Жер қыртысының негiзгi құрылымдық элементтерi. Жер қыртысының
дамуын талдау көрсеткендей, әртүрлi бөлiкшелер әртүрлi кезде бiртiндеп
эволюциялық даму сатыларынан өткен. Әртүрлi тектоникалық режимдердiң
бiлiну белгiлерi қазiргi қыртыста көрiнiс табады. Қазiргi кезде қарқынды
субдукция, шөгiндi жиналу, магматизм бiлiну (мысалы, Шығыс Азия белдемi, ол
Курил аралдарынан Жаңа Зеландияға дейiн созылады), орогендiк режимде
дамитын тау жаралу (Гималай, Тянь-Шань, Кавказ) белдемдерi бөлiнедi.
Тектоникалық қозғалыстар кең құлаш жайған және магмалық процестер
бiлiнген, метаморфизм терең жүрген, қатпарлы және айырылымды қозғалыстар
мен тау жаралу дамыған айқын белсендi белдемдер геосинклиндiк қозғалмалы
белдеулер деп аталады.
Бiздiң планетада белсендi бөлiкшелермен қатар платформалық режимде
дамитын тұрақты алқаптар бөлiнедi. Ондай алқаптардың мысалы ретiнде ТМД-
ның еуропалық бөлiгi, Батыс Сiбiр аумағы және т.б. атауға болады. Бедерi жазық,
тербелмелi қозғалыстар амплитудасы шамалы, қалыңдығы аз шөгiндi
таужыныстар iс жүзiнде көлбеу жататын, метаморфизм мен вулканизм бiлiнiмдерi
жоқ белдемдердi платформалар деп атайды.
Қозғалмалы геосинклин белдеулер мен платформалар жер қыртысының негiзгi
құрылымдық алқаптары болып табылады.
Тектоникалық
циклдiң
аяқталуы
мен
геосинклиндiк
режимнен
платформалыққа өту әртүрлi бөлiкшелерде әртүрлi уақытта болған. Қыртыс
бөлiкшелерiнiң тұрақталуы және геосинклиндiк режимнен платформалыққа өту
консолидация деп аталады.
23
Жер қыртысының эволюциялық даму кезеңдерi платформалар қимасында
көрiнiс табады. Мұнда жаралу тегi мен дислокациялану сипаты бойынша
өзгешеленетiн
таужыныстардың
екi комплексi бөлiнедi. Тиiсiнше
платформалардың қимасында екi құрылымдық этаж жіктеледi. Төменгi этаж
геосинклиндiк кезеңде қалыптасатындықтан, ол метаморфтық және магмалық
таужыныстардан тұрады, қатпарларға мыжылады және көптеген жарылымдармен
қираған. Осы төменгi құрылымдық этаж қатпарлы негiз немесе iргетас деп
аталады.
Платформаның жоғарғы құрылымдық этажы қалыңдығы көбiнесе шамалы
болатын, жайпақ жатысты шөгiндi таужыныс қабаттарынан тұрады. Бұл
таужыныстар
дамудың
платформалық
сатысында
қалыптасатындықтан
платформалық тыс немесе шөгiндi тыс деп аталады.
Платформалар мен қатпарлы белдеулердiң ерекшелiктерi осы құрылымдық
алқаптарға тән құрылымдық формалардың әркелкiлiгiн туындатады. Қатпарлы
белдеулер ауқымында ең iрi құрылымдық элементтер мыңдаған километрмен
өлшенетiн ұзындықтарға жетедi. Олар бiрдей немесе жақын созылымды,
өлшемдерi әртүрлi көптеген дербес антиклиндер мен синклиндерден тұрады.
Мұндай iрi оң құрылымдар
антиклинорийлер, ал терiс құрылымдар
синклинорийлер деп аталады.
Платформалар мен шөгiндi тыста антеклиза мен синеклизалар түрiндегi
(ойпаңдар, ойыстар) платформалық баяу құрылымдар жаралады. Олар көбiнесе
әртүрлi гипсометриялық жағдайларда орналасқан iргетас блоктарында
орналасады және олармен генетикалық байланыста болады. Жалпы,
платформаның екi этажды құрылымды бөлiкшелерi тақталар деп аталады. Жер
бетiнде ашылған iргетас блоктары платформаның бiр этажды құрылымын жасап,
қалқандар деп аталады.
