Глоссарий 1-тақырып. Әлеуметтану қоғам туралы ілім Әлеуметтік



бет18/19
Дата02.12.2022
өлшемі66,73 Kb.
#54277
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
Байланысты:
Глоссарий 1-та ырып. леуметтану о ам туралы ілім леуметтік

Әлеуметтік прогресс – қоғамдық өмірдің күрделенуі, өндірістің, мәдениеттің, әлеуметтік еркіндік, теңдік, әділеттіліктің өркениетті бағытпен дамуы.
Еңбек – адамның іс-қимылының негізгі түрі, оның тіршілік ету тәсілі. Еңбек арқылы көзделген мақсатқа жетуге болады. Еңбек адамның қалыптасуына, оынң қоршаған ортаға бейімделуіне шешуші әсер етеді.
Еңбек социологиясыеңбекті әлуметтік процесс, әлуметтік еңбектің қарқындылығын арттыру факторлары, техника және технологиялық, қызметтің, жағдайлардың, адамның еңбекке деген көзқарасына әсері түріндегі еңбектің мәселелерді зерттейтін әлеуметтанудың бір саласы.
Еңбектің мазмұны – бұл өндіруші қызметі саласымен жасалған еңбек операциясының түрлері, мүмкіншілік және өндірістік процесс үстіндегі шешім қабылдаудағы жаңалық деңгейіне байланысты бөлуді ескеретін еңбектің сипаты.
Еңбекке қатынас (көзқарас) - бұл индивидттің еңбек заттары, құралдары, өнімдерімен және өндіруші ортамен байланысының сипаты. Еңбекке қатынас индивидтің қоғаммен негізгі байланысын көрсетеді және еңбектің қоғаммен бағалануы (бедел, әлуметтік статус) арқылы көрінеді.
Нарықтық экономика – рыноктық экономика, базарлы экономика – еркін кәсіпкерлік, өндіріс құрал-жабдығына меншік нысандарының көптігі, нарықтық баға белгілеу, шаруашылық жүргізуші субъектілер арасындағы шарттық қатынастар, мемлекеттің шаруашылық қызметке шектеулі түрде араласуы қағидаттарына негізделген экономика, яғни тауарлар мен қызметтерді өндіру, бөлу, оны бағдарламалау және реттеу саласы нарықта біріктірілетін экономика.
Экономикалық әлеуметтану – жалпы әлеуметтану ғылымының қоғамның экономикалық өмірін зерттейтін арнаулы теориясы болып саналады. Бұл арнаулы теория жалпы әлеуметтанудың қарқынды дамуымен және оның экономикалық процестерімен тығыз байланысының негізінде пайда болды. Осыған орай экономикалық әлеуметтанудың объектісіне зерттеушінің қалауына қарай алынған қандай да болмасын экономикалық және әлеуметтік тұрғыда бір-бірімен тығыз байланысқан құбылыстар мен процестер жатады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет