Гормондар жоспары


ЛЮТЕИНДЕУШІ ГОРМОНДАР (ЛГ) НЕМЕСЕ ЛЮТРОПИН



бет6/13
Дата01.03.2023
өлшемі1,49 Mb.
#70986
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
биохим 1 сроп

ЛЮТЕИНДЕУШІ ГОРМОНДАР (ЛГ) НЕМЕСЕ ЛЮТРОПИН

  • Піскен фолликулдың қабығының жарылуынан, яғни ұрықтану мен жасыл дененің пайда болуын қамтамасыз етеді. Еркектерде бұл гормон еркектің жыныс гормондары-андрогендердің пайда болуын қамтамасыз етеді.
  • ФРГ және ЛС гонадолибериннің пайда болуы экстрогендер мен андрогендердің деңгейіне байланысты қайтымды байланыс механизмі бойынша ретеледі. Аденогипофиздің пролактин гормоны гонадотропты горомондардың өнімдерін жояды.
  • ЛГ бөлінуіне тежеуіш әрекетті глюкокортикоидтар жасайды.

СОМАТОТРОПТЫ ГОРМОН (СТГ) НЕМЕСЕ СОМАТОТРОПИН

  • Өсу гормоны, өсу процесін реттеуге және дене бітімінің өсіп, дамуына қатысады.
  • Самототропин организмде белоктың пайда болуын РНК синтезін жоғарлатуға, қаннан клеткаға аминқышқылдарының тасымалдануын күшейтуге қабілетті.
  • Соматотропин инсулин сияқты әрекет етіп, көмірсу алмасуына әсер етеді. Гормон майдың мобилизациялануын күшейтеді және оның энергетикалық алмасуда қолданылуын реттейді.
  • Соматотропин өнімдері гипоталамустың соматолиберин мен соматостатинінде реттеледі.

ГИПОФИЗДІҢ АРТҚЫ БӨЛІГІНДЕГІ ГОРМОНДАР

  • Бұл гормондар гипоталамуста пайда болады. Нейрогипофизде олар жиналады. Гипоталамус клеткасының супраопты және паравентрикулярлы ядросында окситоцин мен антидиуретикалы гормонның синтезі жүзеге асады. Антидиуретті гормон (АДГ), не вазопрессин, организмде антидиуретті әрекетті, яғни нефронның дистальды бөлімінде су реабсорбциннін реттеуді жүзеге асырады..
  • АДГ жетіспеушілігінен қантсыз диабет немесе зәр бөлу, яғни қатты шөлдеп жоғары көлемде зәр бөлуде (күніне 25л. дейін) білінеді. қантсыз диабеттің себебі созылмалы инфекцияның гипоталамусты зақымдауынан (тұмау, қызылша, безгек т.б.), бас сүйек миының жарақаттануынан гипоталамус ісігінен болуы мүмкін.
  • АДГ секрециясының шамадан артық болуы, организмде судың азаюына соқтырады

ҚАЛҚАНША БЕЗ

  • Қалқанша без жалғастырушы алқым және қалқанша шеміршегінен төмен мойындағы екі жақ трахеяда орналасқан.
  • Бездің тканьдері йод түзетін гормонда тироксин (тетрайодтиронин) және тиреглобулин белогымен қосылған трийодтиронинді коллоидпен толықтырылған фолликулдар түзеді. Фолликулдар аралық кеңістікте тиреокалцитонин шығаратын парафолликулярлы клеткаларда орналасқан. Қанда трийодтиронинге қарағанда тироксин көп. Трийодтирониннің белсенділігі тироксинге қарағанда жоғары. Бұл гормондар тиразиннің аминқышқылдарынан, оның йодталуынан пайда болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет