Гормондар жоспары



бет8/13
Дата01.03.2023
өлшемі1,49 Mb.
#70986
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
биохим 1 сроп

ҚАЛҚАНША МАҢЫНДАҒЫ БЕЗ.

  • Адамда қалқанша бездің артқы үстіңгі бөлігінде не ішкі бөлігінде орналасқан екі қалқанша маңындағы без болады. Бұл бездердің негізгі клеткалары паратгормон не паратирин, не паратиреоидты гормон (ПТГ) бөліп шығарады.
  • Паратгормон организмде кальцийдің алмасуын және оның қандағы деңгейін реттейді. Бүйректе және ішекте паратгормон кальцийдің реабсорбциясын арттырады. Кальцийдің алмасуына әсер ете отырып, паратгормон организмде зат алмасуына да әсер етеді, ол фосфаттың қайта сіңірілуін жояды және оның зәрмен бірге шығарылуын күшейтеді (фосфатурия).
  • Қалқанша маңындағы бездің белсенділігі қан құрамындағы кальциймен анықталады. Егер қанда кальцийдің концентрациясы артса, онда ол паратгормон секрециясын төмендетеді. Қанда кальций деңгейінің төмендеуі паратгормонның өндірілуін күшейтеді.

ҰЙҚЫ БЕЗІ (АСҚАЗАН АСТЫЛЫҚ БЕЗ)

  • Ұйқы безі аралас қызмет атқаратын бездерге жатады. Эндокриндік қызметі панкреатикалық аралшықтын (Лангерганс аралшығы) гормон өндіруімен іске асады. Аралшықта бірнеше жасуша түрі бар. Альфа жасушалар глюкагон өндіреді, бета жасушалар инсулин өндіреді, d-жасушалары инсулин мен глюкагон секрециясын тежейтін соматостатинді өндіреді.G-жасушалар гастрин өндіреді. Негізгі массаны инсулин өндіретін бета-жасушалары құрайды.
  • Инсулиннің түзілуі қан плазмасындағы глюкоза деңгейінде реттеледі:
  • Гипергликемия инсулин өндірілуінің жоғарлауына әсер етеді
  • гипогликемия гормонның түзілуі мен қанға түсуін төмендетеді.
  • Көмірсу алмасуына әсер ету сипаты бойынша инсулиннің антагонистері глюкагон, АКТГ, соматотропин, глюкокортикоидтар, адреналин, тироксин. Бұл гормондарды еңгізу гипергликемияны шақырады.
  • Инсулин секрециясының жетіспеушілігі қант диабеті деп аталатын ауруға алып келеді.
  • Лангерганс аралшығының альфа жасушалары инсулиннің антагонисті болып саналатын глюкагон синтездейді.Глюкагон әсерінен бауырда гликогеннің глюкозаға дейінгі ыдырауы жүреді. Осының нәтижесінде қандағы глюкоза деңгейі жоғарлайды. Глюкагон май депосындағы майдын мобилизациясына әсер етеді. Глюкагонның секрециясы қандағы глюкоза концентрациясына байланысты болады. Гипергликемия глюкагон түзілуін тежейді, гопигликемия, керсінше, жоғарлатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет