының  жаңа  сатысына (кезеңіне) кар  пішіндес  мұздыққа

(каровый ледник) көшеді.

Бедердің  кар  пішіні  аяздан  бірте-бірте  үгілуі  әрекетінен  қабырғалардың

шегінуі  есебінен, гравитациялық  құбылыстар  мен  мұздықтың  түйірлі  материалы

төмен  сырғыту  есебінен  ұлғаяды. Көлемдері  ұлғая  келе  көршілес  жатқан  карлар

бір-бірімен  қосылып, беткейлер  бойында  ірі  және  күрделі  келген  ерекше  бедер

пішінін - мұздық циркін құрайды.

Мұздықтардың  келесі  даму  сатысы  аңғарлық  мұздықтардың  қалыптасуы.

Мұздықтардың бұзушылық әрекеті "экзарация" (латынша "exaratio" - жырту) деп

аталады. Экзарация әрекетінің нәтижесінде шатқал немесе аңғар бойымен төмен

жылжыған  мұздық  олардың  көлденең  қимасын  кеңейтіп  астау  тәріздес  аңғарға

айналдырады. Мұндай мұздық аңғарды трог (нем. trog - астау) деп атайды. Трог

аңғарларының  бойлық  кескіні  бір  келкі  емес, ойлы-қырлы, кедір-бұдыр  болады.

Трог түбінде  көлденең  түрған  түпкі кертпеш  шығыңқыларды ригель  (нем.  rigel  -

бөгет) деп атайды.

Мұздық бедердің ерекше пішіндері, олар: оз, кама, друмлина, зандрлар.

Оз дегеніміз - мұз шегіндегі тасқындардың атыраулық ысырындылары, ал бұл

мұздықтың  жиегі  кері  шегінген  сайын  ұдайы  жалғасып  өсе  берген. Оздар  мұз

денудациясы  басым  болған  аймақтарда  тараған. Оздар  бүгінде  құрылыс

материалдарының көзі ретінде және жол салуға пайдаланылады.



Кама (нем. кama-қырқа) деп  биіктігі 2-5 метрден 30 метрге  дейін  жететін,

кейде  одан  да  асатын, қабат-қабат  флювиогляциалдық  шөгінділерден  тұратын

төбелерді  атайды. Олар  мұз  аккумуляциясы  басым  болған  аймақтарда  тараған.

Бұл  төбелердің  көрінісі  конус  тәрізді  жұмыр  күмбезге  ұқсайды. Төбешіктердің

беткейлері  әдетте 15°-қа  дейін  кейде  одан  да  тіктеу  болады. Қалыптасу  тегі

жағынан камалар оздарға жақын деп есептеледі, бірақ олар мұздық ішіндегі және

астындағы тасқындардың кеңейген орнында пайда болған.

Друмлина  деп (ирланд. dramlin-төбе) бір  жүз  метрден 2-3 км-ге  дейін


54

ассиметриялы  жал  тәрізді  созылған  дөңдерді  атайды: олардың  ені 100-200

метрден 2-3 км-ге  дейін, биіктігі 5 метрден 45 метрге  дейін  жетеді.

Друмлиндердің  ұзын  осі  мұздықтың  жылжу  бағытына  қарай  орналасады.

Олардың  мұздық  қозғалатын  жаққа  қараған  беткейлері  де  қарсы  беткейлері  де

құламалы бола беруі мүмкін. Друмлиндер мореналық материалдан тұрады.



Зандрлар (датша zandr - құм) негізгі  моренаның  сырт  жағындағы  құм,

қиыршық тас, малтатас үйіндісінен қалыптасқан кең аумақты жазықтар. Мұздық

кең  ойпаң  алаптарға  жеткен  кезде  еріген  су  емін-еркін  жайылып  көптеген

арналарға  бөлініп  кетеді. Сонда  сумен  ағып  келген  үгінділердің  барлығы  шөге

бастайды. Алдымен  соңғы  моренаның  жиегінде  ірі  кесектер - малта, қиыршық

тастар, әрі  қарай  құмдар  шөгеді, одан  әрі  судың  ағыны  әбден  басылғанда, ұсақ

құмдар, құмайт, лай  шөгеді. Сөйтіп, негізінде  құмнан  қалыптасқан  зандр

жазықтар пайда болады.

Мұздық 

шөгінділерде 



құрылыстық 

материалдармен 

қатар, кейбір

шашылымдардың түрлерін кездестіруге болады.



Мәңгі  тоң  таралған  аймақтарда  бедердің  құрылу  процестері. Мәңгі

тоңның  таралуы  және  құрылысы. Қыстық  температурасы  төмен  елдерде  жер

бетінің  топырағы  мұзданып  қатып  қалады. Бұл  құбылыс  мерзімдік  немесе

маусымдық тоң деп аталады. Алайда, жердің кең аумағын (құрлықтың 25%) мәңгі

тоң  басып  жатыр. Таужыныстарының  температура  мөлшері  ұзақ  уақыт  теріс

күйде  болуын мәңгі  тоң  дейді. Мәңгі  тоң  ғасырлар  бойына  тіпті  мыңдаған

жылдар  бойына  сақталуы  мүмкін. Жоғары  ендіктерде  мәңгі  тоң  дамыған

аймақтарда тоңазыған грунт қазіргі климаттық жағдайларда ешқашан да ерімейді.

Мәңгі тоңның едәуір аумағы Канада да және Ресейде кездеседі.

Мәңгі  тоң  бүкіл  табиғат  құрамбөліктерінің  сипатына  ықпал  жасайды. Мәңгі

тоң таралған аймақтарда ерекше бедер пішіндері түзіледі. Мұнда топырақ құрылу

процесі баяу жүреді, ағаш өсімдігі тамырын тереңге жая алмайтындықтан орман

сирек  өседі. Мәңгі  тоңның  әсерін  үй  құрылысында, жол  салуда, пайдалы

қазбалар, әсіресе  мұнай мен  газ  өндіруде, бұрғылау  жұмыстарын жүргізуге, егін

егуде есепке алу тиіс.



Тоңдық  деформациялар  және  бедердің  тондық  пішіндері. Тоңның

грунттарында ең көп тараған деформациялардың түрі топырақтың ұлғаюы, немесе

бұдырлануы, бөртуі (пучение). Мұндай  судың  сұйық  түрінен  қатты  түріне

айналуына, топырақтың  суға  қанығып, көлемінің  ұлғаюына  байланысты  пайда

болады. Осындай  жолмен  пайда  болған  ықшамды  келген  жеке-дара  пішіндерді

бұдырлану төбешіктері (бугры пучения) деп атайды.

Көп  жылдық  тоң  аймағының  жерасты  сулары  тоң  үстіндегі, тоң  арасындағы

және тоң астындағы суларға бөлінеді. Егер тоң арасындағы немесе тоң астындағы

сулары  бір  жерге  жиналса, онда  мұз  өзегі  бар  жер  бетінде  ірі  төбешіктер

қалыптасады, мұндай төбешіктерді гидролаколиттер деп атайды.

Егер  жерасты  тоңаралық  немесе  тоңасты  сулар  тікелей  жер  бетіне  шықса,

онда  олар қызылсу (наледи)  дейтін  ерекше  мұзды  пішіндерді  құрайды. Осындай

пішіндер  өзен  сулары  аңғарының  түбіне  дейін  қатқан  мұздың  бетінде  де  пайда

болады. Мұндай  түрлерін тарындар  деп  атайды. Қызылсудың  ірі  пішіндері  жаз

кезінде де сақталады. Олардың геоморфологиялық маңызы осы пішіндер тараған



55

аймақтарда аяздық үгілу мен солифлюкция процесі қарқынды түрде жүреді.

Мәңгі  тоң  тараған  аймақтарда құрылымдық  топырақтар (структурные

грунты) деп  аталатын  ерекше  микро  және  мезобедер  пішіндері  кең  тараған.

Мұндай  пішіндер  әртүрлі  суға  қаныққан  топырақ  массасының  іріктелу

(сортировка) нәтижесінде  және  олардың  қатуы  немесе  еруі  бірнеше  мәрте

болғаннан  кейін  қалыптасады. Олардың  ішінде: тасты  көпбұрыштар (каменные

многоугольники), тасты  сақиналар (каменные  кольца), тас  жолақтар (каменные

полосы) кездеседі.

Мәңгі  тоң  топырақтар  дамыған  аймақтардың  өзендері  де  өзінше

ерекшеліктерімен  сипатталады. Өзен  суының  мол  болуы  бір  жағынан  тоң

топырақтардың  еруі, екіншіден, судың  фильтрациясы  мүлдем  болмауына

байланысты. Мұндай  суы  мол  өзендердің ағыны  да  өте жылдам  болып, бүйірлік

эрозия  арқылы  аңғарларды  қарқынды  түрде  кеңейтеді. Бұған  судың  жылулық

қасиеті  жағадағы  тоң  топыраққа  әрекет  жасап, аңғардың  одан  әрі  кеңеюіне

қолайлы жағдай жасайды.

Сөйтіп, мәңгі  тоң  тараған  аймақтар  өзіне  тән  айырмашылығымен  және  әр

түрлі микро-мезобедер пішіндермен ерекшеленеді..



Солифлюкция – грунтты  сулармен  қаныққан  беткейлерден  сырғуы. Көп

жылдық  тоңбасу  аудандарында  бұл  процесс  кең  таралған, мұз  басқан  су

өткізбейтін грунттардың жазға мезгілде еріген массасаға айналады.

Негізгі әдебиет: 1 [80-84; 84-86 ], 2 [182-195], 4 [88-93; 156-179],

Бақылау сұрақтары:

1. Мұздықтардың жаралу жағдайлары.

2. Қазіргі заманғы мұздықтар.

3. Эрозиялы мұздықты бедер пішіндері

4. Мореналарға сипаттама

5. Мұздықтардың бедер пішіндерінің түзілімі: оз, зандр .

6. Мәңгі тоң басу бедер пішіндері.

12-ші лекция.  Желдiң геологиялық әрекетi (эолдық процестер)

Жел – атмосферадағы  ауа  ағысы. Жер  бетiнiң  оның  әртүрлi

шағылыстырғыш қабiлетi мен Күн сәулесiнiң әркелкi бұрышпен түсуi салдарынан

әртүрлi қызуы, температураның  атмосферада  тiк  бағытта  таралуы  мен  оның

маусымдық ауытқуы ауа массасының көлбеу бағытта да қозғалысын туындатады.

Ауа  массаларының  қозғалысы  нәтижесiнде  атмосфералық  қысымда  ауытқиды.

Бұл  ауытқулар  көбiнесе  теңiз  деңгейiнде 101 кПа  мөлшерiн  құрайтын  қалыпты

атмосфералық қысымның 10% шамасына дейiн жетедi.

Ауа  қозғалысын  туындататын  факторлардың  әрекетiн  Жер  пiшiнi мен

айналуының ерекшелiктерi, оның бетiнiң бедерi және т.б. күрделендiредi. Жалпы

алғанда жербетi маңы қабатында тұрақты, кезеңдiк және кезеңсiз желдердiң тұтас

жүйесi әрекет етедi.

Тұрақты  желдерге  экватор  бойымен  шығыстан  батысқа  қарай  соғатын

пассаттар жатады, олар субтропиктерден экваторға қарай планеталық тұрақты ауа

қозғалысы, бiрақ  Жердiң  айналуы  оны  батысқа  қарай  ығыстырады. Сондықтан

солтүстiк  жарты  шарда  пассаттар  солтүстiк-шығыстан, ал  оңтүстiкте – оңтүстiк-



56

шығыстан басталады. Тұрақты желдерге қоңыржай ендiктердiң батыс желдерi де

жатады, олар  екi жарты  шарда  да  қырқыншы-алпысыншы  ендiктерiнде  шығыс

бағытта соғады.



Кезеңдiк  әрекеттi  желдер  су  мен  құрлықтың  әртүрлi жылдамдықпен

қызуына  байланысты. Оларға муссондар  жатады. Бұл  желдер  жазда  теңiзден

құрлыққа, ал  қыста құрлықтан  теңiзге  қарай бағытталған  ауа  температурасының

маусымдық  ауытқуларына  байланысты. Температураның  тәулiктiк  ауытқулары

кезеңдiк  әрекеттi басқа  жел – бриз  пайда  болуына  әкеледi, ол  күндiз  теңiзден

құрлыққа, ал түнде – керiсiнше бағытталады. Кезеңдiк әрекеттi желдерге сондай-

ақ тау-аңғар желдерi де жатады, олар таулар мен аңғарлардың тәулiк ағымында

әртүрлi жылынуы  мен  салқындауына  байланысты. Ауа  температурасының

айырмасы күндiз аңғардан тау беткейлерiне, ал түнде таулардан аңғарларға қарай

бағытталған  желдiң  пайда  болуына  әкеледi. Мысалы, Алматы  қаласы  осындай

желдер әсер ететiн белдемде орналасқан.

Кезеңсiз желдерге  дауылқұйын  және тропик  циклондары  жатады. Бұл

желдердiң  пайда  болуы  әдетте  әртүрлi факторлардың  күрделi әрекетiне

байланысты (қысым, температура, ауаның ылғалдығы және т.б.), сондықтан олар

кенет жаралып, болжауды қиындатады.

Айналадағы  нәрселерге  әрекет  ету  күшiн  анықтайтын  ауа  массаларының

қозғалыс  жылдамдығы  бойынша  атмосфера  күйiнiң  мынадай  түрлерiн  бөледi:

штиль (жылдамдығы 0,5 м/с  дейiн); баяу  кемiрсал, самал  және  күштi жел (0,5-

20м/с); дауыл, теңiз  дауылы (20-40 м/с); қатты  дауыл (40 м/с  асады). Сонымен

қатар, жоғары  және  төмен  қысымдар  орталықтары  төңiрегiнде  айналмалы

қозғалыс жасайтын ауа тасқындары байқалады. Олар шаңды құйындар мен дүлей



құйындар деп аталады.

Бiрақ ең апатты табиғи құбылыс тропик циклондары (дауыл, тайфун) деп

аталатын  желдермен  байланысты. Олар  тропиктiк  ендiктерде  пайда  болатын,

диаметрi ондаған метрге немесе жүздеген километрге жететiн және биiктiгi 10-15

км  болатын iрi атмосфералық  құйындар  болып  табылады. Тропиктiк  циклонның

орталыққа бағытталған күшi едәуiр болатындықтан, құйынның орталық бөлiгiнде

терiс  атмосфералық  қысымды  алқап  жаралады. Планетада  жыл  сайын 70-80

тропиктiк циклон тiркеледi, бiрақ оның аз бөлiгi ғана қиратушы күшке ие болады.

ЮНЕСКО деректерi бойынша, тропиктiк циклондардан және оларға байланысты

су тасудан жыл сайын орташа алғанда шамамен 15 мың адам апат болады екен.

Жел  әрекетiмен  байланысты  геологиялық  құбылыстардың  барлығы

эолдық процестер (эол – ежелгi грек мифологиясында жел құдайы) деп аталса, ал

желдiң көмегiмен жаралған түзiлімдерде эолдық деп аталады.



 Желдiң  қиратушы  жұмысыЖелдiң  геологиялық  жұмысы  айтарлықтай

дәрежеде  оның  жылдамдығымен  анықталады. Желдiң  күшi туралы  дауылдар

туындататын қирауларға қарап айтуға болады, мәселен: мистраль кейде темiр жол

вагондарын  аударып  тастайды; дүлей  құйын  ауаға  құмды, тасмалтаны, кейде iрi

тастарды  да  көтерiп  кетiп, бiршама  жерлерге  дейiн  апарып  тастайды. Айрықша

үлкен жұмысты тропик тайфундары атқаруға қабiлеттi, олар тас үйлердi аударып

тастайды, мұхит кемелерiн жеп-жеңiл көтерiп апарып, құрлыққа лақтыра салады.


57

Жер бетiне шығып жатқан таужыныстар желдiң күшiнен де, ол тасымалдаған

құм  мен  тозаңның  көмегiмен  де  қирайды. Жел  тасымалдаған  бөлшектер  ашық

таужыныстар  бетiне  соқтығысып, көп  дүркiн  қайталанатын  осындай  соғулар

нәтижесiнде  олардың  бетiнде  сызықтар, айғыздар, қуыстар, атыздар,

жырымдаулар және т.б. жаралады.

Таужыныстарда желдiң жонуынан пайда болған әртүрлi қуыстар, айғыздар

мен  жартастардың  жылтырлануы корразия  (лат.  “корразио” - жонамын) деп

аталады. Корразияның  бiлiну формалары әртүрлi. Түбiрлiк  таужыныстарда  мору

нәтижесiнде  пайда  болған  жарықшақтардың  кеңеюi өзiндiк  бедер  пiшiндерiнiң

жаралуына  әкеледi. Мәселен, В.А.Обручев  суреттеген  Жоңғариядағы “эолдық

қала” немесе Красноярск өлкесiнде белгiлi “эолдық бағаналар” осының нәтижесi.

Ауа  сорғаламалары  қопсық  немесе  нашар  цементтелген  таужыныстарға

тiкелей  жанасқанда, бос  материалды  үрлеп, ұшырып  әкетедi. Түбiрлiк

таужыныстардың  қатты  бөлшектерiн  желдiң  үрлеп, ұшырып  және  суыруы

дефляция  (лат.  “дефляцио” – үрлеу, суыру) деп  аталады. Дефляцияның

жылдамдығы  желдiң  күшiне, таужыныстардың  жатыс  ерекшелiктерiне,

берiктiгiне  және  т.б. байланысты. Дефляция  әсiресе  мору  процестерi жақсы

дамыған аудандарда қарқынды жүредi.



Желдiң  тасымалдаушы  жұмысы. Желдiң  жұмысы  сынықты  материалды

тасымалдау  кезiнде  айрықша  бiлiнедi. Тасымалдау  алыстығы  материалдың

тасымалдану  мөлшерi мен  тәсiлi, бөлшектердiң iрiлiгi мен  желдiң  күшiне

байланысты. Мәселен, жылдамдығы 6,5 м/с  жел  диаметрi 0,25 мм-ге  дейiнгi

тозаңды жеңiл ұшырып әкетедi. Жылдамдығы 10 м/с болатын күштi жел диаметрi

1 мм  құм  бөлшектерiн  тасымалдай  алады. Ал  жылдамдығы 20 м/с-ке  дейiнгі

дауыл желдер, диаметрi 4 мм-ге дейiнгi ұсақ тастарды әкете алады. Өлшемi 0,05

мм-ге дейiнгi тозаң тәрiздi бөлшектердi жел мыңдаған  километр қашықтықтарға

жеңiл тасымалдайды, ал диаметрi 0,5-2 мм болатын сынықтар өздерiнiң бастапқы

жатқан  жерлерiнен  жүздеген  километр  жерлерге  дейiн  ұшырып  әкетiледi.

Пассаттардың  Сахара  тозаңын  Атлант  мұхиты  арқылы 2-2,5 мың  км

қашықтықтарға  тасымалданатынын  куәландыратын  мысалдар  бар. Ал, Арал

маңынан көтерiлген  тұзды тозаң Батыс  Еуропа мен Африкаға дейiн жеткен. Жел

тасымалдайтын материалдың мөлшерi жүздеген  мың, тiптi милиондаған  тоннаға

жетедi. Есептеулер  көрсеткендей, орташа  дауыл  көтеретiн  тозаңның  көлемi 25

км

3



-ге жетедi, яғни 50 млрд т массаны құрайды екен.

Желдiң  жасампаздық  жұмысыЖел  өзiндiк  түзiлiмдер  мен  әртүрлi оң

және  терiс  бедер  пiшiндерiн  қалыптастыру  арқылы  үлкен  жасампаздық  жұмыс

атқарады. Ауданның бедерiне, оны жапқан өсiмдiктiң сипатына және негiзгi жел

режимiне  байланысты  тасымалданған  материалдардың  аккумуляциялануы

басталады. Жаралатын  құм-саз  таужыныстар эолдық  түзiлiмдер  деп  аталады,

олардың  негізгісі – лёсс. Эолдық  түзiлiмдер  климаты  құрғақ, тәулiктiк  және

маусымдық  температурасы  күрт  өзгергiш  аудандарда  айрықша  қарқынды

жаралады. Климаты мейлiнше құрғақ, ашық бетiнен булану атмосфералық жауын

мөлшерiнен асып кететiн осындай аумақтар шөл деп аталады.

Шөлдер  желдiң  геологиялық  әрекетiнiң (корразия, дефляция, желдiң

тасымалдануы мен  седиментациясы) басты аренасы ғана  емес. Белгiлi мөлшерде


58

шөлдердiң  өзi желдiң  геологиялық  жұмысының  нәтижесi болып  табылады. Шөл

әдетте  өсiмдiк  жабыны  әртүрлi себептерге  байланысты  солып, қурап  кетуiнен

пайда  болады. Сондай-ақ  шөлдердiң  жаралуына  орман  массивтерiн  кесiп, жою,

жердi дұрыс  пайдаланбау  және  т.б. да  ықпал  етедi. Шөлдер  ұдайы  ұлғаюымен

сипатталады. Бұрын  шұрат  және  шөлейт  болған  аудандар  бiртiндеп  жылжыған

құм массаларының астында қала бередi.

Бедерге  байланысты  шөлдер таулы  және құмды  түрлерге  бөлiнедi. Басты

процестер  мен  эолдық  материал  сипатына  қарай  тасты (дефляция  басым

болғанда), құмды  және лесстi (аккумуляция  басым  болған  жағдайда) шөлдер

бөлiнедi.  Бiздiң планетада шөлдер үлкен аудандарды қамтиды. Мәселен, Азияда

олар континенттiң 2156 мың км

2

, яғни 5,4% ауданын, Африкада – 6550,5 мың км



2

(21,6 %) жерiн  алып  жатыр. ТМД  ауқымында  шөлдер 2 млн  км

2

  шамасындағы



ауданда  таралған, олардың  ширегi Түркiменстанда, мұнда  шөлдер  оның 90%

аумағын жайлаған.

Ең  көп  таралғаны – айрықша  бедер  формалары  бар  құмды  жазық  шөлдер.

Мұндай формаларға орақ немесе жарты ай пiшiндi ассиметриялы құм төбелерi –



барқандар  жатады. Олардың  негiзiнен  бiр  бағытта  тұрған  желдiң  әрекетiнен

жаралады. Құмды  шөлдiң  бұл  бедер  формасының  өсуi әдетте  бiр  кедергiден

(сексеуiл бұтасы, тас және т.б.) басталып, бiтiндеп жел суырған  және жел үйген

беткейлерi қалыптасады. Барқандардың  биiктiгi 30-140 метрге жетедi.

Құмды  шөлдердiң  өте  үлкен  бедер  пiшiндерi  теңiз  жағалауларында

жаралады. Мұнда  астыңғы  жағы  ылғал  жерге  тiрелген дюна деп  аталатын

пiшiндер  қалыптасады, олар  үстi дөңгелек  ұзыншақ  төбелер. Сахарадағы iрi

дюналардың биiктiгi 500 метрге жетедi.

Сазды  шөл  бедерiнiң  өзiндiк  пiшiнiне  сазды  қабыршақпен  жабылған  саяз

қазаншұңқырлар – тақырлар  жатады. Оның  бетi жарылып  кеткенде  сызықтық

өлшемдерi 7-12 см  көпбұрышты  тақташаларға  бөлiнедi. Сазды  шөлдердiң  келесi

бедер  пiшiнi сор немесе сорлы  шөл. Ол  кеуiп  кеткен  тұзды  көлдердiң  орнында

пайда болып, саз бен тұздың қопсық қабатымен жабылады.

Лёсстi  шөлдер  жел  әкелген  ең  ұсақ  тозаң  бөлшектер  аккумуляцияланған

бөлiкшелерде  жаралады. Мұндай  бөлшектердiң  жиналуы (өлшемi 0,05-0,1мм

бөлшектер 50%-тен  асады) сарғыш  түстi қопсық  және  кеуек  таужыныс – лёсс

қалыптасуына  әкеледi. Лёсс  жер  шарының  байтақ  кеңiстiктерiн  жауып  жатады.

Мәселен, Алатау  бөктерi бойымен  созылған  лесс  белдеуi шығыстан  батысқа

қарай 1500  км  аралықта  орналасқан. Таулы  жазықтарда  ғажайып  пiшiндi

жекелеген жартастар жаралуы тән, олар тау жұрнақтары деп аталады. Дефляция

процестерiмен  сусыз  ойпаңдардың  жаралуы  байланысты: Орта  Азияда - үрлену



қазаншұңқырлары, Африкада – ұзыншақ  аңғарлар ваадитанаутастар  немесе

“ұяшықты” жартастар және басқа терiс пiшiндi бедер түрлерi.

Негізгі әдебиет: 1 [80-84; 84-86 ], 2 [182-195], 4 [88-93; 156-179],

Бақылау сұрақтары:

1. Солифлюкциялы бедер пішіндері.

2. Шөлдер .

3. Дефляция және дефляциялы пішіндер, корразия.



59

4. Бедердің құмді пішін типтері.

5. Желдiң жасампаздық жұмысы.

13-ші  лекция. Жағалық  теңіздік  процестер  және  бедер  пішіндері. Жаға

туралы  түсінік, Абразия. Абразиялық  жаға  типі. Теңіз  террасалары. Теңіз

жағалауларының  бедер  пішіндері. Жағалық  сызық. Жаға  белдемінің

аккумуляциялық пішіндері. Жағалық сызықтың бастапқы жіктелу типтері.



Теңіз жағалаулық процестері мен бедер пішіндері.

Жаға - құрлық  пен  теңіздің  шекарасы. Бұл  шекара  картада  сызық  арқылы

көрінгенімен, шындығында  құрлық  пен  теңіздің  өзара  қарым-қатынасы

әрекетінен пайда болған жағалық белдем.

Жағалық  белдем  өз  жағасынан, яғни  оның  суға  дейінгі  бөлігі  және  су

түбіндегі  жағалық  беткейден  құрылады. Жағалық  белдемінің  құрылуы  алдымен

теңіз  толқындарының  әрекетіне, ал  толқын  ағыстары  тектоникалық  қозғалыстар

мен  жағалық  белдемнің  геологиялық  құрылысына, онымен  бірге  теңіз  көтерілуі

мен оның қайту құбылыстарына байланысты.

Жағалық белдемнің төменгі және жоғарғы шекаралары толқындардың жағамен

динамикалық байланысу  ықпалымен шектеледі. Оның төменгі шекарасы толқын

ұзындығының  жартысындай  тереңдікте, немесе  толқындардың  деформация

түзілген тереңдігінен басталады. Ал жоғары жағындағы шекара теңіздің көтерілу

кезіндегі  толқындардың  шашырау  сызығына  жеткенге  дейін  белгіленеді. Теңіз

жағасында  теңіз  толқынының  шарпуы  әрекетінен  пайда  болған  үйінділердің

жиынтығын жағажай (пляж)  деп  атайды. Су  астындағы  жағалық  беткейлерге

қарағанда  жағажай  көбінесе  құмдардан, өңделген  қиыршық  тастардан  және

жәндіктердің қалдықтарынан құрылады.

Морфологиялық  түріне  қарай  жағажайлар  толық  бейінді  жағажай (пляж

полного  профиля) және  толық  бейінді  емес  жағажай (пляж  неполного  профиля)

деп  бөлінеді. Егер  үйінді  жиналатын  жағаның  алдыңғы  жағында  бос  кеңістік

болса  бұны  толық  кескінді  жағажай  дейді. Мұндай  жағажай  теңізге  қараған

беткейі  кең  жайпақ, ал  жағаға (құрлыққа) қараған  беткейі  керісінше, қысқа

құламалы болып, жағалық белес (береговой вал) түрінде көрініс береді.

Егер  жағажай  кемердің  етегінде  қалыптасса, онда  ол  жантайған  жағажай

(прислоненный пляж) деп аталады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет