9-шы лекция. Флювийлік процестер және бедерлер пішіндері
Жер бетіндегі бедер пішіндерін түзетін басты экзогендік процестердің бірі
арналы су ағындарының - өзендер мен бұлақтардың қиратушы және
аккумуляциялық әрекеті. Геоморфологияда су ағындарының тасымалдаушы және
қиратушы әрекетін эрозиялық әрекет немесе эрозия деп атайды. Ал,
аккумуляциялық әрекет аллювийлік, пролювийлік және атыраулық процестерге
45
бөлінеді. Су-эрозиялық
және
су-аккумуляциялық
процестер
және
қалыптастыратын бедер пішіндері мен шөгінділер жалпылама флювийлік (лат.
fluvium-өзен) деп аталады.
Ағын су әрекеті байтақ аймақтарды қамтып, үлкен жұмыстар атқарады.
Мәселен, бұрынғы КСРО аумағында өзендер бір жылда 800 млн. Тоннаға жуық
минералдық заттар тасымалдаған. Сонымен бірге флювийлік процестермен
көптеген маңызды кенорындар – алтын, платина, сирек элементтер, құрылыс
материалдары байланысты.
Ағын сулар жер беті пішіндерінің қалыптасуында маңызды рөл атқарады.
Олардың әрекетінен пайда болған бедер пішіндері алуан түрлі. Сол себептен суды
жер бетінің мүсіншісі дейді. Ағын сулардың әрекеті алдымен сумен шайылуынан,
шайылған заттардың судың ағынымен төмен тасымалдануынан, соңында оларды
шоғырлап жинауынан құралады. Сонымен, ағынды сулар әрекетімен
атқарылатын геоморфологиялық процестердің жиынтығын флювийлік процестер
деп атайды.
Уақытша ағын сулардың әрекеті және олар құрайтын бедерлер
пішіндері. Уақытша ағын сулар әрекетінен пайда болған бастапқы эрозиялық
пішіндер – жылғалар (атыздар). Жыртылған және сирек өсімдікті беткейлерде
жылғалар уақыт өте бере тереңдігі 1,0-2,0-м-ге, ені 2,0-2,5 м-re жететін эрозиялық
жырмаларға айналады. Алайда кез-келген эрозиялық жылғалар жырмаларға
айнала бермейді. Ол үшін ағыс күштірек, жиналған судың көлемі молырақ болу
тиіс.
Су қоры жеткілікті мөлшерде жиналғанда жырмалардың бір бөлігі тереңдей
және кеңи келе, бірте-бірте жыраларға айналады. Жыра жылдам өсіп-өршитін
эрозиялық пішін. Жыра ұзарып, оның бойлық қимасы қалыптасқан сайын, аққан
судың эрозиялық күші азая береді, ақырында жыра сайға айналады.
Жыра эрозиясы - халық шаруашылығына елеулі зиян келтіретін табиғи апат.
Олар ауылшаруашылығында пайдаланатын жерлердің біразын істен шығарады да,
өңдеуге жарамайтын аймақтарға айналдырады, жол құрылыстарын бұзады және
т.б. Жыра эрозиясымен қарсы күрес жүргізу үшін алдын ала сақтандыру
әрекеттеріне назар аудару керек. Көптеген халық шаруашылық жұмыстарына
(гидротехникалық құрылысында, суландыру жүйелерінде, жол және басқа өндіріс
құрылысында) эрозияға қарсы шараларды зерттеп жүзеге асыру және қолдану
қажет.
Құрлық бетіндегі ағатын: жаңбыр, қар, су мен ағыстардағы тұрақты және
уақытша сулар, үлкен және кіші өзендердегі сулардың барлығы ағын сулар деп
аталады.
Ағын сулармен таужыныстарының бұзылуы эрозия деп аталады. Бұл
жұмыстың сипаты мен масштабы көптеген себептерге байланысты соның ішінде
жер бетіндегі сулардың ағындарының пішініне байланысты, яғни арналық және
арналық емес болып келеді.
Арналық емес ағын сорғаламалы және жазықты болып бөлінеді. Жазықтағы
ағын қатты жаңбырда біркелкі беткейде жұқа қабатты су түрінде, барлық жер
бетімен қозғалып туындайды. Сорғаламалы ағын әлсіз жаңбырда беткейде
уақытша аққан сулар ұсақ ағынымен, жалпы ағыспен өтеді.
46
Беткейлермен және тұрақты арна суларымен ағатын сулар жазықтық шаю
туындатады. Процестің қарқындылығы грунт қасиеттері және беткейдің еңістігі,
өсімдік жамылғысының дамуы, түскен жауын-шашын саны, қар еру
жылдамдығы, судың булану жағдайына және басқа факторларға байланысты
болады.
Беткейдің етегіне аға отырып, жердің тегіс бетіне өткенде сулар жер бетімен
ағып, әкелген материалдарын қалдырып буланады. Нәтижесінде беткей ойыс
кескінді, ал етегінде шөгінді материал жиналады. Материалдар іріктеліп:
беткейдің жоғарғы жағында неғұрлым ірі, ал төменгі жағында ұсақ бөлшектері
шөгеді. Шөгінділердің мұндай жолмен жаралуы делювий деп аталады. Таулы
жерлерде беткейлер сынық материалдармен жабылады, өсімдіктермен әлсіз
жабылған жерлер қар ерігенде және нөсерлі жауындарда кіртасты ағын сел
туындатады. Беткейде материалдарды ала отырып, су ағыны беткейден төмен
түсіп, арнасында жиналып, арналы ағыс ретінде қозғалып сынықты
материалдармен (жалпы көлемінен 70-80 %-ке дейін) яғни ірі жақпартастар және
дөңбектастар сұйық массамен араласады. Тау аңғардан шыққанда бұл барлық
материал шығару конусы түрінде жиналып, пролювий деп аталады. Селдер үлкен
қирату күшіне ие. Селмен күресу үшін мықты қорғандар, бөгет, су айрықтарын
салады.
Арналық ағын уақытша және тұрақты болып бөлінеді. Уақытша арналық ағын
шұңқыр, сушайып кеткен жерлерді, беткейді кенеттен бөлшектейді. Беткейдің
алғашқы шайылуының бірінші белгілері эрозиялық атыздар, шұңқырлар болып
табылады. Эрозиялық бедер пішіндеріне U-тәрізді ,V-тәрізді кескіндер пайда
болады. Жыраларды зерттеу барысында қорғану шараларын жоспарлау үшін
аэротүсіріс және топографиялық карталар қолданылады. Аэротүсірістерде
(әсіресе үлкен масштабта) жыралар ғана емесм беткей ауданы жердегі
бақылаудағы сияқты анық көрінеді. Топографиялық карталарда ірі масштабта
шартты белгілермен шайылған жерлер пайда болып жатқан жыралар бейнеленеді.
Горизонталдар көмегімен жыраларға тән белгілер жиек пішіндері беткей сипаты
көлденең кескін көрсетіледі. Карта бойынша құлау еңістігі саға белгілерінің
айырмасы анықталады.
Тұрақты арналық ағын - өзендер, уақытша ағыстардан айырмашылығы
үздіксіз ұзақ уақыт әрекетте болады. Өзендер өзінің даму процесінде аңғар
жасайды. Аңғарлар тар төмен бедерлерде ұзындығына созылған.
Аңғарлардың морфологиялық элементтері. Өзен аңғары дегеніміз - жер
бетіндегі аса енді емес, ұзына бойы ирелеңдеп созылып жатқан жалпы еңістегі
өзеннің бастауынан сағасына қарай бағытталған ойпаң түрінде көрініс беретін
бедер пішіні. Аңғар су ағындарының эрозиялық әрекеті нәтижесінде
қалыптасқан.
Аңғарлардың төмендегідей негізгі морфологиялық элементтері бар: арна,
жайылма, терраса, аңғар жағалауындағы беткейлер.
Арна - өзен суы үнемі үздіксіз ағатын аңғар табанының ең теренделген бөлігі.
Жайылма - өзен аңғарының сол өзен тасыған кезінде су басып кететін бөлігі.
Террасалар - тегіс немесе аздаған еңістігі бар аңғардың беткейлер шегінде
сатыланып орналасқан алаңдар, соның ішінде жайылма ең төменгі терраса болып
47
есептеледі.
Аңғар беткейі - өзен аңғарының екі жағалауын оқшаулап шектейтін, еңістігі
өзен арнасына бағытталған көлбеу жазықтық. Оның беті жыра, сай және басқа да
жуып-шаю әрекеттерінен пайда болған элементтерден тұрады.
Өзен меандрлары, меандр түрлері. Өзеннің ырғақты түрде ирелеңденуі
меандрлар деп аталады.
Жалпы меандрдың екі түрін ажыратуға болады: 1) аңғарлық меандрлар
(врезанные меандры) - олар бүкіл аңғардың иілістерін (бұрылыстарын)
бұлжытпай қайталайды; 2) еркін арналық меандрлар (блуждающие меандры) -
жалпақ, тегіс аңғардың түбінде пайда болады.
Меандрлардың осы екі түрі өзеннің еркін иректену категориясына жатады,
бұл су ағыны мен шайылуға ұшыраған таужыныстардың өзара әрекеттестігімен
ғана белгіленеді. Аңғардың созылыңқы иіндері аңғар жағасындағы түпкі
таужыныстардың әсеріне байланысты. Мұндай тұрақты таужыныстар өзен өзінің
оптималды режиміне сай меандрлар түзуіне мүмкіндік бермейді. Еркін
(блуждающие) меандрлар өзеннің иректелу көлеміне әсер ететін төзімді
таужыныстарды (кұм, құмаит, саз, малтатастар) жырып өтеді. Негізінде, бұл
құбылыстардың физикалық мәні әр аңғарда бірдей.
Өзен аңғарларының морфологиялық және генетикалық түрлері. Өзен
аңғарларының морфологиясы олардың жергілікті физикалық-географиялық
жағдайларына, геологиялық құрылысына және даму тарихына байланысты.
Таулы өлкенің жоғары өрлеуіне байланысты қарқынды түрде эрозиялық тілімдеу
нәтижесінде саңылау, шатқал және каньон тәрізді терең аңғарлар пайда болады.
Саңылау (теснина, щель) - екі жағы тік құламалы, тар аңғар. Тау шатқалы
(ущелье) - көлденең қимасы v- әрпі тәрізді терең аңғар. Көп жағдайда, шатқал
тектоникалық жарылымдар бойында қалыптасады, кейіннен ағын сумен одан әрі
кеңейіп, тереңдей түседі.
Каньон - жағаларының беріктігі - әр түрлі, оның үстіне жазық бағытта
қабатталған таужыныстарды су тіліп өткен жағдайда кертпештеніп қалыптасқан
саты тәрізді аңғар эрозияға төзімді таужыныстар тегістеліп каньонның жағасында
террасаға ұқсас жазық алаңшалар құрады.
Жоғарыда айтылған үш түрлі аңғарлардың (саңылау, шатқал, каньон) түбін
түгелімен немесе түгелге дерлік су басып жатады.
Геологиялық құрылымына және тектоникалық элементтерінің байланыс
сипатына қарай аңғарлар синклиндық, антиклиндық, моноклиндық,
грабендік (опырықты), антецеденттік және тектоникалық жарылым бойы сәйкес
келген аңғарларға бөлінеді.
Аңғарлар өзінің өтетін аймақтарының сипатына қарай таулы және жазықты
деген аңғарларға бөлінеді. Таулы аңғарлар әдетте терең, тар және жағалары тік
болады, ал бойлық кесіндісі өте еңіс немесе құлдилау болып келеді. Жазықты
аңғарлар керісінше, кең, жағалары жайпақ, көлбеу немесе сатылы болады.
Аңғарлардың халық шаруашылығындағы маңызы өте зор. Қазақстанның
Ертіс, Есіл, Тобыл, Жайық, Сырдария сияқты жазықтағы өзендерінің
жайылмалары
шұрайлы
шабындық
үшін, ал
террасалар
әр
түрлі
ауылшаруашылық дақылдарын егу үшін кең пайдаланылады. Елді мекендер
48
көбіне өзен аңғарларына қоныстанады.
Өзендердің қауышуы. Бір ағынның көршілес өзеннің бөлігін бөліп тастауы
немесе онымен бірігіп кетуі маңызды орын алады. Қауышулар (бұрып әкетулер)
қатар орналасқан аңғарлардың әркелкі дамуы салдарынан болады. Оның
себептері:1) эрозия базисінің әртүрлі жағдайларда болуы; 2) жалпы эрозия
базисіне дейінгі қашықтықтың әртүрлі болуы; 3) әртүрлі сулылық 4)
таужыныстар беріктігінің әркелкілігі. Қауышу үш типке бөлінеді: 1) бүйірлік; 2)
төбелік; 3) жапсарлық. Бүйірлік және төбелік қауышулар шегіністі эрозиямен
байланысты, ал жапсарлас қауышу – асимметрияның дамуы кезінде аңғардың бір
бүйіріне ығысуынан пайда болады.
Аңғарлар асимметриясы.
Өзен аңғарларының беткейлері әдетте
симметриялы болмайды. Олардың бір беткейі қиялау, екінші беткейі – жайпақ
және кең болып келеді. Ағын арнасы қиялау беткей етегі жағына ойысады. Бұл
құбылыс аңғарлар көлденең кескінінің ассиметриясы деп аталады. Оның пайда
болу себептері әртүрлі. Аңғар ассиметриясының пайда болуы себептері ретінде
гидродинамикалық, планеталық, климаттық
және
гидрогеологиялық,
гипсометриялық жағдайларды айтуға болады.
Атыраулар. Ірі өзендердің мұхитқа, көлге немесе шығанаққа құйған
сағасында олардың ағысы кенеттен баяулайды. Соның салдарынан ағызып келген
лай-құмдар су қоймасынан түбіне шөгіп су астында ысырынды конус түзеді.
Осылайша ол бірте-бірте биіктей береді де, құрлыққа айналып атырау деген
ерекше бедер пішінін құрайды. Оның сыртқы бейнесі үш бұрышты, яғни гректің
(дельта) әрпіне ұқсас, сүйір бұрышы өзен жақта орналасады.
Атыраудың құрылуына өзен ағысының мөлшері, жылдамдығы, сонымен
бірге, неотектоникалық қозғалыстар мен климат режимі де әсерін тигізеді. Осы
факторлардың күрделі байланыстары жер бетінде әр түрлі атырау пішіндерін
құрады.
Атыраудың қалыптасуында өзен шөгінділерімен қатар басқа да факторлар
қатысады, сол себептен атырау шөгінділерін ерекше бір геологиялық формация
ретінде қарастыруға болады. Бұның құрылымында арна және жайылма
шөгінділерімен бірге теңіз тұнбалары, көл, батпақ шөгінділері қабаттаса
кездеседі. Көл-батпақтар түбінде өсімдік қалдықтары, шымтезектер (торфяники)
пайда болады. Ежелгі атыраулар қойнауында мұнай мен газ кенорындары болуы
мүмкін.
Негізгі әдебиет: 1 [67-76], 2 [114-165; 199-205], 4 [100-130; 142-149; 205-239],
Бақылау сұрақтары:
1. Флювийлік процестер, арналық және арналық емес ағындар.
2. Өзендерде жайылма терраса жаралуы және олардың сипаттамасы.
3. Өзен аңғарларының типтері.
4. Бедер түзілімдерінде ағын сулардың ролі.
5. Өзен аңғарларының морфологиялық және генетикалық түрлері.
10-шы лекция. Карст және карсты бедер пішіндері. Псевдокарст.
Жер асты сулары деп таужыныстарының кеуегінде және жарықшақтарында
сулардың болуын айтады. Карст бедер пішіндерін жер асты және үсті сулары
49
ерігіш таужыныстарды қуыстандыра еріту процесінде жасайды. Осыған орай
таужынысчтарда пішіні мен өлшемдері әр түрлі карст қуыстары пайда болады.
Карстпен байланысты бедер пішіндері карбонат таужыныстарда, яғни әктастар
мен доломиттерде жиі кездеседі.
Карст – тез ерігіш таужыныстарда қуыстардың пайда болуына әкелетін
процестер жиынтығы. Карст аймақтарының бедер пішіндері. Жер бетіндегі
карст пішіндеріне карр микробедері жатады. Kapp деп терендігі 1-2 м-ге жететін
карбонатты таужыныстар бетіндегі көптеген жарықтарды, жылғаларды және
соларды бөлетін кіші-гірім үшкір тіске ұқсас қырқалар жүйесін атайды.
Каррлардың пайда болу себебі жауын сулары мен еріген қардың сулары
карбонаттық таужыныстарының үстімен аға келіп, жарықшақтар бойымен төмен
сіңіп, олардың жан-жақты қабырғаларын ерітіп кеңейтуінде. Жарықтар мен
қырқалар бір-біріне параллельді немесе қиылысып күрделі карст микропішіндерін
құрайды. Егер жарықтар таужыныстар қабаттарының құлауымен сәйкес келсе,
қырқалар мен жарықтар бір-біріне параллелді болуы мүмкін. Бірақ көп жағдайда
каррлардың қырқалары ретсіз орналасып, бірімен-бірі қиылысып жан-жаққа
тармақталып және қайта қосылады. Мұндай жағдайда карсты микропішіндер кең
өлкені қамтып, көп тісті тараққа ұқсас каррлық алаңдарды (карровые поля),
немесе каррлық аймақтарды түзеді.
Судың тік бағыттағы циркуляциясы мейлінше қарқынды болса карст
таужыныстарының еру процесі тесік жарығы (понорлар) деген қуыс пішіндердің
пайда болуына әкеліп соғады. Бұл жердің бетінде тік келген табиғи құбырлар
іспетті беті ашылған жарықтар мен індер тәріздес көрініс береді. Тереңіректе
оқпандар судың тік бағыттағы циркуляциясы нәтижесінде әр түрлі қуыстардың
жүйесіне ауысады. Оқпандар ұлғайған сайын екінші карстық пішіндерге, яғни
карстық шұңқырларға (карстовые воронки) ауысады. Карстық шұңқырлар жер
бетінде жиі тараған. Олардың көлемі және сыртқы бейнесі карстқа ұшыраған
таужыныстардың түрлері мен геологиялық құрылымына тәуелді. Карст
шұңқырлардың пайда болуы таужыныстары материалының еріп сумен шайылып
кету процесімен бірге сазды және ұсақ құмайтты бөлшектерінің төмен сүзіліп
кетуімен орайласа жүреді, яғни суффозия процесіне байланысты. Мұндай
пішіндерді карсты-суффозиялық шұңқырлар дейді.
Карстық пішіндерге тән ерекшеліктердің бірі - олардың сыртқы бейнесінің
тұрақсыздығы, бір пішіннен екіншісіне ауысуы. Мысалы, кіші-гірім жайпақтау
келген тұйық көлшіктер (карстовые блюдца) тереңдей бере карстық шұңқырларға
ауысады, ал карстық құдықтардың ернеулері тегістеле келе тағы да сол карстық
шұңқырлардың түзілуіне әкеп соғады. Егер тесік жарығы (понорлардың) ірге
жағы одан әрі карст процесіне ұшырай берсе, олардың көлемі ұлғайып, табиғи
құдықтар мен шахталарға айналады.
Полья деп көлденеңі бірнеше километрге, кейде ондаған километрге жететін,
табаны тегіс, жан-жағы тік тұйық ойпандарды атайды. Олар бірнеше
қазаншұңқырлардың бір-бірімен қосылуынан немесе жерастындағы карстық
қуыстардың төбесі опырылып құлап түсуінен пайда болады. Кейбір ірі
пішіндердің жаратылысы тектоникалық құрылымдарына байланысты.
Үңгір қабырғалары арқылы ағып сауысты жаралымдар жоғарыдан төмен
50
қарай сүңгі тассүңгі, ал төменгі жағында бағаналар – тасқада пайда болады.
әлемдегі ең ірі үңгір - Мамонт – АҚШ-тың Кентукки штатында 290 км.
Карст жаралу – ұзақ процесс. Ол бірнеше геологиялық кезеңдерге созылып,
жасы әртүрлі таужыныстарды қамтиды. Жасына қарай көне карст және жас
карст түрлері бөлінеді. Кенді карст – Қаратаудағы (Оңтүстік Қазақстан) Қарасай
үңгірі
Суффозия – жер асты суларына байланысты процесс, жер асты сулары
айналысы кезінде таужыныстардың өте ұсақ бөлшектерін шайып шығаруынан
пайда болады. Суффозия сазду таужыныстарда (саз, саздақ, лесс) кең таралады.
Бұл процесс қуаң климатты алқаптарға тән (Қазақстан, Орта Азия, Закавказье
т.б.). Жалған карстық (псевдокарст) процестер мен бедер. Кәдімгі карстпен
қатар кейбір жерлерде сырт бейнесі карстқа ұқсас пішіндері кездеседі. Бұлар
сазды карст (глинистый карст) және термокарст.
Сазды карст аридтік және жартылай аридтық климат жағдайларында жоғары
карбонатты саздардан, саздақтардан және лесстардан құрылған аймақтарда
байқалады. Таужыныстарының едәуір жарықшақтылығы мен кеуектілігі және
карбонатты қасиеттері бұл құрылымдардың кәдімгі карстық процеске ұқсастығы
бар екендігін байқатады. Мұнда жарықшақтар бойымен шайылып шыққан
ерітінді материал саздық және құмайттық (алевритты) бөлшектердің
механикалық шайылуымен қабаттаса өтеді. Мұндай процесті суффозия дейді.
Осы процестердің салдарынан жер бетінде әр-түрлі қуыс микропішіндер пайда
болады. Карбонатты немесе тұзды саздар мен саздақтар арасында дамыған
суффозия әрекеті "көлдеулер" (степные блюдца) деген табақша тәрізді
шұңқырлардың құрылуына әкеп соғады. Жоғары карбонатты саздақтар мен
саздарда жарықшақтар кең тараған жағдайларда кәдімгі карстқа ұқсайтын
жерасты үңгірлері кездеседі. Мұндай табиғи құбылыстарды саздық карст деп
атайды. Термокарстың табиғи жаратылуы басқаша. Мұнда әр түрлі опырылып,
ойылған пішіңдер кездеседі. Олар мәңгі тоңдар тараған аймақтарда көмілген
мұздардың және тоңды таужыныстардың еруімен байланысты қалыптасады. Бұл
көбінесе мәңгі тоң қабаттарындағы мұздың еруінен жер бетінің опырылып,
немесе біртіндеп шөгіп, ойылу құбылысы және жалпы климаттың жылынуына
сәйкес ауаның орташа жылдық температурасының көтерілуіне, орманның
оталуына немесе өртенуіне тағы басқа себептерге байланысты жүреді.
Нәтижесінде батпақты ойпандар, көл қазаншұңқырлары түзіледі.
Жалған карстық құбылыстарға кейбір таужыныстарының суланған кезде
нығыздалу қасиеті де жатады. Мұндай қасиетті лессты таужыныстар мен тұзды
топырақтарға тән. Лесстың нығыздалуы көптеген микроқуыстар мен
микросаңылаулардың бұзылуынан, ал тұзды топырақтардың тығыздалуы -
тұздардың. еруі салдарынан пайда болады. Бұл табиғи құбылыстардың
морфологиялық көрінісі карстық-суффозиялық шұңқырлар мен "көлдеулердің"
қалыптасуы.
Негізгі әдебиет: 1 [67-76], 2 [114-165; 199-205], 4 [100-130; 142-149; 205-239],
Бақылау сұрақтары:
1. Карсты процестер және бедердің карсты пішіндері.
51
2. Карстың даму стадиялары.
3. Суффозиялы процестер және сазды карст.
11-ші лекция. Гляциалық процестер және бедер пішіндері. Құмды-
корразиялы процестер.
Мұздықтардың жаралуы және типi . Мұздықтар Жерде айтарлықтай
орын алады. Олар құрлық бетiнiң 16 млн км
3
бөлiгiн (11%), ал полюс
алқаптарында мұздық жамылғы теңiздiң саяз сулы (шельф-қайраң) алқабына да
таралады. Мұздықтардағы мұздың жалпы көлемi 30 млн км
3
шамасында деп
бағаланады (қырының ұзындығы 300 км кубтың көлемiне тең).
Мұздықтардың геологиялық әрекетi, басқа да экзогендiк факторлар
сияқты, таужыныстарды қирату, сынықтарды тасымалдау және оларды қайта түзу
жұмыстарын қамтиды. Мұздықтардың құрылысын, дамуын және әрекетiн
зерттеумен гляциология ғылымы айналысады.
Мұздық жаралу үшiн орташа жылдық температура нөлден төмен, жауын-
шашынның мөлшерi көп (көбiнесе қар түрiнде), күн мен жел тимейтiн жайпақ
беткейлер мен ойпаңдар болу қажет. Жыл бойы тұрақты қар жамылғысы
сақталатын жағдайлар, климаты салқын өңiрлерде және әртүрлi климат белдемдi
биiк таулы алқаптарда ғана болады. Мұздық жаралатын биiктiктер жер шарының
әр ауданында әртүрлi және бұл жағдайлар аудандардың ендiктерiне байланысты.
Жаз кезiнде қар толық ерiп үлгермейтiн деңгейдi қар сызығы деп атайды. Қар
сызығының гиспометриялық жағдайы климаттық жағдайларға байланысты.
Полюс аудандарында қар сызығы теңiз деңгейiне жақын (0-ден 50-70 м-ге дейiн);
Норвегия мен Аляскада – 1,5 км; Гималай мен Тибетте – 5,0–6,0 км биiктiктерде
орналасады. Қар сызығының биiктiгi бiр аудан ауқымында да өзгере бередi.
Мысалы, Жоңғар Алатауының солтүстiк беткейлерiнде ол 3 км биiктiкте болса,
ал оңтүстiгiнде – 3,5км биiктiкке дейiн көтерiледi.
Осы жағдай қардың әркелкi жиналуы мен глетчер мұздың жаралу
масштабын анықтайды. Бұл мұздың негiзгi бөлiгi (99,5%) полюс алқабында болса,
тек 0,5 % бөлiгi ғана биiк тау мұздықтарымен байланысты.
Бедердiң ойпаңдарында немесе тау шыңдарына жиналған қар жазда ерiп
үлгермесе, оның массасы жыл өткен сайын арта бередi, тығыздалып және
температураның тәулiктiк ауытқуы нәтижесiнде түйiрлi массаға айналады.
Осындай тығыздалған түйiрлi қар фирн деп аталады, ал оның жиналған алқабы
фирн алаңын құрайды. Фирннiң бетiне қар түскен сайын, ол үстiндегi массаның
салмағынан тығыздала бередi, уақыт келе глетчер мұзға айналады. Егер жаңа
жауған қардың 1м
3
массасы 85 кг болса, ал 1 м
3
фирннiң массасы 600 кг, 1м
3
глетчер мұзы жаралу үшiн 11 м
3
қар қажет. Глетчер мұзының орташа тығыздығы
0,909 г/см
3
, яғни өзен мұзынан (0,917 г/см
3
) төмен.
Мұздықтардың мынадай аудандары бөлiнедi: қоректену алқабы – мұнда
қар жиналып, фирнге, ал фирн – глетчерге айналады; ағу алқабы – глетчер мұзы
жылжып, ағады. Қоректену мен ағу алқаптарының ара қатынасына, өлшемдерi
мен пiшiндерiне байланысты мұздықтар үш типке бөлiнедi: тау (немесе альпiлiк
тип), жамылғы (немесе құрлықтық тип) және аралық.
52
Тау (альпiлiк тип) мұздықтары деп биiк таулы аудандардың әртүрлi
депрессияларына: ойпаңдар, өзен аңғарлары, шатқалдар және т.б. орналасқан
қалыңдығы шамалы мұздықтарды айтады. Бұл типтi мұздықтар Альпi, Гималай,
Тянь-Шань, Памир, Кавказ тауларында дамыған. Тау мұздықтарының қоректелу
алқабы айқын бiлiнедi, цирк пiшiндi болады және қар сызығынан жоғары
орналасады. Бұл алқап көбiнесе биiк қырқалар мен шыңдар амфитеатрымен
қоршалған. Мұз тау аңғарлары бойынша қия беткейлерден ағып, бiр немесе
бiрнеше мұз ағындары – тiлдер жасайды.
Тау мұздықтары арасында бiрнеше түрлестерi бөлiнедi: аңғарлық –осы
типтi мұздықтарға тәні, олардың өте үлкендiгі; каррлық – таулардың қар сызығы
деңгейiндегi шұңқырларында жаралады, оларда ағын болмайды; аспалы –
олардың мұздық табандарын қия кертпештер бұзып, оларда қалған мұз ағыны
мезгiл-мезгiл көшкiн түрiнде төменге жұлып түсiп жатады. Памир мен Тянь-
Шаньда мұздықтардың жалпы ауданы 20 мың км
2
-ден асады, ал Гималайда – 60
мың км
2
шамасында.
Жамылғы мұздықтар полюс аудандарында жаралып, теңiз деңгейiне
жақын биiктiкте орналасады. Олар көбiнесе үлкен аудандарды қамтып, мұздық
жабындарының өте қалың болуымен сипатталады. Қазiргi жамылғы мұздықтар
Гренландия мен Антарктидада орналасқан. Антарктидада мұз қарқынды
жиналады – жауын мөлшерi 150 мм/жыл шамасында болғанда жыл сайын мұнда
қалыңдығы 24 мм мұз қабаты қалыптасады. Бұл мұздық таулары – айсбергтер
бөлiнiп кетуiне байланысты мұз массасының азаюынан әлдеқайда көп.
Аралық типтi мұздықтарға жайпақ таулар мұздықтары жатады, олар
төбесi жазық (стол тәрiздi) немесе жазық-дөңес тауларда жаралады. Мұндай
мұздықтар Скандинавия түбегiнде дамыған, оларды кейде скандинавиялық типтi
деп те атайды. Бұл мұздықтарға алдыңғы екi тип мұздықтары қасиеттерiнiң
аралас болуы тән.
Достарыңызбен бөлісу: |