Методы и приѐмы технологии интерактивного обучения:
Работа в парах
Мозговой штурм
Работа в малых группах
Займи позицию
Незаконченное предложение
Шкала мнений
Проективные технологии
Открытые вопросы
Опрос по очереди
71
Точные ответы.
Современная жизнь вносит свои коррективы в методику преподавания. Чтобы занятие
было интересно студентам, мне пришлось осваивать новые методы подачи материала.
Считаю, что среди инновационных методов наиболее приемлема для использования
на занятиях по психологии, технология интерактивного обучения.
В своей работе, после проведения уроков-презентаций, многие студенты изъявляют
желание создавать свои презентации. В своих презентациях они проявляют творчество,
креативность, индивидуальный подход в изучении определенной темы, в результате они с
интересом и удовольствием осваивают новое.
Мудрые китайцы говорят: «Расскажи мне, и я забуду, покажи мне, и я запомню, дай мне
попробовать, и я научусь». Жить и учиться с интересом и максимальной эффективностью
в современном высшем образовательном учреждении можно и нужно с помощью
информационных технологий.
Что дает мне использование информационно-коммуникационных технологий?
экономию времени на уроке;
повысить уровень наглядности в ходе обучения;
внести элементы занимательности;
оживить учебный процесс.
глубину погружения в материал;
повышенную мотивацию обучения;
интегративный подход в обучении;
возможность одновременного использования аудио-, видео-, мультимедиа-материалов
делают урок современным.
Считаю, что использование информационных технологий способствует активизации
мыслительной деятельности учащихся, развивает познавательный интерес, творческие
способности учащихся, позволяет использовать на уроках различные виды контроля,
способствует повышению учебной мотивации и повышению качества знаний.
Информационная технология обучения — это технология, ориентирующая учащегося
на новый стиль образования в течение всей жизни, развивающая умения и навыки для
непрерывного самосовершенствования.
Я убеждена: чтобы стать успешным и счастливым человеком, самому учителю надо
много учиться, не бояться ломать стереотипы, овладевать новыми технологиями,
стратегиями обучения, т.е самосовершенствоваться. В модернизации образования,
в реформировании образовательного процесса центральной фигурой является учитель —
исследователь, учитель — лидер.
72
Доклад,
хотелось бы закончить
словами
Президента РК
Н.А.Назарбаева:
«Учитель новой формации — духовно развитая, социально зрелая, творческая личность,
компетентный специалист, профессионально владеющий всем арсеналом педагогических
средств, стремящийся к постоянному самосовершенствованию. Он несет ответственность
в формировании и развитии высокообразованной творческой личности и максимальной
самореализации».
Хочу пожелать своим коллегам творческого поиска.
Совершайте добро, пока вы существуете. Д. Дидро.
_________________
1.Кукушин В.С. «Педагогические технологии» Учебное пос. изд.Центр «Март» 2006 г.
2.Педагогика:В.Сластенин, И.Исаев Е. Шиямов М.2003
3.Селевко Г.К. Педагогические технологии Изд.Наука, 2004
Аннотация. Мақалада білім аймағындағы қазіргі технологиялар жаңа тұрпатты
мұғалімнің кәсіптік дамуының негізгі шарттары екендігі жайлы мәселелер қарастырылады.
Annotation. In this paper the latest technologies of our time giving teachers a new formation
in the field of education to professionalism.
Л.С.Базарова, Р.А. Жумагалиев, П.С.Алиева
ҚАЗАҚ ҚЫЗДАРЫНЫҢ ТҦЛА БОЙЫНДА ҦЛТТЫҚ ТӘРБИЕНІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ
ӘӚЖ 374.5
Б16
Әр халықтың отбасында бала тәрбиелеу бойынша сан ғасырлық жинақталған халықтық
тәлім-тәрбие жүйесі бар, ол – халық педагогикасы. Қазақ халқы жас ұрпағын ӛзінің
халықтық педагогикасының құралдары арқылы тәрбиелеп, «сегіз қырлы, бір сырлы» азамат
етіп ӛсіруді армандаған.
Қазақ халқында отбасылық ұлттық тәрбие беру ана құрсағынан басталып, адамды ӛмір
бойы және оны о дүниеге шығарып салумен аяқталатын әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлер
негізінде үздіксіз жүргізіліп, іс-әрекеттер мен қарым-қатынастар арқылы тұрақты жүзеге
асырылған. Осыдан келіп қазақта отбасылық тәрбие бір-бірімен тығыз байланысты алты
кезеңде жүргізілген:
1.
Құрсақ тәрбиесі;
2.
Бесік тәрбиесі;
3.
Қыз бала тәрбиесі;
4.
Келін тәрбиесі;
5.
Ұл бала тәрбиесі;
6.
Ер жігіт тәрбиесі.
Қазақтың отбасылық тәрбиесін жүзеге асырушы тәлімгерлер: ана, әке, ата, әже, ағалар,
әпкелер, туған-туыстар, ауыл адамдары.
Қазақ халқы «Қыз» деген сӛздің ӛзін әдеміліктің, әдептіліктің, сұлулықтың белгісі
ретінде қолданған.
Халқымыздың ауыз әдебиетінде қызға мынадай керемет суреттеме берген:
Қыз емес, қыздың аты – қызыл алтын,
Кӛрінер туған Айдай – жүзі жарқын.
Үлкеннің алдын кесіп, сӛз сӛйлемес,
Халқының сақтай білген ізгі салтын.
73
Сондай-ақ, қыз баланың ұқыптылығын, шеберлігін, сүйкімділігін, жанының нәзіктігін,
ӛнер-білімге бейім тұратынын жоғары бағалап, оның ол қасиеттерін нақыл сӛздер арқылы
ерекше кӛрсеткен. Мысалы, «Қыздың жиған жүгіндей», «Қыздың тіккен кестесіндей», «Қыз
елдің кӛркі, гүл жердің кӛркі», «Жақсы қыз – жағадағы құндыз», «Қарағым – шырағым, ауыл
кӛркі ақ лағым», «Ырыс алды – қыз», «Қызы бар үйдің – қызығы бар» т.б.
Сонымен, қазақтың жазба және ауыз әдебиеттерінде бойжеткен қызға берілген жалпы
сипаттамасы мынадай болған: «Сұңғақ бойлы, сыңғырлаған дауысты, оймақ ауыз, күлім
кӛзді, жайдары мінезді, алма мойын, ақша бетті, ақ тамақ, аршын тӛсті, тал шыбықтай
бұралған бұраң белді, сүмбіл шашты, ұзын кірпікті, ақ білек, маржан тісті, қыр мұрынды»
деп суреттеген.
Ал енді осындай сипаттағы қазақ қызын халқымыз қалай тәрбиелеген екен?
Қазақ халқы қыз баланы ардақтап ұстаған, оның кӛңілін қалдырмаған, оған қарсы
сӛйлемеген, оны мәпелеп ӛсірген, оның тәрбиесіне ерекше кӛңіл бӛліп қараған.
Қыз баланы жастайынан үй жұмысына үйретуді анасы мен әжесі ӛз міндеттеріне алып,
оны үйді таза ұстауға, тӛсек жинауға, ас пісіруге, шай құюға, кесте тігуге, кілем және алаша
тоқуға, киіз басуға үйретіп отырған.
Әсіресе қыз баланың кӛрікті болып ӛсуіне ерекше кӛңіл бӛліп, « Аттың кӛркі – жалы,
қыздың кӛркі – шашы» деп, қыздың шашын күтіп ӛсіруді ӛнер санаған. Ол үшін оның
шашын айранмен, қынамен жудырған. Шаштарын «қос бұрым» немесе «бестемше» етіп ӛру
бойжеткен қыздың кӛркі болған.
Бойжеткен қыздың киім киісіне де ерекше кӛңіл бӛлінген. Мысалы, «Адам кӛркі –
шүберек, ағаш кӛркі – жапырақ» деп қыз балаларға қынама камзол, дүрия бешпет, камшат
бӛрік, қос етек кӛйлек , биік ӛкше етік тіктіріп кигізген. Және де қызға сырға, білезік,
шашбау, шолпы сияқты әшекейлерді тақтырған. Халқымыз қыз баланың кӛркіне оның ақыл-
ойы және мінез-құлқы сай болуын қалаған.
Қыз баланың жақсы болып ӛсуіне оның ӛскен ортасының, бірге жүрген құрбы-
құрдастарының, дос-жарандарының да әсері күшті болған. Қазақтың «Қызың ӛссе, қызы
жақсымен ауылдас бол», «Қызға қырық үйден тыю» деген нақыл сӛздер сол ӛмір
тәжірибесінен алынған.
Қыз бойжеткен соң, оны құтты орнына ата-ананың арманы. Халқымыздың ежелгі
дәстүрі бойынша ер жігітке серік боларлық ақылды, әдепті, еңбекқор, адал жар таңдау,
ӛнегелі кӛрген жерден қыз алу – келешек отбасы бақытының басты нышаны болған. Қазақты
«Тегіне қарап, қызын ал» деген нақыл сӛз бар, оның мәні мынада: текті жердің қызы әдепті,
инабатты, іске шебер, қиыншылыққа тӛзімді, анасы сияқты тәрбиелі болып келеді, ол ӛскен
ортасы мен ата-анасына жаманат сӛз ергізбейді. Сол себепті бабаларымыз « Аяғын кӛріп,
асын іш, шешесін кӛріп, қызын ал» деп ӛсиет қалдырған. Ол үшін қызға «Сыншылар әр түрлі
ұсыну арқылы бойжеткеннің дүниемүлікке кӛзқарасын, жұмбақ шешкізіп, зейін-
зердесінбайқаған,
аға-інілері,
құрбы-құрдастарымен
қарым-қатынасына
қарай
бауырмалдылығы мен қайырымдылығын ӛкшеген. Киген киімі, істеген ісі, сӛйлеген сӛзіне
қарап,оның ұқыптылығы, іскерлігі және мінез-құлқынан мағлұмат ала білген.
Бойжеткеннің тал бойынан табылуға тиісті тағы бір қасиет сымбаты мен кӛркі.
Болашақ ошақ иесіне қояр талаптың ең мәндісі – іскерлік. Халық «Ӛнерсіз қыздан без,
ӛнегесіз ұлдан без» деген. Әр әйелдің ерін күте білуі – басты міндеті, бала тауып ӛсіру –
ананың борышы. Қорқыт ата «Атадан ӛсиет алмаған ұл жаман, анадан ӛнеге алмаған қыз
жаман», Жүсіп Баласағұни «Ақылды әйел – іздесең сен, есті болса, тӛрт құбылаң теңелер» ал
ұлы Абай «Ары бар, ақылы бар, ұяты бар; Ата-ананың қызынан қапы қалма» дегендері
ӛнегелі, ақылды қыз алу келешек бақытты болу шарты.
Грек ойшылы Платонның «Ұл тәрбиелей отырып, жер иесін тәрбиелейміз, қызды
тәрбиелей отырып, ұятты тәрбиелейміз» деген қанатты сӛзіне біздің халық қаншалықты
лайық болғандығын айқындайды [ 1, 27 б.].
74
Тегіне кӛз салған ата-бабамыз «жақсы болсын тегі, заты, тұқымы, пәк ұяты болсын
жанның тұнығы» деп орта ғасырлық ғұлама Жүсіп Баласағұн айтқандай , қыз бойындағы
пәктік, тазалық, тәрбиелік, ар-ұяттың мӛлдірлігі басты қасиет екендігін таразылаймыз.
«Елден – елді аралап,
Тектіден текті саралап,
Нұсқасын байқап шамалап», - деп, Ақтанберді жырау жырлағандай, немесе,
«Кӛріп алсаң кӛріктіні,
Таңдап алсаң тектіні
Сонда кӛңіл толмай ма?» - деп Абай айтқандай, немесе халықтық түсінікте
қалыптасқан. «Тегіне қарап қызын ал, соғуына қарап қару ал», «Кӛріп алған кӛріктіден,
кӛрмей алған текті артық», «Шешеге қарап қыз ӛсер» деп мақал сӛздердегідей, болашақ
жарының тәрбиелі, кӛргенді болуы қазақ дәстүрінде басты талап болғандығын түсіндіреміз.
«Қыз кезінде бәрі жақсы, жаман әйел қайдан шығады» дегендей, бойжеткеннің ақылдылығы,
зерделілігі, парасаттылығы таразыға түсіп отырған. Бұл жӛнінде:
Ақылды әйел ізде десең сен егер,
Есті болса, тӛрт құбылаң теңелер ( Жүсіп Баласағұн )
Әйел алсаң кӛріп ал ақылдысын,
Ол – сенің ақыреттік жақын кісің ( Шал ақын )
«Жасауын деп, малды деп байдан алма,
Кедей қызы арзан деп құмарланба.
Ары бар, ұяты бар, ақылы бар,
Ата-ананың қызынан қапы қалма» - деп, даналар жырлағандай, бойжеткеннің ақыл-
зердесі бағаланып, «Алған жарың жақсы болса, жұмақтағы хормен тең» деп, бір-ақ
түйгендігін зерделейміз.
Ендігі бүгінгі қыздарымыз қандай? – деген сұраққа келгенде татымды жауап таба
алмай, күмілжіп қаламыз. Ӛйткені, бүгінгі ұрпақ тәрбиесінде, соның ішінде қыз баланың
тәрбиесінде біраз мәселелердің күн тәртібіне күрделеніп шығып отыр. Бүгінгі
бойжеткендеріміздің бойынан нәзік жаратылыс, аяулы мінез-құлық, айнадай тазалық пен
айнымас адалдық сияқты қазақ қыздарына ғана тән асыл қасиеттерді табу оңай еместей
түйіледі.
Бүгінде
біздің
санамызды,
радиотолқындарымызды
Батыстың
жауыздыққа,
әдепсіздікке, ойсыздыққа тәрбиелейтін қоқыр-соқыр дүниелер жаулап алды. Оның жастар
санасына жағымды жақтары, ар-ұяттан бездіретін келеңсіз кӛріністері, кӛп екенін біле тұра,
оған мән беріп, кӛңіл бӛлмей келеміз. Ал, бізге керегі әлемдік мәдениеттің озық үлгілері.
Оларды игеру үшін алдымен қыздарымыздың әлемдік мәдениеттің адами ізгі қасиеттерін
игеруге, озық үлгілерін үйренуге және оның тұнығынан сусындай білуге баулуымыз керек.
Сонда ғана ертеңгі күні ана болып, бала тәрбиелейтін олар ұлтымыздың кешегі ӛткен ата-
бабаларымыздан келе жатқан болмысына лайықты ұрпақ ӛсіре алады.
Біз дербес мемлекет ретінде жас ұрпақ әсіресе, қыз балалар тәрбиесінің ӛткенмен
үндестігін, сабақтастығын одан әрі тереңдете түсуіміз керек. Қазақ қызының бойына ұлттық
ерекшеліктерді орнықтыру, жүректерінде ұлттық намыс отын маздату ел болудың басты
талаптарының бірі. Қыздарымыз елін, жерін сүйетін, ұлтымыздың болашағын ойлайтын
азамат болып ӛссін десек, бәрінен бұрын ата-бабаларымыздың уақыт тезінен сүрінбей ӛткен
дәстүрлі тәлім тәрбиесін жаңа заманмен ұштастыра, қайта жаңғыртуымыз керек. Сонда ғана
шын мәнісінде ӛмірдің қызғалдығындай қыз ӛсіре аламыз.
___________________
1.Бӛлеев Қ. Қазақ этнопедагогикасы – ұлттық тәрбие берудің негізі.- Алматы: Нұрлы әлем,
2008.
2. Бӛлеев Қ., Ибраимова Л.Н. Қазақ этнопедагогикасындағы отбасылық тәрбие. Оқу құралы.-
Алматы: Нұрлы әлем, 2008.
3. Жарықбаев Қ., Қалиев С. Қазақ тәлім-тәрбиесі ( Оқу құралы).-Алматы: Санат, 1995.
75
Аннотация. Данная статъя посвящена формированию и развитию национального
воспитания у казахских девушек. Рассмотрены шесть стадий семейного воспитания во
взаимосвязи с национальным воспитанием. Использованы учебные пособия проф. К.Болеева
и К.Жарыкбаева.
Annotation. This article is devoted to the forming and development of national education at
Kazakh girls. Some stages of the family education in connection with the national education are
considered in it. Some methodical text books of prof. K.Boleev and K. Zharykbaevare used in this
article.
А.Ж.Ерімбетова, А.М.Байкулова
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАНЫ МЕКТЕПКЕ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ
ЖАҒЫНАН ДАЯРЛАУ МАҢЫЗЫ
ӘӚЖ Е 75
Баланың мектепке оқуға психологиялық даярлығы балалар психологиясы ғылымы мен
білім беру жүйесі саласындағы ӛзектілігін жоймас, үлкен мәселелердің бірі. Осы тақырыпты
зерттеумен айналысқан жүздеген ғалымдар еңбегі теңдессіз мәліметтер бергенімен, зерттеу
нәтижелерін білім беру жүйесіне ендіру осы уақытқа дейін эксперименттік сипат алып отыр.
Баланың жеке басын жан-жақты дамыту мен мектепке даярлау ісі - бүгінгі таңда білім беру
саласындағы аса маңызды шаралардың бірі. Жалпы білім беретін мектептердің 1 - сыныбына
қабылданған балалар, мектептік оқу жүйесінде айтарлықтай қиындықтарға ұшырайды.
Олардың сәтсіздіктерінің басты себебі - мектептік оқуға даяр еместігінде. Оқуға берерде
баланың тек биологиялық жасына немесе дене дамуының кӛрсеткіштеріне сүйенбей,
мектепке психологиялық даярлығының ӛлшемін жасап шығару - уақыт талабы екенін
тәжірибе кӛрсетіп отыр.
«ҚР білім беруді дамытудың 2011-2020жж арналған Мемлекеттік бағдарламасы» мен
Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңының (2007ж.) талаптарына сәйкес,
мектепалды даярлық сыныптарының жұмысы қайта жандандырылуда. Бұл игішараның
үлкен жетістіктерінің бірі — бір сыныптас балалардың жас мӛлшерлерінің реттелуінде және
баланы заманауи талаптар тұрғысынан дамыту ісінің мақсатты түрде, жоспарлы әрі
қарқынды жүргізіле бастауында.
Баланы мектепке психологиялық тұрғыда даярлау процесінің маңызы оның оқушы
позициясына жылдам әрі оңай бейімделіп, психикалық дамуы сапалы ӛзгерістермен
толығып, жеке тұлға ретінде мазмұнды қалыптасуына негіз болатындығымен анықталады.
Мектепке психологиялық даярлықтағы негізгі нәрсе білімдер мен ұғымдардың сандық қоры
емес, психологиялық әрекеттің жаңа сапасы, ал мұндай жаңа құрылымдар баланың бүкіл
психикалық ӛміріне ӛзгеріс әкелетін жинақтай алу жүйесінің пайда болуы болып табылады.
Баланың мектептегі оқуды табысты бастауы үшін қажетті психикалық сапалар –
мектепке психикалық даярлық мазмұнын құрайды. Ол – баланың мектептегі оқу әрекетіне
жағымды қатынасынан: мінез-құлықтың ырықтылығының барынша жоғарғы деңгейінен:
білім, іскерлік, дағдыларының қоры мен таным процесінің дамуынан, сонымен қатар
мұғалімдермен және сыныптастарымен ӛзара қатынасын орнатуды, ұжым ӛміріне үйреніп
кетуді, бірлесіп әрекет ететін сапалардың қалыптасуынан тұрады.
Мектепке қабылданған балалардың оқу үлгеріміне мектептегі бағдарлама да, мұғалім де
әсер етпейді, яғни, оның мектепке даярлығы әсер етеді. Баланың мектепке даярлығы — оқи
білу, санай білу іскерлігі, психологиялық ерекшеліктерге: танымдық белсенділігі, кӛңіл-
күйінің тұрақтылығы, оқуға қатынасына негізделе жүргізілуі керек және кӛбіне ол баланың
тұлғалық қабілетіне, оқыту ұйымының шарттарына байланысты болады. Бала ең бастысы
76
маңызды әрекетті орындауға дайын болуы шарт, бір сӛзбен айтқанда мектепке келуге
тырысуы, тілегі мен мұғалім берген ауызша нұсқауларды орындай алу және мектеп
ережесіне бағыну қабілеті ӛте маңызды. Осыдан шығатын қорытынды балаларды мектеп
алды даярлықтан ӛткізу қажеттілігі.
Мектеп алды даярлықтың негізгі міндеті баланы мектепке баруға сапалы дайындау. Ең
басты шарт мектепке стрессіз оқуға тӛселдіру 5-6 жастағы балалардың ақыл-ойының дамуы
мен әлеуметтік даярлығына ең қолайлы кезең. Мұндай алғышарттарды пайдаланып, оны
жүзеге асыру керек. Әйтпесе қажетті, осы жасқа лайықты ақыл-ой және ізгілік қорегінсіз
және ересек адамның парасатты қамқорлығынсыз баланың талабы толығымен ашылмай
қалуы мүмкін. Ұйымдастырылған жүйелі түрдегі білім беру мен тәрбиелеу баланның
мақсатты дамуының басты формасы мен шарты болып табылады. Бұл жаста оның тілін
ойдағыдай жетілдіруге, жаратылысынан дарыған құштарлық негізінде танымдық ынтасын,
білімге деген құмарлығын оятуға, оқу қызметінің қарапайым әдістеріне үйретуге болады
және ол солай болуы керек те!
Сонымен қатар, тіл меңгерудегі табиғи механизмнің икемділі бес-алты жастағы
балаларға екіші тілді меңгерту жеңіл болады. Баланың мектептегі болашақ ӛмірінің кӛңілді
болуы алғашқы оқу жылының мазмұнына байланысты. Ерекше бағдарлама мен әдістеме
бойынша мектеп жағдайында білім алып, тәрбиеленген алты жасар балалардың мұндай
арнаулы даярлығы жоқ жеті жасынан оқи бастаған тетелестерінен ӛздерінің дамуы жағынан
едәуір озық болады. Бұл олардың сергектігінен, тапқырлығынан, ойлануынан, сӛйлеу
тәсілінің анағұрлым жоғары деңгейінен байқалады. Жалпы интеллектулдық қабілеттілік,
сабақта ерекше бейнеленіп отырады. Яғни, 5-жастағы балаларды мектеп алды даярлықтан
міндетті ӛткізу қажеттігі туындайды. Мектепке барар алдында балада мектептік оқуға деген
қызығушылық, білімге ынта, жаңаны білгенге қуана білуі, ӛзін жағымды жағынан кӛрсете
алу, қарым-қатынасқа түсе алу қабілеттерінің қалыптасуы маңызды. Осы негізде мектепалды
даярлық сыныбында баланың оқу жұмысы процесінде терең және тұрақты таным мүдделері
және жемісті де жүйелі ой еңбегі нәтижесінде пайда болған қуаныш тәрбиеленеді. Баланың
мектепке сапалы жан-жақты дайындықтан ӛтуі «жеті жас дағдарысынан» жеңіл ӛтуіне
жағдай жасайды.
6-7 жасар бала қоғамдық қатынастар негізінде ӛз орнын түсіне бастайды. Ол ӛзі үшін
жаңа ӛмір мен әлеуметтік қатынастың мәнін ашады. Бұл – үлкендер аса жоғары бағалайтын
оқу әрекетімен байланысты және оқушылық қатынаспен байланысты. Осы жаңа орынды
иелену тілегі қай кезде басталса да, баланың ішкі бағытының қалыптасуы оның ӛзіндік
санасын түбегейлі ӛзгеріске ұшыратады. Л.И.Божовичтің пікірінше «мектепалды
дағдарысы» баланың әлеуметтік «менінің» қалыптасу кезеңі. Ӛзіндік сананың ӛзгеруі –
құндылықтар сипатының ӛзгеруіне апарады. Бұрын бала үшін аса маңызды болған
жағдайлар енді қосалқылық роль атқарады. Әлеуметтену – нақты құндылықтар, білім,
нормалар жүйесін меңгеру арқылы жүзеге асатын тарихи үрдіс. Бұл нәрестелік шақтан
басталып ары қарай дамитын, бірте-бірте күрделене түседі де, мектепке дейінгі кезеңнің
аяғында айқын кӛріне бастайды. Яғни, 6-7 жасар баланың әлеуметтенуі мектепте оқуға
психологиялық жағынан даярлануына байланысты жүзеге астындығында. Осыдан шығатын
негізгі қорытынды 5 жастағы балаларды мектепалды даярлықтан ӛткізу, «дағдарыс»
кезеңінің жеңіл ӛтуіне жәрдемдесетіндігінде. Ал, дағдарыс – бір жас кезеңінен екінші жас
кезеңіне ӛту барысында ағзадағы физиологиялық ӛзгерістерге психиканың әлі бейімделе
алмауы салдарынан, жеке адамның жаны мен тәні арасында ішкі қайшылықтардың
туындауы себепті мінез-құлықта оғаш қылықтардың етек алуы.
Баланың мектептік оқуға даярлығы міндетті түрде баланың биологиялық жасымен
тығыз байланысты. Мектептік кемелді анықтайтын бағыттар ішіндегі баланың дене күші
даярлығы бағыты тікелей жас мӛлшеріне тәуелді. Білім игеру барысында аса қажет жазу-
сызуды меңгеру үшін қолдың саусақтарының нәзік қимылы, икемділігі, бойы мен
салмағының мӛлшері- осының бәрі баланың нақты жасын кӛрсететін биологиялық кемел
77
белгілері. Яғни, бұл кемел мектептік кемелді құрайды. Мектептік кемел және оған әсер
ететін жағдайлар:
- баланың даралық ерекшелігі.
- мектепке дейінгі даярлық.
- биологиялық кемелі.
Осы үш ерекшелікті ескере отырып, бірінші сыныпқа қабылданар баланың мектептік
кемелге жеткен-жетпегенін мұқият тексеру қажет. «Мектептік кемел» терминінің мәні: 6-7
жастағы бала ағзасының мектептегі жүйелі оқу әрекетіне дайындығының белгілері.
_____________________
1.«ҚР білім беруді дамытудың 2011-2020жж арналған Мемлекеттік бағдарламасы». А., 2010.
2.Эльконин Д.Б. Актуальные вопросы исследования периодизации психического развития в
детстве. М., 1976.
3.Баймұратова Б. «Балбӛбек» бағдарламасының ғылыми-теориялық негіздері. // Отбасы және
балабақша. А., 1997., № 4-6.
4.Қойбағаров К. Баланы мектепке даярлау. А., 1965.
5.Оспанбаева М.П. Мектепке психологиялық даярлық диагностикасы. Т., 2008.
Достарыңызбен бөлісу: |