Гормондар жоспары



бет9/13
Дата01.03.2023
өлшемі1,49 Mb.
#70986
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
биохим 1 сроп

БҮЙРЕК ҮСТІ БЕЗДЕРІ

  • Бүйрек үсті бездері жұп бездер болып табылады. Бұл-өмірге аса қажетті эндокриндік орган. Бүйрек үсті безі екі қабатқа бөлінеді:
  • қыртысты
  • милы.

БҮЙРЕК ҮСТІ БЕЗІ ҚЫРТЫСЫНЫҢ ГОРМОНДАРЫ

  • Бүйрек үсті безі қыртысы 3 зонаға бөлінеді: сыртқы, ортаңғы, ішкі.
  • Сыртқы зонасында минералокортикоидтар шығарылады.
  • Ортаңғыда –глюкокортикоидтар.
  • Ішкіде-жыныс гормондары (андрогендер).
  • Бүйрек үсті безі қыртысының гормондары химиялық қатарлар бойынша стероидтар болып табылады.

МИНЕРАЛОКОРТИКОИДТАР.

  • Бұл топқа альдостерон,дезоксикортикостерон, 18-оксикортикостерон, 18- оксидезоксикортикостерондар жатады. Бұл гормондар минералды зат алмасуды реттеуге қатысады. Минералокортикоидтардың ішіндегі негізгісі альдостерон болып табылады. Альдостерон бүйрек каналдарында натрий мен хлор иондарының реабсорбциясын күшейтеді және калий иондарының қайта сіңірілуінтөмендетеді. Мұның нәтижесінде зәрмен бірге натрийдің бөлінуі азайып, калийдің бөлінуі жоғарылайды. Натрийдің реабсорбциялану процесінде судың көбеюі нашар.

Организмде судың кідірісінің есебінен қанның айналу көлемі ұлғаяды, күре тамыр қысымының деңгейі жоғарылайды, несеп бөлу азаяды. Альдостерон натрий мен калий алмасуына әсер етіп, сілекей мен тер бездерінде болады.

  • Организмде судың кідірісінің есебінен қанның айналу көлемі ұлғаяды, күре тамыр қысымының деңгейі жоғарылайды, несеп бөлу азаяды. Альдостерон натрий мен калий алмасуына әсер етіп, сілекей мен тер бездерінде болады.
  • Қанда альдостерон деңгейінің реттелуі бірнеше механизммен реттеледі, олардың ең негізгісі – ренин-ангиотензин-альдостерондық жүйе. Альдостерон өнімдерін біршама деңгейде АКТГ аденогипофиз реттейді.

ГЛЮКОКОРТИКОИДТАР.

  • Глюкокортикоидтты гормондарға: кортизол, кортизон, 11-дезоксикортизол, 11-дегидрокортикостерондар жатады. Бұл гормондар көмірсу, белок және майдың алмасуына әсер етеді.
  • Глюкокортикоидтар қан плазмасында глюкоза құрамының артуына әсер етеді. Аминқышқылынан және май қышқылдарынан глюкозаның пайда болу процесін, бауырда глюконеогенез процесін реттейді. Глюкокортикоидтар көмірсу алмасуында инсулиннің антагонисі болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет