Аннотация. В статье рассматривается наследство литературной критики публициста
І.Омарова.
Annotation. The article deals with the inheritance of literary criticism І.Omarova publicist.
М.Керімбеков
СЫНШЫ І.ОМАРОВ - ПУБЛИЦИСТ
(І.Омаровтың туылғанына 100 жыл)
ӘӚЖ 82 (091)
К 62
Мақалаларының баспасӛз беттерінде жиі жариялануы І.Омаровты - публицист ретінде
оқырмандарға тез танытты. М.Әуезов шығармаларының халықтық сипатын халыққа ерекше
танытқан портреттік рецензия түріндегі күрделі мақаласы «Халықтық эпопея» /1958/ тұңғыш
рет «Қазақ әдебиеті» газетінде жарияланып, қалың оқырмандар назараын бірден ӛзіне
аударады.
Шығармашылық ӛмірінде артына ӛшпес мұра қалдырған І.Омаров оқырмандарға
белгілі алты жинағы мен жүзден астам әр саладағы мақалалары арқылы қазақ халқының
ұлттық әдебиеті мен мәдениетіне зор үлес қоса алды. Атапа айтқанда, І.Омаров ұлттық
мәдениетіміздің жанашыры ретінде жазған шығармалары үлкен шоғыр. Ол ұлттық кино
ӛнерін дамытуға, мектептердің ӛрісін кеңейтуге, халық театрының дамуына қазақ әдебиеті
тарихында әдеби сынның жаңашыл деңгейін кӛтеруге атсалыса отырып, сыншы, публицист,
әрі қоғам және мәдениет қайраткері ретінде зор беделге ие болды. Оның жазып қалдырған
«Монреаль сапары» туралы жолжазбалары, «Мен жазбаймын ӛленді ермек үшін»,
«Сұлулықтың сан қырлы сыр сипаты», «Кӛркем сӛздің шебері», «Туған халқының тӛл
баласы», «Ӛнерпаз жолы», «Шабыт қымбат», «Сӛз қадірі», «Бауырмал құшақ аясы», т.б.
41
кӛптеген публицистикалық мақалалары ұлттық әдебиетіміз бен мәдениетіміздің ӛрісін
кеңейте түсті.
І.Омаров ӛзбек, қырғыз, ұйғыр, қарақалпақ, түркімен халықтарының ұлттық
мәдениетіне де кезінде зер салып, қадағалап отырды. Әсіресе, ұйғыр халқының жазушысы
Мұрат Хамраевтың «Ұйғыр халқының мәдениетінің гүлденуі» деген кітабы туралы жазған
хатында І.Омаров түркі тілдес халықтардың кӛне ұлттық мәдениетін ерекше бағалаған. Ол:-
«Түркі тілдес халықтардың кӛне мәдениеті-кейін халық болып қалыптасып кеткен елдердің
түркі кӛзді бұлағы, сондықтан ол тарихты қарастырған бұл заңдылықты ескермеуге
болмайды»-деп ұйғыр халқының кӛне ұлттық мәдениеті мен қазақ халқының кӛне мәдениет
мұраларын салыстыра талдайды.
І.Омаров қазақ халқының айтыс дәстүріне де ерекше назар аударған. Ол 1945 жылдан
бастап, атақты жазушы М.Әуезовпен бірге қазақ халқының айтыс ӛнерінің ӛрлеуіне зор үлес
қосқандардың бірі. Бірнеше дүркін айтыс ӛнерін жандандыру мәселесінде, оқырмандардың
назарына аударатындай проблемалы мақалалар да жазды. Ӛткізілген айтыстардың бел
ортасында жүріп жазған туындылары оқырмандар кӛңілінен шығып отырды. Ол айтыс
дәстүрін жалғастыру арқылы ауыз әдебиетінің ескі мұраларын зерттеп, жинақтауға кӛп
үлесін қосып отырды.
Ұлттық айтыс ӛнері қазақ халқының кӛне заманнан келе жатқан асыл мұрасы. Айтыс
ӛнері арқылы ата-бабамыз сӛз ӛнерін ұпақтан-ұрпаққа дамытып отырды. Қазақ халқының
құдыретті ұлттық тәрбие құралы шешендік сӛз ӛнері екеніне І.Омаров кәміл сенеді. Ӛйткені,
кӛне заманнан бері қазақ халқының дәстүрінде хан да, би де, халықта та әділ сӛзге тұрған.
Сыншының айтыс ӛнері туралы жазылған мақалаларының тарихи мәні зор. Бұл
мақалалар публицистикалық сарынмен жазылған. Әсіресе «Ӛміршең ӛршіл жыр керек»
/1958/, «Ақын Сараның әдебиетіміздегі үлесі» /1959/ т.б. мақалалары «Қазақ әдебиеті»
газетінде жарияланып, кейін бұл мақалалары кітаптарға ендірілген. Мақалаларында қазақ
халқының кӛне заманнан келе жатқан ұлттық ерекшелігін басты сӛз етеді. І.Омаров ұлттық
мәдениетіміздегі айтыс ӛнерін дамытуға белсене ат салысып, қамқорлық кӛрсеткен
сыншылардың бірі.
Кітапқа ендірілген шағын мақалалардың бірі-«Б.Ӛтетілеуов туралы бір-екі сӛз» /1958/
ұстазы Бекет Ӛтетілеуовтың 75 жылдығына арналған. Бұл мақала ӛте шағын, қысқа
жазылған. «Әдебиет жайлы ойлар» /1961/, «Шабыт шалқары» /1973/, «Әдеби толғамдар»
/1968/ жинақтарына да енгенімен, «Серпін» /1970/ очерктер жинағына қамтылмай қалған.
Кезінде мақаланың публицистік сипатына оншалықты мән берілмесе де, І.Омаровтың ұстазы
жайлы жазылған портреттік туындының тарихи мәні зор. Онда Б.Ӛтетілеуовтың ұстаздық
тұлғасын айқындай түседі.
Публицист І.Омаровтың қазақ әдебиеті мен мәдениетін, ӛнерін – ӛркендетуді жақсарту
мақсатын кӛздеген әдеби-сын, публицистикалық мақалалары 1948-49 жылдары жиі
жарияланды. Әсіресе «Ӛскен елдің ӛзіне сай музыкасы болсын» (1948), «Сахна, драматургия,
музыка ӛнерін ӛрістете берейік» (1949), «Қазақстан кӛркем ӛнерін гүлдендіре берейік»
(1949), «Орыс халқының мәңгі ӛлмейтін данышпаны» (1949), «Қазақ әдебиеті ӛрлеу
жолында» (1949) т.б. публицистикалық мақалалары қазақ әдебиеті мен ӛнерінің сол кезеңдегі
даму барысын талдауға бағытталған. Айта кететін бір жай, І.Омаров «Қазақ әдебиеті ӛрлеу
жолында» (1949) деген кӛлемді мақаласын Мәскеудегі одақтар үйінде орыс тілінде жасаған
баяндамасының негізінде дайындап, 1949 жылы «Әдебиет және исскуство» журналының N7
санына жариялайды. Осы мақаласы арқылы І.Омаров әдебиеттану ғылымында ӛзіндік ізін
қалдыра алды. Әрі сыншы, әрі зерттеуші ретінде қазақ әдебиетінің тӛрінен орын алуға батыл
қадам жасады. Бір ӛкініштісі, баяндама түрінде жазылған кӛлемді осы мақаласы І.Омаровтың
бірде-бір жинағына енбей қалған.
І.Омаров туындыларының публицистикалық басты ерекшелігі тақырыпты таңдай
білуінде. Себебі, тақырып таңдау – жаңа ойдың бастамасы. Тақырып аясында ұлттық
әдебиет пен мәдениеттің халықтық сипатын жан-жақты қырымен оқырмандарға толғамды ой
42
арқылы жеткізеді. Міне, І.Омаров тап осылай етті де. Бұл сыншының ой даралығының
ӛзіндік ерекшеліктерін аңғартады.
І.Омаров 1945-50 жылдары Ұлы Отан соғысынан кейінгі қиын кезеңдерінде оқу-ағарту
мәселелерін назардан тыс қалдырмады. 1948-49 жылдары қазақ мектептерінің жай-күйінен
мол хабар беретін «Мектепке күнбе-күн қамқорлық кӛрсетейік» (1948), «Мектептердің
жұмысын жақсартып мұғалімнің абырой беделін арттырайық» (1949) деген мақалаларын
жазды. Онда мектеп мұғалімдеріне жүктелген зор жауапкершілік тӛңірегінде, жинақталып
қалған проблемаларға қатты кӛңіл бӛлінген. Мұның бәрі адал, қамқор кӛңілмен, үлкен
жанашыр жүрекпен жазылған мақалалар еді. Оның «Жаңа оқу жылында табыстарға жетейік»
(1948) деген мақаласы, Шымкент қаласындағы мектептердің жұмысын жақсарту мәселесіне
арналған.
І.Омаровтың қазақ мектептерінің мұң-мұқтажы жайлы терең толғануы тектен-тек емес.
Ол кезде оқу-ағарту саласындағы кадрларды жетілдіру мен ұстаз беделін арттырудың
айналасында қордаланған проблемалар жеткілікті еді. «Мектепке күнбе-күн қамқорлық
кӛрсетейік» - деген мақала осыған байланысты туған. Сыншы мектептердегі кітапхана
жұмыстарын жақсартуға ерекше назар аударып, мектеп оқушыларының кӛркем әдебиет
оқуына зор жауапкершілікпен мән бере қарады.
1950-59 жылдары І.Омаровты қазақ мектептеріндегі оқу-тәрбие жұмыстары қаты
алаңдатты. Осы себепті, «Мектептегі оқу-тәрбие жұмысын жақсарту шаралары» (1957) деген
мақаласын жазуға мәжбүр болды. Бұл мақалада тәрбие жұмыстарын жақсартудың актуалды
мәселерін сӛз етеді. Орталық комитетің үгіт насихат жӛніндегі хатшысы кезінде І.Омаров
мектеп жұмысын жақсартуға байланысты «Кеңес мектебіне күнбе-күн қамқорлық
кӛрсетейік» деген мақаласын жазады. Бұл мақаласында мектеп жұмыстарына назар аударып,
мұғалімдерге жеңілдік жасауға тырысқан. Әсіресе:-«мектеп үйлерін жӛндеу, мектепке және
мұғалімдерге арнап отын дайындау, бұл отынды тасып беру жұмыстары 15 тамыздан қалмай
аяқталуы керек. Бұл міндетті қандай жағдай болсада сӛзсіз орындалуы қажет. Мектептерді
жаңа оқу жылына даярлауда оларды қамқорлығына алған ұйымдар зор міндет атқаруға тиіс»
- деп шешім жасай отырып, мұғалім жұмысына ерекше баға береді. Ол: - «Ӛздерінің игілікті
жұмысын ойдағыдай атқару үшін не керек болса, мұғалімдерді соның бәрімен қаматамасыз
ету керек. Мұғалімдерге кӛңіл бӛлмеу, немқұрайлы қарау-аяғының астынан арғы жерді
кӛрмейтін, томаға тұйық адамдардың ісі» - деген пікір айтады.
І.Омаров публицист ретінде мақаланы шебер жазумен кӛзге түседі. Ол:-«Балаларды
міндетті түрде жаппай оқыту әрдайым халық ағарту жұмысының негізгі мәселесі болып
келеді және негізгі мәселесі болып қалады.Халық ағарту орындарының, оның ішінде әрбір
мектептің жұмысы негізінде осы міндеттердің орындалуына қарай бағаланады. Ӛткен оқу
жылында республикамыздың мектептерінде 900 мың бала оқыса, ал биыл 1100 мың бала
оқиды. 200 мыңнан астам бала мектеп табалдырығын алғаш рет аттағалы отыр. Бұл орасан
зор армия. Бұл армияны мектеп оқуына толық тартуымыз керек» - деп талап қояды. Тіпті,
республика мектептерінде ӛткен оқу жылында жіберілген кемшіліктерге талдау жасап, оны
жаңа оқу жылында болдырмаудың жолын нұсқап, ұсыныстар жасайды. Ӛткен 1947-48 оқу
жылында 20022 бала жалпы міндетті оқуға тартылмағанын тілге тиек етіп, ашық айтады.
Кеңес ӛкіметінің қатал заманында, мектеп саласында кӛп мән берілмей келгендігінде
аңғартады. І.Омаров оқу-ағарту жүйесінде жіберілген кемшіліктерді жылы жауып қоя
салмаған. Мәдениетімізді дамытуды мектеп саласында іске асыруға зор мумкіндіктер бар
екенін айтады. Мұғалім мен оқушылардың қарым- қатынасын жақсартуға мән беріп,
ұстаздың білім деңгейін кӛтеру мақсатында кӛп жеңілдіктер жасауды ойластырған.
І. Омаров мектеп жұмысын жақсартуға арнаған әртүрлі тақырыптағы мақалалары саяси
ұран сӛздерсіз жазылады. Бұл І.Омаровтың оқу-ағарту саласын саясаттан тысқары халықтық,
ұлттық деңгейде тәрбиелеу ісіне бағыттай бастағанын аңғартады.
І.Омаров мектеп жұмысын жақсартудың түрлі жолдарын үнемі қарастырып отырған.
Оқу-аңғарту саласын халықтық педагогиканы ендіру мәселесін түңғыш рет сӛз етеді. Ол
меткеп жұмысындағы ӛрескел кемшіліктерге жол бермеуді ойластырған проблемалы
43
мақалаларды жиі жазды. А.Айманов пен бірлесіп жазған «Педагог кадрларды даярлаудың
келелі міндеттері» (1958) атты публицистикалық мақаласының алар орны ерекше. Сол
сияқты «Кітап-мәдениеттің қуатты құралы» (1957), «Оқушыларды оқуға дағдыландыру»
(1958) секілді мақаларынды кӛркем шығарманы оқыту әдістеріне кӛбірек тоқталады. Бұл
мақалалар республикалық газет-журналдарда басылып, оқырмандар кӛңілінен шығады. Бір
таңқаларлығы, І.Омаров дін тәрбиесінде бірде-бір мақала жазбағанына қарағанда, кеңес
идеологиясының нұсқауларынан шыға аламағанын аңғартады. Ол Тараз, Шымкент,
Түркістан аймақтарында жиі болып Айшабибі, Қарақан әулие, Сайрам, Бабата, Арыстанбаб,
Қожа Ахмет Иассауиге барғандары туралы публицистикалық мақалалрында кӛп
айтылмайды. Осының ӛзі І.Омарвотың кеңес саясатының кӛлеңкесінде қалғанын біршама
аңғартады.
І.Омаровтың «Отырардың орнында» тақырыбындағы мақаласы 1964 жылы Шымкент
облысына барып қайтқан сапарынан жазылған.Бұған автордың ӛз кӛрген деректері ӛзек
етілген.
Мақала кіріспесінде: - «Түркістан мен Арыс станциясының аралығында керіле созылған
кең дала жатыр. Былай қарағанда келбетсіз кӛрініп, құнарсыздау тартып жатқан осы даланың
ӛткендегі ӛмірінде ертегіге бергісіз нелер қызық аңыз бар, ал бүгінгісінде қаһармандық еңбек
бар, зор байлықтың молшылықтың кейпі жатыр» - деп суреттейді.
Отырар Турлаы суреттемесінде: - «Темір станциясынан отыз шақырымдай жерде, ескі
замандағы қайнаған ӛмірдің қайғылы куәсіндей болып Отырар қаласының орны жатыр. ХІІ
ғасырдығы сұрапыл соққан маңғол-татар шабуылына дейін осы Отырар қаласы Орта
Азиядағы аса ірі мәдениет орталығының бірі болған деседі. Тарихшылардың айтуына
қарағанда сол кезде Отырарда 600 мыңдай халық тұрған кӛрінеді. Ірі-ірі кітапханалар,
медреселер болыпты. Қалада су құбырлары болған деген де сӛз бар» - деп І.Омаров тарихи
деректерге жугінеді. Жолжазбадағы: «Жолым түсіп Оңтүстік Қазақстан ӛлкесіндегі
Қызылқұм ӛндіріс басқармасына қарасты Темір совхозына келе қалдым» - деген деректерде
шындық ӛмір сипатталады. Совхоздың тарихы мен, шопандары бар совхоз
шаруашылығының күрделі екендігі баяндалады.
І.Омаровтың «Жан-жақты тәрбие берейік» - деген мақаласы педагогиканың қыры мен
сырынан мол хабардар екенін аңғартады. Сол кезеңде Канадаға барып келген сапарынан
алып келген әсерлерін мақалаға келтіре отырып, қазақ елінің мәдениеті туралы тебірене
толғайды: «Жуырда біздің Республика делегациясы Монреальдағы дүние жүзілік кӛрмеге
қатысып оралды. Кӛрмеге жиналған дуние жүзі елдердің ӛкілдері біздің туған
республикамыздың ғасырлық мешеуліктен аз уақыт ішінде гүлденген, тамаша мәдениетті
елге айналғанына таң-тамаша болды. Бұл жағдай кӛрмеге қатысқан біздерді қуаныш пен
мақтаныш сезіміне бӛледі»-деп І.Омаров ӛз ойын айтады.
Әсіресе, шетелдегі тәрбиенің мәніне тоқталады: «Біз шетелдерде болғанымызда,
адамгершілік тәрбие жеткіліксіз екендігінің, ақшаны ғана аңсауды адамды неге әкеліп
соқтыратынын ӛз кӛзімізбен кӛрдік» - деп шетелдегі тәрбиені салыстыра отырып, елімізде
болып жатқан тәрбие ісіне ерекше назар аударады. Ол: - «Бірақ, біз адамдардың, әсіресе
жастардың кӛптеген кемшіліктерін жасырып бүркей алмаймыз. Мұның кӛптеген себептері
болуы да мүмкін. Сондықтан мен біздің педагогикалық тәрбиеміздегі кейбір олқылықтар
жайлы айтқым келеді. Кезінде Макаренко педагогикалық жұмыста болуға ықтимал
кемшіліктер туралы айтқан еді. Мысалы, оның адам бойындағы кемшіліктерді талдап
кӛрсеткені белгілі» - деп, республика ұстаздарына тәрбие жайлы ой толғайды. Қазіргі
мектептің жағдайын айта келіп, мектепте эстетикалық пәндердің оқытылуы сын
кӛтермейтінін
ескертеді.
Мектептер
мен
мәдениет
мекемелерінің
арасындағы
байланыстардың ӛте нашар екеніне назар аударып: «Балалар мен жастарға тәрбие беру ісі
үлкен жергілікті, білгірлікті және талантты керек етеді» - деп ұйғарады. Ата-бабамыздың
асыл мұрасына халықтық тұрғыда қарауды, халықтың қол ӛнерін рухани байлықтың қайнар
кӛзіне айналдыруды тұңғыш рет І.Омаров ұсынды. Ол кеңес үкіметінің кері кеткен
заманында-ақ, ұлттық мұрамызды қадірлеуге шақырады: «Кейбір жерлерде біздің ата-
44
бабаларымыздың мұрасына жиіркене қараушылық бар. Бұл – барып тұрған қателік. Халық
қол ӛнерін рухани байлықтың қайнар кӛзінің бірі деп білуіміз керек» - деп ашық ескертеді.
«Ұстазынан бала жақсы мен жаманның не екенін ажыратуды үйренеді. Ол ӛз шәкірттерін
әдемілікті танып білуге баулиды, олардың қабілеті мен дарынын ажыратады» - деп
тұжырымды оймен интеллигенцияның селодағы негізгі ӛкілі – мұғалімдерді, мектеп
оқушыларын жан-жақты тәрбиелеу мүмкіндіктеріне бағыттайды.
І. Омаровтың ата-баба мұрасына, әсіресе халық қол ӛнерін рухани байлықтың қайнар
кӛзіне айналдыру туралы ойлары қазіргі таңда, әрбір ұлттың мектептерімізде жан-жақты іске
асырылуда. Бұл І.Омаровтың білімділігі мен халықтық кӛзқарасының нәтижесі еді.
І.Омаров «Кітап – мәдениеттің қуатты құралы» атты публицистикалық мақаласында
кітап саудасындағы олқылықтарды тілге тиек етеді. Соның бірі – кітапқа деген білік,
қӛзқарасты қалыптастыру мәселесі. І.Омаров мақаласында «ұлттық» деген сӛзді қолданбаса,
да оның кітапқа деген ұлттық кӛзқарасты дұрыс қалыптастыру туралы айтып отырғаны кӛзі
қарақты оқырманға бірден белгілі. Осы проблеманы түсіндіру – сол кезеңдегі кеңестік дәірде
ӛмір сүрген әрбір қазақ интелегенциясының басты міндеті болатын. Оқырманды кітапқа
қызығуға, әрі кітапты кӛздің қарашығындай сақтай білуге шақыра отырып, І.Омаров осы
арқылы кітапқа деген ұлттық кӛзқарасты қалыптастыруды ойластырған. Халық кешегі
аласапыран заманда неше алуан шежіре кітаптардан айрылды. Алдыңғы ұрпаққа аманат
ретінде тапсырған сан ғасырлық ұлттық мәдениетіміз репрессия жылдары орны толмас
ӛкінішке айналды. І. Омаров ӛзінің аталған публицистикалық мақалаларында осындай
ауқымды күрделі проблемалық ойларды қозғайды. Кітап туралы ол: «Әр заманда кітап
жинаушы адамдар ақылы кӛп, ардагер адам деп есептелінген. Олармен кездесу, ақылдасу
басқаларға арман болған» - деп ӛмірдің ӛскелең жағдайынан деректер келтіріп, елдің ұлттық
арманын білдіріп отырды. Бұл І.Омаровтың жан-жақты білімді екендігін де байқатады. Ол: -
«Ұлы Абай ӛзі кітап жинаумен ғана қоймай, барлық балаларына кітапхана құруды мақсат
еткен. Сондықтан да Абайдың балаларының әрқайсысында энциклопедия тағы сол сияқты
кітаптардан құралған жеке кітапханасы болған» - деп, кітапқа ақынның жанұясы да ерекше
қарағанын дерек кӛзі ретінде пайдаланған. Мұндай деректер мақаланың ӛнбойында жиі
кездеседі. Атап айтқанда: - «Республикамызда 86,5 мың жоғары дәрежелі, 141 мыңнан аса
орта дәрежелі білімі бар мамандар қызмет істейді» - деп айта келіп, кітап оқу баршаның
міндеті екендігін еске салады. Ол: - «Мектепті былай қойғанда кітап оқитын екі-ақ орын бар.
Оның бірі – кітапхана, екіншісі әркімнің ӛз кітаптары» - деген пікірді айтады.
Ол керекті кітаптарды әркім ӛзі таңдап алып, үйіне жинау арқылы қажетті кезде оқып
отыруды тиімді деп санаған. І.Омаров: - «Кітап тарату тек саудалық жұмыс емес, ол ең
алдымен идеологиялық жұмыстың аса маңызды саласы, ӛйткені, кітап дегеніміз білімнің
қайнар кӛзі, мәдениеттің аса қуатты қаруы, адамдардың рухани азығы болып табылады» -
дей келіп, кітапты мәдениеттің аса қуатты ұлттық құралына теңейді. Публицист ретінде
І.Омаров сол кезеңнің ұлттық мәдениетін дамытудағы кітаптың зор роль атқаратынына
сеніммен қарады. Қазақ мәдениетінің аса қуатты ұлттық қаруы – кітап арқылы адамдардың
рухани азығын арттыруға мол үлес қосып, сӛз қаруы - публицистиканы, сол кезеңнің ӛзінде-
ақ тиімді пайдаланды.
Елуінші жылдардың орта шенінде қоғамдық ой-пікірдің дамуында жаңа серпіліс пайда
болды. Бұған ұзақ уақыт бойы шықпай қалып, 1955 жылдың қаңтар айынан бастап шыққан
«Қазақ әдебиеті» газетінің ӛмірге келуі тікелей ықпал етті. Әдебиет газетінің бетінде кӛп
жылдар бойы кӛтерілмеген ұлттық мәдениет, мұра, ӛнер, әдебиет, мектеп, тәрбие мәселелері
туралы мақалалар жиі жарық кӛре бастады. Әсіресе Р.Бердібай, С.Адамбеков,
Б.Соқпақбаевтың мақалалары мен очерктері ауыл мәдениеті туралы проблемалар кӛтерілді.
Ол дәуірдегі әдебиет сынында әлі де болса кеңестік реализм қағидалары үстем болатын.
Кеңес елінде «қайшылық, тартыс туғызарлық кедергілер жоқ» - деп келетін тұжырымдар
әдеби сынның бой жазуында ерік бермейтін. Бұл кӛркем шығармаларда ұнамсыз кейіпкер
бейнесін жасауға жол жабылғандықтан еді. Оның үстіне «Тартыссыздық теориясы»
шығармашылық еркіндікке жол бермеді. Осы себептен кӛркем шығармаларда жасанды
45
қаһарман мен ӛмір суреттерін боямалап кӛрсетушілік кӛбейген болатын. «Қазақ әдебиеті»
газетінде әдебиет пен кӛркем сындағы осы секілді жасанды кедергілер шеңберінен
бұлқынып шығуға ұмтылыстар бірте-бірте ӛз орнын таба бастады. Сол кездегі сыншылар
А.Нұрқатов, С.Қирабаев, Р.Бердібай, т.б мақалаларда да кӛркем әдебиет мәселелері туралы
сындарлы, салиқалы кӛзқарас нышандары кӛріне бастады. Әсіресе, тарихи
тақырыптардағы
шығармаларды талдау арқылы халық тағдырына қатысты қажетті ұлттық проблемаларды
кӛтеру бой кӛрсетті.
Аталған кезеңде ұлттық әдебиет пен мәдениеттің зор мұқтаждығы күрделене түсті.
Сыншы Р.Бердібай ―Ең үлкен мәдени байлық‖- деп аталған публицистикалық мақаласында
(1956) халқымыздың ұлттық мәселелерін қолдап, қуаттаған лебіздерін білдіріп,
оқырмандардың ыстық ықыласына ие болады.
Р.Бердібайдың сӛз болып отырған мақаласында қазақ мектептері мен Жоғарғы оқу
орындарындағы қазақ тілін тереңдетіп оқытуды күшейту арқылы оқу орындарына түсуге
келген абитуренттерден қазақша емтихан алу, терминологиядағы алақұлалықтарды бір ізге
салу, қысқарған сӛздердің жасанды түрде орысшалануының қате екендігін, қазақ тіліндегі
газеттер мен журналдардың орыс тілінен сӛзбе-сӛз кӛшірме болып шығуына мүлдем тоқтау
салу, жылдар бойы баспасӛзге басылмай кеткен ұлттық әдеби мұраны халық игілігіне
айналдыру, ауыз әдебиетін қазақ мектептерінде тереңдетіп оқыту т.б. осы секілді ұлттық
проблемалар тұңғыш рет ашық та, батыл айтылған еді. Бұл кезде де, кеңестік идеологияның
кертартпа әсері ақындар мен жазушыларға қара түнектей қайғы әкелетін зар заман желі
есіріп, есіп тұрған кезең еді. Ӛз ойын батыл айтқан, ―Қазақ әдебиеті ‖газетінің сол кездегі
(1956) бӛлім қызметкері Р. Бердібай, себепсіз қызметтен қуылып, партиядан шығарылды.
Сыншы сол қиын кезеңде ұлттық дәстүрімізді І.Омаров сияқты ту етіп, мақтаныш
тұтқандардың бірі еді. Халқымызға қажетті ұлттық, халықтық мәдени мұқтаждары мен
мәселелері М.Қаратаев, Ә. Нарымбетов, Х.Сүйіншалиев, Р. Бердібай, І.Омаров т.б.
сыншылардың еңбектерінде кеңірек орын берілді. Әсіресе, І. Омаров мерзімді басылымдарда
жарияланған әрбір мақаласында қазақтың ұлттық ӛнері мен мәдениетіне ерекше назар
аударып отырды. Оны ―Октябрь және қазақ мәдениеті‖ (1977), ―Мәдениет ошақтары келелі
міндеттері ‖ (1968), ―Арқалаған жүгіміз ауыр‖ (1968), ‖Халықтың ән мұрасын құрметтеу
хақында ‖ (1969) т.б. мақалалары ұлттық мәдениетті дамытуға жан-жақты қозғау салды.
Сыншының ―Қазақ әдебиеті‖газетіне басылған соңғы екі мақаласына, ӛнер қайраткерлерінің
алдыңда түрган келелі міндеттер кеңінен сӛз болады.
1960-69 жылдары І.Омаров экономика саласынан да публицистикалық мақала жазып,
еліиміздің байлығын дамытуды насихаттуға кӛп үлес қосты. Оның «Жоспарлаудың негізгі
бағыты» (1963),―Жоспарлау бағыты-ғылыми негіз‖ (1965), ―Биік белес‖ (1965) ―Республика
экономикасының дамуының және жоспарлаудың жаңа жүйесі‖ (1966) деген мақалалары осы
айтқандарымызды айқындай түседі.
Сол сияқты ―Жұлдыз‖ журналында (1965) жарияланған― Биік белес‖ мақаласында
республикамыздағы ӛнеркәсіпті басқару және жоспарлау жайы айтылады. Бұл І. Омаровтың
негізгі мамандығы саласынан жазылған мақалалары еді. Сол кезеңде еліміздің мәдени
саласын басқарып отырғанына қарамастан ― Республика экономикасының және
жоспарлаудың жаңа жүйесін‖ (1966) ұсынған кӛлемді туындысы ― Қазақстан коммунисі‖
журналының №7 санында (1966) жарияланды. Бұл мақала елдің байлығын арттыру
арманынан туған еді.
І.Омаровтың ―Ӛскен елдің ӛрелі мәдениеті‖ деген очеркі 1967 жылы жарық кӛрді.
Очерктің ӛзіндік жазылу ерекшілігі де ӛзгеше. Автордың бұл очеркінде алдымен еліміздің
кӛне тарихы суреттеледі. Онда қазақ халқының ұлттық мәдениетіне назар аударылады.
Халқымыздың кӛне тарихындағы әдет-ғұрып, салт-дәстүрлеріне қуанышпен қарайды. Кӛсем
сӛз шебері ретінде І. Омаров қазақтың ұлттық ӛнерін мақтаныш тұтады. Сӛз арасында: -
―Қазақтардың сауықшыл халық екенін, ән мен куйге ӛте құштар екенін ориенталист
ғалымдар ертеден байқаған‖- деп халық ӛнеріне ерекше баға береді. Ол ұлттық ән-музыка
туралы: -―Қазақтың аспабтық музыка ӛнерінің аса кӛрнекті ӛкілдері- халық композиторлары
46
Құрманғазы, Тәттімбет, Дәулеткерей, Сейтек, Дина, Ықылас, Қазанқап, т.б. Бұлардың ішінде
қазақтың ұлы композиторы Құрманғазы, творчествосы айрықша кӛзге түседі‖-деп
Құрманғазының ӛмірі мен күйлерінің эстетикалық сипатының тарихи мәнін түсіндіреді. Ән-
музыканын ұлттық сипатын жоғары кояды. Әнші композиторлар Ә. Қашаубаев, И.Байзақов,
М. Ержанов, Ғ. Құрманғалиев, Ж. Елеубеков сияқты шебер әншілердің ӛнердегі еңбектері
айтылады. Қазақ ӛнерінің биік шыңына кӛтерілген дарынды ӛнер қайраткерлерінің
шығармашылық табысына зор ілтипат білдіреді.
І.Омаров ―Ӛскен елдің ӛрелі мәдениеті‖ деген публицистикалық туындысында
еліміздің мәдени-ағарту саласындағы жұмыстарына талдау жасайды. ―Айастанның алтын
айдары‖атты очеркінің ӛзегі-халықтар достығы. Бұл очеркінде:- ―1968 жылы Армения мен
Қазақстан Республикасында кезек ӛткен әдебиет және ӛнер саласының он күндіктері мәдени
ӛміріміздің салтанатты мерекесіне айналды. Халықтық маңызы бар бұл шаралар ұлттық
достығының, тусықандық бірлігінің шын мәніндегі бірдіен-бір белгісі болды. Ӛткен
ғасырлардың ақыл-ойы арман еткен зор махаббат кӛрінісі кӛз алдымызда жүзеге асты.
Туысқан екі елге тән мәдени ӛмірдің ӛркендеуі- тарихи жемісті жылдардың кӛрінісі‖ деген
қорытындыға келеді.
Сыншы халықтар достығын ерекше бағалаған. Бар мәселені ӛмірдің ӛзекті шындығынан
ойып алған сыншы: ― Халықтар достығы мұхит-әр халық үлесі соған құяр мӛлдір сулы бұлақ
тектес. Біз оны ӛміріміздің бар саласынан, тұрмысынан, еңбектен, мәдени және рухани
ӛмірімізден де күнбе-күн кӛріп, отырмыз‖ деп қызыға жазады.
Сыншының толғамды ойлары шығарманың ӛнбойында жиі ұшырасады. ―Айастаның
алтын айдары‖ очеркінде сыншы аз күндік сапарда кӛргендері мен естігендерін, алған әсерін
кӛрікті кӛркем тілмен, публицистикалық терең оймен сипаттайды. І.Омаров: ― Халықтар
достығы жӛніндегі ұғым да бүтіндей ӛзгеріп тым ілгері дамып кетті. Ол бұрынғы ескі ұғымға
үйлесе бермейді, ӛйткені туысқандық, бауырластық деген жаңа ұғым-түсініктер қосылып
келеді‖-дейді.
Армения халқының достық ілтипатын сыншы былай суреттейді:- ―Достар жүзінде
жақсы шырай, шын ілтипатты кӛрдік. Достық кӛңіл, мол дастархан-сыйластық белгісі,
жарасымды әзіл-күлкі, қуаныш ақ ниет күтіп тұр екен бізді. Армения оны армян жұртты ӛз
тілінде- Айастан дейді, ғажайып ел. Халық тарихында қуанышы мен қайғысы аралас беттер
кӛп екен‖ – деп Арменияның таулы ӛлкесінен алған әсерін суреттей келіп, оның кӛне ұлттық
мәдениетіне ерекше тоқталады. Ереван, Кировакан, қалаларындағы тарихы ескерткіштерге,
армян халқының мәдениет және ӛнер қайраткерлерінің шығармашылығына кӛп мән береді.
Ӛнер саласындағы ірі тұлға Комитас шығармашылығынан сыр шертеді.
І.Омаров армян халқының ұлттық ӛнеріне қызыға қарайды. Оның суретші Мартирос
Сарянмен кездесуден алған әсері айрықша. Он күндік кезінде армян халқына танымал
композитор Александр Арутюнян мен Эдвард Мирзоянға кездесіп танысады.І.Омаров армян
халқының музыка әлеміндегі жаңалықтарына ерекше ден қояды. Мақалада ӛмірдің ӛзекті
мәселесін қозғайды.
І.Омаровтың ―Мен жазбаймын ӛлеңді ермек үшін‖ деген публицистикалық
шығармасының негізгі тақырыбы – ән. Мүнда халық әндері мен күйлерінің тарихы әңгіме
етіледі:- ― Халқымыз ұрпақтан ұрпаққа мұра етіп қалдырған ән мен күйлері ӛте кӛп. Бірақ
ӛнер туындыларына әділ сарапшы ӛмірдің ӛзі ғой, бәлкім қағазға түсіп қалмағаннан болар,
мыңдаған әндер мен күйлер біздің дәуірімізге жетпей ұмыт болып кетті. Ал халқымыздың
тарихи кезеңдерін танытатын кӛптеген шығармалар күні бүгінге дейін жан тебірентеді‖-
дейді кӛсемсӛзші. Мақалада қазақтың ұлттық ән, күйлерінің ерекшеліктеріне, даму
тарихында шолу жасалынған, халықтық сипаты айқындалған. ― Елім-ай‖, ― Ақтабан-
шұбырынды‖, ―Ақсақ құлан‖,― Сырым сазы‖,― Жанбота‖, ―Құлагер‖ сияқты халық ӛлеңдері
мен күйлеріндегі ұлттық сезім, халықтық әдет-ғұрып, салт-сананың бейнелеу сыры мен оның
ұрпақтан-ұрпаққа жетуінің тарихи мәні сипатталған.
Сыншы ән мен күй ӛнерінің терең тамыры халықтық фольклорда жатқандығын айта
келе, оның күрделі ой тудырудың күшті құралы екендігін дәлелдейді. Публицистикалық
47
туындының «Талант тұтастығы» тарауында: «Халықтық фольклордағы ән мен күйге ой
жүгіртіп байқасақ, олардың авторы бір адам болған. Ән мен күйді шығаратын да, оған сӛз
жазатын да, орындаушы бір талант. Күй де сол сияқты, әрине жұртшылыққа белгілі жайт
бұл» - деп ӛнердің синкреттілік табиғатына үңіледі. Қазақтың суырып салма ақындары мен
халық композиторлары Біржан, Мұхит, Ақан сері, Жаяу мұса, Майра, Әсет, Естай, Үкілі
Ыбырай және басқа да халық таланттары, қазақ мәдениетіне зор үлестерін қосты.
«Айнамкӛз», «Зәуреш», «Адасқақ», «Сұршақыз», «Құлагер», «Қорлан», «Гакку» сияқты ән
маржандарын асыл алқа ғып тақты. Мәдидің «Қаракесек» атты героикалық балладасы,
Біржанның «Жанбота» атты зары, Жаяу Мұсаның «Айша» және Ақан серінің «Құлагер»
сияқты қазақ даласындағы қараңғы қапас патшалығына қарсы үн берген әндері
әлеуметтік тақырыпты кӛтереді. I.Омаровтың эстетикалық сезімін қозғап, қатты толғантқан
осы мәселелер.
I.Омаров алдымен ән жанрының ерекшелігі жӛнінде теориялық тұжырымын жеткізуге
тырысқан: «Ән де ӛнердің бір жанры. Олай болса, бүкіл ӛнерге тән заңдылық әнге де ортақ»
- дейді ол аталмыш мақаласында. I.Омаровтың публицистикалық мақаласының зерттеушілік
сипаты да ерекше. Әсіресе, ән мен әнші, күй мен күйші, ӛлең мен ақын туралы айтқан
ұтымды теориялық ой-толғамдары жинақтаушылық, зерттеушілік сипатының
молдығымен ерекшеленіп, білімінің кеңдігін байқатады.
Сыншы І.Омаров: - «Кӛптеген ақындарымыз композиторлармен бірлесе отырып әнге
лайықтап ӛлеңдер жазды. Мысал ретінде мен С.Сейфуллин, Қ.Аманжолов, Ә.Тәжібаев,
С.Мәуленов, Ғ.Қайырбеков, Т.Молдағалиев тағы басқа ақындарымыздың есімдерін атар
едім» - деп ән текстерін жазудағы қазақ ақындарының еңбегін үнемі қадағалап отыратынын
аңғартады. Әсіресе, Қ.Аманжоловтың тәжірибесін үлгі етіп ұсынады. Оның «Дариға сол
қыз» ӛлеңіне жазған ән текстіне сыншының: «Оны тыңдаудан біз жалықпаймыз да. Оған
жазылған сӛз де керемет» - деп баға беруінен-ақ, І.Омаровтың ән мен күйді «ұлттың жаны»
деп ұққаны кӛрінеді.
І.Омаров қазақ музыка ӛнерінің дамуына ерекше кӛңіл бӛлген сыншы. Ол қазақ
композиторларына: - «Музыка мәдениетіндегі жақсы дәстүрлі творчествосы ірі
туындылар жасауға жан-жақты ұшталған, кӛркемдіктің құдіретімен халыққа рухани
азық бере білетін, әлеуметтік ӛмірдің жаңа құбылыстарын кӛп қырымен суреттейтін
дара шеберлер ғана жасай алады » деп, үлкен жауапкершілік жүктеді. Жаңа міндеттерді
белгілеп берді.
І.Омаровтың «Мен жазбаймын ӛлеңді ермек үшін» очеркі «Қайнар бұлақтың кӛзі
кӛп» деген арнайы тақырыпшамен ашылады. Онда ӛнердің ӛркендеу сатысы – халық
шаруашылығының ӛркендеуіне, экономиканы ақыл-ой дүниесінің ӛсу дәрежесіне тығыз
байланысты екендігі айтылады. Ол: - «Жаңа ӛмірге – кӛркем жаңа туынды керек» - деген
концепцияны алғы кезекке шығарып, ӛнердің материалдық базасын нығайтуда, елдің
экономикасын дамытпайынша мүмкін еместігін ғылыми тұрғыда танып біледі.
І.Омаровтың осы очеркінде: - «Қазақ музыкасындағы романста сәтті қадам жасаған
аяулы композиторымыз – Мұқан Тӛлебаев. Оның «Кестелі орамал», «Күт мені» деген
романстары Отан соғысы жылдарында ӛзінің кӛркем шығармашылық ролін жемісті
атқарды. Халық сүйіп қабылдады. Шынында да кӛркемдік жағынан, сюжеттік шеберлігі
мен композициялық құрылысындағы ӛзгешеліктерімен мұндай шығармалар музыка
ӛнерінде бұрын кӛрінбеген еді. Соғыстан кейінгі жылдары Қ.Қожамияров «Ақ бұлт»,
Қ.Күмісбеков «Алматы кеші» сияқты романстарды тудырды» - деп романстың қазақ
музыкасының етене жанрына айнала бастағаны, әрі оның белді ӛкілдерінің тындырған
істері тізбеленіп, қазақ халқының ӛнерлі халық екеніне оқырмандарды шексіз сендіреді.
Сыншы айтар ойын тәптіштеп созып жатпайды. Бұл І.Омаровтың жазу шеберлігіне тән
белгі.
Сыншы қазақтың ұлттық операсының сыры мен қырына теориялық жағынан
жетік екенін де аңғартады. І.Омаровтың: «Қазақ халқы табиғатында әнге жақын, оның
ӛнері де опереттаға бейім тұрады» - деген пікірінің ұлттық музыкамызда романс пен
48
операның дамуы жайдан-жай емес екенін, оның қазақ әндері табиғатымен сабақтас
дамып отырғанын анықтай түседі.
І.Омаров «Қайнар бұлақтың кӛзі кӛп » дей келіп, музыка мен ән тарихына ерекше
назар аударады. Ол: - «Халық ӛміріне терең зерттеу – оның еңбегі мен тұрмысын жақсы
білу, ӛзімізге күнде аян болып жүрген күрделі бір соны жағынан ашуда, кӛркемдік
терең ой арқылы халықтың рухани дәрежесін байыту музыкалық мәдениетіміздің
негізгі мұраты» - деп қазақ музыка ӛнері туралы айтқандары әдебиет саласында да
маңызы зор екендігін аңғартады.
І.Омаровтың публицистикалық жанрға белсене кіріскені 60-70 жылдардың арасы.
Бұл кезеңде ол алғашқы жинақтарын шығарып та үлгерген еді. Сыншы күнделікті ӛмір
тынысына байланысты әртүрлі тақырыптарға арнап публицистикалық мақалалар жазуға
уақыт таба алды. І.Омаровтың 1965 жылы «Социалистік Қазақстан» газетінің қаңтар
айындағы №1 – санында жарияланған «Шалқыта келдің кӛңілдің күйін» мақаласы
публицистикалық сарында жазылған. Онда күнделікті ӛмірдің тынысын шебер суреттеп,
публицистиканың майталман шеберіндей ой жүйесі мен стильдік жазу шеберлігі назар
аударарлық. Ол:- ― Алғашқы таңы атқан берекелі жылдың биігіне кӛз жіберер болсақ, оның
сымбатты да, шұғылалы алып тұлғасын кӛреміз. Жарқыраған жаңа жылымыздың әрбір
сағатты айға, әрбір айы жылға татырлықтай екен. Туған жылдың кӛк жиегінен кӛрінген
белестерінен ӛнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының және мәдениетіміздің аршынды адымы
айқын аңғарылғандай‖- деп, ӛмір кӛрінісін айқын суреттейді.
Кӛңілді шалқыта жазған мақаласының публицистикалық сипаты да ерекше. Сыншы
мақаланы шындық ӛмірмен байланыстыруды ескерген. Шабытпен жазылған мақалаға сӛзге,
ойда құйыла түседі. І.Омаровтың ойшылдығы мен сӛз шеберлігі шағын мақаланың
ӛнбойынан айқын кӛрінеді. Ол:- ― Мұның ӛзі әрқайсымызда да тамаша жырдай
тамсандырады. Кӛңілімізді күйін шалқытады.Атап-атап айтар болсақ, жаңа жылда да
Қазақстаннның кең байтақ даласында ғажайып құрылыс алаңы болмақ. Бұл жылы (1965
жылы –М.К.) Жамбылдың суперфосфат, Қарағандының ―СК‖, Ақтӛбенің хром қосынды
заводтары мен химия комбинаттарының құрылысы, Қарағанды металлургия заводы мен
Соколов-Сарыбай кен байыту комбинатының жаңа кезектері іске қосылады. Сол сияқты
Павлодарда алюминий заводының екінші кезегі, Ӛскеменде титан-магний комбинаты
пайдалануға беріледі‖-деп жаңа жыл міндеттеріне айрықша тоқталған.
Публицистикалық мақала жазуға жан-жақты білімділік те керек. Бұл жағынан да І.
Омаров кенде соғып жатқан жоқ. Ол экономист ретінде еліміздің байлығын дамытуға
барынша үлес қосуды да ойластырады. Әсіресе, ӛндіріс ӛнімдерін ұлғайту, жоспарлау оны
қадағалауға зор мән береді. Ол:- ―Ӛндірісті ұлғайту, ӛнім шығаруды жоспарлау, оның
орындалуын қадағалау елімізде бұлжытпас заңға айналған. Сол жоспарларды шолғанда
республикамыздың жаңа жылдағы қуаты ӛткен жылдан да анағұрлым асып түсетіні
айқындалады. Оған біздің республикамыздың ӛзінін бюджеті жӛнінен Одақта үшінші орын
алатыны айқын куә‖- деп, мақалада еліміздің зор жетістікке жетіп келе жатқанына
қуанышпен қарайды.
Достарыңызбен бөлісу: |