§ 12.2 Қосымша көріністер
Негізгі проекция жазықтықтарына параллель емес жазықтыққа
кескінделген көріністі қосымша көрініс деп атаймыз. Бөлшектің кейбір
элементтері негізгі көріністерде бұрмаланып кескінделетін жағдайда
қосымша көрініс пайдаланылады (169-сурет). Нəрсенің негізгі проекция
жазықтықтарына параллель түспейтін элементін, бұрмаланбаған көрінісін
алу үшін, басқа жазықтыққа кескіндеу арқылы тұрғызады. Жаңа жазықтықты
негізгі көріністерде бұрмаланып кескінделетін бөлшек элементінің жанына
параллель етіп орналастырып, содан кейін қосымша жазықтықты фронталь
проекция жазықтығымен беттестіреді. Алынған кескін бөлшектің қосымша
183
көрінісі болады. Қосымша көріністе бөлшектің бұрмаланатын элементі өз
шамасында кескінделуі қажет. Қарау бағытын нұсқамен көрсетіп, кириллица
алфавитінің бас əріптерімен белгілеп қояды. Мысалы, қосымша көріністің
үстінде нұсқаны сызып, оған «А» деп əріп белгісін жазу керек (169-сурет).
Қосымша көріністі негізгі көрініспен проекциялық байланыста
орналастыруға болады. Егер қосымша көрініс ось сызығының бойында
орналасса, бұл жағдайда қарау бағытын нұсқамен көрсетудің немесе белгі
қоюдың қажеті жоқ (169-сурет). Қосымша көріністі бұрып та кескіндеуге
болады. Мұндай бұрылған қосымша көріністі көрсету үшін бұрылу белгісі
қолданылады.
§ 12.3 Жергілікті көріністер
Бөлшектің шағын бөлігі құрылысының кескінін жергілікті көрініс деп
атайды. Жергілікті көріністі сызбада ирек сызықпен шектейді. Ал, егер
жергілікті көрініс 170-суретте көрсетілгендей негізгі көрініспен байланыста
орналасса, ирек сызықпен шектелмейді. Қосымша көрініс сияқты белгіленеді.
Қарау бағытын нұсқамен көрсетіп, қазақ алфавитінің бас əріптері жазылады.
1. Заттың кескіндерін қандай тəсілдермен салуға болады?
2. Кескіндер өз мазмұнына байланысты қалай бөлінеді?
3. Негізгі проекциялық жазықтықтар ретінде не қабылданады?
4. Көріністер сызбада қалай орналасады?
А
А
көрінісі
184
§ 12.4 Тіліктер
Бір немесе бірнеше жазықтықпен ойша қиылған заттың (тетікбөлшектің)
кескінін тілік деп атайды. Затты ойымызша қиғанымыз тек қана осы
тілікке қатысты, бұл заттың басқа кескіндерін өзгертпейді. Тілікте қиюшы
жазықтықтың өзінде (қима фигурасы) жəне оның ар жағында жатқан нəрселер
кескінделіп көрсетіледі (171-172-суреттер).
Егер де заттың кұрылымын түсінуге қиюшы жазықтықтың ар жағында
жатқан кесіндінің барлығын көрсетудің қажеті жоқ болса, оларды көрсетпеуге
болады. Заттың (тетікбөлшектің) қиюшы жазықтықта жатқан бөлігі (қимасы)
тілікте шартты түрде штрихталып көрсетіледі (171-сурет). Тіліктерде əртүрлі
материалдардың графикалық белгіленуін МЕСТ 2.306-68 бойынша алады.
Қиюшы жазықтықтың орны сызбада қима сызығымен белгіленеді, жуан үзік
сызықпен көрсетіледі. Қиюшы жазықтықтар өзара қиылысқан жерлерін жуан
үзік сызықпен көрсетеді (172-сурет). Осы үзік сызыққа перпендикуляр екі
нұсқа салынады.Олар қарау бағытын көрсетеді.
Нұсқалар қима сызығының сыртқы шетінен 2-3 мм қашықтықта
орналасулары тиіс. Қима сызықтың бас жағында жəне аяқ жағында, ал егер
керек болса, бұрылу белгілерінде қазақ алфавитінің бас əрпінің біреуін
қайталап жазады. Əріптерді нұсқалардың жанынан жəне бұрылу белгілерінің
сыртқы бұрышы жағынан жазады. Тіліктің жоғарғы жағына бұл əріптер
сызықша арқылы жазылып, төменгі жағынан жіңішке сызық сызылады,
мысалы А-А (172-сурет). Егер қиюшы жазықтық заттың (тетікбөлшектің)
185
симметрия жазықтықтарымен дəл келсе, тіліктер проекция байланысын
сақтап, бір парақта орналасып, басқа кескіндермен ажыратылмаса,
горизонталь, фронталь жəне профиль тіліктерінде қиюшы жазықтықтың
орны көрсетілмейді, ал тілік белгіленбейді. (172-сурет)
Қиюшы жазықтықтың санына қарай тілік екі топқа бөлінеді: қарапайым
– тек бір қиюшы жазықтықтың көмегімен алынған тілік (172-173-суреттер);
күрделі – екі немесе одан да көп қиюшы жазықтықтармен алынған тіліктер
(175-176-сурет);
186
35
75
60
90
32
158
190
А
А
130
5
0
А А
187
Горизонталь тілік деп горизонталь проекция жазықтығына параллель
қиюшы жазықтықтың көмегімен алынған тілікті айтады (173-сурет). Затты
горизонталь проекция жазықтығына перпендикуляр жазықтықпен қиғанда
вертикаль тілік шығады. Вертикаль тіліктің өзі фронталь тілік жəне профиль
тілік болып бөлінеді. Егер қиюшы жазықтық фронталь проекциясына
параллель болса, онда вертикаль тілік профиль тілік деп аталады (172-сурет
Б-Б).
Егер қиюшы жазықтық горизонталь проекция жазықтығына перпендикуляр,
ал профиль проекция жазықтығына параллель болса, онда вертикаль тілік
профиль тілік деп аталады (172-сурет А-А тілігі).
Қиюшы жазықтық фронталь проекция жазықтығына параллель болса,
онда вертикаль тілік фронталь тілік деп аталады (172-сурет Б-Б). Ал, қиюшы
жазықтық проекция жазықтықтарына қандай да болмасын (тік емес) бұрыш
жасап орналасса, ондай тілік көлбеу тілік деп аталады (174-сурет).
Егер қиюшы жазықтық заттың (тетікбөлшектің) ұзындығы бойынша немесе
биіктігі бойынша өтсе, тілік бойлық (продольный) деп аталады. Егер қиюшы
жазықтық заттың биіктігіне немесе ұзындығына перпендикуляр болып өтсе,
тілік көлденең (перечный) деп аталады. Горизонталь, фронталь жəне профиль
188
тіліктерді сызбада сəйкес негізгі көріністермен біріктіреді. Егер көлбеу тілік
бұрып көрсетілген болса, онда тіліктің белгісінен кейін бұрылу белгісін қою
керек.
§ 12.5 Күрделі тіліктер
Күрделі тіліктер сатылы жəне сынық тіліктерге бөлінеді. Егер екі жəне одан
да көп қиюшы жазықтықтар бөлшекті бір-біріне параллель орналастырып
тілсе, осыдан шыққан кескінді сатылы тілік дейді (175-176-суреттер). Бұл
тілікті кескіндеу үшін барлық қиюшы жазықтар сызба жазықтығымен ойша
беттестірілуге тиіс.
Сынық тілікті тұрғызғанда қиюшы жазықтықтың біреуін олардың
қиылысу сызығынан айналдырып, екіншісімен беттестіреді. Егер беттескен
қиюшы жазықтықтар негізгі проекциялар жазықтықтарының біреуіне
параллель болса, онда сынық тілік оған сəйкес көріністің орнына салынады
(177-сурет).
Затты (тетікбөлшекті) түгел қиып жатпай, оның бізге керекті бөлігінің
ішкі құрылысын көрсетуге мүмкіндік беретін тілікті жергілікті тілік
дейді
(178-сурет). Жергілікті тілік көріністе ирек сызықпен оқшауланады. Бұл
сызық көріністің басқа сызықтарымен беттеспейтін болу керек.
176-сурет
189
190
1. Қандай кескін «тілік» деп аталады?
2. Тіліктің қандай түрлері бар?
3. Қиюшы жазықтықтың проекция жазықтықтарына қатыстылығы
тұрғысынан жағдайына байланысты алынған тіліктер қалай аталады?
4. Күрделі тіліктің қарапайым тіліктен айырмашылығы неде?
5. Күрделі тіліктің қандай түрлері бар?
6. Жергілікті тілік қандай жағдайда қолданылады?
7. Қандай жағдайда сызбада көріністің жартысы мен тіліктің
жартысын кескіндеуге болады?
8. Тіліктер сызбада қалай белгіленеді?
§ 12.6 Қималар
Нəрселерді техникалық сызбаларда көрсету үшін тіліктер деп аталатын
кескіндерді пайдаланып келдік. Енді қималар сияқты жаңа кескіндермен
танысамыз. Олар заттың немесе оның жеке элементтерінің тек сыртқы
формасын ғана емес, сонымен қатар олардың ішкі формасын да анықтауға
мүмкіндік береді
Қима дегеніміз - нəрсені бір немесе бірнеше жазықтықпен ойша қиғаннан
шыққан фигура кескіні. Қимада тек қиюшы жазықтықтың бетінде жататын
кескін ғана көрсетіледі. Бұл жазықтықтың алдыңғы жəне артқы жағындағы
элементтердің барлығы да ойша алынып тасталады. Сызбада қима фигурасын
штрихпен көрсетеді. Ол негізгі контурды қиып өтпеуге тиіс.
Үзік сызыққа əріптермен белгіленген нұсқалар жүргізіліп, қима астынан
жіңішке сызық жүргізілген А-А немесе Б-Б типті қос əріппен белгіленеді.
Қима мен тіліктің сызбада орналасу ерекшеліктері 179-суретте көрсетілген.
Қиманы сызбада орналасуына қарай
қабаттасқан жəне оңашаланған деп
ажыратылады (180-суретте а,б).
Қима нəрсенің контурының ішіне орналасса, мұндай қима қабаттасқан деп
аталады. Оның контурын жіңішке тұтас сызықпен жүргізеді. Қабаттасқан
Ба ылау
с ра тары
191
179 -
сурет
А
А
Кима
А
-
А
Тілік А-А
192
қималар, мысалы əртүрлі прокаттарды, рельстерді жəне сол сияқты нəрселерді
кескіндегенде қолданылады.
Оңашаланған қима фигурасының контуры негізгі тұтас сызықпен
жүргізіледі. Бұл сызық нəрсенің көрінетін контурын кескіндеу үшін де
қолданылады. Оңашаланған қиманы қима сызығының созындысына
орналастыруға болады.
Егер қима фигурасы осы сызыққа қарағанда симметриялы болса, онда қима
стрелкалар жəне əріппен белгіленеді. Бұл жағдайда ол осьтік қима сызығы
болып табылады.
Оңашаланған қиманы көрініс бөлшектерінің арасындағы үзікке
орналастыруға да болады (180-сурет, в, г.). Нəрсенің шартты түрдегі үзілісі
сызбада жіңішке ирек сызықпен көрсетіледі. Алайда бұл ереженің тек
симметриялы нəрселерге ғана қатысы бар. Егер нəрсе симметриялы болса,
онда стрелкалары бар үзік сызық жүргізіледі, бірақ əріптермен белгіленбейді
(180-сурет, б.).
Кейде оңашаланған қиманы сызбада бұрып та көрсетеді. Бұл жағдайда
А-А немесе Б-Б жазуына (181-суретте көрсетілгендей) «бұрылған» деген сөз
жазылады.
193
Бөлшектің бірнеше бірдей оңашаланатын қималарының қиюшы
жазықтықтары бір əріппен белгіленеді. Мұндайда тек бір қима фигурасы ғана
сызбада көрсетіледі. Егер мұндағы қиюшы жазықтық түрлі бұрыш жасап
бағытталса, онда «бұрылған» деген сөз сызбада жазылмайды.
Əдетте қима фигурасы өзіне сəйкес көрініс қандай масштабта орналасса, ол
да сондай масштабта сызылады. Ал, өлшемдер қимада қажет болса түсіріледі.
Тетікбөлшектің қималары бірдей болуы мүмкін. Осы секілді бірдей
қималар үшін қима сызықтарын да бірдей əріптермен белгілейді жəне бір қима
сызылып, бірнеше қиюшы жазықтықтармен орындалуы мүмкін (181-сурет).
1. Қима дегеніміз не? Қималар қалай бөлінеді?
2. Қандай жағдайда қимаға жазу қоса жазылады?
3. Қабаттасқан жəне оңашаланған қиманың айырмашылығы неде?
4. Қима мен тіліктің айырмашылығы неде?
5. Қиманың орындау тəсілдерін айтыңыз.
6. Қандай жағдайда қимаға бұру белгісі қойылады?
7. Қима сызбада қалай көрсетіледі?
§ 12.7 Қимадағы штрихтау
Практика түрінде əртүрлі материалдардан жасалған нəрселердің қималарын
орындауға тура келеді (182-сурет). Олардың əрқайсысы үшін
стандартта штрихтаудың белгілі бір түрі тағайындалады. Көбінесе бізге
металды қимада графиктік əдіспен белгілеу үшін шартты штрихтаудың
қолданылуы жиі кездесетін болады. Мұндай штрихтауды жіңішке түзу
параллель сызықтармен орындайды. Штрихтау сызықтарын сызба рамкасына
45 градус бұрыш жасай жүргізеді. Металды белгілеуге арналған штрихтау
сызықтарының арақашықтығы 1-10 мм шегінде болады (182-сурет, а, б).
Ба ылау
с ра тары
194
Штрихтау сызықтарын сызбада солға немесе оңға қарай көлбей жүргізуге
болады, бірақ бір детальдің барлық тіліктерінде жəне қималарында міндетті
түрде тек бір бағытпен жүргізу керек. Ол сызықтар контурлық немесе осьтік
сызықтармен бағыттас болса, онда оларды сол сызықтарға 60º немесе 30º
еңісте орындайды.
Егер қима нəрсенің қалыңдығы 2 мм-ге тең немесе кіші болса, оны
штрихтаудың орнына тұтас бояйды. Тіліктер мен қималарда өзара қосылған
детальдарды ажырату үшін əртүрлі бағытта штрихталуы тиіс көлбеулікпен
жүргізеді.
§ 12.8 Оңашаланатын элементтер
Берілген бөлшек жайында қандайда бір өлшеміне тиесілі немесе бөлігі
жайында қосымша графикалық түсінік қажет ететін бөлшектің қосымша
орындалатын кескінін оңашаланатын элементтер деп айтады. Əдетте оларды
үлкейтіп орындайды.
Оңашаланатын элементті қолданған кезде көріністе айтылған орынды
жіңішке сызықпен алып, шеңбер, эллипс немесе басқадай фигурамен шектеп,
0
60
0
45
0
45
195
көріністегі орнын сызығымен шығарып, шығару сызығының үстіне қазақ
əріптерінің бірін ретімен қояды (183-сурет).
Айтылған көріністе бөлшектің нақты мазмұнын көрсетуге қажетті қосымша
мəлімет беретін бөлігін оңаша элементпен шектеп шығарып көрсетеміз.
Мысалға, бейнеленген көрініс (а) болсын, ал оңашаланатын элемент –
«көрініс» (б) немесе «қима» (в) болуы мүмкін (184-сурет).
196
Ба ылау
с ра тары
1. Штрихтау сызықтарының көлбеулік бұрыштары нешеге тең ?
2. Бір бөлшектің тіліктері мен қималарындағы штрих сызықтары
қалай жүргізілуі керек ?
3. Штрихтау сызықтары қалай сызылады ?
4. Қай жағдайда 60º еңістегі штрих қолданылады?
5. Оңашаланатын элементтерді қай кезде қолданамыз?
6. Оңашаланатын элементтер қалай белгіленеді?
197
§ 13.1 Тетіктер қосылыстарының кескіндері туралы түсінік
«Тетіктер қосылыстарын кескіндеу» тақырыбының жалпы білім беруде
маңызы зор. Бұл тақырыпты оқып үйренудегі ең басты мақсат - студенттерге
түрлі көліктерде, механизмдер мен тұрмыстық құрылыстарда пайдаланыла-
тын, кеңінен қолданылатын тетіктер қосылыстарының кескіндерін көрсететін
сызбаларды дұрыс түсінуге үйрету. Бұл үдіріс оларды техникалық сызудағы
тетіктер қосылыстарын кескіндеу туралы түсініктен графикалық кескіндеу
ерекшеліктерімен таныстыруға қарай бағыттайды. Сабақ барысында
студенттердің техникалық ой өрісін кеңейту, нақты мысалдар арқылы
стандарттандыру туралы түсінік беру мəселелері жүзеге асырылады.
Қосылыстар ажырайтын немесе ажырамайтын болып екіге бөлінеді.
Ажырайтын қосылыстар деп бүтінді құрастырып тұрған тетіктерін бүлдірмей
ажыратуға болатын қосылыстарды айтады. Оған төмендегідей қосылыстар
жатады:
• бұрандамалы
қосылыс;
• бұрамасұқпалы
қосылыс;
• құбырлы
қосылыс;
• бұрамалық
қосылыс;
• кілтекті
қосылыс;
• сұққыш (штифтік) қосылысы.
Ажырамайтын қосылыстар деп олардың құрамына кіретін тетіктерді
бүлдірмей ажыратуға болмайтын қосылыстарды айтады. Оған пісірмелеу,
желімдеу жəне шегелеу жатады.
Стандартталған тетіктер мен қосылыстар сызбада сызылуын жəне оқылуын
оңайлатады, өйткені оларды кескіндеу жəне белгілеу ережелері стандарт
бойынша анықталады.
§ 13.2 Бұранда
Бұранда дегеніміз - өзектегі (стержень) немесе тесіктегі бұрама қобы
(ойық). Ол цилиндрлік немесе конустық беттегі бұрама қобы бұрандасының
ХІІІ-тарау
ТЕТІКТЕР ОСЫЛЫСТАРЫН ЖӘНЕ
СЕРІППЕНІ КЕСКІНДЕУ
198
жанабы (профилі), сол беттерде бірқалыпты айнала қозғалуынан пайда
болады. Бұранданы сызбада кескіндеу жəне белгілеу ережелері стандарт
бойынша тағайындалған. Өзектегі немесе ойықтағы бұрандалар тұтас жіңішке
сызықпен, ал шеңберде ¾ бөлігіне тең доға жүргізіледі. Бұранданың аяқталуы
тұтас жалпақ сызықпен белгіленеді.
Цилиндрлік бұранда деп цилиндрлік бетке салынған бұранданы айтады
(185-сурет).
Конустық бұранда деп конустық бетке салынған бұранданы айтады
(186-сурет).
Бұранданың жанабы (профилі) деп бұранда салынған беттің ось бойымен
қиып өтетін жазықтықтағы кескінді айтады. Бұранданың бағытына
байланысты оңқай немесе солақай түрлері болады. Сағат тілінің қозғалу
199
бағытымен айналдырғанда өзек (бұрандама, бұрамасұқпа, бұрама т.с.с.) ілгері
жылжыса - оңқай, ал кері жылжыса солақай болады.
Бұранда жанабының түріне қарай үшбұрышты, тікбұрышты, трапеция
тəрізді, жұмыр (жанабы - шеңбердің доғасы) бұрандалар деп бөлінеді.
Атқаратын міндетіне қарай бекіту жəне жүрістік бұрандалар болып
ажыратылады. Тетіктерді біріктіріп, бұйым құрастыру үшін қолданылатын
бұрандаларды бекіту бұрандалар деп, ал басқа тетіктерді қозғалысқа келтіретін
болса, жүрістік бұрандалар деп атайды (1-кесте).
1-кесте
№
Бұранда жанабының
көрінісі
Бұранда жанабының
сызбада көрсетілуі
Бұранда жанабының
түрлері мен
белгіленуі
1
Метрикалық М
2
Трапециялық Tr
3
Тіректік S
4
Тікбұрышты
5
Жұмыр (жанабы
шеңбердің доғасы)
§ 13.3 Бұрандамалық қосылыс
Бұрандамалық қосылысқа жататын тетіктер: бұрандама, сомын жəне
тығырық.
200
Бұрандама - бір жақ ұшында бұрандасы, ал екінші ұшында қалпақшасы
бар жұмыр өзек (стержень). Қалпақша кілтке арналған 4 немесе 6 бұрышты
призма тəрізді жасалады, басқа пішіндері де (құлақша, қисық, конус, сфера,
цилиндр, т.б.) кездеседі (187-сурет).
Бұрандаманы сызбада кескіндегенде жалпы ережелерге сəйкес екі көрінісін
орындайды. Бұрандаманың қалпақшасының биіктігі h бұрандаманың
ұзындығына саналмайды. Бұрандама басының конустық қиықжиегі мен оның
жақтарының қиылысуынан жасалған гиперболалар шеңбер доғаларымен
алмастырылады. Стандарт бойынша тағайындаған алты бұрышты призма
тəрізді бұрандаманың сызбасы 188-суретте көрсетілген.
Бұрандаманың өлшем белгілері:
• бұранданың сыртқы диаметрі - d;
187-
сурет
201
• бұранданың ішкі диаметрі - d
1
;
• бұрандама қалпақшасының биіктігі – h;
• бұрандама қалпақшасының сыртқы диаметрі – D;
• бұрандама қалпақшасының қиықжиегі - D
1
;
• кілтке арналған өлшем – S;
• бұрандама өзегінің ұзындығы – l;
• бұрандама бұрандасының ұзындығы - l
0
;
• қиықжиек – C;
• қиықжиектің радиусы – R; салу бойынша – r.
Қиықжиек (фаска) - тетіктің өткір жиектерінің тайқыланған жері.
Металл тетіктерді өңдеген (жонған, қиған, ұңғыған т.с.с.) кезде қырларына,
жиектеріне қылау тұрады да, өте өткір болып шығады. Өткір қырларының,
жиектерінің сыртқы əсерінен майысуы,
тойтарылуы, жапырылуы бұйымды
құрастыруды қиындатады. Қиықжиек
жасау тетіктерді біріктіріп, бұйымды
құрастыруды жеңілдетеді, сонымен
қоса адамды жарақаттанудан сақтайды.
Ойың (галтель) - бұйымның
элементі. Тетіктің бір бетінен екінші
бетіне біртіндеп жатық ауысатын жері.
Ойың тетіктің беріктігін арттырады.
Сомын - өткірме тесігіне (ойығына)
салынған бұрандасы бар бұрандалық
қосылыстың, бұрандалық берілістің
тетігі. Сыртқы пішініне жəне атқаратын
міндетіне байланысты бекіткіш, бас-
тырма, қосқұлақ, бүр-
кен
шек, қатырма, жал-
ғастырма, арнайы сом-
ын т.б. деп аталатын
түрлері бар. Тұрмыста
ең көп қолданылатын
алты қырлы сомын
189-суретте, ал сыз-
бадағы сызылуы 190-
суретте көрсетілген.
Сомын
ның өлшем
белгілері:
сомын бұрандасының
сыртқы диаметрі – d;
189-
сурет
202
сомын бұрандасының ішкі диаметрі - d1;
сомын қалпақшасының биіктігі – H;
сомын қалпақшасының сыртқы диаметрі – D;
сомын қалпақшасының қиықжиегі -D1;
кілтке арналған өлшем – S;
қиықжиек – C.
Тығырық (шайба) - сомынның немесе бұрандама, бұрама қалпақшасының
астына салынатын жалпақ немесе тілінген серпімді сақина тəрізді төсем.
Тығырық қалпақшаның (сомынның) тірек аумағын ұлғайтады, сонымен
қоса сомынды өздігінен бұралып кетуден сақтайды. Атқаратын міндетіне
байланысты жалпақ тығырық қиықжиекпен, жалпақ тығырық қиықжиексіз
жəне қисық тығырық болып бөлінеді. Қисық тығырықтың тіректік беттері
параллель болмайды (191-сурет).
191-
сурет
Жалпақ тығырықтың сызбада
сызылуы мен өлшем белгілері
192-суретте көрсетілген.
Тығырықтың өлшем белгілері:
Тығырықтың сыртқы
диаметрі –D
Т
;
Тығырықтың ішкі диаметрі –d
Т
;
Тығырықтың қалыңдығы –S
Т
.
Бұрандамалық қосылыс - екі
немесе одан да көп бұйымдарды
бекіту үшін қолданылады.
193-суретте бұрандама, сомын
жəне тығырықтың көріністері
мен бұрандамалы қосылыстың
суреті көрсетілген.
Бұрандамалық қосылыстың біріктіру реті 194-суретте бейнеленген. Бұл
сызба оңай түсіну үшін, кезең-кезеңге бөліп көрсетілген. Бұрандамаға ки-
гізілетін тетіктердің тесігі бұрандама өзегінің диаметрінен сəл үлкен болады.
203
Бұрандама
Сомын
Тығырық
1-
тетік
2-
тетік
193-
сурет
Тығырық
Сомын
ші тетік
ші тетік
Б ұрандама
204
Ең алдымен бұрандаманың үстіңгі жағынан қосылатын екі тетік кигізіледі,
содан кейін тығырық отырғызылып, сомын бұралады.
Бұрандамалық қосылыстың үш көрінісінің сызбасы мен өлшем белгілері
195-суретте көрсетілген.
Бұрандамалық қосылыстың өлшемдері:
• бұранданың сыртқы диаметрі – d;
• бөлшектердің ішкі диаметрі - d
2
=1,1d;
• бұранданың ішкі диаметрі - d
1
=0.85d;
• бұрандама ұзындығы - l = A+В+Е
е
+Н+К;
• бұранданың өлшемі - l
0
=2d+6мм;
• бұрандама қалпақшасының қалыңдығы - h=0,7 d;
• сомын қиықжиегінің диаметрі - D
1
=(0,90…0,95)S;
• кілтке арналған өлшем, салу бойынша табылады-S;
• сомынның сыртқы диаметрі - D=2 d;
• сомынның қалыңдығы - H =0.8d;
• тығырықтың сыртқы диаметрі -D
e
=2.2d;
• тығырықтың қалыңдығы - S
e
=0.15d;
195
-
сурет
1
R
R
Т
S
205
• бұранданың сомыннан артық шығатын өлшемі - K =0.25d;
• қиықжиек - C =0.12d; қиықжиектің радиусы - R =1.5d; R
2
=d;
• 1-тетік – A; 2-тетік – B.
Достарыңызбен бөлісу: |