Глоссарий I анимизм



бет12/13
Дата06.03.2023
өлшемі36,33 Kb.
#71811
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
glossari

Сөздік-логикалық ойлау- ойлау түрлерінің бірі, ұғымдарды пайдаланатынымен сипатталады. Сөздік- логикалық ойлау өз функциясын тілдік құралдар негізінде атқарады және ойлаудың тарихи және онтогенездік дамуының неғұрлым кейінгі кезеңі болып табылады. Сөздік-логикалық ойлаудың құрылымында жалпылаулардың алуан түрлері өз функцияларын атқарады.
Салыстыру- ойлаудың логикалық амалдардың бірі. Адамның ойлау әрқашан талдаудан және синтезден басталады. Ойлау- түйсік пен қабылдаудан талдау мен синтездің жаңа мазмұнға ие болған түрі.
Пікір- бір нәрсенің беймәлім жағын ақиқат не жалған деу тұрғысынан мақұлдайтын немесе теріске шығаратын талас ой.
Эвристика- 1) жаңалық ашу процесінде қолданылатын арнайы әдістер; 2) өнімді шығармашылық ойлауды зерттейтін ғылым; кең мағынада – шығармашылық туралы ғылым; қазіргі заманғы, неғұрлым тар мағынада – күрделі зияттық міндеттерді орындау кезіндегі іріктеме ізденісті ұйымдастырудың треориясы мен практикасы.
Елестету- бұрыннан бар тәжірибе негізінде жаңа түсініктер, ойлар мен бейнелер жасауға саят ын психикалық процесс. Е.субъектінің заттық қарекетінің құралдары мен нәтижесіне ойш ақұраудан, проблемалық жағдай белгісіз сипатта болғанда іс-әрекет бағдарламасын жасаудан, қарекеті бағдарламай, алмастыратын, тәріздентіретін бейнелер шығарудан, объектінің бейнелерін жасаудан көрінеді.
Астениялық сезім- өте қатты шаршап-шалдығу, жадап-жүдеу, көңіл-күйдің тұрақсыздығының ақырғы шегі, ұйқының бұзылуы кезінде байқалатын жүйкелік-психологиялық әлсіздік.
Аффект- адамның көңіл күйінің кенеттен өзгеріп, зор қарқынмен бұрқан-талқан болып сыртқа тебуі (долдану, үрейі ұшу, торығу).
Амбиваленттілік- 1) қанайда бір адамға, объектіге немесе идеяға бір мезгілде қарама-қарсы немесе аралас сезімдерінің болуы; 2) адамға, объектіге немесе идеяға өзінің сезімін немесе қарым-қатынасын үнемі өзгертуге бейімділік.
Апатия- 1) енжарлық, селқостық, сылбырлық, көңілдің еш нәрсеге соқпауы, ұнжырғаның түсуі. Өмірге немқұрайды қараудан, сезімнің топастанып, көмескіленуінен болады. Апатияға салынған адам туған-туысқандарына, жақын дос-жаранына селқос қарайды, идеялық мүддеден, мәдени дағдылардан айырылады, эмоциялық сергектігі бәсендеп, сөне бастайды; 2) стоиктерше, адам жанының сезімдерден, барлық құмарлықтан жұрдай болуы.
Шабыт- адамның рухани күштерінің ширығып, өрлеуі, шығармашылық толғанысы; ғылым, техника, өнер туындысының ниеті мен идеясының пайда болуына инемесе жүзеге асырылуына бастайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет