Гормондар жоспары


Организмде йод түзетін гормондар мынандай функцияларды атқарады



бет7/13
Дата01.03.2023
өлшемі1,49 Mb.
#70986
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13
Байланысты:
биохим 1 сроп

Организмде йод түзетін гормондар мынандай функцияларды атқарады:

  • Организмде йод түзетін гормондар мынандай функцияларды атқарады:
  • 1)зат алмасудың /белокты, липидті, көмірсу/ барлық түрлерін күшейту, организмде негізгі зат алмасуды арттыру;
  • 2)өсу процесіне, физикалық және ақыл естің дамуына әсер ету;
  • 3)жүректің жиырылу жиілігін арттыру;
  • 4)асқорыту қызметін арттыру; тәбетті арттыру, асқорыту сөлдерінің секрециясын арттыру;
  • 5)өнімдерді арттыруға байланысты дене температурасын арттыру;
  • 6)нерв жүйесінің қозуын арттыру.

ҚАЛҚАНША БЕЗДІҢ БҰЗЫЛУЫ:

  • Гиперфункция
  • Гипофункция

ҚАЛҚАНША БЕЗДІҢ ГИПЕРФУНКЦИЯСЫ

  • Қалқанша бездің гиперфункциясында тиреотоксикоз ауруы дамиды (диффузиялы қабынба жемсау, Базедов ауруы, Грейвс ауруы). Бұл аурудың белгілері: қалқанша бездің үлкеюі (жемсау), бадырақ көз, жүректің тез соғуы, зат алмасуды артуы, әсіресе, негізгі зат алмасудың, дене салмағының азаюы, тамаққа тәбеттің артуы, организмнің жылу балансының бұзылуы, қоздырушы және тітіркегіштіктің артуы.

ҚАЛҚАНША БЕЗДІҢ ГИПОФУНКЦИЯСЫ

  • Ересек адамдардағы қалқанша бездің гипофункциясы микседемапатологиялық жағдайының дамуына әкеліп соқтырады. Бұл ауруда нервті-психикалық белсенділік төмендеп, яғни әлсіздік, ұйқышылдық, селқостық, интеллектің төмендеуінен, жыныс функциясының бұзылуынан, зат алмасудың барлық түрлерінің бұзылуынан және негізгі зат алмасудың төмендеуінен білінеді.
  • Бұндай ауруларда ткань сұйықтығының шамадан тыс артуынан дене көлемінің салмағы ұлғайып және беттің қатты ісінуінен білінеді. Сондықтан да бұл ауру-микседема-қоймалжың деп аталады.
  • Қалқанша бездің гипофункциясы су мен топырақта йод жетіспейтін елді мекендерде тұратын адамдарда да дамиды. Бұл эндемиялық жемсау деп аталады. Бұл ауру да йод жетіспеушілігінен гипотиреоз түрінде организмнің бұзылуынан қалқанша бездің үлкейіп, фолликулдар санының артуына соқтырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет