Сенсорика- бұл қабылдау мен түйсік ұғымдарының біріктірілген түсінігі.
Амнезия- мидың логикалық (бір бөлігінің) зақымдалуынан пайда болатын адамның есте сақтау қызметінің бұзылуы.
Есте сақтау-материалдық жадта сақталуын қамтамасыз ететін процестердің жалпылама атауы. Е.с.жаңа алынған білімдердің кейін қалпына келтірілуінің ең маңызды шарты. Есте сақтаудың нәтижелілігі, ең алдымен, жаңа материалды ұғынылған байланыстар жүйесіне кіріктіру мүмкіндігіне қарай анықталады. Е.с.процестерінің іс-әрекет құрылымындағы орнына байланысты ерікті Е.с. және еріксіз Е.с. болып саналады. Басқа жағдайлар бірдей бірдей болған ерікті Е.с. еріксіз есте сақтаудан гөрі өнімдірек, жаңа білімдерді меңгерудің жүйелілігін, ұғынымдылығын, бұл процестің басқарылуын қамтамасыз етеді. Е.с. механизімдерінің арасында қайталау маңызды орын алады.
Ұмыту-меңгерілмеген материалдың еске түсірілуі мен қайта жаңғыртылуы мүмкіндігінің біртіндеп кемуімен сипатталатын процесс.
Мнемоника- мүмкіндігінше көбірек мәліметтердің есте сақталуын оңайлату үшін қолданылатын әдістер мен тәсілдер жиынтығы.
Ес- бұрынғы тәжірибені ұйымдастыру және сақтау процестері; осы арқылы бұрынғы тәжірибені қайталап пайдалану немесе сана саласына қайта оралту жүзеге асырылады. Ес субъектнің басынан өткеніні қазіргісімен және болашақтығысымен байланыстырады және дамыту мен оқытудың негізі болатын аса маңызды танымдық функция болып табылады. Есті зерттеулердің пәнаралық сипаты болады, өйткені ол әр түрлі нысандарда өмірдің барлық деңгейлерінде кездеседі және индивидумдық тәжірибенің сақталу процестерін ғана емес, тұқымқуалаушылық ақпараттың берілу механизмдерін де қамтиды. Соңғы уақытта мәліметтерді жинақтау мен іздеп табудың машиналық құралдарының шығуына байланысты бұл зерттеулердің ауқымы анағұрлым ұлғайды.
Елестету- бұрыннан бар тәжірибе негізінде жаңа түсініктер, ойлар мен бейнелер жасауға саят ын психикалық процесс. Е.субъектінің заттық қарекетінің құралдары мен нәтижесіне ойш ақұраудан, проблемалық жағдай белгісіз сипатта болғанда іс-әрекет бағдарламасын жасаудан, қарекеті бағдарламай, алмастыратын, тәріздентіретін бейнелер шығарудан, объектінің бейнелерін жасаудан көрінеді.