Аденогипофизде мына гормондар пайда болады: аденокортикотропты (АКТГ) немесе кортикотропин; тиретропты немесе тиреотропин, гонадотропты: фолликулореттеуіш немесе фоллитропин және лютеиндеуші немесе лютропин, соматропты немесе өсу гормоны, не соматотропин, пролактин. Алғашқы 4 гормон ішкі секрецияның периферикалық бездің қызметін реттейді.
Соматотропин мен пролактин тканьға өздері әсер етеді. Адренокортикотропты гормон немесе кортикотропин, бүйрек үсті бездің қабығына реттеуші әрекет көрсетеді.
АКТГ холестериннің синтезделуін күшейтеді және холестериннен прегненолоның пайда болуын жылдамдатады.
Липолиздің стимуляциясы мен инсулин және соматотропин секрециясын арттыру, бұлшықет тканьдерінің клеткасында гликогеннің жинақталуы, мелонофораның пигментті клеткасына әсер ету арқылы пигментацияны күшейту сияқты қызметтер бүйрек үстілік безінен тыс АКТГ тиімділігі болып табылады.
Қалқанша бездің қызметін арттырады, оның тканьдерін гиперплазиялайды, тироксин мен трийодтирониннің өңделуін реттейді. Тиреотропиннің пайда болуы гипоталамустың тиреолибериндерінде реттеліп, соматостатинде жойылады. Тиреолиберин мен тиреотропиннің секрециясы қайтымды байланыс механизмі бойынша қалқанша бездің йод түзетін гормондарында реттеледі. Тиротропин секрециясы организмнің салқындаған кезінде артады. Глюкокортикоидтар тиреотропин өнімдерін тежейді.
Тиреотропин секрециясы жарақат алған кезде, ауырғанда наркозда езіледі.
Тиреотропиннің шамадан тыс көп болуы қалқанша бездің гиперфункциясында, тиреотоксикоздың клиникалық жағдайында білінеді.
ФОЛЛИКУЛ РЕТТЕУШІ ГОРМОН (ФРГ) НЕМЕСЕ ФОЛЛИТРОПИН,
Фолликул ұрықтарының өсуі мен пісіп жетілуін және олардың ұрықтануға дайындығын арттырады. Ертеректерде ФРГ әскерінен сперматозоидтар пайда болады.