Клетка мембраналарының құрылымдық-химиялық сипаттамасы. Клеткалық мембраналарға митохондрияның, эндоплазматикалық тордың, Гольджи аппаратының, лизосоманың, пероксисоманың плазмолеммасы, кариолеммасы, мембранасы жатады. Барлық мембраналардың табиғаты жұқа (6-10 нм) липопротеидті пластар болып табылады. Олардың негізгі химиялық компоненті липидтер (40%) және белоктар (60 %), сонымен қатар – көмірсулар (5-10 %).
Плазмолемма. Плазмолемма – сыртқы клеткалық мембрана. Оның қалыңдығы – 10 нм.
Плпзмолемманың сыртынан гликокаликс қаптап жатады. Оның қалыңдығы 3-4 нм. Оның құрамына перифериялық белоктар және көмірсулар, гликолипидтер және гликопротеидтер кіреді. Гликокаликс клеткалардың сыртқы ортамен байланысуына қатысады (рецепция, адсорбция).
Клетка органеллаларының құрылымдық-функционалды мінездемесі
Эндоплазматикалық тор Цитоплазманың мембраналарымен шектелген әр түрлі түтікшелер және қапшықтардан тұратын көлемді жүйені эндоплазмалық тор деп атайды. Түтікшелер мен қапшықтар бір-бірімен байланысып бүкіл цитоплазмаға жайылған күрделі үш жазықты торды жасайды. Мембрананың қалыңдығы 60-80 А. Әр түрлі клеткаларда эндоплазмалық тордың құрылысы мен даму деңгейі әр түрлі болатыны анықталады. Эндоплазмалық тор көп мөлшерде белок синтездейтін клеткаларда өте жақсы дамыған.
Эндоплазмалық тордың екі түрі болады: 1) түйіршікті (кедір-бұдырлы) – сыртқы мембранаға рибосомдар жабысып тұрады; 2) түйіршіксіз (тегіс) – рибосомдары болмайды.
Эндоплазмалық тор клеткада тасымалдау рөлін атқарады. Әр түрлі заттардың сыртқы ортадан клетка ішіне түсуін және органоидтардың бір-бірімен байланысуын қамтамасыз етеді. Түйіршікті эндоплазмалық тордың рибосомдарында белок синтезделеді. Синтезделген белок цитозольмен араласпай эндоплазмалық тордың қапшықтарында жиналып Гольджи аппаратына жөнелтеді. Синтезделген белок Гольджи аппаратының көмегімен сыртқа шығарылады.
Тегіс эндоплазмалық тор көбінесе бір-бірімен байланысып тұратын түтікшелерден тұрады (6 – сурет). Кейде тегіс эндоплазмалық тордың түтікшелері кедір-бұдырлы тордың қапшықтарымен жалғасып тұрады.
Түйіршіксіз эндоплазмалық тор бірнеше қызмет атқарады:
1) липидтер мен стериодты гормондарды синтездеу. Қанның құрамындағы липопротеидтер бауырдың тегіс эндоплазмалық торында өндіріледі;
2) дәрі препараттарды усыздандыру (детоксикация);
3) гликогенді синтездеу (бауырда);
4) кальцийді жинап сақтау