Жер қыртысының тербелмелi қозғалыстары. Жер бетiнiң әркелкi
көтерiлуi мен төмен түсуiн тербелмелi қозғалыстар деп атайды. Олар секiрiс
тәрiздi жүредi. Тiк бағыттағы тербелмелi қозғалыстарды теңiз жағалауларында
теңiздiң шегiнуi (регрессия) және шалқуы (трансгрессия) бойынша оңай байқауға
болады.
Жер бетiнде жерасты дүмпулерi түрiнде жылдам әрi кенет болатын
тербелiстер жерсiлкiнулер деп аталады.
Қазiргi кезде бөлiнетiндер:
1) қазiргi заманғы тербелмелi қозғалыстар, олар тарихи уақыт барысында орын
алады;
2) N–Q кезеңдердегi неотектоникалық қозғалыстар, олардың нәтижесінде
қазiргi бедердiң негiзгi сипаттары жаралған;
3) бұрынғы геологиялық замандардағы қозғалыстар.
Қазiргi кезде тiркелетiн Жер қыртысының қозғалыстары қазiргi заманғы деп
аталады; олардың тiк бағыттағы құрамдасын жер бетiнде қайталама нивелирлеу
әдiсi арқылы зерттейдi. Қазiргi заманғы тектоникалық қозғалыстардың
жылдамдығы 10-15 мм/жылға жетедi. Қазiргi заманғы қозғалыстар таулы (Тянь-
Шань, Карпат, Кавказ) алқаптарда айқын бiлiнедi. Жазық алқаптарда оң таңбалы
24
қазiргi заманғы қозғалыстар үлкен аумақтарды қамтиды, олардың жылдамдығы
да 8–10 мм/жыл шамасына жетедi.
Бедер қалыптастыратын экзогендiк және эндогендiк факторлардың рөлiн
зерттеу ең жаңа деп аталатын, жақында ғана өткен геологиялық кезеңнiң тiк
бағыттағы тектоникалық қозғалыстарының жалпы көрiнiсiн анықтауға мүмкiндiк
бередi. Мысалы, олар өзен террасаларының қазiргi орналасу жағдайы бойынша
нық анықталады.
Бiрақ, ең үлкен амплитудаларға ежелгi замандардың тiк бағыттағы
тектоникалық қозғалыстары жетедi, олар өте ұзақ уақыт (100 млн жылдан асатын)
кесiндiлерiн қамтиды. Мұндай тектоникалық қозғалыстар, мысалы, қазiргi
тауларды құрайтын ежелгi теңiз шөгiндiлерiнен тұратын көптеген таужыныстар
қалдығы бойынша, теңiз түзiлiмдерiндегi күмән келтiрмейтiн метаморфизм iздерi
арқылы анықталады. Бұл теңiз түзiлiмдерi терең жер қойнауларына түсiп,
жоғарғы қысым мен температура жағдайларында болғандығы көрiнедi.
Жер қыртысы қалыптасуында, сондай-ақ көлбеу бағыттағы тектоникалық
қозғалыстар да маңызды рөл атқарады. Олардың басым рөлi жаһандық масштабта
да (мұхит-орталық жоталардың дамуы, аралдық доғалардың қалыптасуы және
т.б.), локальдық қатпаржаралу кезiндегi бастырмалар, шарьяждар пайда болу
процестерiде де бiлiнедi. Мәселен, есептеулер көрсеткендей, жамылғыларды
(шарьяждарды) қалыптастырған Альпiдегi күрделi қатпаржаралу қабаттарды
(созылымына көлденең бағытта) 120 км сызықтық қысқаруға әкелген. Осындай
мысалдарды басқа қатпарлы құрылыстар үшiн де келтiруге болады.
Жер қыртысы қозғалыстарының негізгі әдістері: геодезиялық,
геофизикалық, гидрологиялық, геоморфологиялық, геологиялық және комплексті.
Комплексті әдіс – жоғарыда аталған барлық әдістерде орындалған бақылау
нәтижелерін қолдану. Бақылауларды жинақтай келе, қозғалыстар бағыты және
жылдамдығы, жер шарының жоғарғы бетінде уақыт бойынша таралуы туралы
мәліметтер алуға болады.
Жер қыртысының қозғалысын зерттеу теориялық, практикалық мәнге ие.
Жер қыртысының қарқынды қозғалу участоктары жерсілкіну болу
мүмкінідігін немесе жанартаулар атқылауына жиі куәландырады.
Жер қыртысының деформациясы маңызды инженерлік құрылыстардың
(бөгеттер, каналдар, мұнайқұбырлары және т.б.) беріктігін бұзады не
деформациялайды.
Құрлықтың теңіз деңгейінен төмен түсуі жерлерді субасудан сақтау үшін
бөгеттер, мәдени салуға мәжбүр болады.
Жағалардың көтерілуі қолтықтардың сарқылуы, кеме жүзуді қиындатады
және т.б. Жер қыртысы қозғалысын зерттеу әдістерді таңдау мақсатында
анықталады.
Жерсілкіну — Жер қойнауынан потенциалды энергия босауынан туындап
жер қыртысы кенеттен сілкінеді. Жерсілкінуді сейсмология ғылымы зерттейді. (
гр. «сейсмос» - сілкіндіру).
Пайда болуына қарай жерсілкіну мынадай түрлерге бөлінеді: тектоникалық,
жанартаулық, опырылымдық (денудациялы), соқпалық (метеориттік) және
антропогендік (адамзаттың әрекеті).
25
Энергия бөлінуі және сілкіну күшіне қарай жерсілкіну микросейсмикалы,
макросейсмикалы және мегасейсмикалы болып бөлінеді .
Тектоникалық жерсілкіну негізгі және ең көп тараған типі. Олардың күші
әртүрлі, ал саны өте көп. Бұл типтің әлсіз сілкінулері үздіксіз құралдар арқылы
тіркеледі. Жерде әр минутта 2-3 макросейсмикалық соққы, ал апатты
(мегасейсмикалы) жерсілкіну жылына 1-2 рет байқалады.
Жанартаулық жерсілкіну жанартаулы атқылауларда үлкен күшпен келіп,
бірақ жанартау маңында ғана байқалады.
Опырылымдық
жерсілкіну
көшкіндер
қозғалысында, үңгірлердің
жабындарындағы опырылымда, таулы беткейлерде, жеке жағдайларда,
ғимараттар жарылуында және жасанды құрылыстарда байқалады, бірақ кеңінен
таралмайды. Опырылымдардың жиі туындау себептері күшті тектоникалық
жерсілкіну болып табылады.
Соқпалық (метеориттік, ғарыштық) жерсілкіну қазіргі кезде тек өте ірі
метеориттер құлауынан байқалады.
Антропогендік жерсілкіну адамзаттың әрекетінен туындайды . Оларға ескі
тау-кен үңгімелерінде, күшті атқылауларда опырылым пайда болады, көбінесе
бөгеттер, каналдар құрылыстарында қолданылады.
Жер қойнауында тербелістердің байқалуы фокусы не гипоцентрі деп аталады.
Жер бетіндегі гипоцентрдің жобасы, жерсілкіну эпицентрі деп аталады.
Эпицентрінде жерсілкіну ертерек, аз ғана күшпен байқалады. Жерсілкінуде
сейсмикалық толқындар – серпімді тоқындар пайда болады. Олар деформация
типтері бойынша бөлінеді: бойлық, көлденең және беттік. Толқындардың таралу
жылдамдығы таужыныстарының құрамы, құрылысы және физикалық жағдайына
тәуелді болады. Жерсілкіну – сейсмограф құралы көмегімен зерттеледі.
ТМД-да жерсілкіну күші 12-баллды шкаламен анықталады, әлсіз жерсілкіну –
1 балл, ең күшті -12 баллмен бағаланады.
1-2 балл жерсілкіну күші тек аспаптармен белгіленеді, 3-5 балл – адамдар
сезеді, бірақ жарылыс болмайды, 6-9 балл – ғимараттар қирайды, 10-11 баллда
ғимараттар құлап, грунтты суларының режимі бұзылады, грунттарда
жарылымдар пайда болады, тауларда опырылымдар байқалады, 12 баллда барлық
құрылыстарда апатты қирайды, бедер, грунтты су режимі өзгереді.
Күшті жерсілкінулер жер шарының барлық сейсмикалық станцияларда
тіркеледі. Сейсмикалық толқындардың таралу жағдайлары және ошақтарды
анықтау жер қыртысының құрылысын және барлық Жердің қыртыс асты
қабықтарын зерттеу үшін маңызды қажетті материал болып табылады.
Ең көп сейсмикалық белсенді Тынықмұхит және Жерорта теңіз белдеуі
ерекшеленеді. Жерсілкінудің эпицентрі мұхит түбінде орналасса, мұхит түбі жеке
учаскелерінде ерекше цунами деп аталатын толқындар туындап, кенеттен орын
ауысу байқалады. Цунами үлкен жылдамдықпен таралады. Ашық мұхиттарда
байқалмайды, таяз су жағалауларында толқын биіктігі толқынға үлкен қирату
күш беріп 30-40 м-ге жетуі мүмкін.
Жерсілкінудің бедер түзу маңызы бірқатар жағдайларда өте маңызды. Жердің
жоғарғы бетіне шығатын сейсмикалық деформациялар үлкен қызығушылық
танытады. Оларға эскарп пішінді кертпештер, тектоникалық жарылымдар, жер
26
қыртысы блоктарының көтерілуі және төмен түсуі, көлденең ығысу, қатпарлар
т.б. Жарылымдар көптеген километрге жайылып ені бірнеше метрге және
тереңдігі бірнеше 30-60 м-ге жетеді. Жарылым бойынша ығысулар (көтерілу,
төмен түсуі және көлденең ығысулар) метрмен өлешенеді(5-15 м). Бедердің үлкен
өзгеріске ұшырауы, жарылымдар, опырылымдар, сырғымалар, сейсмикалық
соққы себебі жылжымалар, олар жергілікті жерлерге, қопсық шөгінділер
қалыңдығы, бірқатар аумақтарда жартасты таужыныстармен (тауларда)
сипатталады.
Негізгі әдебиеттер. 1 [27-46], 2[39-52; 63-66 ], 4 [272-288].
Бақылау сұрақтары
1. Пликативті тектоникалық жарылымдар.
2. Дизъюнктивті тектоникалық жарылымдар.
3. Жер қыртысының негізгі құрылымдық элементтері.
4. Жер қыртысын зерттеудің негізгі әдістері.
4-ші лекция. Эндогенді геологиялық процестер Жерсілкіну. Олармен
байланысты бедер пішіндері. Жерсілкіну энергиясы және күші. Ошағы,
гипоцентр, эпицентр. Жерсілкінуді зерттеу әдістері.
Жерсілкіну — Жер қойнауынан потенциалды энергия босауынан туындап
жер қыртысы кенеттен сілкінеді. Жерсілкінуді сейсмология ғылымы зерттейді. (
гр. «сейсмос» - сілкіндіру).
Пайда болуына қарай жерсілкіну мынадай түрлерге бөлінеді: тектоникалық,
жанартаулық, опырылымдық (денудациялы), соқпалық (метеориттік) және
антропогендік (адамзаттың әрекеті).
Энергия бөлінуі және сілкіну күшіне қарай жерсілкіну микросейсмикалы,
макросейсмикалы және мегасейсмикалы болып бөлінеді.
Тектоникалық жерсілкіну негізгі және ең көп тараған типі. Олардың күші
әртүрлі, ал саны өте көп. Бұл типтің әлсіз сілкінулері үздіксіз құралдар арқылы
тіркеледі. Жерде әр минутта 2-3 макросейсмикалық соққы, ал апатты
(мегасейсмикалы) жерсілкіну жылына 1-2 рет байқалады.
Жанартаулық жерсілкіну жанартаулы атқылауларда үлкен күшпен келіп,
бірақ жанартау маңында ғана байқалады.
Опырылымдық
жерсілкіну
көшкіндер
қозғалысында, үңгірлердің
жабындарындағы опырылымда, таулы беткейлерде, жеке жағдайларда,
ғимараттар жарылуында және жасанды құрылыстарда байқалады, бірақ кеңінен
таралмайды. Опырылымдардың жиі туындау себептері күшті тектоникалық
жерсілкіну болып табылады.
Соқпалық (метеориттік, ғарыштық) жерсілкіну қазіргі кезде тек өте ірі
метеориттер құлауынан байқалады.
Антропогендік жерсілкіну адамзаттың әрекетінен туындайды . Оларға ескі
тау-кен үңгімелерінде, күшті атқылауларда опырылым пайда болады, көбінесе
бөгеттер, каналдар құрылыстарында қолданылады.
Жер қойнауында тербелістердің байқалуы фокусы не гипоцентрі деп аталады.
Жер бетіндегі гипоцентрдің жобасы, жерсілкіну эпицентрі деп аталады.
27
Эпицентрінде жерсілкіну ертерек, аз ғана күшпен байқалады. Жерсілкінуде
сейсмикалық толқындар – серпімді тоқындар пайда болады. Олар деформация
типтері бойынша бөлінеді: бойлық, көлденең және беттік. Толқындардың таралу
жылдамдығы таужыныстарының құрамы, құрылысы және физикалық жағдайына
тәуелді болады. Жерсілкіну – сейсмограф құралы көмегімен зерттеледі.
ТМД-да жерсілкіну күші 12-баллды шкаламен анықталады, әлсіз жерсілкіну –
1 балл, ең күшті -12 баллмен бағаланады.
1-2 балл жерсілкіну күші тек аспаптармен белгіленеді, 3-5 балл – адамдар
сезеді, бірақ жарылыс болмайды, 6-9 балл – ғимараттар қирайды, 10-11 баллда
ғимараттар құлап, грунтты суларының режимі бұзылады, грунттарда
жарылымдар пайда болады, тауларда опырылымдар байқалады, 12 баллда барлық
құрылыстарда апатты қирайды, бедер, грунтты су режимі өзгереді.
Күшті жерсілкінулер жер шарының барлық сейсмикалық станцияларда
тіркеледі. Сейсмикалық толқындардың таралу жағдайлары және ошақтарды
анықтау жер қыртысының құрылысын және барлық Жердің қыртыс асты
қабықтарын зерттеу үшін маңызды қажетті материал болып табылады.
Ең көп сейсмикалық белсенді Тынықмұхит және Жерорта теңіз белдеуі
ерекшеленеді. Жерсілкінудің эпицентрі мұхит түбінде орналасса, мұхит түбі жеке
учаскелерінде ерекше цунами деп аталатын толқындар туындап, кенеттен орын
ауысу байқалады. Цунами үлкен жылдамдықпен таралады. Ашық мұхиттарда
байқалмайды, таяз су жағалауларында толқын биіктігі толқынға үлкен қирату
күш беріп 30-40 м-ге жетуі мүмкін.
Жерсілкінудің бедер түзу маңызы бірқатар жағдайларда өте маңызды. Жердің
жоғарғы бетіне шығатын сейсмикалық деформациялар үлкен қызығушылық
танытады. Оларға эскарп пішінді кертпештер, тектоникалық жарылымдар, жер
қыртысы блоктарының көтерілуі және төмен түсуі, көлденең ығысу, қатпарлар
т.б. Жарылымдар көптеген километрге жайылып ені бірнеше метрге және
тереңдігі бірнеше 30-60 м-ге жетеді. Жарылым бойынша ығысулар (көтерілу,
төмен түсуі және көлденең ығысулар) метрмен өлешенеді(5-15 м). Бедердің үлкен
өзгеріске ұшырауы, жарылымдар, опырылымдар, сырғымалар, сейсмикалық
соққы себебі жылжымалар, олар жергілікті жерлерге, қопсық шөгінділер
қалыңдығы, бірқатар аумақтарда жартасты таужыныстармен (тауларда)
сипатталады.
Кейде жерсілкіну нәтижесінде грабен типті құрылымдар пайда болып, олар
тиісінше теріс пішінді бедер түзеді.Жер сілкіну салдарынан бедердің өзіндік оң
пішіндері де пайда болуы мүмкін.Жер сілкіну кезінде пайда болған бедер
пішіндерінің көпшілігінің өлшемдері біршама кішкене болғандықтан, олар
экзогендік процестер әсерінен жылдам бұзылады. Жер сілкіну нәтижесінде
туындаған күшті жерасты дүмпулері таулардың қия беткейлерінде, өзен мен теңіз
жағалауларында опырылымдар, сусымалар, ал қатты ылғалданған таужыныстарда
жылжымалар мен сырғымалар пайда болып, олар белсенділеді.
Тау беткейлері етегінде, өзен және уақытша су ағындары аңғарларында
жиналған қопсықтар сел тасқыны пайда болуына әкеледі. Төменге қарай
жөңкіген сел тасқындары жолындағылардың бәрін қиратып, таудан жазыққа
шыққанда, үлкен аудандарға жайылған өзіндік бедер пішіндері – шығарынды
28
конустар қалыптастырады.
Жылжыма, сырғыма, опырылымдардың жер қыртысы блоктарының жарықтар
бойымен жылжуы суторапты өзгертіп, көлдер мен жаңа бұлақтар пайда болып,
бұрынғылары жойылады. Мұхит, теңіз түбінде пайда болған жерсілкінулерді
теңізсілкінулер деп атайды. Теңізсілкінулер бедер түзілуде өзіндік маңызды рөл
атқарады. Олардың әсерінен теңіз түбіндегі тұнбалар массасы қозғалысқа түседі.
Теңізсілкінулер алып теңіз толқындарынан жаралған цунамилерді туындатады.
Жағаға соғылғын цунамлер елді мекендер мен адамдар тұрғызғын құрылыстарды
қиратып, жермен жексен етеді. Сонымен қатар, олар теңіз жағалауларының
морфологиясына да айтарлықтай әсер етеді.
Негізгі әдебиеттер. 1 [27-46], 2[39-52; 63-66 ], 4 [272-288].
Бақылау сұрақтары
1. Жерсілкіну және олардың пайда болуы.
2. Толқындар, цунами және олардың бұзылу әрекеттері.
3.
Жерсілкінудің географиялық таралуы
.
5-ші лекция. Магматизм және бедертүзу. Жанартаулардың геологиялық
әрекеті және бедер түзудегі маңызы. Лавалық үстірт. Вулкан қалқандары. Кратер.
Сыртқы және iшкi геосфералардың өзара әрекеттесуiнен геологиялық
(немесе геодинамикалық) процестер туындайды. Жердiң iшiнде, материяның
терең қойнауларда дамуы нәтижесiнде бөлiнетiн энергияға байланысты процестер
iшкi немесе эндогендiк деп аталады. Жер қыртысының планетаның сыртқы
қабықтарымен (геосфераларымен) әрекеттесу процестерi сыртқы немесе
экзогендiк деп аталады. Эндогендiк процестердiң энергия көзi Жер қызуы
(геотермика), ал экзогендiк процестердiң – Күн жылуы болып табылады.
Эндогендiк және экзогендiк геологиялық процестер өзара байланысты және
өзара ықпалда болады. Сыртқы агенттер эндогендiк процестердің жасағандарын
ұдайы қиратумен болып, сонымен қатар жаңа ортаға бейiмделген жаңа зат
жасайды.
Барлық геологиялық процестер ішінде бастапқысы болып саналатыны –
магматизм.
Магматизм
Магматизм деп магманың жаралуына, дамуына және оның жер қойнауы
мен бетiнде қалыптасуына байланысты процестi атайды. Магма (грекше магма –
қою зат, қамыр) – жоғары температуралы табиғи силикат балқыма. Ол газ тәрiздi
заттарға қаныққан және литосферада (негiзiнен астеносферада) жекелеген
ошақтар түрiнде жаралады.
Жердiң iшiнде әр тереңдiкте өзiне тән термодинамикалық тепе-теңдiк
қалыптасып, заттың қатты болуын қамтамасыз етедi. Осы тепе-теңдiк бұзылған
жағдайда (температура көтерiледi немесе қысым азаяды) қатты зат сұйыққа
айналуы мүмкiн. Температураның көтерiлуi радиобелсендi құбылыстарға, ал
қысымның азаюы тектоникалық процестерге байланысты. Сонымен, магматизм –
тереңдiк процесс, ол Жердiң жылу және гравитация өрiстерiне байланысты
туындайды.
29
Эксперименттiк деректер мен магмалық таужыныстардың минералдық
құрамын зерттеу нәтижелерi бойынша, магмалық балқыманың температурасы
700–1100
о
С ауқымында болатыны анықталған. Магма қозғалысының сипатына
байланысты магматизм екi түрге бөлiнедi: интрузиялық (тереңдiк) және
эффузиялық (жербеттiк). Осы екi жағдайда да магмалық балқыма қатайған кезде
магмалық таужыныстар жаралады.
Интрузиялық магматизм неғмесе тереңдiк магматизмде магманың
қозғалысы граниттi немесе шөгiндi қабат iшiнде тоқтайды. Магмалық
балқыманың жер қыртысы таужыныстарының қатқабатына ену процесiн
интрузия (латынша интрузио – итермелеу, енгiзу) деп атайды. Магманың
қатуынан пайда болған магмалық дененi де интрузия немесе интрузив дейдi.
Магманың кристалдануы нәтижесiнде интрузиялық магмалық таужыныстар
жаралады. Олар өзiндiк химиялық және минералдық құрамымен, құрылымымен
және бiтiмiмен, денелерінің пiшiнiмен сипатталады.
Қатаю тереңдiгi, құрылымы мен бiтiмi. Интрузиялық таужыныстар жер
қыртысының әр түрлi тереңдiктерiнде жоғары қысым мен баяу суыну жағдайында
қалыптасады. Магма қатқан ортаның тереңдiгiне байланысты тереңдiк (абиссал)
және жартылай тереңдiк (гипабиссал) таужыныстар бөлiнедi. Осылай әр түрлi
тереңдiктегі жаралу жағдайлары интрузиялық таужыныстардың құрылымы мен
бiтiмiнде көрiнiс табады.
Баяу суыну жағдайында таужыныстарда жалпы алғанда толық кристалды
құрылым қалыптасады. Бұл құрылым нақты жағдайларға байланысты минералдар
түйiрiнiң кристалдылық дәрежесiнiң әркелкілiлiгiмен, өлшемдерiмен және
пiшiндерiмен сипатталады.
Интрузиялық таужыныстардың бiтiмi жалпы алғанда аз өзгерiстерге түседi.
Таужыныстар жоғары қысым жағдайында қалыптасқандықтан, әдетте тығыз
болады. Олардың арасында негiзiнен бiркелкi (шомбал), шлирлi (таңдақ немесе
такситтi) және жолақ бiтiмi түрлестерi кездеседi. Ең көп тарағаны – тығыз
шомбал бiтiм.
Интрузиялық денелердiң пiшiнi мен өлшемi әр түрлi болады. Олардың ең
iрiсi – батолит. Бұл денелердің ауданы жүздеген км
2
, пландағы пiшiнi ұзыншақ,
сопақ болып келедi. Батолиттер әдетте таулы-қатпарлы құрылыстардың орталық
бөлiгiнде орналасып, гранит құрамды таужыныстардан тұрады. Олардың тiк
бағыттағы өлшемi (қалыңдығы) көбiнесе 5–10 км-ден аспайды.
Шток – бұрыс пiшiндi интрузиялық денелер, қимадағы ауданы 100 км
2
-ге
дейін. Олар көбiнесе iрi батолиттердiң тарамдары болады, ал кейде жербетi маңы
денелерiн жасайды.
Дайка – жалпақ тақта тәрiздi денелер. Олар жер қыртысындағы тiк және
еңiс орналасқан жарықшақтарды магма толтырғанда пайда болады. Дайкалар
құрамы әр түрлi таужыныстардан тұрып, топтана орналасады. Өлшемдерi
бойынша дайкалар әр қилы. Олардың көпшiлiгiнiң ұзындығы жүздеген метр
(кейде бiрнеше км), ал қалыңдығы бiрнеше м-ге жетеді.
|